Кушкинбаева Қарлыға
Теміржанқызы
Ахмет Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік
университетінің
Практикалық лингвистика
кафедрасының оқытушысы, филология магитрі
Балладаларды барлағанда
Баллада ХҮІІІ ғасырдың
басынан бастап қайта жандана
бастағанда баллада сюжетке, әсіресе тарихи тақырып пен
аңыздарпға, драмалық оқиғалар құрылған
өлең формасына қазір эпостық элементтері жай еніп қана
қоймай, үлесі басым жағдайға жетті[1.6].
Баллада біздің әдебиетімізге
Саттар Ерубаев арқылы кірді. Баллада – сюжетті лиро-эпикалық шағын
көлемді шығарма, яғни, ақын шабытын шарықтатқан
қоғамдық ұшқыр ойды орнықтыруға,
бейнелік құбылысты бейнелеу жағдайларда қомақты түрде
жан-жақты көрсетуге, ақындық сезімге әсер еткен
айбынды өмір құбылысын суреттеуге мүмкіндік беретін поэзияның
бір салсы.
«Өмір туралы рапорт», «Мәңгілік
өмір туралы жыр», «Меруерт алқа», «Күзгі фрагмент», «Үш
шахтер туралы баллада» - 30-жылдардағы поэзиямыздың тың
саласында жаңашыл Саттардың жасаған поэтикалық жаттығулары
ғана емес, қайта логикалық түйінге ұмытылған
эстетикалық әсері мол шығармалары.
Балладаны әр түрлі өлең
өрнегімен, әр түрлі буынмен жазуға болады. Саттар мол
буынмен баяндау түрін қалаған. Оның балладалары
негізінен 15 буынды берік сақтайды, тек интонацияны күшейту мен
баяулату, қажет жерінде 13-14 не 16-17 буындар араласып кеттеді.
Саттардың көпшілік
балладасы егіз ұйқаспен жазылып, шумағы екі жолдан тұрады,
ал кейде 4,6,7,8,9 және одан да көп жолдар араласып келеді. Әдетте
екі жолдың ұйқасы берік сақталады. Ал шумақта жол
саны көбейгенде бәрінің де ұйқасын сақтайды
не болмаса аралас ұйқаспен жазады. Мұның бәрі
автордың логикалық ойды түюіне қарай жасалады. Мысалы:
Біздің өмір көркемнен
де, сұлудан сұлу ғой,
Біздің өмір қуанышты
тастай қалап құру ғой, -
деген екі жолдан шұрайлы пікір түйсе,
енді бір балладасында өз ойын 4 жолды әр шумақпен әсерлі
етіп қорыта білген:
Көсемді
айтқан жырдан артық меруерт бар ма тағатың,
Одан
артық сыйлық бар ма ақындардан алатын,
Одан
артық лента бар ма сұлуларға тағатын,
Одан
артық бақыт бар ма іздеп жүріп табатын!
Сонымен, С.Ерубаев аз ғана өмірінде 20 шақты поэзиялық
шығармаларымен оның ішінде тартымды да ойлы балладаларымен ақындық
атаққа ие болған талант иесі.
ХХ ғасырдың
елуінші, алпысыншы жылдары ұлттық
әдебиеттің дамуына, қазақ поэзиясының, оның
ішінде баллада жанрының берік қалыптасып, орнығуына елеулі үлес
қосқан қайраткер Қайнекей Жармағамбетовтың
орны ерекше[2.3].
Белгілі
қазақ ақыны Қайнекей Жармағамбетовтың жыр
жиһазына қосқан үлесі мол. Ақын балладалары мен өлеңдері
адамгершілікті, адалдықты достық пен махаббатты жыр етеді. Қайнекейдің
балалар өмірінен жазған өлең балладалары мен шағын
әңгіме, пьеса, скечтері бар.
Қайнекей
Жармағамбетовтың «Кекті бала» туындысының Днепрдің
тентек толқындарындай төгіліп,
соғыс өрті шырпыған шалғайдағы Украйнаны жұпыны,
жүдеу, аһ ұрған ауылын елестеді.
Автор
оқиғаны жүйелі түрде дамыту тәсілін тәп-тәуір
меңгерген. Әке мен ананың аса аянышты хал-ахуалын, селосының
солғын көрінісін перзенттің парша-парша айырылғалы тұрған
мазасыз жүрегін суреттеуге келгенде ақын алымдылығын жоғары кәсіби шеберлігін танытады.
Сөздің сүйектен өтетінін
дәйекті дәлелдеді. Адамнан гөрі айуанға тән жат әрекет,
қатыгездіктің қайдан, қалай пайда болғанына таңданады.
Жүрексіз, бауырсыз, мейірімсіз пенделер жер басып жүргеніне ренжіп,
налиды. Өзегі жарыла өкінеді.
Егілді осыны айтып кекті бала,
Түнеріп аяғандай тұрды
бала,
Днепр жатты толқып
арнасында
Жаралы жолбарыстай ыңырана[4.10].-
деп тамамдалатын, бас аяғы 23 шумақтан
тұратын өлең жанрлық сипаты жағынан балладағы
жатып, үлкен шығарма жүгін белі қайыспай көтеріп-ақ
тұр. Баллада жанрына қойылатын негізгі талаптарға толық
жауап берерлік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мұнда өмірлік, әлеуметтік
маңызға ие әрі нанымды дамытылған оқиға
желісі бар. Кейіпкерлер бейнеленуі барынша нанымды. Әділетсіз әрект,
оқыс оқиға, қасіретті қайғының құрбаны
болған бір отбасы мүшелерінің көрген зорлық-зомбылығынмен
қатар адамдардың ішкі жан қиналыстары, көңіл күйзелістері,
ақтық арпалыстары табиғи көрініс шеңберіне
суреттелген.
Днепр жатты толқып
арнасында
Жаралы жолбарыстай ыңырана[4.10].-деп
автор тектен-текке тебіренбейді. Оқырманын бейжай қалдырмайтындай
тың теңеу, тс түйін тұжырым тауып тұр. Қисынын
тауып, қиюын келтіріп метафоралық мағына беретін сөздерді
тиімді қолдана білуі балладаның көркемдік дәрежесін көтере
түсіп, мазмұнын барынша байытқан деуге әден болады. Көзбен
ғанга емес, көкірекпен, байқап, анықтай білуі
кез-келген қаламгер бойындағы қасиет болуға тиіс. Онсыз
ойың, қиялың, идеяң межелеген нысана деңгейінде жүзеге
асады деудің өзі көп жағдайда босқа әурешілік.
«Талантты,
үздік өнер туындысын қашан да байқампаздық пен
білімдарлықтың ғаламат үлгілерін дарытқан. Оның
шын мәніндегі дүниетанушылық сыры да осы өңірден
аңғарылады»[5.8].
Көбінесе мысал өлеңдегі
тәрізді оқиға шешімінің күтпеген сәтте
кенет болуы да баллада үшін маңызды түйіннің біріне
айналды[6.6]. Міне, сондықтан да Қайнекей Жармағамбетовтың
сюжетке, оқиғаға құрылған балладаларының
көпшілігі кішігірім поэма тәрізді әсер береді. Бұл
ретте оның: «Большевик туралы баллада», «Мұғалима»,
«Жидебайдың түндері мен күндері», «Фирдоуси туралы баллада»,
«Ақын мен ажал», «Бетпақдала аңызы» т. б. шығармаларын
атауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Мұқатов Н. Қазыналы Қайнекей Алматы: ҒӨПБК
«GAUHAR»-2007, 198-бет.
2.
Қайнекей Жармағамбетов
Азамат Жолы Құрастырушылар: Ғафу Қайырбеков, Нұрлан
Жармағамбетов Алматы: Жазушы, 1983, 272-бет.
3.
40-50 және 60 жылдардағы
қазақ әдебиеті. Алматы: Ғылым,1998, 398-б.
4.
Жармағамбетов Қ. «Дәурен»., Алматы: Жазушы,1969, 216-бет.
5.
Серікқалиұлы З. «Дүниетану даналығы» Алматы «Білім»
1994.-224-б.
6.
Қайнекей Жармағамбетов «Шыңдағы шам шырақ» Құрастырған
Баламгер Сахариев «Жазушы» баспасы, Алматы-1976, 24-б.
7.
Нарымбетов Ә. «Дәуір және поэзия» Алматы, «Жазушы», 1970,
152б.