ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ФЛОРИСТИКАЛЫҚ АУДАНДАРЫ МЕН ҚОРҒАЛУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ӨСІМДІКТЕРІ

 

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Байдаулетова Г.Қ.

Бекен Рахымжан, Елеубай Асхат Био-215,5 тобының студенттері

 

Жамбыл облысында жазықты флористикалық аудандар – Мойынқұм және Бетпақдала. Мойынқұм флористикалық ауданы өсімдіктердің сипаты бойынша сексеуіл және жүзгенді ормандар тән. Оңтүстік типті шөлге жатады. Бетпақдала жусанды, қара боялышты және бургунды өсімдіктер ассоциациясы басым, Солтүстік типті шөлге жататын флористикалық аудан.

Облыстық территориясының оңтүстігінде таулы флористикалық аудандар тізбегі созылып жатыр, олар – батысында Батыс Тянь – Шань, Қырғыз Алатауы және Іле Алатауы (Қордай учаскесі). Батыс Тянь – Шаньға солтүстіктен Қаратау флористикалық ауданы, ал Іле Алатауына – Шу –Іле таулары флористикалық ауданы жанасып жатыр.

Жамбыл облысының таулы территориясында өсімдіктердің биологиялық әртүрлілігі қалыптасқан. Егер жазықты шөлді флористикалық аудандарда жоғарғы тамырлы өсімдіктердің шамамен 300 түрі өссе, ал таулы территорияда 700 түрден асады. Биологиялық алуан түрлілікке бай Батыс Тянь- Шань флористикалық ауданы. Мұнда өсімдіктердің топталу тығыздығы 1 мың км2 – 145 түрден келеді, бұл Қазақстандағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қазақстандағы орташа осыған ұқсас көрсеткіш 1 мың км2 – 2 түрден келеді. Облыстың қалған таулы флористикалық аудандарында өсімдіктердің алуан түрлілігінің тығыздығы 1 мың км2 – 80 (Іле және Қырғыз Алатауы) – 60 (Шу – Іле таулары, Қаратау) түрден келеді.  Батыс Тянь – Шань флористикалық ауданы Жамбыл облысының 15%- ін алады, мұнда Қазақстанда кездесетін 685 талды өсімдіктердің 181 түрі өседі.

Шу – Іле және Қаратау орташа таулы флористикалық аудандар өсімдіктер түрлерінің пайда болуының жергілікті орталығы. Қаратауда Қазақстан үшін эндемикті 28 талды өсімдік түрі өседі, оның ішінде 25 түрі Республикалық осы флористикалық ауданында кездеседі.

Түрлердің шоғырлануы облыстық жазықты флористикалық аудандарында да жоғары. Бетпақдала флористикалық ауданында 1 мың км2 – 4,4 жоғары тамырлы өсімдіктер, ал Мойынқұмда – 6,7 түрлері кездеседі. Бұл орташа республикалықтан 2-3 есе жоғары.

Траутфеттер строгановиясы. Строгановия траутфеттера. Stroganovia trautvetteri Botsch (Brassicaceae) статусы. Өте сирек тарғндемикті түр.

Траутфеттер строгановиясы эфемероидқа жататын көп жылдық өсімдік.

Ареалы және кездесуі. Бетпақдаланың тек Шығыс бөлігінде ғана өседі.

Қорғау шаралары. Осы өсімдікті және басқада эндемикті түрлерді, атап айтқанда Atraphaxis teretifolia т.б. қорғалатын, Бетпақдаланың шығысынан қорықша ұйымдастыру керек.

Батпақдала сылдыршөбі. Смолевка Бетпакдалинская. Silene betpakdalensis Bajt (Caryophyuaceal).

Статусы. Сирек, эндемикті түр.

Көпжылдық, шөлтесінді, қысқа – бұдырлы – түсіңкі өсімдік.

Ареалы және кездесетін орны.

Шу – Іле тауларынды, Бетпақдалада кездеседі. Ареалында бөлек даналарымен кездеседі. Ареалы малды қорқынды жоюды қысқаруда.

Қорғау іс – шаралары.

Шу – Іле тауларында қорық немесе Бетпақдалада қарықша ұйымдастыру керек. Мұнда басқа да сирек және реликті өсімдіктермен Бетпақдала сылдыршөбі де қорғалатын болады.

Альберт қызғалдағы. Тюльпан Альберта. Tulipa Albertii Regel (Liliaceae). 

Статусы. Сирек, эндемикті түр.

Альберт қызғалдағы сәндік өсімдіктерге жатады.

Ареалы және кездесетін жерлері.

Бетпақдалада, Балқаш маңы (Торғын), Жоңғар Алатауы (Шолақтау), Шу – Іле таулары, Қаратау. Шу – Іле тауларынан басқа жерлерде сирек кездеседі. Ареалы жаппай теруден қысқарады.

Қорғау іс – шаралары. Тек қана Ақсу – Жабағылы қорығында қорғанады. Гүлді және баданасын теруге толығымен тиым салу қажет. Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының (Алматы). Басты ботаниканың бағында өсірілуде.

Түйесіңір. Курчавкс Вольковатолистая. Atraphaxis teretifolia (M. Pop) Kom. (Polygonoceae).

Статусы. Сирек, эндемикті, реликті түр.

Түйесіңір 20 см. биіктікке дейін өсетін бұташық.

Ареалы және кездесетін жерлері.

Бетпақдалада бір-бірлеп, кейде топ-топ болып кездеседі. Түйесіңірдің ареалы адамның шаруашылық әрекетінің қарқынды нәтижесінде қысқаруда.

Қорғау іс – шаралары.

Түйесіңір және бірқатар реликті және сирек өсімдіктер (және жануарлар), соның ішінде Arthrophytum betpakdalenge және Stroganowia trautvetteri өсімдіктерін қорғайтын қорықша құру керек. Бақанас ботаникалық бағына осы түйесіңірдің коллекциясын енгізу керек.

Колпаковский қызғалдағы. Тюльпан Колпаковского. Tulipa Kolpakowskiana Regel (Liliaceae).

Статусы. Күшті жойылып бара жатқан, эндемикті түр дерліктей.

Декоративті өсімдік болып саналады.

Бөктерлері (Шу – Іле таулары, Іле Алатауы, Кетментау, Жоңғар Алатауының оңтүстігі, оңтүстік батысы). Қазақстан шегінен тыс – Батыс Қытайда кездеседі.

Ксеромезофильді эфемероидты өсімдік.

Қорғау шаралары. Бұл биотүрдің ареалының көп бөлігі адамдардың шаруашылық әрекеті зонасында және мал жайылымдарында орналасқан. Популяцияның жағдайына үнемі бақылау жасау керек. Алматы, Бақанас ботаникалық бақтарында өсіріледі.

Регель қызғалдағы. Тюльпан Регеля. Tulipa regelil Krasn (Liliaceae).

Статусы. Сирек, жойылып бара жатқан, эндемикті түр.

Ареалы және кездесуі. Шу – Іле тауларында (Хантау, Аңырақай, Айдарлы) кездеседі. Ареалы маңдық қарқынды жайылуына байланысты тез қысқаруда Ксеромезофильді эфемероидті өсімдік.

Қорғау шаралары. Шу – Іле тауларының сирек және эндемикті өсімдіктерін қорғау үшін тезарада қорық немесе ботаникалық қорықша ұйымдастыру керек.

Колпаковский иридодиктиумы. Иридодиктиум Колпаковского. Iridictyum Kolpakovskianum (Regel) Piodion (Iridaceae). Декоративті өсімдік.

Статусы. Ареалы қысқарушы және саны азаюшы түр.

Ареалы және кездесуі. Іле маңы Алатауы, Шу – Іле таулары, Қырғыз Алатауы, Батыс Тянь – Шаньда кездеседі. Тауалды бөктерлерде басқа жерлерге қарағанда көбірек кездеседі. Елді мекендерге жақын жерлерде ареалы қысқаруды.

Ксеромезофильді эфемероидқа жатады.

Қорғау шаралары. Бұл әсем декоративті өсімдіктің ареалының қысқаруы мен жойылуы теру нәтижесінен және теріп сатудың әсері. Гүлді жинауға және сатуға қатаң тиым салу керек. Жалпы Tulipa ostrowskiana қорықшасында қорғалуы тиіс.

Кушакевич шиқылдағы. Юнона Кушакевича. Iuno Kuschakewiczii (B. Fedtsch). Poljak (Iridaceae).

Статусы. Кішкене ареалды сирек, эндемикті түр. Декоративті өсімдік.

Ареалы және кездесуі.

Шу - Іле тауларында, қаратау тауалды бөктерінде, Жамбылдан батыста, Қырғыз Алатауында кездесетін, ксеромезофильді эфемероидты өсімдік. Сирек өседі.

Қорғау шаралары. Адамдардың қарқынды шаруашылық әрекетінің және жаппай терудің нәтижесінде қоры күрт төмендеуде. Ремикті және жойылып бара жатқан түрлерді кешенді түрде,соның ішінде Niedzwedzkia semiretschenskia, Tulipa regelii, Astragalus pseudocytisoides кіретін Шу - Іле тауларынан қорық ұйымдастыру керек. Қазақстан Ғылым Академиясының басты ботаникалық бағында (Алматы) өсіріледі.

Мүслім сылдыршөбі. Смолевка Муслима. Silene Muslimii Pavl (Caryophyllaceae).

Статусы. Сирек, эндемикті түр.

Ареалы және кездесуі. Бұл ксеромезофит Шу - Іле тауларын, Жоңғар Алатауларын (Шолақ таулары мен Сорқанда қаласының маңайы) топ - топ болып немесе жеке особь болып мекендейді.

Қорғау шаралары. Қорықшалар қатарына Шу - Іле тауларын және Жоңғар Алатауын (Шолақ) тезарада қосу керек.

Жіңішке штубендорфия. Штубендорфия тонкая. Stubendorffia gracilis (Pavl). Botsch et Vved (Brassicaceae).

Статусы. Ремикті, эндемикті түр, тек біркеше пункттерден танымал.

Ареалы және кездесуі. Қаратау жоталарында, Шу - Іле тауларында кездеседі. Көбіне дара особьтермен кездеседі.

Қорғау шаралары. Қаратаудан бұл биологиялық түрді қорғау үшін қорық ұйымдастыру керек.

Крошенинников конкриниелласы. Конкриниелла Крошенинникова. Cancriniella Krascheninnikovii (N. Piubtz) Tzvel. (Aateraceae).

Статусы. Жіңішке эндемикті, монотипті жерде жататын өсімдік.

Ареалы және кездесуі. Бетпақдаланың аласа таулары мен Шу - Іле тауларында кездеседі. Саны малдың қарқынды жойылуынан азаюда.

Қорғау шаралары. Шу - Іле қорықшасын құрып, оған бірқатар Cancriniella krascheninnikovii, Tulipa regelii, Astradalus trifoliolatus, Juno kuschakewiczii, Niedzwedzkia semiretschenskia және басқа сирек түрлерді енгізу керек.

Титов кемпіршөбі. Акантолимон Титова. Acantholimon tarbagataicum Gamajun (Limoniaceae).

Статусы. Сирек, эндемикті және соңғы кездері ареалы күрт қысқарып бара жатқан түр.

Ареалы және кездесуі. Шу - Іле тауларында азғантай топ болып немесе жеке дара өседі. Антропогендік факторлардың шұғыл байқалуының нәтижесінде түрдің қоры айтарлықтай қысқаруда.

Қорғау шаралары. Шу - Іле тауларынан, осы түрмен қоса, басқа да сирек және эндемикті түрлерді қорғау үшін қорық немесе ботаникалық қорықша ұйымдастыру керек.

Хантау тау сағызы. Козлец Хантавский. Scorzonera cpantavica Pavl. (Asteraceae).

Статусы. Сирек, торэндемикті, саны азайып бара жатқан түр.

Хантау тау сағызы ксерофитке жататын көпжылдық өсімдік.

Ареалы және кездесуі. Шу - Іле тауларының Хантау шыңдарында сирек өседі. Саны малды қарқынды жоюдан азаяды.

Қорғау шаралары. Шу - Іле тауларынан ремикті, сирек және эндемикті түрлері: Scorzonera chontavica, Tulipa regelii, Ferula tschuiliensis, Astragolus trifoliolatus және т.б. қорғайтын қорық ұйымдастыру керек.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     Байтенов М.С. Флора Казахстана.-Алматы: Ғылым, 1999.

2.     Сайлаубеков А. Сарапшылар талабы орынды. Ақ жол.-2003.-3 мамыр

3.     Закон РК. О защите растений. Каз.правда.-2002.-9 июля.