Баймагамбетова А.А
Ахмет Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университетінің аға
оқытушысы,Қостанай қ, Қазахстан
А.Байтұрсынов дүниетанымындағы
әлеуметтік дамудың рухани негіздері
Ахмет
Байтұрсынов дүниетанымындағы әлеуметтік дамудың
рухани негізі деген мәселені сөз етпес бұрын, әлемдік
әлеуметтану ғылымында қалыптасқан әр түрлі
пікірлердің қайшылығы немесе бірлігі ретінде қаралатын
әлеуметтік прогресс, әлеуметтік даму идеясының
мүдделері мен мақсат міндеттері туралы пікірлерге тоқталып
кеткен жөн. Прогресс идеясынан қазіргі түңілу толып
жатқан дәстүрлі даму теорияларына сынмен тығыз
байланысты.
Эволюционизм
негізінде жатқан «өсу метафораларын» және тарихи
материализмнің догматтық, ортодокстық
нұсқаларында жарияланған «тарихтың темірдей
заңдарын» сынау прогресс идеясынан бас тартуға алып баруға
тиіс. Бірақ, бұндай байбалам орынды ма? Даму теорияларының
финализм, фатализм немесе детерминизм туралы кәдеге де жарамайтын долбарлары
бар дәстүрлі нұсқаларын серпіп тастап, прогресс
тұжырымдамасының жақтаушысы болып қалуға болмай
ма? Прогресс идеясын XIX ғасыр салмағынан құтқару
мүмкін емес пе?
Прогресс
идеясы бастапқыда бағытталған процесс бейнесімен байланысты
болғандықтан, оның неғұрлым өзіндік ерекше
сипаттамалары жөніндегі бірқатар сұрақтарға жауап
беру қажет. Ең алдымен, прогресс тұжырымдамасы процестің
қай фазасына «зәкір байлайды» немесе метафораны аздау
қолдансақ, процестің қай фазасы оның тікелей
мүдделерінің тақырыбын құрайды? Бұл
сұраққа үш түрлі жауап беруге болады.
-
бірінші, классикалық әлеуметтанушылық теорияда ең
көп таралған жауап прогресті процестің «шығуына»,
ақтық нәтижесіне, жемісіне жатқызады, ол нәтиже
не барлығын қамтитын калька, болашақ
қоғамның кешенді бейнесі ретінде (тұрпатты мысал -
әлеуметтік утопиялар), не қоғамның не оны
құрайтын бөліктердің кейбір өзіндік ерекше
белгілерінің (мысалы, ауқаттылық, денсаулық,
еңбек өнімділігі, теңдік, бақыт) жиынтығы ретінде
анықталады. Бұндай жағдайда прогресс туралы мұрат
ретінде айтуға болады;
-
екінші жауап прогресті процестің дамуының баршаға ортақ
қисынына қосады, оған сәйкес, әрбір саты
алдыңғы сатыдан жақсы болады, бірақ оның
өзі анық шекарасыз, жетілдірілуге тиіс болады (бұл біртіндеп
жіктеудің немесе сіңіскен өсудің эволюциялық
ұғымына тән). Аталмыш жағдайда прогресс туралы
жақсару ретінде айтуға болады;
-
үшінші жауап прогресс оның ішкі механизмімен, адамда
қаланған прогреске қабілеттілікпен салғастырылады.
Әңгіме прогрестің мәнісі болып табылатын нақ
әлуметтік мүмкіндіктер туралы.
Бірақ
қандай жағдайда қарекет агенті прогресті деп санауға
болады? Жалпы, прогресс тұрғысынан, ешқандай агенттің
болмағанынан қандай да бір агенттің болғаны
жақсы. Бағытталған өзгеріссіз прогресс мүмкін
еместігі айқын, және біз оны адамдар жүзеге асыратынын
мойындасақ, олардың кейбіреулері шынында да прогресс иелері
екендігі фактысын да мойындауға тиіспіз.
1.
Атқарушылардың жеке мінездемелері маңызды рөл
атқарады. Олар жасампаз, жаңа идеялар ұсынуға
қабілетті, белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуге
бағдарланған бола алады; бірақ, енжар, консервативті,
өз-дерінің алып отырған орнын сақтап қалуға
ұмтылатын адамдар бола алады; олар автономияға,
тәуелсіздікке, өз тұлғасының
тұтастығына ұмтыла алады, немесе, керісінше, конформизмді,
бейімделушілікті, тәуелділікті көрсете алады, олар қолдағы
ахуалды дұрыс бағалай алады, бірақ абсолютті надан,
аңыздардың немесе жалған сананың
құрсауындағы адамдар болуы мүмкін.
Қайраткерлердің көпшілігін немесе ерекше беделді
атқарушыларды ерекшелейтін нәрсенің қайраткер сапасын
қалыптастыруда шешуші маңызы бар.
2. Құрылымның
сипаттамалары да аса маңызды. Олар сан алуан, плюралистік, гетерогендік,
кешендік немесе, керісінше, шектеулі, гомогендік, қарабайыр,
таңдауы аз болуы мүмкін. Олар ашық, икемді, толерантты бола алады,
нұсқалардың кең спектріне жол бере алады, не
жабық, қатал, догматтық, жаңалықты
үзілді-кесілді терістейтін бола алады және тағы да,
қимыл субъектінің сапасында, қайраткерлердің немесе
ерекше беделді атқарушылардың көпшілігін
құрылымдардың қандай тұрпаты қоршап
тұрғандығы бейнеленеді.
3.
Қоғам тұрған жаратылыстық ортаның
сипаттамасы екі деңгейде ықпал етеді: объективтік негіздеу
және осы шарттарға субъективтік көзқарас арқылы.
Олар қолайлы, ресурстарға бай, рахымшыл не қатал болуы
мүмкін, Адамдардың тәртібі де екі жақты болуы
мүмкін: олар не табиғатты игереді, оны бағындырады,
оның стихиясын өзінің мұқтаждары мен
арман-тілектеріне бейімдеп, ауыздықтайды, не табиғатпен енжар
бағынышты қосылып кету ахуалында қала беріп, өздері
соған бейімделеді.
4.
Қоғамның тарихи өлшемінен бас тартуға болмайтындықтан,
дәстүрлерді де ұмытпау қажет, және де,
алдыңғы жағдайдағыдай, дәстүрлерге
объективті және субъективті көзқарас деңгейлерін ескеру
керек. Объективті деңгейде, тегінде, дәстүр
тұрақты, үздіксіз, ұзақ болып табыла ма, немесе
ол үздік-создық, қысқа, бір мағыналы емес пе, сол
мәнді секілді. Екінші, субъективті деңгейде дәстүрлерге
құрметпен қарауға, оны ұстануға
ұмтылуға қас-қағымдық, өткенді жаппай
жоққа шығару қарама-қарсы қойыла (бұл
«жаңа ұрпаққа» тән) алады.
5.
Ақыр соңында, топшыланған болашақтың сипаттамалары
да қилы-қилы болып жатады. Бір полюсте оптимизм мен үміт,
екіншісінде – пессимизм, катастрофизм және түңілу табылады.
Болашақтың адамның күш-жігеріне байланысты,
сондықтан да әртүрлі екендігіне сенім фатализм мен
финализмнің барлық түрлеріне қарама-қарсы
қойылады. Болашақтың бейнесі немесе болашаққа
арналған стратегиялық жоспар оның жақын арада болатынын
күтуге, тез «көрінуіне» немесе ыңғайлану схемасына,
төте қарама-қарсылық болып табылады. Егер біз
қимыл субъектісі сипаттамаларының толық тізімін тағы
бір қарап шықсақ, олардың екі топқа
бөлінетін байқаймыз. Сипаттамалардың бірі адамдардың
өз қоғамын өзгертуге ұмтыла ма (осы топқа
кіретін өзгергіштер қарекетке бағдарланған сарындарды
қалыптастырады), екіншісі – адамдар қарекет жасауға
қабілетті ме (бұл топтың өзгергіштері қарекетке
бағытталған тәртіптік мүмкіндіктерді
қалыптастырады), соны анықтайды.
Тұжырымдамасының
барлығы дерлiк әлемдiк тәжiрибеге негiзделген
қайраткер-қаламгер Еуропаны арайлы кейiпте ғана көрдi
дей алмаймыз. Ол оның дұрысын – дұрыс, бұрысын –
бұрыс дедi. Сонымен “Айқаптың” қабырғасы
қатып, “Қазақтың” қанаты мықталғанда,
әлем, мұсылман, орыс ағартушылығынан сабақ
алған Алаш зиялылары саясат пен руханият саласында негiзiнен Батыс
бағытын ұстанды. Ата дәстүр мен ислам
құндылықтарын, әдебиет пен мәдениеттi
Еуропаның озық үлгiсi һәм жүйесiмен
дамытуды қалады. Руханияттағы Шығыс пен Батыс диалогын осылай
жүзеге асырғысы келдi. Бұл қазақ
қауымының ғана емес, заманның талабы едi.
Сонымен, Ахмет Байтұрсыновтың дүниетанымындағы әлеуметтік
прогресс, әлеуметтік рухани даму идеяларының айнасы. Ахмет
Байтұрсынов өзінің әлеуметтік идеяларын публицистикалы,
әдеби-көркем, ғылыми шығармашылығында таныта
отырып, қазақ жұртының қоғамын жаңа
өркениетке жетелеп, ХХ ғасырдың басындағы
қазақ халқының әлеуметтік рухани дамуына зор
үлес қосты. Әдебиеттен көрініс тапқан Алаш ұраны, Алаш идеясы
Ахмет Байтұрсынұлының және онымен тізе қосып,
«бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» Алаш
қайраткерлерінің дүниетанымындағы әлеуметтік даму
идеясының рухани негіздерін танытады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Аяғанов Б., Тәжин М. Социология негіздері. Алматы: Ана тілі,
1993
2. Әлемдік әлеуметтану антологиясы. 9 том. Алматы:
Қазақстан, 2008.