з.ғ.к., доцент Машимбаева Г.А.

Қалданова Мақпал Өмірханқызы

Магистратура 2 курс

«ЕурАзЭО аясындағы интеграциялық процестердің жағдайы»

Еуразиялық экономикалық одақ (осыдан соң - ЕурАзЭО, Одақ) құрамына Ресей Федерациясы, Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстан Республикалары (2008 жылы шықты) кіретін халықаралық ұйым болып табылады.  ЕурАзЭО интеграцияны тереңдету және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру мақсатында құрылған болатын.

ЕурАзЭО негізгі мақсаты Кеден одағында басталған  Бірыңғай экономикалық  кеңістікті құрудың тиімділігін өзара әрекет ететін  жаңа, үміт күттіретін құрылымдар мен механизмдер қолдану арқылы арттыру болып табылады. Еуразиялық экономикалық одақты құру оның мүшелерінің ортақ тиімділіктері мен ұлттық мүдделерін жүзеге асыруына бағытталған.

ЕурАзЭО аясындағы ынтымақтастық. Барлық қол жеткен келісімдер, әсіресе Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы ТМД-ның он бір мемлекетінің арасындағы Келісім (1993 жыл,қыркүйек) интеграциялық процесстердің келіссөздер күйінен тәжірибелік күйге өтуіне әсер еткенін айта кеткен жөн.

Мемлекет басшылары мен үкіметі мақұлдаған құжаттар Одақтағы кеден және кеден ісі заңнамалары мен кеден тәртіптерін жеңілдетудің құқықтық негізі болды.

Мұның бәріне қарамастан  16 жыл өтсе де, ЕурАзЭО-ның қазіргі интеграциясы қиындықтарға тап боуда. Мәселе соңғы ықпал болмаса да, Одақ мемлекеттерінің басқарудағы саяси еркіндігінде емес.

Интеграция мемлекеттердің өндіріс күшінің даму деңгейін, экономикалық  реформаларының орын алуын, мемлекеттің аумақтық-салалық құрылымын және басқа да объективті ықпалдарын анықтайды.
         Шынайы ынтымақтастықтың тек екі жақты қатынастар аясында ғана емес, сондай- ақ, кең ауқымда дамуына айтарлықтай  ұзақ уақыт қажет болды. Бұрынғы кеңес республикаларының айтуы бойынша,  интеграция –бұл объективті процесс,  дегенмен оның дамуына  субъектілері тарапынан да билік етудің саяси еркіндігі сияқты жағдайлар жасалуы тиіс.

ЕурАзЭо-дағы интеграциялық процестер қатысушы-мемлекеттер саяси және әлеуметтік-экономикалық бірқалыпты даму деңгейіне түскен, яғни ұлттық валюта орнығып, инфляция деңгейі төмендеп және реформалар қалыптасқан кезден бастап «тыныштала» бастады.  Осы кезден бастап ЕурАзЭо мемлекеттерінің өзара әлеуметтік-саяси өмірлері бір арнаға түсе бастады, айталық, ішкі саяси, сауда-экономикалық және қаржы –кредиттік байланыстардық орнығуы.         

ЕурАзЭО-тың ортақ аумақта қауіпсіздікті сақтаудағы интеграциялық әрекеттеріне терроризмнің және діни экстремизмнің халықаралық мәселелері ықпал етті.

Қазіргі таңда мемлекеттердің экономика аясындағы ынтымақтастығын арттыратын әлемдік қаржы кризисін біріктіру объектісі ретінде қарастыруға болады.

ЕурАзЭО-ның интеграциялық жоспарларының жүзеге асу мүмкіндігінің негізгі бағыттары. Осылардың ішіндегі ең тиімділері –жаңа  транспорттық  дәліздерді пайдалану, серіктес-мемлекеттердің ұқсас өнімді-техникалық және қаржылық-ресурстық байланыстарын біріктіретін трансұлттық компаниялар мен корпорациялар құру, экономикадағы жаңғырту реформаларын үйлестіру, ВТО-ға кіру күштерін біріктіру және т.б.

ЕурАзЭО-ның  қатысушыларының алдына қойған негізгі тапсырмалары болып мыналар табылады: ұлттық экономиканың тұрақты және бірқалыпты өсуіне жағдй жасау, еркін сауда зоналарын қалыптастыру туралы Келісімді жүзеге асыру, мемлекеаралық сауда аясындағы салық заңнамасын бірқалыптандыру, инвистициялау райын жақсарту, транзит еркіндігі жөніндегі мәселелерді шешу, өзар тиімді және тең құқықты негізде еркін транспорт дәліздерін құру, ортақ аграрлы нарықты қалыптастыру және т.б.

Әлемдік кризис кезінде ЕурАзЭО мемлекеттері қалайда болса Кеден Одағын құру жайында ой қозғаған еді. Оның қатысушылары –Ресей, Қазақстан  мен  Белоруссия  осы біріктіруді жүзеге асыратын 13 құжатқа қол қойды.

Сондай-ақ, әлемдік қаржы кризисімен күресудің бірден бір жолы  ЕурАзЭО-тың аясында өзара мемлекеттер арасында инвистициялар тарту мен өзара инновация арасында ынтымақтастық құру деп көзделген болатын.

2008 жылы 10-қазанда Бішкекте өткен мемлекетаралық кеңестің отырысында  ЕурАзЭО-тың алдағы уақытта 2008-2010 жылдары болатын шаралар мен Мақсатты даму бағыттарын анықтау жылдары болады деп мақұлданған болатын.

Толығымен алғанда ЕурАзЭО өз мақсаттарын айқындау сатысында қызметін атқара береді,жақын уақытта мемлекеаралық және халықаралық аренадағы ұйымдық негізі мен рөлі анықталады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.     «Кеңестік кезеңнен кейінгі аймақтық ынтымақтастық. ТМД.» - Зайцев Г.А., Владиславлев Т.Б. М. 2006.

2.     « Халықаралық ұймдар » –Скопин А.Ю. М. 2007.