Картаева Сандуғаш Киікбайқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«Аймақтану» мамандығының 2 курс магистранты.

Алматы, Қазақстан.

 

Оңтүстік Осетия және Грузия қақтығысы: Қазақстанның ақпараттық кеңістік мысалында

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей премьер-министрі Владимир Путинмен Пекинде өткен  Олимпиада ашылуындағы кездесуінде грузиндік жаққа айтылған сынмен ұшырасты: «Грузиндік басшылық Оңтүсік Осетия маңындағы шиеленістің ушығуы туралы ескертпей дұрыс істемеді», сонымен қатар, «қалай болғанда да, қақтығыс қорытындысы бейбіт түрде болады» деген пікірін тағы айтты [1].

Қырғыз көшбасшысы Құрманбек Бакиевпен өткен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан мен Қазақстанның Ресей мен Грузияның өзара келісімге келіп, ушыққан отты тоқтатып, келіссөз үрдістерінің басталғанын қалайтындығын атап көрсетті. Сонымен қатар, Назарбаев Грузияның Оңтүстік Осетияға жай отындай тез әскери шабуылын асығыс және уақытынан бұрын жасалған іс-қимыл деп танитындығын айтты [2]. Алайда, Грузияның ТМД елдері қатарынан шығу болып табылатын ресми ұстанымы жөнінде Назарбаев та, Бакиев те сөз қозғамады. Қазақстан Президенті қазіргі кезде Оңтүстік Осетия сияқты мәселелерге қатысатын ТМД-ның мехинизмдерінің де, тетіктерінің де жоқтығын атап өтіп, қақтығыстардың реттелуіндегі ТМД-ның рөлі мен орны жөнінде баяндаумен шектелді [3]. 

Белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаевтың ойынша, қақтығыс Ресей және АҚШ сияқты «үлкен ойыншылардың» арандатуынан пайда болды: «Грузиямен қақтығыс тек Ресей мен Батыстың арасындағы тайталастың шекарасын сызып беруге жаңа сылтау болды. Оңтүстік Осетияның болмаса да, бір-бірін ақпараттық ластықпен қорлаудың басқа да жолын табар еді» [4]. 

«Комсомольская правда - Казахстан» газетінің бас директоры Асылбек Бизенбаев, тараптардың іс-қимыдарына бірмағыналы баға берудің мүмкін еместігін айтады. «Ұлт құқығы қағидасы мен біртұтастылық қағидасы теңбе-тең. Сондықтан, бәрінікі дұрыс... Әсіресе, қақтығысқа күшті мемлекеттер араласып отырған жағдайда». Ал, ақпараттық қарама-қайшылық туралы журналист былай дейді: «...асханалардан бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне дейін ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Бұқаралық ақпараттық құралы, бәріне белгілі, кімді болса да, ең ұсқынсыз кейіпте көрсете алады»  [5].

Посткеңестік кеңістіктегі үш қақтығысты реттеу – Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының төрағалығына ұсынылған Қазақстан бастамаларының бірі болатын. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық отырысында сөз алған ҚР СІМ Қанат Саудабаев: «Тарихи тұтастық пен ділдік ұқсастықтар жағынан Қазақстанның барлық қақтығыс тараптарына жақындығын ескере отырып, сонымен қатар, ТМД-ғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы беделі мен оған артылып отырған сенімді алға тарта отырып, біз мына оңай емес шаруаның қатысушылары – барлық серіктестеріміздің талпынысына жаңа серпіліс береміз деген ойдамыз» [6].

ЕҚЫҰ төрағасы ретіндегі қызметін аяқтай отырып, Кавказ аймағына іссапармен барған Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Тбилисидегі сөзінде: «Қазақстан әу бастан-ақ, Грузияның территориялық тұтастығын жақтайтындығын айтқан болатын. Бұл біздің қазір ұстанып отырған және болашақта да ұстанатын тұрақты шамамыз» - деп басп айтты. Оған қоса, Қанат Саудабаев Саакашвили режимін посткеңестік кеңістіктегі «демократиялық үрдістердің авангарды болды» деп баға беріп өтті [7].

Қазақстандықтардың грузин-осетия қақтығысын қабылдауы. 2008 жылдың 22-30 тамызы аралығында Қазақстанның әлеуметтанушылары мен саясаттанушыларының ассоциациясы республикалық және облыстық маңыздылығы бар 16 қала, ауылдық 14 аудан орталығында кездейсоқ таңдаумен 2895 тұрғынға сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысатын ауылдық және қалалық тұрғындарының пропорциялық теңдегінің сақталу міндеті Қазақстанның әкімшілік-территориялық бөліміне жүкітелді [8]. Аталған сауалнамамен қоса, жоғарыда көрсетілген қақтығыс жөнінде де сауалнама жүргізілді.

Қақтығыс жөніндегі ақпараттандыру деңгейі. Сауалнама қорытындысы бойынша қақтығыс туралы қазақстандықтардың 6,8% ғана хабарсыз, ал үстіртін хабарландырылғандардың үлесі 27,3%  құрады. Қазақстандықтардың ішінде грузин-осетия қақтығысы туралы молынан ақпараттанған астаналық тұрғындар болды.

Республика тұрғындарының көзқарасына көбіне ресейлік және қазақстандық ақпараттық көздер әсер ететіндігі байқалды. Егер, қазақстандықтардың бірінші кезекте ресейлік ақпаратқа сүйенетіндігін ескеретін болсақ, олардың саны – 66,4%, сәйкесінше қазақстандық ақпаратқа бірінші жүгінетіндерінің саны - 52,1% құрайтындығын көре аламыз, яғни қазақстандық ақпарат көздеріне қарағанда ресейлік дерекнамалар 1,3 есе жиірек қаралады. Әсіресе, бұл жағдай Шығыс, Батыс және Орталық Қазақстанға тән. Бұл аймақтардағы қақтығысқа қатысты ресейлік ақпарат көздеріне жүгіну көрсеткіші қазақстандық ақпарат көздеріне қарағанда 1,4-1,6 есе артық. Жағдай толығымен түсінікті, себебі Қазақстанда ресейлік БАҚ (әсіресе телеведение) тұрғындар арасында отандық БАҚ-пен салыстырғанда көбірек сұранысқа ие, екіншіден ресейлік дерекнамалар ақпаратты оқиға орын алған жер – эпицентрден, бірінші қайнар көзден  жеткізеді. Бұл тұрғыда ресейлік ақпараттық көздеріне жарияланым қарқыны жағынан жоғары деп баға бере аламыз.  Ал, қазақстандық БАҚ бұл тұста біраз ақсаңдайды. Әіресе, аталған қақтығыстың алғашқы күндері Астананың оқиғаға қатысты ресми реакциясын өзгелер күткенде бұл олқылық басымдылықпен байқалды.

Шетелдік дерекнамалардағы қақтығыс жөніндегі ақпарат – аздаған қазақстандықтардың ғана игілігі болып отыр (10,7%), шетелдік басылымдарға жүгінетіндердің басты бөлігін алматылықтар құрап отыр, олардың саны республикадағы басқа қалалардың тұрғындарымен салыстырғанда, 2 есеге көп.

            Қазақстандықтардың көңілі кімге ауады? Сауалнаманың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 40,2%-ның осетиндерге және тек 2,7% ғана грузиндерге көңілдерінің ауатындығы байқалады. Көңіл ауушылықтар арасындағы айырмашылық 14,9 есені көрсетеді. Алайда, жағдай бір қарағанда көрінгендегідей бір қалыпты емес. Азаматтарымыздың 55,7% қақтығыс жағына қандай бір қатынасының болғанын қаламайды. Олардың: 19% осетиндіктерге де, грузиндіктерге де бірқалыпты жанашырлықпен қарайды; 18,9% кімді қолдайтындарын шешпеді; 17,8% екі жаққа да жанашырлық танытпайтындығын айтқан. Соңғы екі катерогияда пікір білдергендің басым бөлігі астаналық тұрғындар болып табылады.

Қазақстандағы ресейлік ақпарат көздерінің көптігіне қарамастан, халықтың пікірі отандық БАҚ-тың мәліметтерімен қалыптасатындығы байқалады. Өздерінің құқықтарын қорғаған Оңтүстік Осетияның қимылдарын «дұрыс» деп есептеген қазақстандықтар үлесі 34,2%-ды құраса, территориялық тұтастығы мен ұлттық егемендігін алға тартқан Грузияны жақтаушылар үлесі – 3,4% құрайды.  Қазақстандықтар арасында Оңтүстік Осетияны қолдаушылар 10 есе көп болғанымен, жалпы халық санымен салыстырғанда, басымдылығы еш байқалмайды. Себебі, халықтың 26,8% тұрақты шешім қабылдамаған, ал 33,8% екі жақтың да өзіндік дұрыс тұстары бар деп есептейді. Жалпы, бұл категориядағы тұрғындар үлесі 60,6% құрап отыр. Соңғы пікір иелерінің жиілігі 1,4 есе астаналықтар арасында кездеседі.

Грузин басшылығының әрекеттерін бағалау. Оңтүстік Осетиядағы соғыс қимылдары үлкен көптеген дау мен қарама-қайшылықтарды туғызды. Сонымен, бұл не болды: қару қолданылған геноцид пе, әлде өз азаматтары мемлекетпен қаза тапқан домицид пе? Соңғы жылдардағы адам шығындары орын алып, күдікті соғыстардың қатарына Саакашвили режимі неге тіркелмеген? Грузин-осетин қақтығысы – жаппай қырылып қаза табу туралы Саакашвили режимінің алғашқы ескерту сигналы емес пе? Міне, осындай біршама сұрақтар грузин басшылығының іс-әрекетіне баға беруде 53,8% қазақстандыққа кедергі болды.  Олардың 19,7% тек біржақты бағалауға болмайтындығын айтып, ондағы сепаратизммен күрестің және адамзатқа қарсы бағытталған қатыгездіктің бар екендігімен түсіндіреді (мұндай пікір иелері жалпы халықпен салыстырғанда астаналықтар арасында 1,8 есе жиі кездеседі).                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

       Қарап отырсақ, тұрғындардың күмәнді болуы мен пікір ауытқушылығын танытуының басты себебі Грузияның территориялық тұтастығының (Қазақстандықы сияқты) конституциалынғандығымен түсіндіріледі.  Дәл осы пунктте република тұрғындарының 5% -ның ойы бір жерден шығады. Олар Грузия басшылығының әрекетіне ұлттық территориясына бақылауды қайта құру мақсатындағы сепаратизммен күрес деген баға бере отырып, жақтайтындығын айтады.  Алайда, көрсетілген себеп 39,4% қазақстандықтың Саакашвили режимін адамзатқа қарсы қатыгездігіне кінә тағуына кедергі бола алмады.   Бұл көрсеткіш, әсіресе, Батыс, Оңтүстік және Орталықта 50 % -дан асып, басымдылық танытып отыр. АҚШ-тың Грузиядағы мәпелеп өсірген «түрлі-түсті» демократиясының сабынды көбігі қос стандарт негізінде құрылған демократияның жәбірлікке қарсы тұратын әмбебап құрал еместігін кезекті рет дәлелдеп барып жарылды.  Грузиядағы конституциялық үрдіс «тірі», құқықтық-тәртіппен орнаған басқару мен жауапкершілікті қолдаудың орнына, керісінше толық қарама-қайшлықта көрінді: саяси басқарушылар шындық пен шешім қабылдау, кімді жазалау, кімше кешірім беру құқықтарын өзіне алып, монополия рөлін билікке тартты.

Қорытына айтқанда, бұл қақтығыс еліміздің сыртқы саясатына айтарлықтай әсер етті. Біріншіден, Ресейдің стратегиялық серіктесі және Батыспен жақсы қарым-қатынаста бола отырып, Қазақстан «мұндай жағдайда өзін қалай ұстауға болады?» дилеммасымен кездесті. Екі жақ та «Кім бізбен бірге болмаса, сол бізге қарсы!» деген ұранмен өз ұстанымын білдіріп отырған тұста, мемлекетіміздің көпвекторлы саясаты оңтайлы шешім бола қоймады. Грузияға Қазақстанмен салынған инвестиция жағдайы одан сайын ушыға түсті, елде Қазақстан инвестиция бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленеді. Екіншіден, посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстар көзге көрінбейтін жіптермен байланысқан іспеттес, сондықтан, тұрақсыздық бір жерде орын алса, ол міндетті түрде екінші нүктеде де өзін білдіретіні сөзсіз.  Үшіншіден, ЕҚЫҰ-ның төрағалығына үміткерлік танытып отырған Қазақстан бұл тұрғыда дана саясат, парасатты ұстаным танытудың маңыздылығын түсінді. Себебі, оңтүстікосетиялық қақтығыс ұйым жауапкершілігінің территориясына кіреді, ал оған қатысты «кесіп айту» саясаты төрағалық алдындағы Қазақстан беделіне нұқсан алып келер еді.

Әдебиеттер:

1 «Президент Казахстана: грузинское руководство поступило неправильно, не проинформировав об обострении вокруг Южной Осетии» // Интерфакс-Казахстан, 8 августа 2008 г.

(http://www.interfax.kz/?lang=rus&int_id=10&function=view&news_id=3279)

2 «Statement by Minister Emerson on Situation in Georgia» // Foreign Affairs and International Trade Canada, August 26, 2008  (http://www.international.gc.ca/media/aff/news-communiques/2008/386468.aspx?lang=en)

3 Гавшина О. Канада применила газовое оружие // GZT.ru, 20 августа 2008 г.  http://www.gzt.ru/topnews/business/-kanada-primenila-gazovoe-oruzhie-/194381.html)

4 «Russian-Canadian energy deals possibly at risk» // Canada.com, August 19, 2008 (http://www.canada.com/topics/news/story.html?id=9efee879-d77e-43db-baff-2cce502b6eb6)

5 Товкайло М. Единый мир разделила одна маленькая война // GZT.ru, 10 августа 2008 г. (http://www.gzt.ru/topnews/politics/-edinyi-mir-razdelila-odna-malenjkaya-voina-/192451.html)

6 «Куба заявила, что поддерживает действия России в Южной Осетии» // РИА Новости, 11 августа 2008 г. (http://www.rian.ru/world/20080811/150253602.html)

7 «Фидель Кастро: США ответственны за вооруженный конфликт в Южной Осетии» // ИА REGNUM, 12 августа 2008 г. (http://regnum.ru/news/1039966.html)

8 Элкин А. Россия не будет мстить Латвии // Посольство РФ в Датвийской Республике, 28 августа 2008 г. (http://www.latvia.mid.ru/int_24.html)