*112995*

ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ШАМАДАН АРТЫҚ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЗОРЛАНУЫНА НЕГІЗ БОЛАТЫН ҚИЫНДЫҚТАР

Ирметов Өткір Әбдрасілұлы- п.ғ.к.,доцент ОҚПУ

Шымкент қ. Қазахстан

Әрбір жас шағы психологиялық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңінде оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С.Выгогтский жас шағы дамудың белгілі дамуы немесе сатысы, дамудың белгілі, бір шама тұйық кезеңі деп қарады, оның мазмұны дамудың жалпы циклінде алатын орны мен және дамудың жалпы заңдарының одан әрі өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуге бұрынғы кезеңде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

 Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл - әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі, айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі мофологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшеліктері т.б ) ерекшеліктері де енеді.

Жас ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаларға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементерінің қандай да бірі бұрын қалыптасқан  психологиялық қасиеттердің сипатына байланысты әр балаға объективті түрде әр түрлі әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгеріс келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.

Сонымен, жас  шағы балаға оның дамуының сол кезеңде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының өзіне тән ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктерімен, баланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.

Жас шамасына қарай даму кезеңдері ауысуының негізгі механизмдерін Л.С.Выготский және Д.Б.Эльконин  анықтаған. Олардың құрған теориясы бойынша жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды. Д.Б. Элькониннің көрсеткеніндей, даму процесінің  осы екі түрліше жақтарының арасындағы өзгеріс келесі жас кезеңдеріне өтудің өте маңызды ішкі негізін, «қозғаушы күшін» құрайды. Мысалы, баланың балалық шағындағы сыртқы болмыспен байланысты оның үлкендерге қарым-қатынасы арқылы дәнекерленеді. Қарым-қатынастар жүйесі арқылы бала қоршаған ортадағы заттарды, олармен манипуляция жасау арқылы белгілі бір дағдыларды  игереді, оның ұғымдар қоры қалыптасады, үлкендермен қарым-қатынас жасау тәсілдері байды, тіл байлығы жетіледі. Осының барлығы баланың дербес іс-әрекеттер жасау мүмкіндігінің кеңейуіне, демек, айналасындағылармен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің өзгеруіне негіз болды. Ал соңғысы  осы кезеңіндегі психикалық дамудың онан арғы барысының жағдайларын өзгетеді (мысалы, бала енді болмысты өзінің тікелей іс-әрекеті арқылы да танитын болады). Бала өзбетімен қоршаған ортаның ерекшеліктерімен танысу барысында көптеген заттар мен құбылыстарды терең және жан-жақты меңгере бастайды.

Баланың бұрынғы даму жетістіктері мен тіршілік жағдайларын өзгерту жиынтығы оның айналасындағылармен өзара қарым-қатынастың мазмұны мен тәсілдерін, үлкендердің оған деген қарым–қатынас формаларын өзгертуге әкеп соқтырады. Бұл ерекше феномен баланың дамуындағы жылдамдауды болдырады. Осыған ұқсас жағдай (мүлдем басқа дәрежеде болғанымен) жеткіншектік шақта да пайда болды. Дамудың дағдарыс кезеңдері деп аталатын кезеңдер тәрбие жұмысында өзгерген қарым-қатынастар ескерілмейді, қалыптасқан және айналасындағылармен өзара қарым-қатынас жасаудың алдыңғы кезеңіне тән тәсілдер мен осы кезең барысында дами бастаған балалар мүмкіндіктері арасындағы үйлесімділік бұзылған жағдайда пайда болды. Осы күрделі психологиялық проблемалар балалардың өздерін-өздері бағалауы, қоршаған ортадағы адамдарды бағалауы және болашаққа деген көзқарасының, үміт-ниеттерінің пайда болуымен сипатталады.

Оқушылардың іс-әрекетінде, мінез-кұлқында психоэмоционалды тепе-теңдіктің бұзылуы - қызғаншақтық, тез ренжіп қалу, өктемдік көрсету, дау-жанжалға берілгіштік, агрессияның анық байқалуы бүгінгі мектеп оқушыларына тән құбылыс болып отыр. Бұл жағдаймен мұғалімдер оқу процесі барысында әр минут, әр сабақ сайын, күнде кездеседі және бұл оқу процесіне оның сапасына, оқушы мен мұғалімнің денсаулығына кері әсер ететіні де құпия емес. Соңғы уақытта психология саласында «созылмалы ашу, өктемдік» деген термин де пайда болды. Қ.Жарықбаев  мұның себептерін төмендегідей айқындайды: біріншіден, бала бойында жинақталған өктем мінез дау-жанжалға жетелейді; екіншіден, өктем мінез арқылы өз қалағанына жетудің сценарйі көз алдарында, үлкендердің үлгісі арқылы беріледі; үшіншіден, ұзақ уақыт бойы қабылдаған ақпараттық әсер агрессия мен оған сай қимыл-әрекетке итермелейді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Н.Айғабылов. Бастауыш класс оқушыларының ақыл – ой әрекеті

    белсенділігін арттыру. А., Мектеп – 1970.

2. Асылбеков А. Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу.  – А. 1959.

3. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы-1992ж   

4. Педагогика и психология одарености школьников (под.ред.

     У.Б.Жексенбаевой, А.К.Сатовой) Алма ата, 2002, с.248.

5.   Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев Педагогика Астана-1998ж

6.   Қ.Жарықбаев Жалпы психология Алматы-2004ж