Кушкинбаева Қарлыға Теміржанқызы
Ахмет Байтұрсынов
атындағы
Қостанай мемлекеттік
университетінің
Практикалық лингвистика
кафедрасының оқытушысы, филология магитрі
Қ. Бекхожин – сюжетті поэма шебері
Қазақстан
Республикасының халық жазушысы, ақын Калижан Бекхожин–
қазақ әдебиетінің дамып, өркендеуіне жарты
ғасырдан астам уақыт бойы белсенді түрде атсалысқан
көрнекті қаламгердің бірі. Оның өлең,
поэмалары, әдеби сын, көсемсөздік еңбектері сан рет
кітап болып басылып шықты[1.3].
Қ.Бекхожиннің келесі
тарихи поэмасы – «Әппақ-намә» (1974). Бұл шығарма
Низами Гәнжауи - әзірбайжан халқының классик
ақыны туралы. Низами 1173 жылы 32 жасында Әппақ атты қыпшақ қызына
үйленген деген тарихи дерек бар[61.100]. Ақын поэманың
сюжетіне сол тарихи деректі негіз етіп ұстаған. Автор
Низамидің Әппақ атты қыпшақ қызына деген
махаббатын суреттеумен қатар, оның әлеуметтік,
шығармашылық келбетін беруді де нысана тұтқан.
Сюжетті
поэманың басталуы патша қызды қолуына түсіргенімен
көндіктіре алмауынан басталады.
Сайфтың ордасы да қазыналы,
Олжа алтын айдап алған аз
ба малы?
Осынау әміршінің
аздан бері,
Қабағы әлденеге
жазылмады.
Әлгі бір тұтқын
қыздан болды мезі,
Баланың тағысы
ғой тік мінезді.
Қасына жақындаса
тісін қайрап,
Ұшқындап зәр
шашады отты көзі[1.190].
Осылай
басталған поэманың байланысы - қыз бен жігіттің
бірін-бірі ұнатуы. Осы жерден барып сюжеттілік даму өрісін
кеңге жаяды. Яғни, олар өзара бас қосып, араларында
Мұқаш атты ұл болады. Ал, шарықтау шегі -
Әппақтың түс көруі, Низамиге айтқан назы
болатын. Шарықтау шегінде Низамидің «Шырын» дастанының
жазылуы мен шабармандардың соңынан оның кетуі бейнеленсе,
шешім – Қаф тауының қаһарынан қанатынан
қайырылғаны туралы баян
етіледі.
Қ.Бекхожин
поэмасында Низами өз заманының озық ойлы, өр
тұлғалы, абзал азаматы ретінде берілген. Ақын Низамидің
жан дүниесінің ішкі көрінісін де автордың шеберлікпен
бейнелеп бергенін көреміз. Бұған қыпшақ
сұлуы Әппаққа деген Низамидің сезім күйлерін,
ынтықтығын-ынтызарлығын тебірене толғаған поэмада
жазылған жолдарынан көреміз. Әппақ жанын түсіне
білген. Елін, жерін, әкесін сағынған қыз назына жауабы
мынандай болған:
«Перизатым
түсіндім мен назыңды,
Қыр
қызысың аққу түсті, қаз үнді.
Жаббар
жазса көрсетемін далаңды,
Саяхатпен
өткіземін жазыңды.
Ақша
тотым ұқтым назды сырыңды,
Мұңың
қан боп тамырыма жүгірді.
Қызыл
шаһқа ерегісіп ем,
Бастайыншы
арнап саған «Шырынды» [1.220-221].
Әппақ
қазасына низамидің құлай қайғырып, аза
жырын толғайтын тұстары оқырманға қатты
әсер етеді.
Әппағымдай ару,
абзал,
Ардақтаймын Шырын
қызды.
Ғашықтарға
жалындап жыр,
Қалсын мәңгі
жырым ізгі.
Жүрегі тас патшалар да,
Сұлуларға басын исін.
Әппағымдай асыл
жарға,
Хұсырау да жанып
күйсін.
Күңірентемін
Мәжнүнді,
Махаббатың
дұғасымен,
Жаттап менің наз
үнімді,
Қыз сырласар
мұңдасымен.
Зарын айтып бейбақтардың,
Бұл фәниде
қалсын Ләйлім.
Жүрегімді мен
ақтардым,
Тарасын деп ғашық
қайғым.
Уа, Әппағым сиынамын,
Аш түнерген аспанымды.
Ағытайын сыр
бұлағын,
Арнап саған дастанымды[1.238-239б].
деп зар-мұңын шерткен Низами
«Хұсрау-Шырын», «Ләйлі-Мәжнүн» дастандарын Әппаққа
арнап жазған.
«Әппақ
намә» поэмасы – шығармашылықпен айналысатын адамның
бейнесін кемеліне келтіре суреттеген поэмалардың қатарына жата
отырып, татымды туындыға айналған.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
Бекхожин Қ. «Батыр Науан» Астана: «Елорда», 2003-272 б.
2.
Нарымбетов Ә. Терең мазмұн, тартымды сюжет керек //
Қазақ әдебиеті.-1962.-7қыркүйек.
3.
Бекхожин Қ. «Дала комиссары» Алматы «Мектеп» 1989-128 б.
Кушкинбаева Қарлыға Теміржанқызы
Ахмет Байтұрсынов
атындағы
Қостанай мемлекеттік
университетінің
Практикалық лингвистика
кафедрасының оқытушысы, филология магитрі
Қ. Бекхожиннің «Ақсақ
құлан» поэмасы
Қалижан Бекхожин
поэзиясының басты арнасының бірі – оның эпикалық
туындылары екенін барша қауымның бірауыздан мойындағаны аян.
[1.22].
Тарихи тақырыпты жырлауда
қыруар шығармашылық ізденістер жасап, көп еңбек
сіңірген үлкен эпиктердің бірі – Қалижан Бекхожин.
«Ақсақ
құлан» - Қалижан Бекхожиннің тарихи
тақырыпқа жазған поэмасы. Қазақтың әйгілі эпик ақыны Ілияс
Жансүгіров аты шулы «Күй», «Күйші», «Құлагер»
сияқты поэмаларымен ұлттық поэзияның тарихында
тұңғыш рет өнерді, өнер адамын келістіре
жырлаудың көркемдік дәстүрін
қалыптастырғаны белгілі.
Байқап қарасақ,
«Ақсақ құлан» мен Ілияс Жансүгіровтың
күй тақырыбындағы
поэмаларының арасында сыртқы да, ішкі де
ұқсастықтар аз емес. Мәселен, «Күй» мен
«Ақсақ құлан» поэмасының екеуі де халық жадында ежелден
сақталған аңызға негізделгені бәрімізге
мәлім. І.Жансүгіровтің «Күй» поэмасы әйгілі «Боз
інген» аңызына арналса, Қ.Бекхожиннің поэмасы атақты
«Ақсақ құлан» аңызына негізделген. Әрине,
екі ақын да аңыздың
шығармаға өзекті арқау етіп алғанмен,
оның әлеуметтік мәнін терңдетіп, поэманың
құдірет күшімен қайтадан түлетіп, құлпырта
жаңғыртқанын көреміз[1.48].
Бұл
поэманың екі түрлі нұсқасы бар. Екінші
нұсқассының алғашқы нұсқасына
қарағанда көптеген айырмасы бар. Ең алдымен
байқайтынымыз, кейіпкерге өзгеріс енгізген. Бірінші
нұсқасында Алаша хан поэманың екінші нұсқасында жоқ.
Екінші нұсқада бас кейіпкер Жошы хан және оның
ұлы. Біріншісінде Тыма күйші – Қобызшы болса, екіншісінде
домбырашы болып суреттеледі. Тыманың сүйікті жары
қыпшақ қызы Елік – ақынның екінші
нұсқасына қосқан жаңа кейіпкері. Бірінші
нұсқаға қарағанда екінші
нұсқаның сюжеттік мазмұны да жаңарып,
өзгергені көрініп тұр. Бірінші нұсқада
оқиға қазақ жерінің Сарыарқасында
өтіп жатқаны мәлім болады. Сарыарқадағы белгілі
тарихи жерлердің (Көкшетау, Баян, Ертіс, Шыңғыстау)
аттары аталып, табиғаты суреттелген болатын. Сонымен қатар,
«Ақсақ құлан» аңызының желісін
сақтап, сол желіден ауытқымауға ұмтылушылық
байқалатын. Мәселен, хан ұлы – ханзаданың
аңға шығуы, құлан қууы, жаралы
құлан айғырының ханзаданы теуіп өлтіруі, т.б.
Ал, екінші
нұсқадағы поэма оқиғасы қайта
құрылып, шығарманың тереңдей түскен.
Бірінші нұсқада айтылмаған Жошы ханның
басқыншылық, шапқыншылық әректі екінші
нұсқада кең сипатталады. Шыңғысханның
үлкен баласы – Жошының Қыпшақ жерін,
Сығанақты, Сыр бойын ойрандап,
талқандауын, сол шапқыншылыққа
халықтың қарсылығын ақын нақтылы
баяндаған. Алғашқыда тыма – арғын жігіті болып
көрінсе, соңғы нұсқада қыпшақ жігіті
болып суреттеледі. Соңғыда Жошы Тыманың даңқын
естіп, ұлына оны ұстап әкелуге әмір етеді.
Оқиғаның шарықтау шегі сол Тыманы қуып, ханзаданың
ұстауға келген тұсынан басталады. Поэманың
алғашқысында хан ұлын жабайы құлан жаншып
өлтірсе, соңғысында Тыма күйшіден тартып алып мінген
ат-құланнан ханзада қаза табады. Сонымен қатар,
соңғы нұсқада ханзаданың әкесі Жошы
ханның өзі
қыпшақ жігітінің қолынан өлгенін де баян
етеді.
Қалижан Бекхожин 1963 жылы
«Ақсақ құлан» поэмасының екінші
шұсқасын жазу арқылы, сюжеттік-композициялық бітімі
тың, жаңа шығарма берді деп айтуға әбден болады[1.48].
Поэманың соңғы
түрінің құндылығы оның дәуір
шындығын кеңінен қамтып, терең бейнелеуінде жатыр.
Осымен байланысты ақын поэмасының әлеуметтік тынысы кеңи
түскен.
«Жортуыл» атты тарауда:
Жошыға асыр болған
осы мекн.
Үркіп жұрт,
қарасынан шошиды екен.
Аламан аңдай шулап
жөнелгенде
Ізінен өзендей хан жосиды
екен.
Жел айдап, қонарынан тек
сайлар білген,
Атой сап ат үстінде айлар
жүрген.
Қаптаған қара
құрттай жойқын жасақ,
Жұртында
өлгендердің ойнап-күлген, [1.50]-
деп ақын Жошы ханның жауыздығын
жалпылама баяндап бір өтсе, сол тараудың өзінде сол
жойқын шапқыншылыққа қарсылық білдіруші
Тыма күйшінің қабырғасы қайыса тебіренуін жырлау
арқылы ханның зұлымдығын нақтылай бейнелеген:
«Дариға,
қандай еді Сығанағым?
Сәулеті жадыратқан Сыр алабын.
Өртелді мәуелері, күмбездері,
Өртелді мәуелері, күмбездері,
Тұлдыр жоқ, обасындай
сұр даланың.
О, тәңір, жай
соқпай ма албастыңды?
Ер жоқ па, ереуілді алмас
қырлы?
Қайран ел
тұншыға ма дозағында,
Құдірет жоқ па
құртар қан басқырды?!»
Осылай бұлдыр белден бір
үн ескен,
Кім екн жонда желмен
күбірлескен?
Келеді күңіреніп
күйші Тыма,
Қоштасып мекнімен
қырығын кешкен.
Жалқы жан, жаудан
қашқан қия-қырға
Өрт қана ойран-топыр
қиялында.
Гүлстан түсті
мәңгі жапырылып,
Маңғұлдың
тағасының тұяғына[1.52].
Тыма күйшінің ішкі
сезімі, ой әлемі арқылы ақын бұл жерде Жошы хан
бастаған монғол шапқыншылығының қазақ
даласын жойқын апатқа ұшыратуын айқын бейнелеп отыр. Міне, осыдан ары
қарай оқиға
жалғаса, өрби береді де, Жошы ханның қалың
бұқараға көрсеткен жауыздығы
нақты-нақты өмір көріністері арқылы баяндалады.
Астындағы тұлпарын тартып алып Тымаға көрсеткен
ханзаданың өктемдігі
жалғыз Тыма емес, бүкіл халыққа істеген оның
шексіз озбырлығының бейнесін аңғартады. Ал,
Тыманың қанат-серігі ат-құланның ханзаданы
өлтіріп кетуі шапқыншы, басқыншыларға қарсы
жергілікті халықтың ыза-кегінің, қаһарының нақты
көрінісін меңзеп тұр деп айтуға келеді. Поэмада
Жошының өлімі де шығарманың өн бойындағы
басты идеяны – шапқыншыларға қарсы халық
күресінің шындығын анықтай түскен. Поэманың
осы бір идеялық негізіне
сүйене отырып, оны ХІІІ ғасырдағы монғол
басқыншыларына қарсы қазақ халқының ерлік күресінің бір эпизодын
берген тарихи туынды деп тануға да болады.
«Ақсақ
құлан» поэмасында екі үлкен бейне бар. Жошы мен Тыма бейнесі.
Жошыны қазақ даласын, елін, халқын талқандап, апат,
қырғын-сүргін әкелген шапқыншылық
жорығын көзге елестетіп отырады. Жошы бастаған монғол
шапқыншыларының қанды ізін көз алдыңа алып
келеді. Яки Жошының ұлына айтқан өз сөзін
келтіріп көрейік:
Түрегел, кенжем
менің, жетті кезің,
Тұтансын енді жауға
от мінезің.
Түлегі қас
қыранның тоят іздер,
Тоятты қан
қырғыннан таптым өзім.
Ұқсаймын өзім
әкем Шыңғысханға,
Түспейтін табаныма
ұлыс бар ма?
Батысқа жөнелемін жер
сілкінтіп.
Жаһанды жек билеп
уыстауға.
Ер жеттің, ұлым,
қазір ханзадасың.
Билейсің талай елдің
хан-қарасын.
Еншіңе Қыпшақ
қырын қойдым беріп,
Барлап кел, барып соның
маң даласын.
Жошының осы сөзінен-ақ сол
уақыттағы көптеген шындықтың беті ашылып
тұр. Поэманың бүкіл сюжетті желісі де сол Жошы мен оның
ұлының жергілікті халықты құл ғып
қорлап, қырып-жоюының көріністерін көз
алдыңа алып келеді. Шығармадағы оқиғаның
өзі Жошы мен оның ұлының халыққа істеген
зорлығынан, астамшылығынан басталып, өрби жөнеледі.
Халық өкілі Тыма күйшінің тұтқындап, хан
алдына алып келмек болуы немесе оның астындағы жүйрік атына
қызығып, зорлықпен еріксіз тартып алуы сол хандардың
әпербақан сотқарлығын, зұлымдығын танытып
көрсеткен.
Хабар-ошарсыз
кеткен ханзаданы іздеткен тұстағы Жошы ханның поэмадағы
қимыл-әректі де жойқын. Ханның қатал
әмірімен оның нөкер-жендеттері бейбіт елді қырып-жойып,
бүкіл қыпшақ даласын асты-үстіне шығарады.
Жазықсыздарды жазалып, қарапайым елді қан
қақсатады.
Жендет жүр Сыр бойында
сілкіп қанжар,
Айдалып екі бетке мүсін
жандар.
Шырылдап бөбек сайда, ана
қырда,
Айнала азан-қазан,
сыңсыған зар.
Бәріне хан
қаһары бебеу берген.
Аржақты қозы
маңырап көгенделген.
Шұрқырап жас
құлындар матаудағы,
Шуылдап ұшқын
құстар түгел көлден.
Айырылып ғашықтары
сүйген тілден,
Сұлулар бұрымынан
сүйретілген.
Шөл қағып
жазирадай шөккен ата,
Сақалын жендет жұлып,
күйретілген.
Осы
шумақтардағы ақынның суреткерлігі, шеберлігі ерен. Жошы
жендеттерінің бейбіт елге салған қанды қырғынына,
шексіз жауыздығына тіл жеткізу мүмкін емес.
Поэманың «Күй» атты тарауындағы Жошы
зұлымдығын ақынның суреттеуі төтенше шеберлікті
танытады. Баласының анық хабарын біле алмай дел-сал болып,
қайғыға көміліп отырған Жошыны жұбатуға
келгендерінің тағдыры трагедияға ұшырап жатады.
Қыпшақтың қаба сақал байы,
байпаңдаған арғын биі. Самарқанның саудагері,
Бұхардың бегі, Парсының елшісі, Үндінің
сиқыршысы – бәрі-бәрі Жошының көңілін таба
алмай, бастары қағылады.
Күйші Тыманың домбыра
күйімен естіртуі – шығарма сюжетінің шарықтау шегі
болып шыққан. Жошы семсерімен адуынды күйдің
құдіреті деп білген домбыраның шанағын тесіп,
«Қырамын, құландардың жоям бәрін» деп
қалың әскерімен сахарадағы аңдарды қырғынға ұшыратады.
Поэмадағы Тыма
тұлғасы – сол дәуірдегі халық бейнесінің
жиынтығы. Тыма ең алдымен өнер адамы ретінде танылады.
Оның қанатты күйі – халық бойындағы
буырқанған ғкажайып өнердің бейнесі
тәрізді. Тартылған күй поэманың негізгі идеясына
жарық беріп тұр. Тыма күйі арқылы хан мазағына
айналып, қорлықтан жапа шеккен елдің азаттыққа
ұмтылу сарыны, ханға қарсы наразылығы, ашу-ызасы
жақсы бейнеленген. Осы күйді тартқан Тыма бейнесі - сол
тұста биіктеп, көзге түсіп отырады.
Поэмада ел аузына іліккен Тыма
күйшілігімен Жошы көңілін елең еткізеді. Оны
ұстатып алдырады. Тұтқыннан босап шыққан жерінен
тағы да хан ұлымен кезіктіреді. Тыманың ең басты
қадыр-қасиеті – оның өнерпаздығы, ол
тартқан домбыра күйінің сиқырлы күйші,
халықтың зұлым, озбыр ханға деген ыза-кегі бейнелеген
сыр-сипаты болса керек.
Шанағын тыма тағы қамшылады,
Күй емес, перне бойлап
аң шұбады.
Қуғыншы
қалмағандай қыр соңынан
Сорғалап маңдай тері
тамшылады.
Көртеріп құйын
оны әкеткендей,
Сәйгүлік ақты
қайда жетек бермей?
Кеткенде долданып күй,
састы күйші,
Алдында құлан тулап,
жер тепкендей.
Тұлпары жауды сезіп
пысқырғандай,
Саятшы қыран жауып
құс қырғандай.
Екі шек шегіншектеп безілдеді,
Қамыстар сырнай тартып
ысқырғандай.
Осылайша
күй құдіреті бүкіл шығарманың
идеялық-көркемдік шоқтығын биіктете түседі.
«Ақсақ
құлан» поэмасының сюжеттік желісінің өткір,
ширақ шыққаны кейіпкерлердің
іс-әрекеттерінің даму мен өрістеуінен көрініп
тұр.
Сонымен,
Қ.Бекхожиннің «Ақсақ құлан» поэмасы –
көне замандағы халық өмірінің шындығын
айқын суреттеген, идеясы терең, сюжеттік желісте жазылған
туынды.
Пайдаланылған
әдебиеттер
4.
Бекхожин Қ. «Батыр Науан» Астана: «Елорда», 2003-272 б.
5.
Нарымбетов Ә. Терең мазмұн, тартымды сюжет керек //
Қазақ әдебиеті.-1962.-7қыркүйек.
6.
Бекхожин Қ. «Дала комиссары» Алматы «Мектеп» 1989-128 б.