ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТОПЫРАҚ, ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫ МЕН ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ

 

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Байдаулетова Г.Қ.

 Тәжібай Нұрсая Био-215,3 тобының студенті

 

Жамбыл облысының топырағы алуан түрлі. Топырақ жамылғысының дамуы ендік бағытындағы зональды және вертикальды белдеулік заңдылықтарға сәйкес дамыған.

Биіктік белдеулік бағытында дамыған топырақ-өсімдік жамылғысының типтері: шөлді, шөлейтті, құрғақ дала, таулы шалғынды-дала, таулы-шалғынды, субальпілік шалғынды-дала, таулы шалғынды және альпілік шалғынды-дала. Бұл топырақ-өсімдік жамылғысының типтері облыс жеріндегі тауларға тән.

Облыс территориясындағы негізгі  топырақ типтерінің таралуы:

Шу, Талас өзендерінің төменгі ағысында сондай-ақ Бетпақдала мен Мойынқұмның ойыстарында тақырлар дамыған. Көктемде тақырлар еріген қар суларына толады, оларда лай жиналып балдырлардың өсуіне жағдай туады. Құрғаған соң, тақырларға айналады.Тақырдың қалыңдықтары 20-40 см, оның астында аналық тау жынысы басталады. Қара шірігі аз 0,3-0,8%, тұздылық 20-40 см тереңдікте 2-2,5%. Тұзды емес тақырларда кездеседі, тұздылығы 1,5 м тереңдіктен басталатын.

Тақырлар суды жақсы өткізбейді, ылғалданғанда ісінеді, құрғағанда қайта қатады, өсімдік тамырларының өсуіне қолайсыз.

Сұр-қоңыр топырақ Бетпақдалада кең тараған. Ерекшелігі – гипс қабатының қалың болуы, 5-50 см тереңдікте гипс горизонты орныққан, гипстың мөлшері 30-60% шамасында.

Сор тоңды сұр-қоңыр топырақ бор мен палеогеннің конгломерат, сланец, тақтатас, гранит, әктас сияқты тығыз тау жыныстарында дамиды. Алдыңғы топырақтан ерекшелігі карбонатты, саздақты болады. Топырақтың жоғарғы 0-4 см қабатында қара шірік мөлшері 1,2 %, 10-12 см төменгі горизонтында 0-76%.

Мойынқұмның өсімдікпен бекіген бөліктерінде қопсыған борпылдақ құмды сұр топырақ дамыған. Осы топырақта дала сипаты минералды минералдары мен карбонат топырақ құнарлығығын арттырады. Көктемде Мойынқұмның ылғалдың мол кезінде әртүрлі шөптесінді өсімдіктерге тұнып тұратыны. Осы жағдайға байланысты орман, орманды-дала, дала зонасының құмдарында мұндай элементтер кездеспейді.

Өсімдік жамылғысын зерттеліп отырған территорияның орографиясына қарай: шөлді жазық, аласа таулы, тау алды, биік таулы деп қарастыруға болады. Себебі, зональды өсімдік зонасы шөлді болғанмен, шөлдің грунтты территорияның жер бедерінің абсолюттік биіктігі әр түрлі. Ылғалдану режиміне қарай да өсімдік жамылғысы әртүрлі болады. (Галль, Останин 1939; Кубанская 1956; Семинова 1961; Абалин 1929).

Шөлді жазықтар мен аласа таулар облыс территориясының басым көпшілігін алады. Шөлдің гидротермикалық режимі, жазғы температурасының өте жоғары болуы, құрғақшылық жағдайы өсімдік жамылғысының эфемирлі және ксероморфоз ерекшеліктерін анықтайды.

Эфемерлі өсімдіктердің вегетациялық периоды қысқа, жылы, ылғалды мерзімде өте шығады. Бір жылдық өсімдіктер эфемерлер мен көп жылдық эфемероидтер күзде жаңбыр жауғанда өне бастайды. Қыста ауа-райына байланысты өсуі жалғасады немесе тоқтайды. Жылы, ылғалды көктем басталғанда өсімдіктер қауырт өсіп, тұқымданып үлгереді. Жазда эфемирлер ыстық аптапта тіршілігін жояды, эфемироидтаодың құрағаны болмаса, тамырлары тереңде жақсы сақталады. Күзде ылғал түскенде өніп-өседі.

Өсімдік жамылғысының екінші бір ерекшелігі – ксероморфоз, жазғы ыстық аптапқа төтеп бере алу қабілеті, әрине ол бейімделуден пайда болады. Бейімделудің бірнеше белгілері бар: өсімдік сабақты жіңішке, булануды азайтады, жапырағын да, сабағында түгі бар.

Тұзды, сортаңды топырақта галофиттер – сабағы мен жапырағы қалың етті, баяу өседі.

Геоботаник З.В.Кубанскаяның (1956ж.) зерттеулері Бетпақдалада өсімдіктердің алты типін ажыратады: шөлді, шөлді-сараңды, дала, шалғынды, бұталы, сүректі.

Шөлді өсімдік типі жусан мен сораңдардан тұрады. Солтүстік бөлігінде жусанға астық тұқымдастар (боз, селеу) араласса, ал оңтүстігінде эфемерлер мен эфемероидтер қосылады.

Шалғынды өсімдіктер Шу аңғарында – қамыс, түлкіқұйрық, ши қалың өседі.

Бетпақдаланың солтүстік-шығысындағы шоқыларда, оның беткейлерінде тобылғы, қараған, жыңғыл, спиреантус, жүзген өскен.

Сүректілерден қара сексеуілді атауға болады. Сексеуіл далада жиі өседі. Мойынқұмға жусанның әртүрі, теріскен, ақ және қара сексеуілдер тән.                 

Тау алды мен тауларда, биіктік, белдеулік, құрғақ дала белдеуінен басталады, оның төменгі шекарасы 800-1000 м. абсолюттік биіктіктен басталса, жоғарғы шекарасы 1500-1700 м өтеді. Бұл белдеу Қаратау мен Шу, Іле тауларында кең тараған, Қырғыз Алатауында төменгі және орта тау беткейлерінде дамыған негізгі өсімдік жамылғысы-бетеге мен селеулі дала арасында бұршақ тұқымдастылар мен эстрагон-жусанды орналасады.

Таулардың аңғарларында жеміс-жидектілерден: алма, алмұрт, үйеңкі, көктерек өседі. Орманды-шалғынды белдеу Қырғыз Алатауының 1500-1700 м мен 2000-2100 м биіктіктерінің аралығында қамтиды. Шал және Аспара өзендерінің аралығындағы алқапта астық тұқымдас әртүрлі шөптесінді-шалғынды дала өсімдіктері өседі. Олардың арасында даланың бұталы өсімдігі «розарий» жиі өседі. Тасты беткейлерде ағаш тәрізді және бұталы арша бой көтереді.

Өзен аңғарларында, беткейдің етегінде долана, үйеңкі, тобылғы, шиповник, боярник.

Сонымен Жамбыл облысы территориясындағы өсімдік жамылғысының қалыптасуының зональды және азональды заңдылықтарға сай дамыған.

Жаздық аудандардағы өсімдік жамылғысы шөлдің типіне байланысты дамыса (сазды, құмды, тасты) тауларда биіктік белдеулерге сай дамыған.

Бетпақдалада жалман сирек сүтқоректілер қатарында және тышқандардың түрлері мекендейді.

Облыстың барлық аймағында борсық, жыртқыштардан қасқыр, түлкі, қарсақ, сүтқоректілерден қарақұйрық, елік, киік, қабан, шошқалар кездеседі.

Құстар шөлдерде салыстырмалы аз, бірақ көпшілігі эндемикалық түрлер. Ірі құстардан бүркіт, лашын, дала қыраны, дала қарғасы т.б. Ұсақ құстардан торғайдың түрлері, чекканы, бұлдырықтар, бозторғайлар.

Биік таулардағы биіктік белдеулік, әртүрлі тіршілік жағдайын қалыптастырады. Сондықтан жануарлар түрі аралас, әр алуан: орталық Азиялық түрлермен қатар Шығыс Европалық, Сібірлік және Оңтүстік формалар кездеседі.

Арқар Қаратауда, Шу, Іле мен Қырғыз Алатауында кездеседі. Меринос қойларымен будандастырылып, үй қойының жаңа түрі – арқар мериносты шығарады.

Тау етегіне қарай – жайра, орман торғайы, ұлар, кекілік, гриф т.б. жануарлар кездеседі.

Жануарлар дүниесімен түр ретінде жойылып кету алдында тұрған түрлер саны артып келеді.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Молдабергенов А.Ш. Атамекен: Қазақстанның хайуанаттар дүниесі мен өсімдіктер әлемі және оларды қорғау.-Алматы: Қайнар, 1983.

2.Әлиев Ш., Бекенов А., Қыдырбаев К. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.-Алматы: Қайнар, 1975.

3.Елеуова К.Т. Оценка окружающей среды Жамбылской области.-Алматы: Ғылым, 1994.

4.Закон РК. О защите растений // Каз.правда.-2002.-9 июля.

5.Бурмистрова Т.В. Охрана окружающей среды: Правовые основы и экологические. // Право и экономика.-2000.                  

6.Байсалов С.Б. Беречь природу, охранять ее богатства.-Алма-Ата: Казахстан, 1984.