*112423*

Право /7.Экологическое, земельное и аграрное право.

Оқытушы, құқық магистрі Омар Б.М

Қ.А.Ясауи  атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет. Қазақстан    

Ядролық қарусыз әлем құру-Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағттардың бірі

XXІ  ғасыр  адам  баласының  жаһандану  кезеңіне  аяқ  басып,  әлемді жаңарту бағытында көптеген ғылыми  өзгерістерімен таңдандыруда. XX ғасырдың 40-жылдарынан бастау алған  ядролық қарудың негізі  адамзат қоғамының  қауіпті дертіне айналып,  «ядролық қару» бағыттары бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. Ядролық қарудан бастарту мәселесі – барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден-ақ өзінің татулық пен келісім салтанат құратын бейбіт мемлекет құруды ниет етіп отырғандығын танытқан болатын. Оның дәлелі ретінде мемлекетіміз ерікті түрде әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартты. Сондай-ақ мемлекетіміз әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жапты. Бұл  әлем үшін мәні мен мағынасы зор үлкен маңызды тарихи оқиға болатын.

Ядросыз әлемге қол жеткізу одан әбден қасірет шеккен Қазақстан халқының арманы еді. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік деңгейде іске асыруға батыл кірісіп кетті [1. 4]. 

Биыл Қазақстан Республикасы мәні зор екі мерекені атап өтті. Оның бірі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы болса, екіншісі Семей полигоны жабылуының 20 жылдығы. Тәуелсіздік - қазақ халқының, Қазақстанды мекендеген халықтардың мерекесі. Ал, Семей полигонының жабылуы адамзат баласының мерекесі десек артық айтқандық болмас [2. 1-2].

1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда осы елдермен АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту мен шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға олардың жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты Хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина және Қазақстанның ядролық қаруға ие емес елдер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу міндеттемелері тиянақталды.

1994 жылғы 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Будапешт саммитінде ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылуына байланысты жоғарыда айтылған мемлекеттерге Қауіпсіздік кепілдігін беру туралы Меморандумға Ресей, АҚШ және Ұлыбритания мемлекеттері қол қойды.

Бұл құжатқа қол қойылу Қазақстанның өз аумағынан ядролық қаруды шығару бойынша өз міндеттемелерін толығымен және бұлжытпай орындағанын халықаралық қоғамдастықтың танығанын білдірді [3. 1-2].

Ядролық арсеналды шығару бойынша өз міндеттемелерін орындай отырып, Қазақстан өз жеріндегі ядролық қарудың инфрақұрылымын жою проблемасымен және бұрынғы әскери өндірістерді азаматтық мақсаттарға көшірумен айналысты. Осы мақсатта Атом энергиясы жөніндегі  халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) аясында ядролық материалдарды бақылау мен есепке алудың, АЭС-ті пайдаланудың, ядролық материалдар мен қондырғылардың физикалық қорғалуының мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру бойынша Қазақстанға техникалық көмек көрсетудің үйлестіру жоспары жасалды. Оған Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Жапония мемлекеттері қатысты.

1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла басталды. «Нанна-Лугар бағдарламасы» деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық, химиялық және биологиялық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөніндегі жобалар кешені, стратегиялық шабуыл қаруының демонтажы, экспорттық бақылау жүйесін құру, қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау жүзеге асырылды.

Қазақстанның ЯҚТШ-ға қосылуы еліміздің сыртқы саяси бағытын іске асыруың маңызды кезеңіне айналды. Қазақстан ЯҚТШ-ға мүше бола отырып, осы шартқа сәйкес ядросыз мәртебесіне байланысты міндеттемелерін қатаң ұстанады. ЯҚТШ ядролық қаруды бақылау саласындағы қатысушы мемлекеттерді ядролық қарусыздану бойынша іс-шаралар қабылдауға міндеттейтін бірден-бір көп жақты келісім болып табылады.

Қазақстан ЯҚТШ барлық ядролық және ядросыз мүше мемлекеттердің өз міндеттемелерін орындау арқылы бұлжытпай және кезең-кезеңімен ядролық қарусыздануын қолдайды. Бұл жолдағы алғашқы кезең жарықшақтанушы материалдарды өндіруге бақылау орнату болуға тиіс. Әлемдегі жинақталған байытылған уран мен плутонидің елеулі қоры, сондай-ақ оқтұмсықты жою нәтижелерінде алынатын жарықшақтанушы материалдардың үлкен көлемін таратпау тұрғысынан алғанда қауіпті болып табылады [4. 1-2].

1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі Агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі болды. ЯҚТШ ережелеріне сәйкес 1994 жылғы 26 шілдеде Алматыда Қазақстан Үкіметі мен МАГАТЭ арасында Кепілдіктер туралы келісімге қол қойылып, ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілгеннен кейін, 1995 жылдың 19 маусымында күшіне енді.

Барлық ядролық нысандар МАГАТЭ-нің кепілдігіне алынған және Қазақстанның барлық ядролық қызметі Агенттіктің ережелері мен стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

2004 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы мен МАГАТЭ арасындағы кепілдіктерді қолдану туралы келісімге Қосымша хаттамаға қосылып, оны 2007 жылғы 19 ақпанда бекітті.

Қосымша хаттамада көзделген іс-шараларды іске асырудың мақсаты – ядролық материалдың мәлімделген бейбіт іс-әрекеттен әскери мақсатқа ауысуын болдырмауға, сонымен бірге жалпы алғанда мемлекетте мәлімделмеген ядролық материалдар мен заңсыз ядролық іс-әрекеттің болмайтындығына берік сенімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

1996 жылғы қыркүйекте БҰҰ БА 51-ші сессиясы уақытында Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ) қол қойды және 2001 жылғы 14 ақпанда оны бекітті.

ЯСЖТШ қол қою арқылы Қазақстан Ғаламдық мониторинг Желісін құру тұрғысынан ЯСЖТШҰ Даярлық комиссиясымен белсенді ынтымақтаса отырып, шарт шеңберіндегі верификациялық тәртіпті нығайтуға қомақты үлес қосады. ЯСЖТШ ережелерін тиімді орындау мақсатында ҚР Үкіметі мен ЯСЖТШ Ұйымының Дайындық комиссиясы арасында Ядролық мониторинг құралдарына байланысты іс-әрекеттерді іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан ЯСЖТШ Ұйымының маңызды жұмыстарының бірі болып табылатын Дала эксперименттерін өткізуге маңызды үлес қосты.

2008 жылдың 1-30 қыркүйек кезеңінде бұрынғы Семей ядролық полигонында ЯСЖТШ Ұйымымен бірлескен Интегралды дала эксперименті (ИДЭ08) өткізілді. Аталған іс-шаралар кез-келген ортадағы ядролық жарылыстарды немесе оларды өткізуге дайындық жұмыстарын тіркеу бойынша инспекциялардың түрлі әдістерін дайындау мақсатында өткізілді. ИДЭ08 - ЯСЖТШ Ұйымы құрылығаннан бері ұйымдастырылған іс-шаралардың ішіндегі аса маңыздысы болды [5. 2-3].

1994-1996 жылдардағы ядролық қарусыздану саласындағы белсенді іс-әрекетінің арқасында Қазақстан 1996 жылы бақылаушы мәртебесіне ие болды, ал 1999 жылдың 5 тамызында консенсус арқылы Қарусыздану жөніндегі конференцияның мүшелігіне қабылданды.

Қазақстан, химиялық қаруы болмағанына қарамастан химиялық қаруды жасауға, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу туралы және оны жою туралы конвенцияның қатысушысы болып табылады. Қазақстан оған 1993 жылы 13 қаңтарда қол қойды және 1999 жылы 24 маусымда бекітті. Конвенцияның ережелерін орындау үшін ұлттық орган құрылған. Қазақстан өкілдері Конвенцияға қатысушы мемлекеттер конференциясының сессиялары мен жыл сайынғы отырыстарына тұрақты түрде қатысады.

Сондай-ақ, Қазақстан Бактериологиялық және токсиндік қаруды жасау, өндіру және жинақтауға тыйым салу туралы және жою туралы конвенцияға қосылып, оны 2007 жылғы 7 мамырда бекітті.

Қауіпсіздікке жаңа қыр көрсетулерге қарсы тұру қажеттігі, халықаралық терроризмге қарсы күрес бойынша шараларды күшейту Қазақстанның таратпаудың көп жақты тәртібіне қосылу жөніндегі жұмысын жандандыруды қажет етеді.

2002 жылғы 13 мамырда Қазақстан Ядролық Жабдықтаушылар Тобының (ЯЖТ) 40-шы мүшесі болды. ЯЖТ-ға қатысудағы біздің мақсатымыз лаңкестікке қарсы күрес, жаппай қырып-жою қаруының таралуына қарсы тұру шараларын жандандыру, ядролық материалдар мен қосарланған мақсаттағы өнімдердің пайдалануы мен қозғалысын бақылауды күшейту.

2005 жылдың шілдесінде Қазақстан «Краков инициативасы» деген атпен белгілі Жаппай қырып-жою қаруының таралуы саласындағы қауіпсіздік бастамасына қосылды. Бұл бастаманың мақсаты – күдікті әуе және теңіз кемелерін, сонымен қатар жаппай қырып-жою қаруымен байланысты материалдарды тасымалдайтын құрлық көліктерін ұстау үрдісіне барлық мемлекеттерді жұмылдыру.

2005 жылы шілдеде Австрия СІМ-не – Баллистикалық зымырандардың таралуымен күрес бойынша Халықаралық кодексінің депозитариіне ҚР СІМ-нің Қазақстанның Кодекске қосылуы туралы хабарлайтын нотасы жіберілді. Бұл еліміздің Зымырандық технологияларды бақылау тәртібіне енуіндегі маңызды іс болып табылады.

2006 жылы 8 қыркүйекте Қазақстан көрші мемлекеттердің қатарында Семей қаласында Орта Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойды.

Қазақстан алғашқы елдердің қатарында, Ресей мен АҚШ Президенттерінің 2006 жылы шілде айында ұсынған, Ядролық терроризм актілерімен күресі жөніндегі жаһандық бастамаға қосылды. 2007 жылғы маусым айында Астана қаласында Жаһандық бастаманың сыртқы істер министр орынбасарларының үшінші кездесуі өтті. 

2004 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы мен МАГАТЭ арасындағы кепілдіктерді қолдану туралы келісімге Қосымша хаттамаға қосылып, оны 2007 жылғы 19 ақпанда бекітті. [6. 1-2].

Қосымша хаттамада көзделген іс-шараларды іске асырудың мақсаты – ядролық материалдың мәлімделген бейбіт іс-әрекеттен әскери мақсатқа ауысуын болдырмауға, сонымен бірге жалпы алғанда мемлекетте мәлімделмеген ядролық материалдар мен заңсыз ядролық іс-әрекеттің болмайтындығына берік сенімділікті қамтамасыз ету.

2005 жылдың шілде айында Қазақстан «Краков бастамасы» деген атаумен белгілі Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау саласындағы қауіпсіздік туралы бастамаға қосылды.

Қазақстан Бактериологиялық және токсиндік қаруды жасау, өндіру және жинақтауға тыйым салу туралы және жою туралы конвенцияға қосылып, оны 2007 жылғы 7 мамырда бекітті.

2008 жылдың 1-30 қыркүйек кезеңінде бұрынғы Семей ядролық полигонында ЯСЖТШ Ұйымымен бірлескен Интегралды дала эксперименті (ИДЭ08) өткізілді. Аталған іс-шаралар кез-келген ортадағы ядролық жарылыстарды немесе оларды өткізуге дайындық жұмыстарын тіркеу бойынша инспекциялардың түрлі әдістерін дайындау мақсатында өткізілді. ИДЭ08 - ЯСЖТШ Ұйымы құрылығаннан бері ұйымдастырылған іс-шаралардың ішіндегі аса маңыздысы болды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы 2008 жылы Қазақстанда Жаһандық бастаманың шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді:

6 маусымда Алматыда Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институтында «Атом-Антитеррор -2008» атты терроризмге қарсы халықаралық оқулары өткізілді.

-  11 қыркүйекте Өскемен қ. Ульба металлургиялық зауытында «Жобалық қауіп» атты екі күндік семинар өтті [7. 112-113].

Яд­ролық қаруды таратпау туралы шарттың асси­метриялық нормалары тек ядросыз мемлекеттерге қатысты ғана санкцияларды қа­растырады. Осындай жағдайда сенім тапшылығы айтарлықтай проблемаға айналып отыр. Ал сенім болмаған жерде қауіпсіздіктің ешқандай жүйесі, оның үстіне ядролық жүйесі тиімді болып табылмайды. Сондай-ақ, Елбасы маңызды мәселе ретінде атомнан туындайтын қазіргі за­манғы қатер елдердің бейбіт ядролық энергетика қауіпсіздігі режімін сақтауда тепе-теңдік ұстамауынан да тереңдей түсуде екенін атады. «Мұның барлығы, әрине, шешуді қажет ететін күрделі проблемалар. Соған қарамастан, адамзат атомды ыдырату технологиясын иеленген 100 жыл бойы бұған дейін еш уақытта ядролық әлем құру үшін осындай кең мүмкіндік болған емес. Және осы ыңғайлы сәтті пайдалану бә­ріміздің ортақ борышымыз», – деді Қа­зақстан Президенті. Ядросыз әлем – утопия емес планетаның айтарлықтай бөлігінде көрініс беріп отырғанындай, нақты шын­дық екенін атап өткен Елбасы ядросыз мемлекеттер қатарын толықтырып отырған­дарға барлық ядролық мемлекеттер тарапынан халықаралық-құқықтық ке­­­піл­­деменің тиімді тетігі қажеттігін жеткізді. Қазіргі кезде адам баласы үшін атом энергиясынан асқан қуатты да қол­жетімді көз жоқ. Бү­гінде шамамен 40 шақ­ты ел бейбіт атом саласында зерттеулер жүргізіп жатыр. 15 мемлекет атом электр стансаларын салуда немесе салу ниетінде. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Бү­кіл әлемдік уран қо­рының төрттен біріне иелік ететін Қазақтан үшін ядролық энергетика – болашақ инновациялық клас­терлердің бірі. Қазақ елінде үлкен ғылыми әлеует пен ядролық энергетиканың инф­рақұрылымы барын атап көрсеткен Елбасы халықаралық мін­деттемелерді қатаң сақтай отырып, «бейбіт атомның» барлық нысандары қауіпсіздігінің жоғары деңгейі қамтамасыз етілгенін мәлім етті.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 66-шы сессиясында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назар­баев  Ядросыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын жасау идеясын ұсынды. Бұл – осыдан 20 жыл бұрын ядролық қатерге қасқайып қарсы тұрған Қазақстанның саналы қадамы. Оның үстіне біз бүгінде осындай декларацияны қабылдау оңайға соқ­пайтынын түсінеміз», – деді Елбасы. Сондай-ақ, ол жаһандық антиядролық қоз­ғалыстың басты мақсаты ядролық қатерлермен күресу ғана емес екенін, қазақ елінің елордасында өтіп жатқан форумға үлкен үміт артатынын білдірді. «Ядролық полигонды алғаш жапқан мемлекеттің Президенті ретінде жеке өз басым үшін ядросыз әлем – бұл абсолютті саяси аксиома. Кейде тарихи оқиғалар мен жекелеген адам басындағы оқиғалар қайшыласатын сәттер болады. Мен үшін және менің хал­қым үшін Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, ядролық полигонды жапқан 1991 жыл сондай жыл болды. Тарихтың сабақтары олар болашаққа бағдарланғанда ғана қандай да бір мазмұн иеленеді. Сондықтан өткенді еске ала отырып біз болашақтағы іс-әре­кеттеріміз туралы, балаларымыз бен не­мерелеріміз үшін ХХІ ғасырдағы ядролық қауіпсіздік туралы ойлауға тиіспіз», – деді Мемлекет Басшысы.

Президент сөзінен кейін БҰҰ Бас хатшы­сы Пан Ги Мун, - «Мен өзімнің былтырғы жылғы Семейге сапарымды еш уақытта ұмытпаймын. Он шақты жылдар бойы осы нүкте қырғи-қабақ соғысының кіндігіне айналған еді. Сіздің батыл шешіміңіздің арқасында 20 жыл бұрын Семей бейбітшілікке деген үміттің үлкен нышанына айналды. Бұл бар­лық ядролық сынақтарды мүлдем тоқ­татудың үмітін оятып, ядролық қарудан ада бейбітшілікке ұмтылуға да жарқын жол ашты», – деді Бас хатшы. Қазақстанның қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы саясаты халықаралық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, ғаламдық мәселелер мен қақтығыстарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін арттыру жолын ұстанатын сыртқы саяси бағытымен айқындалады [8. 1-2].

Ядролық державалар клубының бақылаусыз кеңею қатері – ХХІ ғасырдағы аса көкейкесті пробле­ма­лардың бірі. Егер халықаралық қоғамдастық ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып келуі әбден мүмкін.

 Ядролық  қаруды  таратпау саласындағы бүгінгі ахуал көңіл дегі­ден көп төмен жатыр. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім (ЯҚТК) өзіне артқан сенімді ақтай алмай отыр. Өйткені, ол асимме­триялы  болып табылады және ядролық қаруы  жоқ елдерге қатысты санкцияларды ғана қарастырады. Ол МАГАТЭ мен БҰҰ-ның мемлекеттердің ядролық нысан дарға халықаралық  инспекторлардыңжіберілуінен ауытқуфактілеріне нақты да түсінікті ықпал ету тетік­теріне ие емес. Ақыр аяғында ЯҚТК өзінің қатысушыларына қол қоюшылар қатарынан ешқандай салдарсыз шығып кетуіне мүмкіндік  береді. Осы жағдайлардың барлығы келісімнің тиімділігі мен нақтылығын әлсіретіп отыр.

Халықаралық қауіпсіздік жағдайындағы ядролық қаруды таратпау мәселесінде кейбір айтарлықтай ықпалды елдердің күні бүгінге дейін ЯСЖТС-ға қол қоюдан және ратификациялаудан қашқақтап отыр. Мұндай жағдай ресми ядролық мемлекеттерге ядролық қаруды сынақтан өткізуді жалғастыруға, ал соның табалдырығында тұрған елдерге өздерінің зымырандық-ядролық бағдарламалары бойынша жұмыстарды ешбір жазасыз жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.

Осындай жағдайда ресми ядролық мемлекеттерге ерекше жауап кер­шілік жүктеледі. Олар қарапайым шындықты түсінулері тиіс, әрі ядролық қаруды модернизациялау, әрі сонымен бір мезгіл де, дамушы мемлекеттерді жаппай қырып-жоятын қару жасау бағ­дарламасынан бас тартуға сендіру қиын. Осы тұрғыдан алғанда, әлем дік державалардың ядролық сынақтар өткізуге өз еріктерімен мораторий жариялауды сақтаулары – өте маңызды фактор, бірақ оның ұзақ мерзімді перспективада жеткіліксіз екені анық.

Бүгінгі күні Қазақстан барлық адамзатқа ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан ел ретінде белгілі және оны таратпауға, жасамауға шақыруға толық құқылы. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун да 2010 жылы Қазақстанға келген сапарында айтты. Қазір Қазақстан ядросыз әлем жолында бүкіл адамзаттың бақыты үшін белсенді қадамдар жасауда. Соның бірі 2011 жылдың 12-13 қазанында Асатанада болған «Ядросыз әлем» атты халықаралық фору [9. 4].

Ядролық қауіпсіздік саласында бүкіл адамзат үшін заңды және өмірлік маңызды бақылау шара­ла­рын қабылдай отырып, халық­аралық қоғамдастық энергетика және жоғары технологиялар саласындағы жаһандық трендтерді назардан тыс қалдырмауы тиіс. Сондықтан ядролық терроризммен күрес саласындағы жаһандық күш-жігер мен халықаралық құқық тұрғысынан алғандағы ашық ядролық бағдарламалар арасында ойластырылған тепе-теңдік қажет.

Ядролық қаруды таратпау және реттеу келісімінің халықаралық қауіпсіздігі жөніндегі мәселесі және болашағы Ядролық қауіпсіздік саласында бүкіл адамзат үшін заңды және өмірлік маңызды бақылау шараларын қабылдай отырып, халықаралық қоғамдастық энергетика және жоғары технологиялар саласындағы жаһандық трендтерді назардан тыс қалдырмауы тиіс. Сондықтан ядролық терроризммен күрес саласындағы жаһандық күш-жігер мен халықаралық құқық тұрғысынан алғандағы ашық ядролық бағдарламалар арасында ойластырылған тепе –теңдік қажет.

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер тізімі

 

1.     «Халық пен биліктің тұтастығы алғаш ядролық қаруға қарсы күресте көрініс тапты». «Егемен Қазақстан» газеті. №570-573 (26965). 29.11.2011 ж. 4 бет.

2.     «Ядросыз әлемге бағыт ұстануда ядролық қауіпсіздіктің жаңа амалдарын іздестіру - маңызды міндет»  dmk.kz/?p=9649 - Cached - Similar. 2011 ж.

3.     Дж. Кенен. Ядролық қаруды таратпау// Лос Ажелес – 2002 – 14 мамыр

4.     Жұмаханов А. Қазіргі ядролық жағдай// Азаттық – 2010 – 12 ақпан// http://www.azattyq.org/

5.     Мағазов Ж. Ядроның экологияға әсері// Айқын - 2011 – 12 қаңтар//http://www.kt.kz/

6.     «Ядролық қауіпсіздік мәселелері» www.inform.kz/kaz/section/21595 - Cached - Similar

7.     Савенов И.В. Атомная ядро и элементарных частич. Лань – 2008.

8.     «Ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық форумы. www.inform.kz/kaz/section/

9.     «Ядросыз әлем – Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі». «Егемен Қазақстан» газеті. №570-573 (26965). 29.11.2011 ж. 4 бет.