СУ, ТОПЫРАҚ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ӘСЕРІ МЕН ЗИЯНДЫЛЫҒЫ

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Байдаулетова Г.Қ.

Құрманәлі Сусары, Махмут Асель Био-215,5 тоыбының студенттері

 

Қорғасын. Қорғасынның су бетіне эндогенді және экзогенді минералдардың еруі процесі нәтижесінде түседі. Қорғасын құрамы көрсеткіштерінің жоғарлауы қоршаған ортадағы көмірді жағумен, тетраэтилсвинцті мотор майларына антидетонатор ретінде қабылдау, кейбір металлургиялық заводтар мен химиялық өндірістер шахталармен байланысты (Авцын А.П.,1991).

Қорғасын табиғи суларда ерітінді күйде болады. Ерітінді формасы минералды және органоминералды комплексті түрде, жай ион күйінде, ерітінді емес – негізгі сульфид, сульфаттар мен карбонаттар түрінде де кездеседі.

Өзен суларында қорғасынның концентрациясы 1дм3 –та ондық үлестен микрограмм бірлігіне дейін толқиды. Сулы объектердің сулары полиметалды кен аудандарының өзінде 1дм3 –ң концентрациясы ондық миллиграммға сирек жетеді.

Тек хлорлы термальды суларда қорғасын концентрациясы 1дм3 –тың бірнеше миллиграмына кей-кезде жетеді (Ноздрюхина Л.Р., 1977).

Қорғасынның ШРК-сы 0,03 мг/дм3 құрайды (зиянды – санитарлық – уытты лимиттеуші көрсеткіші). ШРК – 0,01 мг/дм3 (зиянды – уыттық лимиттеуші көрсеткіші).

Мырыш. Табиғи суға мырыш табиғи процестердің бұзылуынан, тау жыныстары және минералдардың еруінен (сфалерит, цинкит, госларит, смитсонит, каламин), гальваникалық цехтар және кенбайыту фабрикаларының суларынан, пергаментті қағаз өндірістері, краска минералдары, вискоз талшықтары нәтижесінде түседі.

Суда мырыш негізгі ионды формада болады немесе оның минералды және органикалық комплексті формаларында, кейде ерітілмеген формаларында кездеседі: гидроксид, корбанат, сульфид түрлерінде және т.б.(Сает Ю.Е., 1990).

Өзен суларында мырыштың концентрациясы 3-120 мкг/дм3 ауытқиды, теңіздерде 1,5-10 мкг/дм3 болады. РН көрсеткіші төмен кен және әсіресе шахта суларында мырыш айтарлықтай болады (Авцын А.П.,1991).

Мырыштың ШРК-сы 1 мг/дм3 құрайды (жалпы санитарлы зиянды лимиттеуші көрсеткіші). Мырыштың ШРК – 0,01 мг/дм3 (зиянды – уыттық лимиттеуші көрсеткіші) (Скальный А.В., 1987).

Мыс. Табиғи тұщы суларда мыс екіден 30 мкг/дм3 болады, теңіздерде -0,5 тен 3,5 мкг/дм3 болады. Табиғи сулардан мыстың (ІІ) байланысы жиі кездеседі.

Табиғи суларға мыстың түсуінің негізгі көзі химиялық өндірістердің, металлургиялық өндірістердің, шахталардан шыққан сулары, балдырларды жоюға қолданатын альдегидті реагенттер болып табылады.

Жерасты сулары құрамында мысы бар тау жыныстарының сумен әрекеттесуінен мыс пайда болады (халькопирит, халькозин, ковеллин, борнит, малахит, азурит, хризаколла, бротантин). Мыс үшін ШРК (мыс ионы бойынша) 1мг/дм3 болады (органолептикалық-зияндылығының лимитті көрсеткіші). ШРК- 0,001мг/дм3  (зиянды-уытты лимит көрсеткіші) (Райцес В.С., 1981).

Қорғасын - атомдық салмағы 207,2. Приоритетті элемент-токсикант. Қорғасынның барлық еритін қосылыстары улы. Табиғи жағдайда ол негізінен PbS түрінде кездеседі. Жер қыртысында қорғасынның кларкы 16,0 мг/кг. Басқа ауыр металдармен салыстырғанда оның жылжымалылығы төмендеу, сонымен қатар топырақтың әктенуі кезінде элементтің жылжымалылық дәрежесі қатты төмендейді. Жылжымалы қорғасын органикалық заттармен кешен түрінде кездеседі (60-80% жылжымалы қорғасын). РН –тың жоғары көрсеткішінде қорғасын топарықта химиялық гидроксид, фосфат, карбонат және және қорғасын-органикалық кешен түрінде жиналады (Риш М.А.,1991).

Топырақтағы қорғасынның табиғи мөлшері аналық жыныстан беріледі және оның минералдық және химиялық құрамымен тығыз байланысты. Бүкіл әлемдегі тапырақтарда бұл элементтің орташа концентрациясы 10-35 мг/кг дейін түрлі бағаланады. Ресейде торпырақ үшін қорғасынның ШРК 30мг/кг сәйкес келеді.

Топырақта қорғасынның концентарциясының жоғарылауы табиғи геохимиялық аномалиялармен қатар антропогендік әсер етулерге байланысты. Техногенді ластануда элементтің ең жоғарғы концентрациясы топырақтың беткі қабатында байқалады. Бірқатар өндірістік аудандарда ол 1000 мг/кг дейін, ал Батыс Европа түсті металлургия кәсіпрындары айналасындағы топырақтың беткі қабатында 545 мг/кг жетеді (Авцын А.П.,1991).

Ресей территориясындағы топырақта қорғасынның мөлшері топырақтың типіне, өндіріс кәсіпорындарына жақын орналасуына және табиғи геохимиялық аномалияларға байланысты едәуір түрленеді. Селитебті, әсіресе қорғасыны бар өнімдер өндіру және қолданумен байланысты аймақтар топырағында бұл элементтің мөлшері жиі ондаған және одан да көп рет ШРК-дан жоғары болады. Алдын-ала жасалынған бағалау бойынша ел территориясының 28%-да топырақтағы қорғасынның мөлшері орта есеппен фондық мөлшерден төмен, ал 11% - тәуекел аймағына жатады. Сонымен қатар, Ресей Федерациясында топырақтың қорғасынмен ластану мәселесі – айрықша селитебті территория мәселесі (Х.Пендиас,1989).

Мырыш - атомдық салмағы 65,4. Оның жер қыртысындағы кларкы 83 мг/кг. Мырыш саз балшықты шөгінділер және тақта тастарда 80-120 мг/кг мөлшерінде, сары топырақты және карбонатты саздақ Орол шөгінділерінде, Батыс Сібір саздақтарында 60-80 мг/кг мөлшерде шоғырланған.

Мырыштың топарықта жылжымалылығына әсер ететін маңызды фактор саз балшықты минералдардың мөлшері және рН көрсеткіштері болып табылады. рН жоғарылаған кзде элемент органикалық кешенге өтеді және топырақпен байланысады.

Мырыш иондары, сонымен қатар монтмориллониттің кристалдық торының пакет аралық кеңістігіне түскенде жылжымалылығын жоғалтады. Органикалық затттармен мырыш тұрақты форма түзеді, сондықтан көпшілік жағдайда қара шірік мөлшері жоғары топырақ қабатында және шым тезекте жиналады.

Әлем топырағындағы мырыштың орташа мөлшері 90 мг/кг. Европа территориясы топырақ жамылғысында оның концентрациясы 32-60 мг/кг, ал Батыс Сібір топырағында – 60-81 мг/кг тең (Х.Пендиас,1989).

Топырақта мырыш мөлшерінің жоғарылау себебі табиғи геохимиялық аномалиялармен қатар техногенді ластану болуы мүмкін. Оның түсімінің негізгі антропогендік көзі, біріншіден түсті металлургия кәсіпорындары болып табылады. Бұл металмен топырақтың ластануы бірқатар облыстарды оның топырақтың беткі қабатында өте жоғары мөлшерде (66400 мг/кг дейін) жиналуына әкеп соғады. Бақша топырағында 250 –ге дейін және одан да көп мг/кг мырыш жиналады. Мырыштың құмды және құмайт топырақ үшін ҚШК 55мг/кг тең (Ноздрюхина Л.Р., 1977).

Таулы Алтайдың құмайт және құмды топырақ түзуші жыныстарында орташа есеппен 31 мг/кг, Батыс Сібірдің оңтүстігінде 19 мг/кг мыс жиналады (Ноздрюхина Л.Р., 1977).

Топырақта мыстың жылжымалы формасының мөлшері жеткілікті жоғары болса да, әлсіз миграцияланатын элемент болып табылады. Жылжымалы мыстың мөлшері көптеген факторларға байланысты: аналық жыныстың химиялық және минералдық құрамы, топырақтағы ерітіндінің рН көрсеткіші, органикалық заттардың мөлшері және т.б. рН 7-8 кезде мыстың ерігіштігі төмен болады.

Жер бетіндегі топырақтағы мыстың орташа мөлшері 30 мг/кг. Бірқатар жағдайларда ластанудың индустриялық көздеріне жақын жерде топырақтың мыспен ластануы 3500 мг/кг жетуі байқалады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Писанец Е.М. Новые данные  по кариологии Bufoviridis-complex

 (Amphibian,Bufonidae) и вопросы происхождения азиатских  тетраплоидных  жаб / Герпетологические исследования, Л.: 1991. Вып. 1 41-51бет

2. Ноздрюхина Л.Р. Биологическая роль микроэлементов в организме животных и человека. М.: Наука, 1977 г.

3.Авцын А.П., Жаворонков А.А., Риш М.А., Строчкова Л.С. Микроэлементозы человека: этиология, классификация, органопатология. - М.: Медицина, 1991г.