*113031*

Жунусканова Ж.Н.

Костанайский государственный университет им. А. Байтурсынова, Казахстан

ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЗЕРТТЕУШІЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, нарықтық қатынастар жолын таңдаудың барысында жүргізіліп жатқан реформалар, жоғары білім беру саласына  да жаңа түбірлі технологиялық өзерістер әкелді. Мемлекетіміздің әлем құрылымының тең дәрежелі мүшесі болу үшін, бірінші кезекте ғылым мен білімнің дамуына көңіл бөліну қажет. Қазіргі кезеңдегі заман талабына сай студенттерді оқытуда  сапалы білім беріп, зерттеушілік өздік технологиялық жұмыстарға үйрету, ұйымдастыру болып табылады. Терең білім алуын қамтамасыз ету бағытында  Кеңестік білім беру жүйесінде біршама озық тәжірибелердің жинақталғаны ешкімге күмән келтірмейді. Дегенмен, бұл бағыттағы әлем елдерінің ғасырлар бойы жинақтаған, ұдайы жетілдіріп отырған озық үлгілерін үйреніп, оны өзіміздің нақты жағдайларымызды ескере отырып, пайдалану бүгінгі күннің өткір мамандардың білім сапасының, әлемдік стандарттарға сәйкес келуінің қажеттігі – еліміздің әлемдік өркениетке енуінен туындап отыр.

Соңғы жылдары, республика көлемінде, оның ішінде Л.Н.Гумилев атындағы  университеті де, студенттердің сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында кредиттік жүйесіне көшіп жұмыс істеп жатқанына да біршама уақыт болды. Алғашқы кезде бұл жаналыққа үрке қарағандар да, ашық қарсы шыққандар да, «әліптің аяғын баққандар да» болғанымен, бүгінде үйренісе бастағандаймыз. Бұл жүйеге қарсылық білдірушілер, әсіресе гуманитарлық саланың оқытушылары болашақ мамандардың сөйлеу мәдениетіне, яғни шешендігіне кедергі келтіреді деген уәжді көлденең тартады. Алайда бұл жүйеге тереңірек үңілген, оның қыр-сырын меңгеріп қана емес, жетілдіруге бағыт ұстаған шын ниеті бар ұстаз, жоғарыдағы пікірдің ат үсті айтылғанына көз жеткізетіні сөзсіз.

Рейтинг-тест бірін бірі толықтырып отыратын, бір-бірінен ажырағысыз, бақылаудың тұтас жүйесі болып табылады. Барлық пәндер бойынша да бағдарламаға сәйкес жоспарланған материалдарды студенттердің қалай меңгергендігі ағымдағы, аралық, қорытынды бақылаулар бойынша жүзеге асырылатындығы белгілі.  Бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар жазылып, мерзімдері мен кестелері көрсетіліп, кафедра бойынша жыл сайын тиісті тапсырмалар студенттерге алдын-ала таратылып беріліп отырылса, құба-құп болар еді. Міне, осы бағытта кафедра бойынша белгілі бір жұмыстар жоспарлануда. Әр пәннің өзіндік ерекшеліктеріне орай бақылаудың әр түрлерін қолданып, пайдалануға болады. Өйткені кейбір пәндерде, мәселен семинар сабақтары қарастырылмаған немесе сағат көлемі өте аз мұндай жағдай бақылаудың үш түріне сай арнайы тапсырмалар жасалынуы тиіс.

Семинар сабағына үйге берілген тапсырманы барлық студенттерден сұрап, толық бағалауға мүмкіндік келе бермейді. Сондықтан, студенттерді сабақта толығырақ қамтып,  жауаптарын тыңдау үшін, семинар сабағын өткізудің әр түрлі тәсілдерін (пікірсайыс, бринг-рейнг, семинар конференция т.б.) қолдануға болады. Үйге берілген тапсырманы бағалағанда, олардың конспектілерін тексере отырып, тақырыпты қаншалықты ашқандығына мән беріп, қосымша сұрақтар бере отырып айқындауға болады. Лекция үстінде экспресс-сұрақтарды жүргізгенде, проблемалық сұрақтар қою, қартамен жұмыс т.б. сияқты тәсілдерді қолдануға болады. Рейтинг жүйесіндегі аралық бақылау, курс бойынша белгілі бір тарауды, бөлімді, өздік жұмысты қорытындылау мақсатында қолданылады. Аралық бақылаудың балдары өздік жұмыстың, коллоквиумның, ғылыми жұмыстардың қорытындылары бойынша қойылады. Аралық бақылауды жүзеге асыру үшін алдын-ала студенттерге тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар беріледі.

Жоғары оқу орнының тәжірибесінде студенттердің белсендігін, ізденімпаздығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстары да пайдаланылады. Студенттерден белсенді шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін олардың өздері орындаған жұмыстарына, ортамен қарым-қатынасына дұрыс баға беру тәрізді қасиеттерін дамытуда, шеберлікке балуда, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретуде, дүниеде болып жатқан өзгерістердің сипатын, бағытын дұрыс анықтай білуге көмектесуде оқытушының еңбегі үлкен. Оқу процесінің тиімді жүруіне қажет көрсеткіштердін бірі – оқытушы мен студенттің өзара қарым-қатынасы. Оқытушы мен студенттердің арасында өзара түсіністік болуы үшін студенттердің көңіл-күйімен, эмоциялық жағдайымен санасып, осы жағдайларды оқу барысында кеңінен пайдалану керек. Талапты күшейту және бастамаға мейілінше көп қолдау жасау, жоғары оқу орны сияқты күрделі интеллектуалды организмнің бірінші басшысының міндеті – жеке идеяларды қолдай отырып, соның негізінде ұжымның әр мүшесіне өзінің рөлін таныту болып табылады. Тек осындай жағдайда ғана ұжым бірегейлікпен жемісті еңбек ете алады, оның әр мүшесі ұжымның қолы жеткен табыстарынан рухани ләззат алады. Осы мақсатқа жету үшін алдымен аса дамыған шетел мектептеріндегі білім мазмұнының даму тенденциялары мен оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын жаңа технологияларды білу керек. Осындай технологияның бірі - ғаламдық білім беру технологиясы. Қазақстан білім беру жүйесіндегі кейінгі 2-3 жылда болып жатқан өзгерістердің жарқын көрінісінің бірі – шығармашыл оқытушылардың жұмыста ғаламдық білім беру технологиялық эксперимент түріне енуі болып табылады. Ғаламдық  білім беру ұлттық білімнің шекара аясынан шыққан проблемаларын шешуге бағытталады және этномәдени, экономикалық, саясиғ технологиялық әр түрлі жүйелердің өзара қарым-қатынасын анықтайды.

Әдебиеттер тізімі:

1.                 Закон Республики Казахстан «Об образовании» и Лиссабонская Конвенция 2000 года. -  Алматы: Дәнекер, 2000.

2.                 Абдыманапов С.А. Рейтинг и тестирование: комплексная оценка знаний студентов. - Алматы, 1999.

3.                  Рейтинговая много балльная система контроля и оценки знаний студентов.  Составитель Н.А.Бушнева  – Алматы: КазГНУ, 1995.