*112487*

Кәсіптік білім мамандарын даярлауда білімгерлерге қолданбалы қолөнерді үйретудің әдістері

 Байназарова З. - оқытушы

Досбаева А. – «Кәсіптік оқыту» мамандығының 1-курс, студенті

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қаласы

Өнердің барлық түрінің өзіне тән белгілері: тілі ,тәсілдерімен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер етеді.

Көне заманнан осы уақытқа дейін тұрмыс дәстүрімен тығыз қайнасып, өмір сүріп келе жатқан өнеріміз-ол қолданбалы қолөнері.

Қолданбалы қолөнері дегеніміз-тұрмыста және өндірістік бұйымдарда қолданылатын көркем бұйымдар жасау болып табылады.[1.20-22 б.б. ]

Қазақ  халқының қол өнері ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық мәдени мұраның ажырамас маңызды бөлігі. Қолөнер түрлерінің өн бойында халықтың материалдық және рухани өмірі көрініс тапқан. Олай дейтініміз, қолөнер туындылары материалдық мұра болып қана қоймай, ертедегі халықтың тарихынан, таным-түсінігінен, эстетикалық талғамынан хабардар етеді. Осындай ұлттық мәдени үлгілерінің дәстүрлерін оқып үйрену,оларды сақтауға және бүгінгі әлеуметтік жағдайларға сай пайдалана білуге мол мүмкіндік береді.

Қолданбалы қолөнерге тән ерекшеліктер- айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланысты болумен анықталады.

Басқа пәндер сияқты «Кілем және гобелен тоқу технологиясы» пәні білімгерлерді еңбек процестерімен таныстырып,өнер құралдарымен жұмыс істеуге үйрете отырып, білімі мен іскерлігін  қалыптастырады.

 «Кілем және гобелен тоқу технологиясы» пәні білімгерлердің білімділігі мен тәрбиесін  атқаратын қызметін сараптасақ:

-білімгердің политехникалық ой-өрісін дамытып, ынта-ықыласын нығайту;

-қоғам өміріндегі еңбектің, өнердің рөлін түсіну, өнер адамдарына деген құрмет;

- өнерге деген сүйіспеншілік, еңбек етуге қабілеттілік пен шеберлік, қоғам пайдасына шын ниетпен, шығармашылық жұмыс істеу қабілеті, қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке даярлық;

- еңбек мәдениеті мен оны ғылыми ұйымдастыру негіздерін үйрету, қауіпсіздік ережелерін білу сақтау дағдыларын жетілдіру;

- қолданбалы өнер мамандықтары бойынша оқушы бейімі мен қабілеттеріне сәйкес және қоғамдық қажеттіліктерді ескере отырып мамандықты таңдау.

Білімгерлер негізінен кесте тігістері түрлеріне, бастырмалы бұйымдар жасауға, құрақ тігуге, ойма нақышты әдіспен бұйымдар жасауға, кілем тоқуға үйренеді.

Қолданбалы қолөнері-түрлі ұлттың халықтарына сияқты қазақ еліне де тегіс тараған өнер. Әр ұлттың өрнегінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Қай мемлекеттің аймағында болмасын, аға ұрпақтың өкілдері өз халқының ою-өрнегін, өнерін біледі, жастар арасында насихаттай алады,Халық өнерін игеру білімгерді еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.

Халық шеберлерінің өздерінің қолмен жасаған барлық бұйымдарына ерекше эстетикалық талғаммен ою-өрнектер түсіріп отырған.Қазақ ою-өрнектері  жүйесінен зооморфтық, өсімдік тектес, геометриялық және тағы басқа мотивтері анық көрінеді.

Қазақтар түкті кілемдерін аса бағалы санаған. Олар қыз жасауындағы өте қымбат және басты бұйымдарының бірі болған.Қазақтарда да, Орта Азия және Кавказ халықтарында да түкті кілем деп аталады. Көлемі үлкен кілемдер  қалы кілем деп, фоны ақ түсті, түгі ұзын кілемді ақ кілем деп атаған.

Кілем тоқу тұрмыс  қажетіне  байланысты  халық қолөнернде ертеректен белгілі  ел арасында  кеңінен  тараған өнер. Қазақтың кілем  тоқу өнерін біз басқа  өнердің түрлері (кесте тігу,ши тоқу, зергерлік  т.б.) секілді  көңіл-күй мен сезім  тереңдігін арттыратын ұлттық  мәдениетімізді  дамытатын  эстетикалық  дүниетанымдық  тәлім-тәрбиенің  даңғыл  жолын атауға  табиғи-рухани жағдай  жасайтын мәдени  мұрамыз ретінде қарастырамыз.  

Бұл да халық қолөнері – көркем өнер шығармаларының ең көне түрі. Кілем тоқу – сол көркем қолөнер шығармаларының бірі. Кілем әсемдік үшін, сондай-ақ киіз үйдің жылылығын сақтау. Дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған ең бағалы зат болып келеді. Әр халықтың, әр елдің қалыптсқан дәстүр ерекшеліктеріне қарай кілемнің түр-түсі, ою-өрнегі, оны дайындау тәсілі әр түрлі.

Түкті кілем өрнегіне, тоқылыс саласына, бояуының түріне, тұрмыста қолданылуына қарай әр алуан атауларға ие болған.

Бүгінгі кілем тоқу өнері – бір жақты, тұрмыс қажетін өтеу аясынан гөрі қолдағы барды ұқсата білу, әсемдік пен талғампаздықтың туындысына айналды. Сондықтан оның еңбекке, өнерге, ойлау қабілетін арттыруға, нәзіктік пен сұлулықты сезіне білуге, талғамдылық пен ұстамдылыққа маңызы басымырақ тұр.

Қыз баланы еңбекке тәрбиелеуге сәйкес кілем тоқу өнерін белгілі бір сағат санымен сабаққа енгізіп, негізгі мақсатым қыз баланы кілем тоқу өнеріне үйрету ғана емес, одан өнер туындыларын жасауға баулу.

Өйткені, кілем өте тамаша қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне тән өнер туындыларын жасап шығаруға болады.

Қыз баланың мектепте қолөнерге бейімделіп, жасау технологиясын жетік игеріп меңгерсе, ол өз өмірінде бір қажетіне осы қолөнерді ықпал етіп жаратары сөзсіз. Қыз баланы қолөнердің әседікке талпындырып, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүді сыйлауға тәрбиелейді.

Халық «үй жасауы – кілем» дейтіндей, тұрмысымздағы кілемнің әрі төсеніш, әрі сәндік маңызында білуіміз керек. Қазіргі кезде кілемді төсеніш ретінде де кеңінен пайдалануда. Оны талғам ретінде қадірлеп пайдалану халқымыздың ұлттық өнерін құрметтеу.

«Шебердің  қолы  ортақ »,  - дейді  дана халқымыз. Кілем бетінде  бейнеленетін әрбір  ою-орнек  нақыштарына қарасақ  онда  үлкен философиялық   ой жатқанын көреміз, яғни, өзінің  терең тарихи  мағлуматтарды паш  ететін ерекшеліктері бар. Олар бұдан  сан  жылдар бойы өмір  сүріп келе  жатқан ата- бабаларымыздың салт-дәстүрін , әдет-ғұрпын , сан ғасырлар  мәдениетін , тұрмыс-тіршілігін бейнелейді.   [2. 31-32 б.б.]    

Эстетикалық  дүниетаным  бұрын да, қазір де өзіндік ерекше тұрақты  сипаттың белгісін сұлeлық  әсемдік, көркемдік сипатын кілем тоқу  өнерінен жоғалтқан  жоқ..   

         Кілем -әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем түкті немесе тақыр болып келеді. Қолдан тоқылған түкті кілемдер өте берік келеді. Күтіп ұстаған жағдайда ондаған жылдар бойы пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға жүн (қой, ешкі, түйе жүні), мақта-мата, жібек, зығыр,  кендір жіптері пайдаланады.[ 3.49-50 б.б.]

          Кілемнің қолтықшасындағы  «мүйіз өрнегі» өте ескі өрнек  және ол көбінесе көшпелі немесе жартылай көшпелі  елдердің қолөнерінде  жиі кездеседі.Бұл өрнектен хош келдіңіз, өз үйіңіздей көріп, жантая отырып, дем алыңыз деген қонақжайлылық белгісін  көреміз.

          Оңтүстік  аймақта кілемнің ортасында кеңінен  пайдаланатын өрнектерлің бірі «Шатыргүл»  деп аталады. Бұл өрнекте қиық пен төртбұрыштар  өзара байланысып орналасады. «Шатыргүл» - бұл сөзден  шатыр  - баспана мағынаны  ұғуға  болады.Қазақ халқының негізгі баспанасы киіз үй, яғни шаңырақ. Ал, екіншіден , ұлттық сана-сезім , дүниетаным, тәлім жағынан келгенде  шаңырақ  «үй», «отбасы», «әулет» одан жоғары халық  ұғымын беретін, қазақ жұртының өсіп-өну  ұйытқысын,  дәстүр тәрбиесін,  біртұтас бірлік-тірлігін білдіретін рухани философиялық  көркем  балама , қасиетті , кең ұғым. Халқымыздың тарихы, өсіп-өну  шежіресі, яғни, қазақ  шаңырағы – қазақ  елі деген мағынаны береді. Осы  шатыргүлдің  үшкір қия беткейлеріне  қыз баланың орны тәрізді  құс  қанат өрнегі тоқылады. Бұдан қанатын жайып жайлы  өңірге ұшатын құстар сияқты  немесе бұталы  бәйтеректің  гүл  ашып жеміс беретіні  тәрізді қыз баласының тұрмыс  құрып,  жат  жұрттық болатындығын,  оның ұясы биік қиялардың басында  орналасатынын  білдіреді.

          Шатыргүлдің дәл ортасында көлемді  тұтас алынған ою- өрнек бар. Бұл өрнек қазақ  халқындағы «Үлкен үй» яғни, қара  шаңырақ  іспеттес. Бұл  өрнектен саналы  өмірін ұл-қыздарының  болашағына арнаған ата-аналар  немесе қарт аталар мен әжелердің  орнын көреміз. Бұл тектен тек емес, түркі  тілдес халықтар дүниенің иесі  -тек Алла  деп білген. Бар жақсылық, игі тілектерді  көк  иесі  - Алладан тілеген. Сол себептен бұл  өрнекті «Аспан әлемі»  немесе «Ғарыштық»  өрнектер тобына жатқызамыз.Шатыргүл  өрнегінен халқымыздың тұрмыс- салт,  әдет- ғұрып  және тәрбиелік  өнегесінің  маңызы өте  үлкен өмір  мектебін  көреміз.[ 4.10-12 б.б.]

Шатыргүлді  айнала жан-жануарлар  мен хайуанаттар  бейнесін  сипаттап , тұспалдайтын  өрнектер қоршап  тұрады. Ата – бабаларымыздың  негізгі  кәсібі төрт- түлік  мал  болғандықтан  бұл  өрнектердің орналасуы  шартты заңдылық..Бұл өрнектерден отар-отар қой айдаған , үйір-үйір  жылқы  ұстаған  халқымыздың  өмір  бейнесін  көруге  болады, ал шатыргүлдің қолтықшаларына  сұлу да  әсем  табиғаттың  аясында  өмір  сүріп жатқан аң-құс кейіпкерлерін орналастыруға  болады.

          Қазақ  халқы  дәстүрлі  мәдениетінде  жастарға өзінің  тұрмыс жағдайын , ақыл- парасаттық ,  әдептілік , адамгершік, мейірімділік, тәлім- тәрбие  ұғымдарын, кілем  бетіне түсірілген ою- орнек нақыштарының мағыналық  ерекшеліктерімен  жеткізіп отырған. Сондықтан қазақтың  кілем тоқу  өнерін көңіл-күй  мен сезім  тереңдігін арттыратын, ұлттық  мәдениетімізді  дамытатын, эстетикалық  дүниетанымдық  тәлім- тәрбиенің  даңғыл  жолын    ашуға  табиғи – рухани  жағдай жасайтын  мәдени  мұрамыз  ретінде  қарастырамыз. [ 5. 25-26 б.б.]

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Кәсіптік білім»  мамандығы бойынша бакалаврлар –демек жалпы білім беретін мектептердің «технология» пәні мұғалімдері даярланады. Кілем және гобелен тоқу технологиясы пәні бойынша АКБ-811 тобында оқитын қыздар Канайбекова Айжан, Дәрімбаева Гүлжан, Құдабаева Несібелі кілем тоқу барысында өздерінің ептілігін көрсете білді. Осы сабақ барысында қыздарды төзімділікке, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке, іскерлікке және де кілем тоқу жылдамдықтарын арттыруға болады. Сондай-ақ кілем тоқу барысында қыздардың жұмыстарының сапалы және сапасыз екенін анықтауға болады.[6.149-150 б.б.]

 

 

Әдебиеттер

 

1. Қасиманов С.  Қазақ халқының қол өнері. Алматы: Қазақстан. 1995ж.

2. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан. 1977ж.

3. Шаңырақ үй –тұрмыс энциклапедиясы, - Алматы: Қазақтан 1997ж.

4. Жанибеков У.Д. Культура казахского ремесла. Өнер. 1982г.

5. Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері. Алматы, Рауан. 1992ж.

6. Байназарова З.Қ. Кәсіптік білім мамандарын даярлауда білімгерлердің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. Қазақстанның ғылыми әлемі, - Шымкент №1(41) 2012ж