Магистрант  А.Жанқарақызы

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан

 

Адам құқықтарын қорғау – уәкілдік қызметінің негізгі қағидасы

Өткен кезеңнің нағыз жетістігі деп халықаралық ұйымдармен жемісті ынтымақтастықтың жолға қойылғанын айтуға болады, «Омбудсман офисінің институционалдық мүмкіндіктерін дамыту» туралы Еуропалық Одақтың және «Қазақстан Республикасында Ұлттық омбусман институтының операциялық мүмкіндіктерін дамыту» туралы БҰҰДБ жобалары нәтижесі болды. Жобалар Уәкіл офисінің мүмкіндіктерін жан-жақты күшейтуге және ұзақ мерзімге дамытуға бағытталган. Уәкіл институты жұмысындағы ерекше бағыт ҮЕҚ-мен ынтымақтастық болып табылады. Уәкіл институты бүгінде – мемлекет пен азаматтық қоғам институттары өзара іс-қимылының қосымша тетігі. Үкіметтік емес ұйымдарға жіберілетін барлқ шағымдар, ұсыныстар Уәкіл институтының жұмысында балама көрініс алады, олардың бірде-бірі назардан тыс қалмайды.

Уәкілдің қызметінде «Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы» ережеде қатаң жазылған құқықтарды қорғау саласындағы басымдылықтар болмайды.

Сонымен бірге Қазақстан 1979 жылғы Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын болдырмау туралы конвенция, 1966 жылғы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция, 1984 жылғы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенция, 1989 жылғы Баланың кұқықтары туралы конвенция, сондай-ақ Қазақстанға қатысты: 2003 жылғы 6 маусымдағы Баланың құқықтары жөніндегі, 2001 жылгы 17 мамырдағы Азаптауларға қарсы, 2001 жылғы 26 қаңтардағы Әйелдерге қарсы кемсітушілікті жою жөніндегі БҰҰ-ның комиттері ұсынымдарына ден қоюлар сияқты халықаралық шарттардың нормаларын орындау қажеттігі – қызметті мамандандыруды қажет етеді. Республиканың белгіленген халықаралық міндеттемелерін белгіленген сақтау мониторингін орындай отырып, Уәкіл институты халықтың әлеуметтік-оқшауланған және әлсіз топтарының: балалардың, әйелдердің, зейнеткерлер мен мүгедектердің, сотталғандардың және пенитенциарлық мекемелердегі адамдардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыстың бес басым бағытын белгіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Адамның және азаматтың конституциялык құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2004 жылғы 29 қарашадағы № 1474 Жарлығымен омбудсменнің құқық қорғау өкілеттіктері кеңейтілді, жаңа функциялар: істі сотта қарауға қатысу, сот актілерінің заңдылығын тексеру туралы өтінішпен жүгіну, парламенттік тыңдаулар өткізуді үсыну және қылмыстық, азаматтық және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы қолдаухаттар жіберу енгізілді [1].

Уәкілдің бірінші дәрежедегі функциясы бұрынғысынша құқықтар мен бостандықтардың бұзылғаны туралы келіп түсетін өтініштерді қарау және шешу болып табылады. 2004 жылы 1514 жазбаша және ауызша шағым келіп түсті, ал өткен жылы өтініштердің жалпы саны мыңға тарта шағымды құраған болатын. Сонымен қатар өтініштер неғұрлым «білікті» дайындалған: азаматтар Уәкілдің құзыреті, оның жұмыс нысандары мен әдістері туралы хабардар ете алады. Бір ғана адамның әр түрлі мәселелер жөніндегі өтініштері де сирек емес. Уәкіл мекемесінің жұмысы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан емес, Уәкілге жүгіну мүмкіндігін пайдаланған азаматтардан құлағдар болу арқылы алған азаматтар өтініштерінің саны ұлғаюда.

Осыған байланысты Қазақстанда адам құқықтарын сақтауды бақылау бойынша негізгі жұмыс халықтың осы тобының жағдайына талдау жасауға бағытталды. Міне, Қазақстандағы Уәкіл қызметінің жалпы сипаттмасын айтып өттік, Уәкілдің негізгі қағидасы – адам құқықтарын қорғау. Әріге бармай-ақ соңғы деректерді көрсетсек:

Адам құқықтарының бұзылуы туралы хаттарды, кейін оларды қалпына келтіру жөнінде шара қолданумен қарау Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі бағыты болып табылады. Есепті кезеңде 1378 хат түсті, бұл өткен жылдан 30 хатқа артық. Олардың 1100 жазбаша хаттар, соның ішінде 125 хат электрондық пошта арқылы келді. 278 азамат Уәкілдің және мекеме қызметкерлерінің жеке қабылдауында болды.

Ауызша шағымданулардың талдауы, мыналар: сот шешімімен келіспеушілік, тұрғын үй, еңбек және әлеуметтік құқықтарды іске асыру, құқық қорғау органдарының және жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдарының әрекеттері мен әрекетсіздігіне шағымдар барынша актуальды мәселелер болып табылатынын бұрынғыдай көрсетеді (азаматтар көтеретін мәселелердің сипаты туралы нақты ақпарат төмендегі кестеде мазұндалған).

Есепті кезеңде хаттардың ең көп бөлігі Алматы (15,8%) және Астана (11,9%) қалаларының тұрғындарынан, сондай-ақ Қарағанды облысынан (10,6%), Алматы облысынан (10%) келген. Өткен жылмен салыстырғанда Қызылорда және Маңғыстау облысынан келген хаттар саны екі есе өскен.

2010 жылы ұжымдық шағымдар санының өсуі байқалып отыр, олардың саны 84 құрады, 1158 адам қол қойған. (2009 жылы – 76, 2008 жылы -58). Онда көбінесе еңбек құқықтарының бұзылуына шағымдар, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қамтамасыз ету мәселелері.

Өткен жылы үкіметтік емес ұйымдардан 85 хат түсті. Қоғамдық ұйымдардан түскен шағымдардың көпшілігі қамауда ұстау орындарында құқық бұзу фактілеріне, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне, сондай-ақ халықтың әлеуметтік қауқарсыз санаттарының құқықтарын қорғау мүдделеріне қатысты болды. 2010 жылы Уәкілге азаматтардың құқықтарының мүддесіне депутаттардан 2 хат түсті. Хаттардың екеуінде де сот шешімдерімен келіспеушілік туралы мәселелер көтеріледі. Бұл мәселелерді қарау Уәкілдің құзырына жатпағандықтан шағымданушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес Уәкілдің құзыры туралы тиісті түсініктемелер берілген.

Уәкіл атына шет елден 53 хат түсті, олардың көпшілігін ТМД елдерінің омбудсмендерінің өтініштері құрайды. Есепті кезеңде осындай 22 хат келді, атап айтқанда Ресей Федерациясының және оның субъектілерінің, Украина, Өзбекстан және Қырғызстан Адам құқықтары жөніндегі уәкілдерінен.

Өткен жылы түскен хаттардың 2010 жылғымен салыстырғандағы сипаты көп өзгермеген. Сот шешімдерімен келіспеушілік туралы шағымдар басты орын алған және хаттарда қозғалатын мәселелердің жалпы санынан 19,2% құрайды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттері мен әрекетсіздігіне арыздар саны төмендеген, 2009 жылы 20 % есепті кезеңде 17,7% дейін. Сонда да осы санаттағы мәселелер неғұрлым өзекті болып отыр.

2010 жылы Орталық атқару органдарында (2009 жылы 1,9% есепті кезеңде 4,3% дейін.) және жергілікті атқарушы және өкілетті органдарында әкімшілік ету мәселелері бойынша шағымдар саны өскенін атап өткен жөн (2009 жылы 4,2 % есепті кезеңде 5,9% дейін), бұл азаматтардың мемлекеттік органдар көрсететін қызметіне қанағаттанбауының куәсі. Шағымданушылар өздерінің арыздарында олардың мерзімсіздігіне, сондай-ақ қол жетерліксіздігіне, мемлекеттік қызметшілердің немқұрайлық және сыпайысыздық танытуын жиі атап өткен.

Уәкілетті мемлекеттік органдар еңбек туралы заңнаманың сақталуын бақылау, осы салада бар бұзушылықтарды жою жөнінде жүргізетін жұмысына қарамастан, еңбек құқықтарының бұзылуы жиі орын алып отыр (85 хат немес 5,5% өскен ). Көбінесе жұмыс берушілердің жұмыскерлерді босату шешімімен келіспеушілік, жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақылық салымдарды жібермеу, еңбек жағдайын бұзушылық, қиындықтар, мүгедектігі бар адамдарды еңбекпен қамту үшін жағдайлардың болмауы.

Азаматтар бұрынғыдай тұрғын үй құқықтарының бұзылуына шағымданады, олардың саны өткен жылы 84 құрды (5,5%) және олар негізінен үлестік құрылыспен, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу және мемлекеттік үй құрылысы бағдарламасына байланысты болған.

2010 жылы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша (2009 жылы 1,4% , 2010 жылы - 2,8% дейін) шағымдардың 2 есе өсуі алаңдатады, олар негізінен балаларды әлеуметтік және тұрғын үймен қамтамасыз етуге және алимент өндіріп алуға қатысты болған.

Азаптауларды және басқа да қадір-қасиетке нұқсан келтіретін қарым қатынастарды қолдануына (2009 жылы 4,9%, 2010 ж. - 2,6 % дейін ), сондай-ақ пенитенциарлық мекемелердің қызметкерлерінің әрекеттеріне (2009 жылы 4,5%, 2010 ж. - 2,6% дейін) шағымдардың азаюын атап өткен жөн. Бұндай үрдісті азаптаулардың алдын алу саласындағы бірқатар нормативтік құқықтық актілердің қабылдануымен және оларды тиімді пайдаланумен байланыстыруға болады. Сонымен бірге Уәкіл атына келетін хаттарда шағымданушылар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күдіктілерге, айыпталушыларға, сотталғандарға қатысты азаптаулардың әртүрлері түрлерін қолданатыны туралы хабарлаған, бұл тергеудің заңсыз әдістерін қолдану мәселесі сақталып отырғанын дәлелдейді.

Хаттардың жеке санатын сот шешімдерінің орындалмауына шағымдарды құрайды, олардың көпшілігі атқару құжаттарының мерзімдері бұзылуымен (2,7%), борышкерлерге заңмен көзделген барлық мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбауына, кейбір сот орындаушыларының әрекетсіздігіне байланысты.

Уәкіл атына келіп түскен заңды тұлғалардың әрекеттеріне (2%) шағымдар мен жеке тұлғалардың арасындағы қарым қатынастар мәселелеріне қатысты арыздарында (0,9%) негізінен жеке азаматтық құқықтық қатынастар байқалған, оларды қарау қолданыстағы азаматтық және азаматтық процессуалдық заңнамаға сәйкес сот тәртібімен жүзеге асырылады. Осыған байланысты аталған мәселелер бойынша арызданушыларға тиісті түсіндірмелер берілді.

Тұтынушылар құқығының бұзылуы туралы хаттар (1,1%) негізінен тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсетуге және ПИКтердің олар қызмет көрсететін объектілеріне қатысты әрекетсіздігіне қатысты болған, оны халыққа қызмет көрсету сапасының осы уақытқа дейін төмен болуы, тұтынушылармен тиісті жұмыстың болмауы дәлелдейді.

Білім алу құқығын бұзу (1%) шағымданушылардың айтуынша мигрант балалардың білім алуға қол жетімділігінде орын алған, сондай-ақ білім ұйымдарының лауазымды адамдарының әрекеттерінде көрініс алған.

Хаттардың жеке санатын азаматтардың ақпарат алуға құқықтарының бұзылуына арыздарды құрайды. Анықтамаларды, құжаттарды, түсіндірулерді және басқа да ақпаратты алумен байланысты қиындықтар адам құқықтарын қамтамасыз етуге және оның мүдделерін іске асыруға айтарлықтай кедергі болып табылады. Барлығы есепті кезеңде азаматтардың аталған құқығын бұзу туралы 26 шағым түсті, олар азаматтардың хаттарына жауап беру мерзімі бұзылуына немесе жауап берілмеуіне, әртүрлі ақпарат алу мүмкіндігінің болмауына қатысты болған. Жалпы осындай бұзушылықтар жекелеген лауазымды адамдардың өз функционалдық міндеттерін немқұрайлы және тиісті деңгейде орындамауына байланысты. Уәкіл мекемесі азаматтарға мемлекеттік органдардан тиісті ақпарат алуға ықпал етті.

Әдебиеттер:

1.                 Бюллетень международных договоров. -М.:Издаиие администрации Президента  РФ,  №9. 1993.

2.                 Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пактіге екінші факультативті хаттама№1., -Астана, 2005.

3.                 «Арнайы миссиялар туралы» Вена  конвенциясы. 18 желтоқсан 1969 жыл. Сайд-www.diplomat.ru