Қанатты
сөздер мен мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық
сипаты
ҚазҰПУ-нің
аға оқытушысы Талдыбаева А.К., Алматы, Қазақстан.
Әр тілдің
өзіне лайық ұлттық қасиеті тиянақты
сөз тіркестерінен, мақал-мәтелдерінен, қанатты
сөздерінен анық көрінеді. Мақал-мәтелдер
сияқты қанатты сөздерде халықтың өмірі,
тұрмыс тіршілігі, ұлттық-мәдени сипаты, ой-санасы т.б.
кеңінен кіреді. Себебі, ең бірінші қанатты сөз болып
бір тұлғаның аузынан шығып, айтыла келе, қолданысқа түсіп өз авторын жоғалтып
мақал-мәтелге айналған.
Мақал –нақыл сөз. Ол
өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп,
ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын,
алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында
қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі
поэтикикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп
жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз
мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде
кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа,
аллитерацияға , ассонансқа құрылады. Мақалдар
тура және ауыспалы мағынада қолданылады.
Мәтел -
өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен
кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды,
қысқа да нұсқа нақыл сөз.
Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ
болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мақал-мәтелдер –
халық даналығының қазына байлығы. Олар
ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі
бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан
да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің
күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында
пайдаланады. Олардың шығу
төркіні, дерек көздері белгілі бір жағдаятпен, тарихи оқиғамен,
тарихи тұлғалардың, саяси және шығармашылық
өмірінен, халықтың әдет –ғұрпы, наным –
сенімі мен сабақтас болып келеді. Әр қанатты сөзден
үлттық-мәдени ақпарат беретін дағдылы
қалыптасқан дүниетаным, ұлт ерекшелігі
аңғарылады. Себебі оларда әр халықтың ғасырлар
бойы өмірден түйген өзіндік ақыл-ойы, парасат
танымы,өмірлік түрлі қағидалары жатқанын
көреміз. Қазақ
қанатты сөздері түркі халықтарының қанатты
сөздермен үндесіп келсе, француз қанатты сөздері
роман-герман тобына жататын тілдердің қанатты сөздерімен
үндеседі. Қанатты сөдердің тілдерде пайда болуы бірнеше
жолдармен жүзеге асқан. Әр ұлттың
өзінің өмір сүрген дәуіріне қарай,
күн-көріс, түрмыс- тіршілігі, сол ұлтқа тән
әдет-ғұрыптарымен салт-дәстүрлері, мәдениеті,
тарихы бар. Оның бәрі әр халықтың ғасырлар
бойы өзімен бірге жасаған тілмен көрінеді. Сондықтан да
тілдегі қанатты сөздердің этнолигвистикалық сыр-сипатын
ашу ұлттық дүниетанымның сыры мен ерекшеліктерін танып
білуге септігін тигізеді.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін бірақ айтатын қанатты сөздер аз сөзден
жасалғаны мен көп мағынаны білдіреді. Киелі ойды, кең
мазмұнды данышпандық ақыл өсиет түрінде
салмақты айтатын, айтқанда да соншама дәл, әрі ащы
мысқыл, әдемі әжуасы аралас келіп, тапшылмай
мақұлдататын қанатты сөздерді пайдаланудың да
мәні ерекше.
Қазақ
және француз тілдеріндегі қанатты сөздердің
этнолингвистикалық сипатын анықтауда “қазақ” және
“француз” лексемалармен келетін қанатты сөздердің орны
өзгеше. Осындай ұлттық-мәдени компонентерді пайдаланып
жүргізген этнолингвистикалық зерттеулердің негізгі
бағыты-лингвистикалық, этномәдени, этнопсихологиялық
әлеуметтік мәдени т.б. факторлардың тілдің дамуына тигізетін әсері, яғни ұлт
тілі арқылы ұлтты тану, оның
болмысын, ойлау жүйесінің ерекшелігін анықтау болып
табылады. Этностың танымынан
туындаған қанатты сөздер – мақал-мәтелдер
сияқты тілдердің сөздік қорында ғасырлар бойы
қордаланып шоғырланған лексикалық қазына болып
табылады. Олар этнос болмысына
қатысты бағалы мағлұматтар мен құнды
деректерді сөйлетеді.Тіл арқылы, тілдердегі қанатты
сөздер арқылы халықтардың ұлттық
түсінігімен, ұлттық дүниетанымымен таныс боламыз. Әр
халықтың өзі туралы айтылған
мақал-мәтелдерінде, қанатты сөздерінде халық
өмірінің сипаты, ұлттық психологиясы көрініс
табады.
Француз
халқының өзі туралы айтылған қанатты сөздері
де оның шаруашылығына салт-дәстүріне, мінез –
құлқына, тарихи оқиғаларға т.б. сол
сияқты жағдайларға байланысты тулайды. Әр
халықтың ұлттық мақтанышы бар. Француз
халқы да ол сезімнен кенде емес. Ұлттық мақтаныш сезімі
бұл халықтың қанатты сөздерінде көптеп
көрініс табады. Француздар өздерін шыншыл, турашыл, сезімтал
халықпыз деп мақтанады. Француз халқы кейбір деректерге
жүгінсек, бақыты оңынан туған делінеді. Өмір
сүріп отырған басқа мемлекеттер үшін, француздар
ғажайып, таңғажайып әлемде өмір сүріп жатқан
халық, яғни төрт түлігі сай, ерекше өмір
сүру өнерімен көзге түседі. Француз халқы
өте мәдениетті, ойы
ұшқыр, тапқырлығы жоғары және өмір
сүру деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Кейбір
кезде, нағыз жаратушы Құдай Францияда тұрады деген
пайымдауларды да кездестіруге болады. Бірақ, осындай халықтың
дана сөздері қазақ халқының мақалдарымен
ұштасуы бекерден бекер емес және бұндай
ұқсастықты байқамау мүмкін емес. Бұл
әрине тек қана бірнеше шағын ғана мысалдар. Расында
бұндай ұқсастықтар әлі де көп. Сонымен қай тілде болса да
көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұтымды,
бейнелі, өзіндік ұлттық қасиеті бар халық
даналығы молынан кездеседі. Солардың ішінде құрылымы
жағынан да, компоненттерінің байланысу тұрғысынан да
әр түрлі болып келетін аз сөзбен көп мағынаны
білдіре алатын мақал-мәтелдердің орны ерекше. Қай тілде
болмасын мақал-мәтелде өзіндік қайнар көзі,
тарихы, даму жолы бар, сыры мол тілдік қазынаға
жалпы-халықтық ұлттық рухани байлыққа
жатады.Олардың шығу тарихы, қалыптасу кезеңі,
көмескі тапқан іздері, қыры мен сыры тек халық
өмірімен байланыстыра қарастырғанда ғана айқын
айғарылады. Сондықтан да мақал-мәтелдерді
этнолингвистикалық
тұрғысынан зерделеудің ғылыми-танымдық
әрі тәжірбиелік мәні зор.
Пайдаланылған
әдебиет:
1.
Қазақ
мақал-мәтелдері. Алматы-2005ж.
2. Француз тілінің фразиологиялық ерекшеліктері.Алматы,1986