Магистрант А.Жанқарақызы
«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан
Адам құқықтарын қорғайтын
уәкілдік қызметі
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
институты Қазақстан Республикасында Қазақстан
Республикасы Президентінің «Адам құқықтары
жөніндегі уәкіл қызметін белгілеу туралы» 2002 жылғы 19
қыркүйектегі № 947 Жарлығымен құрылған
болатын.
Уәкілдің жұмысын қамтамасыз ету үшін
іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Президентінің «Адам
құқықтары жөніндегі ұлттық
орталықты құру туралы» 2002 жылғы 10
желтоқсандагы №992 Жарлығымен реттелетін жұмысшы орган - Адам
құқықтары жөніндегі ұлттық
орталық құрылды. 2003 жылы Орталықтың штатын қалыптастыру
аяқталды, алғашқы дәрежедегі ұйымдастыру
және қаржы мәселелері шешілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003
жылгы 16 мамырдағы №1094 Жарлығымен Ұлттық
орталықтың қызметкерлері әкімшілік мемлекеттік
қызметшілер лауазымдарының тізіліміне қосылды [1,55
б].
Жұмыс
Парламенттің қос палаталарымен, мемлекеттік органдармен,
үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен
тығыз байланыста жүзеге асырылды. Сонымен қатар,
бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс
белсендірілді. Уәкіл ЕҚЫҰ атына Варшава және Астана
қаласында өткен Адами өлшемдер жөніндегі Шолу
конференциясы сегменті аясында адам құқықтары
саласындағы ахуалды жақсарту жөнінде бірқатар
конструктивті ұсыныстар енгізді. Уәкілдің кең
көлемді мемлекетішілік, сондай-ақ халықаралық
іс-шаралардың жұмысына қатысуы ұлттық
құқықтық қорғау институтының
мемлекеттік механизмдегі рөлі мен орнының артуының
куәсі.
Осы
еліміздің Президентіне ұсынуға арналған 2010
жылғы қызмет туралы есепте адамның
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету
ахуалының талдауы қамтылады, олардың бұзылуымен
байланысты барынша өзекті мәселелер және олардың
бұзылуымен байланысты себептер белгіленген, мемлекеттік билік органдарын
және лауазымды адамдарды істердің жағдайы туралы хабардар ету
және бұзылған құқықтарды
қалпына келтіру жолдарын анықтау жөнінде жұмыс
жалғастырылды.
Адам
құқықтарының бұзылуы туралы хаттарды, кейін
оларды қалпына келтіру жөнінде шара қолданумен қарау
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
қызметінің негізгі бағыты болып табылады. Есепті
кезеңде 1378 хат түсті,
бұл өткен жылдан 30 хатқа артық. Олардың 1100
жазбаша хаттар, соның ішінде 125 хат электрондық пошта арқылы
келді. 278 азамат Уәкілдің және мекеме
қызметкерлерінің жеке қабылдауында болды.
Уәкіл офисі жұмысының негізгі бөлігі өткен
жылдың ішінде Уәкіл институты туралы халықтың хабардар
болуының өсуіне байланысты көп көлемде түскен
азаматтардың арыздарын қарауға және шешуге
бағытталды. Мәселен, егер жұмыстың алғашқы айларында
Уәкіл офисі 33 арыз алса,
соңғы жылы 1378
жетті [2,6 б].
Нақты азаматтың бұзылған
құқықтарын қалпына келтіру адам
құқықтарын бұзуға жол берген мемлекеттік
мекемелердің іс-әрекетін қайта қарау тәжірибесі
ынталандыруымен құнды. Уәкілдің сұрау салулары мен
ұсынымдарынан кейін ұқсас жагдайларда азаматтарға осы
мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынаста өз
құқықтарын іске асыру үшін қосымша
күш қажет болмайды.
Сонымен қатар, Уәкілдің араласуы, оның
ахуалға нақты баға беруі бас тартылған жағдайда
да арыз иелерінің нақты мәселе бойынша толық
ақыл-кеңес, дәлелдер алуымен де құнды.
Шағымдармен жұмыс, азаматтарды қабылдау - мемлекеттік
қызмет көрсету стандарттарының деңгейін жетілдіру
және арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың
қызметіне ықпал етуге мүмкіндік беретін алғашқы
дәрежеде ұйымдастырылатын институттың әрекеті.
Азаматтардың арыз беруі әртүрлі: осындай жүгіну
жемісін береді деген оймен көбісі жеке қабылдауда болуға
тырысады. Басқалары жазбаша арыздар, жедел араласуды қажет ететін
кейбір жағдайларда азаматтардың телефон соғатын кездері де болады.
Арыздардың - ауызшасы немесе жазбашасы - бірде-біреуі назардан тыс
қалған емес: әрбір жағдайда, тіпті әңгіме
телефон қоңырауы туралы болса да, Уәкіл офисінің
қызметкерлері істің мән-жайын анықтауға, егер шын
мәнінде орын алса, азаматтардың құқығын
бұзудың алдын алуға тырысамыз. Жыл бойына азаматтарды
қабылдау жұмыстары жүргізілді: көптеген
жағдайларда - ауызша арыздар консультациялар, өз
құқықтарын қорғаудың мүмкін
тәсілдерін, Уәкілге жүгіну тәртібін және
нақты іс бойынша институттың мүмкіндіктері түсіндіріліп
отырды. Жаңа құқық қорғау институты
туралы ақпаратты таратудың жүргізіліп отырған белсенді
саясатына қарамастан, Уәкілге азаматтардың жүгінуі
шектеулі, ең алдымен, ол географиялық факторларға, атап
айтқанда Астана қаласынан қашықтығына байланысты.
Азаматтардың арыздарын талдау Уәкіл офисі қызметтің
тиімділігін арттыру мақсатында елдің бес өңірінде:
оңтүстікте - Алматы және Шымкентте, батыста - Атырауда,
шығыста - Өскеменде және солтүстікте - Петропавл
қалаларында өз пункттерін ашуды қажет ететінін
көрсетеді. Олар басында қоғамдық тілші пункттері ретінде
жұмыс жасар еді. Арыздармен жұмыс, жеке қабылдаулар -
азаматтардың құқықтарын қорғау
жөніндегі тікелей жұмыстың тек бір жағы, Уәкіл
институты ретінде ол өзге іс-әрекет арқылы да адам
құқықтарын тиімді қорғай алады.
Шағымдарды қараудан басқа осындай бағыттардың
бірі, бірақ адам кұқықтары мәселелеріне тікелей
байланысты ағартушылық жұмыс болып табылады. Уәкіл
институты үшін халықтың өз
құқықтарын дербес қорғай алуы үшін
қажетті білім білуі маңызды.
Өз құқықтары туралы біліммен
қаруланған азамат өз құқықтарын
қорғай білумен қатар, оның бұзылуына да жол
бермейді. Біздің мемлекетіміздің әрбір азаматы өз
құқықтарының құндылығын
түйсінуі, мемлекет кепілдік берген адам
құқығының көлемі туралы ақпараты
болуға тиіс. Тек осы жағдайда ғана
құқық қорғау қызметі жүйелі сипатқа
ие болады.
Осы бағыт аясында ЕҚЫҰ, ЕҚЫҰ АДИҚБ
және Еуропалық комиссияның жәрдемдесуімен мемлекеттік
тілде және орыс тілінде Адам құқықтары
жөніндегі Уәкілге шағым беру тәртібі туралы буклет
әзірленіп шығарылды. Адам құқықтары
жөніндегі Дат орталығының қолдауымен тек
Уәкілдің емес, сонымен бірге біркатар онымен бірлесіп жұмыс
істейтін құқық қорғаушы үкіметтік
емес ұйымдардың ақпараттары орналасатын Адам құқықтары
жөніндегі Уәкілдің веб-сайты әзірленді.
Адам құқықтарын бұзудың алдын алу
бойынша жұмыстың екінші бағыты білім беру қызметі болып
табылады. Мектеп оқушыларын, студенттерді адам
құқықтарын қорғау мәдениетіне
тәрбиелеу жақын болашақта бізге оң нәтижелерге
жетуге мүмкіндік береді. Адам құқықтары
проблемасына түбегейлі жаңа көзқарас жеке адамды оның
құқығына сөзсіз қол
сұқпауға тәрбиелеген жағдайда ғана
қамтамасыз етіледі. Осы жұмыс бірінші кезекте оқытушылар
үшін тікелей білім беру қызметін де, оқу
бағдарламаларын, оқыту әдістерін, білім беру шараларын
өткізуді талап етеді. Уәкіл институты есеп беру кезеңінде
білім беру қызметін үкіметтік емес сектормен тығыз байланыста
жүргізді. Сонымен қатар Уәкіл офисі қызметінің
тиімділігін арттыру үшін есеп беру кезеңі ішінде сарапшылық-талдау
жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттағы
қызметтің мазмұны адам құқықтарын
бұзу фактілері туралы БАҚ материалдарын, арыз иелерінің
хабарлауынша азаматтардың құқықтарын
бұзумен ұштасқан заңдарды, заңға
тәуелді актілерді, ережелерді үнемі талдау, адам
құқықтарына қатысты заң жобаларын зерделеу
және осы себептер бойынша сарапшылық қорытынды беруден
тұрады. Уәкілдің сарапшылық қызметінің
деңгейін арттыру үшін Сарапшылық және Консультативтік
Кеңес сияқты көмекші құрылымдарды құру
қажет болды.
·
Біріншісіне
тәжірибелі заңгерлер, ғалымдар, адвокаттар, барлық
құқық қорғау құрылымдарының
өкілдері;
·
екіншісіне - тек
Астана қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың
мүшелері кірді.
Уәкілдің жанындағы Сарапшылық кеңес 2003
жылдың 11 тамызында құрылғаннан бері 3 отырыс
өткізді, соның нәтижесінде кеңес мүшелері Тамыз
оқылымдарына қатысты, «Қазақстан
Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау
туралы» заң жобасына қатысты сарапшылық қорытынды
әзірлеуді бастады [3,91 б]. Сарапшылық-талдау
қызметі арқылы Уәкілдің адам
құқықтары саласындағы анағұрлым
өзекті мәселелер туралы ақпаратты жүйелеуге, мемлекеттік
органдардың қызметіндегі кемшіліктерді анықтауға, елде
Қазақстан таныған халықаралық шарттарда
қамтылған құқық қорғау
стандарттарыныың сақталуына жәрдемдесуге мүмкіндігі
бар.
Осындай жұмыстың нәтижелері заңдарды жетілдіру
саласындағы қызмет үшін де маңызы зор. Мәселен,
Қазақстандағы БҰҰДБ бағдарламасымен
бірлесіп ұйымдастырылған министрліктердің басшыларымен,
Парламент депутаттарының, халықаралық ұйымдар мен
үкіметтік емес бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен 2003
жылдың 10 қарашасында өткен «БҰҰ-ның
Халықаралық Пактілері: адам құқықтарын
қорғау жүйесі, әдіснамасы және тәжірибесі»
тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық
конференция маңызды іс-шара болды[4,81 б].
Пактілерді қолдануға байланысты тұжырымды мәселелер
талқыланған конференция түрлі көзқарастарды
жақындатуға және маңызды мәселелерді
шешудің амалдарын үйлестіруге мүмкіндік берді. Елімізде болып
жатқан реформаларға баламалы әсері ҚР Жер
кодексінің қабылдануын қолдап Парламент депуттарына
жолданған және жаппай саяси қуғын-сүргін
құрбандарын қорғау мәселелері бойынша
Премьер-Министрге жазылған үндеулер болды.
Заң шығару жұмысына қатысу – адам
құқықтарымен мәселелерді шешуге ықпал
ететін, шағымдардан алынған ақпараттарды және
нақты мәселелердің мониторингіне сүйене отырып,
әлеуметтік дағдарыстардың алдын алудың тиімді
тәсілі. Халықаралық ұйымдармен, үкіметтік емес
секторлармен және басқа да азаматтық қоғамдармен
ынтымақтастық жұмыстың жекелеген бағыттары болып
табылады.
Халықаралық ынтымақтастық Уәкіл институтына
шетелдегі құқық қорғау әрекетінің
тәжірибесін, дәстүрін, қағидаттарын
пайдалануға, оның үстіне өз жұмысын әлемдік
құқық қорғау процесі шеңберінде
жинақтауға мүмкіндік береді. Адам
құқығы ұлттық
құқықтың санаты болудан қалды, енді
мұнымен келіспеу қиын. Адам құқықтары
саласындағы халықаралық стандарттарды пайдалану –
прогрессивті тәжірибеге қосылу, қазіргі заманғы
құқық қорғау тәжірибесінің
объективті қажеттігі. Сондықтан Уәкіл институты халықаралық
құқық қорғау ұйымдарымен
ынтамақтастыққа аса көңіл бөледі.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасы Президенті мен
Қазақстан Республикасы қызметінің актілер жинағы.
- Астана -2000, №1, 1-құжат.
2.
Адам құқықтары туралы
халықаралық актілер. Құжаттар жинағы. - М., 1998.
3.
Азаматтық және саяси
қүқықтар туралы халықаралық Пактіге екінші
факультативті хаттама №1., - Астана, 2005.
4.
«Арнайы
миссиялар туралы»
Вена конвенциясы. 18 желтоқсан 1969 жыл. Сайд-www.diplomat.ru