ЖАМБЫЛ
ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ ЛАНДШАФТЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИГЕРІЛУІ
Ғылыми
жетекші: Маханова Н.А.
Алтен Дамира, Мираимова Жанель Био-215 арнайы
топ студенттері
Жамбыл облысының жекелеген
аудандарының экологиялық жағдайы, оның табиғи
ландшафтының қасиетіне байланысты. Табиғи ландшафт
аумағында шаруашылық әрекет жүріп жатады. Осы
әрекетке оның төтеп бере алу қабілет әр
түрлі, себебі оның әрқайсысының қасиеті
әрқалай. Жамбыл облысы территориясындағы табиғи
ландшафтылардың структурасына сараптама жасалады.
Қырғыз Алатауында биіктің белдеулік
зоналығына сәйкес, ландшафтының 2- 4 секторы дамыған.
Жамбыл облысы территориясындағы табиғат
зоналары мен тауларындағы биіктік белдеулерінің
геоэкологиялық қасиеттерін қарастырайық:
1.
Шөл зонасы.
(ландшафтың шөлді зональды типі). Бетпақдаланың
оңтүстігін, Мойынқұмды тұтас, биік
таулардың етегіне дейінгі жазық алқапты толығымен алып
жатыр. Шөлдердегі экологиялық жағдайға, оның
құраушы тау жыныстары үлкен әсер етеді.
Геологиялық құрылысына қарай: облыс жерінде тасты,
құмды және сазды, сортаңды шөлдер
қалыптасқан. Сондықтан топырақ жамылғысының
механикалық құрамы әртүрлі. Топырақ
жамылғысының комплекстілігі, өсімдік жамылғысының
комплекстілігіне әсер етеді. Жусанды-сораңды, эфемирий
өсімдіктер басым. Шөлдің экологиялық жағдайы
өлкеде өсімдіктің біріне-бірі қарама-қарсы екі
аспектісінің қысқа мезофитті және жазғы
ксерофитті дамуына себеп болады. Температураның зональды
өзгерісінен де, маусымдық өзгерісі өсімдік
жамылғысына әсер етеді. Атмосфералық жауын-шашын 150-200 мм
ғана құрғақшылық индексі 0,05мм.
Экологиялық жағдайды шиеленістіретін:
А) табиғи факторларға: климаттық
шұғыл континентальдығын, маусым ішіндегі термикалық
көрсеткішінің шұғыл өзгерістерін,
құрғақшылық аптап ыстық, аңызық
желдің жиі соғуын, шөл басу құбылысын, өзен
торының сиректігін, өзендер деңгейінің
шұғыл өзгерісін, топрақ жамылғысың
сотаңдығын, жұқалығын, құмдарда
топырақтың болмауын, дефляцияның дамуын жатқызамыз.
Б) экологиялық шиелініске жол бермейтін факторлар:
су эрозиясының жоқтығы өлкенің басым
көпшілігінде халықтың сирек орналасуы.
2.
Биік таулы облыстар
Жамбыл облысы территориясының 10%-ін алып жатыр. Тау беткейлеріндегі
биіктік белдеулік спектрлері, оның абсолюттік биіктігіне, экспозиясына
байланысты. Мысалы, Қырғыз Алатауында ландшафтының биіктік
спектрі төмендегідей:
2а. Тау алды бөктеріндегі шөлейт астық
тұқымдасты-жусанды, эфемерлі өсімдіктері ашық каштан
топырағында дамыған. (900-100 м);
2б. Аласа таулы (1100-1200 м бастадлатын таулар)
бөлігінде, таудың каштан топырағында дамыған дала
ландшафтысы. Беткейлер аса тілімделген опырымдылыр, беткейлік эрозия жиі
байқалады. Дала шөптері-тырса, бетеге, селемен бұталар
араласады. Тау басындағы дала зонасының жоғарғы
шекарасы шамамен 2200 м деңгеймен өтеді;
2в. Орташа биіктік бөлігінде қара топырақты
шалғынды-дала белдеуінде (2600-2800 м) бұталармен, ормандармен
алмасады. Ормандары аршадан тұрады. Қылқан жапырақты
ормандар (Тянь-Шань шыршасы мен Семенов самырсыны) кең тарамаған;
2г. Биік таулы (2600-2800 м жоғары) таудың
қара топырағында Субальпілік таулы-шалғынды ландшафт
дамыған.
2д. Биік таулы (3000-3800 м басталады) альпі шалғын
аласа шөптесінде ландшафт нивальды мәңгі
қарлы-мұзды зонаға өтеді. Нивальды зона аса
маңызды эколгиялық роль атқарады. Себебі, облыс жеріндегі
өзендердің барлығы дерлік осы нивальды зонадан басталады
Жамбыл облысындағы табиғи ландшафтының
экологиялық қасиеттері, шаруашылықты жүргізгенде
ескерілуі қажет. Экологиялық шиеленіс әрі табиғи,
әрі антропогендік факторлар арқасында туады.
Ландшафты
қарқынды шеру шөлдері жануарлар мен өсімдік тер
дүниесіне кері әсерін
тигізеде, соның нәтижесі бұл биотүрлі
лердің толығымен жойылып кетуіне әкелі мүмкін. Бірінші
орында бұл барлық жабайы
тұяқтарға, кейбір ірі
жарғыштарға, сонымен қатар құстардың бөлек
түрлеріне және де
кәсіби және ғылыми маңызы бар өсімдіктерге
тиісті. бұларға қарағанда көптеген жабайы
кеміргіштерге және орман тығыз байланысты жыртықтарға ладшафттың антропогенттік
элементтері аса қолайлы және жаңа территорияға қоныстанып жүретін экологиялық
арнаға айналады.
Облыстық
биотүрлеріне тура және
кері әсер ететін антропогендік факторлар мен келесідей ретпен тізімі:
1)
Шу және Талас өзендерінің
жайылымдарының құрғап қалуы;
2)
Каналдар мен су қоймаларын қалыптастыпу;
3)
Дәнді –дақылды егетін кең көлемді
егістік қалыптастыру;
4)
Транспортты магистральдар мен құбыр жолдарын
салу;
5)
Қарқындық кәсіптік
аңшылықтың нәтижесінде
түрлерді қыру;
6)
Өндіріс
зиянды қалдықтарының
қоршаған ортаны ластау;
7)
Табиғат қорғау іс-шаралары.
Енді әр
түрлі биотүрлер тобына антропогендік факторлардың нақты
әсерінің деңгейін
қарастырайық;
Құрғаудың
және ирригацияның, жерді айдаудың комуникациялық құрлыстардың
және облыстағы шөлді
зонаға басқа да
шаруашылық түрлерінің
әсерінің рөлі.
Жамбыл
облысының техногенді ластану онасының өсімдігі мен жануарлардың анализі келесі қортындыларды шығаруға мүмкіндік береді. І ластану
зонасы көлемі бойынша (Институттар –
қызметшілерінің мәліметі бойынша) онша үлкен емсе:
қарқынды ластанудың радиусы
5-12 км: Болмашы ластану 20-30 км, әлсіз ластану 70 км-ге дейін.
Бұл облыста флора мен
фаунаның толығымен өзгертуінің себебі басқа да антропогендік факторлардың әрекеті.
Бірқатар ірі
жануарлар мен аңшылық
түрлердің жойылуы тау-кен және химиялық
өнеркәсіптер құрлысымен байланысты елді – мекендердің
жанадан қоныстануы мен браконьерлік аңшылықтың
әсері: Ұсақ жануарлардың экологиясының,
мінез-құлқының, особьтердің физиологиялық
жағдайының өзгеруін ортаның ластануына байланысты. Қоршаған
ортаның ластануы облыс флорасы
мен фаунасын әсері басқа да антропогендік факторлар
сияқты емес. Мұнда
басқа антропогендік факторлар өте қатты әсер етуде.
Бірақта, бұған арнайы бағдарламасы бар зерттеу
жүргізу керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Павлов Н.В. Ботаническая география СССР.-Алма-Ата, 1948.
2. Павлов Н.В. Растительные ресурсы Южного Казахстана.-М., 1947.
3. Елеуова К.Т. Оценка окружающей среды Жамбылской области.-Алматы:
Ғылым, 1994.
4. Ақбасова А.Ж. Саинова Г.Е. Экология, -Алматы, 2003.
5. Контроль химических и биологических параметров окружающей среды. Под.ред.
Л.К.Исаева.-Эколого-аналитический информационный центр: Союз, 1998.