ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРЛЕРГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ШАРУАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕР МЕН ОЛАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

 

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Байдаулетова Г.Қ.

Тлембай Аружан, Жеңісәлі Назыкеш Био-215,1 тобының студенттері

 

Әлемнің табиғи биоценоздрына адамдардың әсері күннен күнге  қарқынды жылдамдықпен өсуде. Бұл сияқты табиғат биоценоздарына адамзаттың ықпалы облысымызда да байқалады. Антропогендік факторлар әр биотүрге әр қалай әсер етеді.

Қорғау шаралары: Шөлді зонадағы антропогендік факторлармен байланысты, күшті факторлар болып-ірі өзендердің  (Шу- Талас) құрғауына байланысты жайылмаларындағы табиғи ландшафтының өзгеруі (түрленуі) ириггациялық жүйенің (каналдар, су қоймалары) қалыптасуы,  кең көлемді егістіктең қалыптасуы, транспортты  магистральдардың, құбыр жолдарының салынуы және жойылымдардың қоршауы, табылады.

Осы сияқты түрленудің нәтижесінде жануарлар популяциясының кеңістік құрлымы (қиын жеңіп шығуға болатын экологиялық барьерлердің пайда болуы есебінен) миграция жолдарының өзгеруі (бұл киіктерге қатысты), әдеттегі  шөлді  стенотопты түрлердің  ареалының көлемінің қысқруы  (бірінші орында репродуктивті) бұзылады, бірақ ландшафттың антропогенді формасымен байланысты түрлердің ареалдары кеңеюде. Мекендерінің табиғи ортасы бұзылған түрлері үшін қауіп төніп тұр.

 Сондықтан осылай жойылып бара жатқан және сирек биологиялық түрлерді  жинақтай  келе, Жамбыл облысының  қызыл кітабын шығару  қолға алатын мәселе.  Қызыл кітапқа облыста  кездесетен сирек  жойылу   қаупі  бар және тек облыс жерінде кездесетін  эндемикалық түрлер енуі керек. 

Бірақ сирек және  жойылу  қазіргі  бар биологиялық түрлерді тек кітапқа енгізіп  қою жеткіліксіз. Мәселен, облысымыздың көлемді  территориясы мен биологиялық алуан түрлерінен қарамастан бізде бірде-бір  қорық ұйымдастырылмаған. Ал, ойландырып  жүрген өзекті мәселелердің  бірі, яғни, облыстың биологиялық   алуан түрлерін қорғап, оларды жойылудан  сақтап қалу үшін ең алдымен облыс территориясынан – қорықтар мен қорықшалар ашу керек.

1.     Республикалық маңызы бар Андасай мемлекеттік зоологиялық 

қорықшаның  көлемі  1 млн га.   Жамбыл облысынның Мойынқұм ауданында  орналасқан. Жабайы жануарларды  қорғау  және санын  көбейту мақсатымен, соның  ішінде, Қызыл кітапқа енген: арқар, қарақұйрық, құлан (1987 жылдан  бері), ақбас-дуадақ т.б. биотүрлерді сақтау мақсатымен  құрылған.

«Андасай» мемлекеттік қорықшасы  Мойынқұм орман және жануарлар дүниесін қорғау  жөніндегі мекеменің бақылауында. Қорықшаның  штаты 10  бөліктен тұрады, соның ішінде қорықша меңгерушісі, қорық сақшыларының күзетшісі және 8 сақшы  бар.

Қарақұндыз ботаникалық қорықшасы-республикалық маңыздағы, 1971ж. 7-желтоқсандағы Қазақ Министрлер кеңесінің №672 Қаулысымен ұйымдастырылған.

Таралған орны Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанша ауылында.

Қорықшаның жалпы көлемі –3070 га. Қорықша мемлекеттік орман қорының территориясында орналасқан. Іле Алатауының Батыс слемдерінің тау алды бөктеріндегі Қарақұндыз өзенінің аңғары бірегей ерекше табиғат объектісі.Бұл жерде санитарлы шабудан, мол жайылуынан және шабындықтан басқа барлық шауып алу түрлеріне тыйым салған.

Ботаникалық табиғи қорықшада шыққан тегі бориальды реликті өсімдіктер өседі. Бұл әр түрлілік талды-бұталы және шөптесінді өсімдіктердің құнды түрлерін көрсетеді. Олардың кейбіреулері: Семенов клены, карнас, алма, абрикос ағаштары, шегіршін ақ акция,терек, көктерек, грек жаңғағы, емен, ива, ағаш тәрізді алма, шие, бұталы ива, гребеншик, долана және тағы басқалар.

Кешенді Берікқара ботаникалық қорықшасы 1971 ж. 7 желтоқсандағы Қазақ КСР-нің Министрлер кеңесінің № 672 Қауылысымен ұйымдастырылып, 2001 жылы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының үкіметінің №871 Қаулысы бойынша қайтадан бекітілді. Мемлекеттік маңызға ие болған қорықшаның бірі.

Бұл табиғи комплексті қорықша Жамбыл облысындағы Жуалы ауданында. Ленин-жол ауылынан және Билікөл өзенінен оңтүстікке қарай, Қарабастау ауылынан оңтүстік- батыста және Құрама ауылынан солтүстікте орналасқан. Қаратау таулы жотасының, Берікқара шатқалының мемлекеттік орман қорының териториясында орналасқан. Қорықшаның жалпы көлемі-17500 га. Қорықша Жамбыл орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі-Жамбыл орман және биоресурстар бойынша облыстар басқармасының кіріспесінде болады.

Қорықшада барлық шабу түрлеріне,санитарлы шабудан басқаға тыйым салынып, малдың жойылуына және шөп шабуға шек қойылды.

Табиғи кешенді қорықшада үлкен әртүрлі ерекше құнды талды –бұталы және шөптесінді өсімдіктер өседі.Талды тұқымдастар: Семенов клены- терек, қайың, тұт ағашы, жабайы алма ағашы, реликті-Сағдлан шетені, ағаш тәрізді ива, алма, (можжевельник), итмұрын, үшқаты, ергежейлі шие, борбарис, фисташка, миндаль, Түиесіңір,Трихантемис, шетен, спирия, каригана, арша т.б. Одан басқа мұнда Қызыл кітапқа енген 51 өсімдік түрі өседі.

Қорықшаның территориясында сонымен қатар жануарлардың бірнеше түрі мекендейді: Жұмақ теңбіл торғайы –эндемикті түр; Сұр құр –жойылып бара жатқан түр, жайра–эндемикті түр (шектемек), арқар, қабан, елік, түлкі, қоян, қырғауыл, құр, өгіз.

Пайдаланатын түрлер: ғылыми мақсатта, мәдени –ағартушылық және туризм, шектелген шаруашылық мақсатта пайдаланылады.

Қорғау шараларын жүргізу үшін Жамбыл  орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің екі орманшы сақшысы бекітілген.

Облыс территориясында 110792 мың га территорияны спортты- әуесқойлық бағыттағы 33 аңшылық-шаруашылық ұйымдастырылған.

Аңшылық шаруашылықта жүргізу заңдары шығып, аңшылыққа пайдалынатын жерлер бекітілген:

Жамбыл облысының қазіргі кезде  қорғалатын  табиғи территориясы өте кішкентай және соңғы онжылдықта іс жүзінде мүлдем өзгермеген. Ақсу –Жабағылы мемлекеттік қорығының тек кішкене бөлігі ғана облыс жеріне кіреді (топшақ және Ақсай шатқалдары). Сонымен бірге облыстық көрікті ландшафтлары мен жабайы табиғаттың бір қатар шынайы эталондары өз базаларында жаңа қорықтармен қорықшалар ұйымдастыруды қажетсінді.

Сонымен қатар облыс территориясында сирек кездесетін және жойылу қаупі төніп тұрған биологиялық түрлерді қорғау мақсатында төмендегідей іс-шараларды жүйеге асыруға болады:

-Жойылып бара жатқан  биологиялық түрлерді қорғау үшін шұғыл түрде жергілікті халық арасында анықтау жұмыстарын жүргізуге, ол үшін мектеп аудиториясын, табиғат қорғау қоғамының бастауыш ұйымын, газет-журналдарды, радионы және теледидарды пайдаланып, ғылыми жалпыға түсінікті кітапшалар (брашура) мен әсерлі плакаттар және үндеулер шығарып таратуды:

-Қоршаған ортаны ластайтын ірі шаруашылық объектілермен техникалық құрылыстардың салыну жобаларына экологиялық экспертиза жүргізуді:

-Жабайы жануарлардың табиғи тұрақты мекендері мен өсімдіктердің ареалдарын бұзбау мақсатында жерді пайдаланушылар мен қоршаған ортаны қорғау мекемелері келісімге келу керек:

-Құнды аңшылық-кәсіптік маңызы бар жануарлардың (ақбөкен, қабан, елік, қырғауыл, сақалды құр, қоян т.б.) санын жоғары деңгейде ұстап  тұру  үшін облыс территориясындағы аңшылық шаруашылық орналасқан жерлердің көлемін азайтып, биотехникалық іс-шаралар жүргізу керек:

-Биологиялық түрлерді қорғау мен қайта қалпына келтіру шараларын жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттен жеткілікті қаржы бөлінуі тиіс.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Животные Казахстана: Итоги и перспективы исследование, - Алматы: Наука, 1994.

2.Растения природные флоры Казахстана в интродукций справочник.-Алматы: Ғылым, 1990.

3.Сайлаубеков А. Сарапшылар талабы орынды. Ақ жол.-2003.-3 мамыр.

4.Ержанов Н. Қызыл кітап қалыңдап келеді: Біздің облысымызда да сүтқоректі жануарлар барған сайын азайып барады. Оларды қорғап, сақтау үшін не істеу керек? // Атамекен.-2000.-10 наурыз.

5.Байсалов С.Б. Беречь природу, охранять ее богатства.-Алма-Ата: Казахстан, 1984.