Секция “Экономические науки”
Абайылданова
Г.О.
НАРХОЗ
университеті, Қазақстан
«КАСПИй НЕФТЬ» компаниясы мысалында кәсіпорынның БӘСЕКЕЛЕСТІК стратегиясын зерттеу
Аңдатпа.
Мақалада кәсіпорынның бәсекелестігі
бойынша жасақтаған стратегиясының маңызы мен
рөлі, теоретикалық аспектілері жайлы сөз етіледі.
«КАСПИНЕФТЬ» компаниясының мысалында кәсіпорын үшін
маңызы зор бәсекелестік ортадағы қабылданатын
стратегияның мәнісі түбегейлі ашылып, зерттеледі.
Тірек
сөздер: кәсіпорын, стратегия, бәекелестік,
«КАСПИНЕФТЬ» компаниясы.
Аннотация. В статье исследуются теоретические аспекты сущности и роли стратегии по
конкуренций предприятия. На примере компании «КАСПИНЕФТЬ» раскрывается важное
значение стратегии конкурентной среде
для предприятия.
Ключевые слова: предприятие, стратегия,
конкуренция, компания «КАСПИНЕФТЬ».
Abstract.
The article examines the
theoretical aspects of the essence and role of the competition strategy of the
enterprise. On an example of "KASPINEFT" reveals the importance of
strategy in the competition environ for the enterprise.
Keywords: enterprise, economic strategy, " KASPINEFT "
Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай иелігіміздегі кұндылықтарды барынша тиімді, әрі ұтымды
жұмсау, тек ішкі нарықта ғана
емес, әлемдік нарықта
да жоғары сұранысқа ие болатын халық
тұтынатын тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты бөлігін
қосылған құны жоғары
өнімдер өткізу арқылы
иемдену, осы арқылы
мемлекетіміздің беделін арттыру бүгінгі таңда
қарқынды жүргізіліп жатқан
саяси-экономикалық үрдістердің негізін қалайды.Сонымен қатар, тұтыну
нарығындағы өскелең талаптар да отандық
тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып
отыр. Мұның өзі
бәсекелік ортаның дамуына, өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын
тигізіп, тұтынушылардың кең
көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Ал бәсекелестікке түбегейлі төтеп бере аларлықтай
жағдайға жету компания қызметінде бірден қалыптаса
қоймайды. Ол компаниядан ұзақ мерзімді стратегиялық
жоспарларды құруды, өз өнімінің сапасын әрі
бағасын тұрақты етіп, тұтынушыға жақындастыруды,
барынша тиімді өнім ассортиментін ұсынуды талап етеді.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында
кәсіпорынның қызметін стратегиясыз елестету мүмкін
емес. Кез келген қызмет барысында қысқа және
ұзақ мерзімде орындалатын жоспарлар құрылады,
олардың құрамы мен құрылымы
кәсіпорынның алдына қойылған мақсаты мен
міндеттеріне байланысты. Кәсіби терминдермен айтқанда, олар кез
келген ұйымның тактикасы мен стратегиясы деп танылады. Мұнда
тактикалық, немесе оперативтік,
жоспар ол стратегиялық жоспарға бағынады және
оның құрамдас бөлігі болып табылады.
Сонымен, кең мағынада алғанда,
стратегия дегеніміз ол кәсіпорынның ұзақ мерзімге
бағытталған қызметі болып табылады, сонымен бірге стратегияны
кәсіпорынның алға қойған мақсаттарына
жетуге бағытталған әдістер жүйесі ретінде
анықтауға болады /1/. Төменде көрсетілген суретте
кәсіпорынның бәсекелестік позициясын нығайтуға
негізделген стратегиясының
элементтері түрінде оны анықтайтын әрекеттері мен
тәсілдері жан жақты көрсетілген (1 сурет).
Кәсіпорынның бәсекелестік
стратегиясының тиімділігі оның ішкі және сыртқы ортасын
жан-жақты талдауды қажет етеді. Сыртқы орта жағдайында
келесі параметрлер бар:
1. Нарықты сипаттайтын көрсеткіштер:
өнімді тұтынушылар санының өсуі; мемлекеттік
тапсырыстың кері қайту (төмендету) ролі; нарық
көлемі; саудадағы ынталандыру мен тосқауылдар; өнімді
тұтынуда болашақ тұрақсыздық деңгейі;
өндіруші монополистер немесе тұтынушылар
қызығушылығының алғы шарттары.
2. Сыртқы ортаның
ғылыми-техникалық қызығушылығын сипаттайтын
көрсеткіштер: өнім сапасының деңгейі; өнімді
жаңарту дәрежесі.
3. Сыртқы ортаның қаржылық аспектісін сипаттайтын
көрсеткіштер: валюта тенденциясы; инфляция тенденциясы; баға
белгілеу тенденциясы.
Аталған көрсеткіштер кәсіпорынның
бәсекеге қабілетті стратегиясын салыстырмалы түрде
құруда өзара қарым-қатынасы мен даму
перспективасының жағдайын экономика-статистикалық бағалауға
мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның бәекелестік
жағдайындағы ұзақ мерзімді стратегиясы келесілерді
білдіреді:
а) экономикалық жағынан тиімді
стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталғын
ережелер мен әдістерді құру;
ә) алға қойылған
стратегиялық мақсаттарға жетуді басқару процесіне
қатысушылардың қызығушылығын оятатын
стратегиялық мақсаттарға жетудің ережелері мен
тәсілдерін ойлап табу.
Басқа сөздермен айтқанда,
ұзақ мерзімге бағытталған бәекелестік позицияны
нығайту стратегиясы кәсіпорынның алға
қойған мақсаттарына экономикалық әдістермен
және ресурстармен жету тиімділігін білдіреді.
Мақсаттарды таңдау кәсіпорынның
иелігіндегі белгілілі бір ресурстар жиынтығын сол мақсаттарға
жету үшін бағыттауын білдіреді. Бұл ресурстар шектеулі
болғандықтан, кәсіпорын қандай мақсаттарға
жету аталған ресурстарды пайдаланудың барынша нәтижелілігін
беретінін, яғни қандай мақсаттарға
кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін
арттыратындығын анықтауы қажет.
Стратегиялық мақсатты таңдау
әрқашан оның альтернативті құнын анықтаумен
байланысты болады, яғни сол мақсаттарға жету үшін неден
бас тарту қажеттігін қажет етеді.
Сурет –Кәсіпорынның
бәсекелестік стратегиясының элементтері /1/
Ұзақ мерзімді бәсекелестік стратегиясының мәні келесілерден
тұрады:
- біріншіден, трансакциялық шығындардың
қысқаруына алып келетін стратегиялық мақсаттарды
анықтайтан тәсілдерді таңдау;
- екіншіден, жалпылай алғанда
өндірістік және трансакциялық шығындардың
қысқаруына алып келетін стратегиялық мақсаттарды табу;
- үшіншіден, фирманың стратегиялық әлеуетінің
және «ұлттық ромб» детерминанттарының бірігіп
фирманың бәсекелік статусын барынша өсіруге алып келетін
мақсаттарды таңдауда болып табылады.
Стратегиялық трансакциялық
шығындардың көлемі көп жағдайда кәсіпорын
болашақта қызмет ететін сыртқы ортаның
тұрақсыздық деңгейіне тікелей байланысты болады.
Өз кезегінде сыртқы ортаның тұрақсыздық
деңгейі күтілетін жағдайлардың үйреншіктілігіне, өзгерістердің
күтілетін қарқынына, болашақты болжай алу
мүмкіндігіне қарай анықталады.
Ұзақ мерзімге арналған
бәсекелестік
стратегиясының қысқа мерзімді (ағымдағы)
кәсіпорынды басқарудан айырмашылықтарына тоқталып
өтейік. Бірінші айырмашылығы – бәсекелестік стратегиясын таңдау қандай да
бір шұғыл шешімді қабылдаумен шектелмейді. Негізінде
бұл процес орындалуы фирманың бәсекелік статусын және
бәсекеге қабілеттілігін барынша арттыратын жылпы бағыттарды
таңдаумен аяқталады.
Екінші ерекшелігі – оперативтік (тактикалық)
трансакцияларды таңдау мен жүзеге асырудағы үлкен
айырмашылықтар. Бәсекелестік стратегиясын құру
барысында нақты стратегиялық жобаны қалыптастырудағы
барлық мүмкіндіктерді көре білу мүмкін емес.
Үшінші ерекшелігі – бәсекелестік стратегиясын
қалыптастыруда кері байланыстың маңыздылығының
әлдеқайда артуы. Стратегиялық шешімдерді қабылдау
кезінде әрдайым жаңа баламалардың пайда болуына байланысты,
мақсатты түрде барынша тиімділігі жоғары шешімдерді іздестіру
жүргізіледі. Сонымен қатар, қандай да бір стратегиялық
трансакциялар туралы бұрынғыға қарағанда шынайы
әрі толығырақ ақпараттар табылады, сол себепті
алғашында бекітілген стратегиялық дамудың мақсаттары
қайта талқылауға түсуі мүмкін немесе мүлдем
алып тасталады.
Бәсекені қалыптастырып, тұрақты
ұстап тұру стратегиясының төртінші ерекшелігі –
тактикалық жоспарлауға қарағанда, стратегиялық
жоспарлау кезінде стратегиялық шешімдердің тиімділігінің
абсолютті деңгейін анықтау мүмкін болмайды. Сондықтан,
барынша тиімді шешімдерді таңдау үшін нәтижеліліктің
реттік іс-шараларына немесе «псевдоабсолюттік» көрсеткіштеріне
негізделеміз.
Сонымен, кәсіпорынның бәсекелестік
ортадағы стратегиясы –
ортақ жаһандық мақсатқа жетуге
бағытталған бір-бірімен байланысты жеке жлементтердің
жиынтығы болып табылады және ол мақсат - кәсіпорынның бәсекелік
басымдылығының жоғары деңгейін қалыптастыру
және ұстап тұруға бағытталған
/2/.Басқаша айтқанда, бұл
стратегияның түрі – кәсіпорынның бәсекелік
басымдылығын қамтамасыз етуге арналған жүйе. Жалпы
жүйе сияқты бәсекелестік стратегия экономикалық
біртұтастықтың, интеграцияланудың және т.б.
факторлардың ықпалында болады.
Кез келген кәсіпорын өзінің
бәсекеге қабілетті деңгейде
даму стратегиясын құру барысында өзінің
нарық сегментін және бәсекелестік саясатын ескеруі
қажет. Оған қоса экономикалық дамуды жоспарлау кезінде
кәсіпорын менеджерлері болашақтағы нарықта болатын
өзгерістерді, мүмкіндіктер мен қауіптерді дер кезінде
және асқан дәлдікпен болжай алу қабілетіне ие болуы
қажет.
Теориялық
аспектілерді қарастырғаннан кейін бұл мақалада осы
күнде Орта Азия төңірегіндегі ірі және жетекші фирма
«КАСПИЙ НЕФТЬ» мысалында оның даму стратегиясы
қарастырылады. «КАСПИЙ НЕФТЬ» Акционерлік қоғамы Қазақстанның Атырау
қаласында 2002 жылы құрылған,осылайша
Қазақстан Республикасында өз іс-әрекетін бастады/3/.
Бүгінгі
күні «КАСПИЙ НЕФТЬ» АҚ үш бағытпен жұмыс жасайды
және оның құрымына 11 дербес фирма енген, оларда
жұмыс істейтін барлық штаты 1300-ден артық адамдарды
қамтиды, яғни Түркияда, Қазақстанда,
Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстандағы
іс-әрекеттерін ескергенде.
«КАСПИЙ НЕФТЬ» компаниясының
негізгі қағидалары және жұмыстары өткізу сапасы
және өндірістегі сапасына өте көп көңіл
бөледі. Олар өздерінің сенімділігін, тауардың
сапалылығына сүйене отырып өз іс-әрекеттерін
ары-қарай жүргізіп, Орта азиядағы ең белсенді екендігін көрсетті.
«КАСПИЙ НЕФТЬ» компаниясы мынадай
басты принцптерді ұстанады:
1.
Жаңа идеаларды енгізу.
2. Командада еңбексүйгіштік және сенімділік.
3. Табысқа жетуде берік ниетте
болу.
4. Ауыстырылымы / жаңалықтар ашу.
5. Шындық / сенім.
6. Біліктілік және тәжірибеге көңіл бөлу.
7. Табысқа жететініне және көтерілетініне сену.
8. Компания ішінде
және басқа компаниялармен қолайлы байланыстарды сақтау.
Бұл
компанияның дамыған дистрибьюторлық және маркетингтік
желісі болғандықтан, және оның Еуропаның
басқа дамыған елдерінің жетекші кәсіпорындарымен
тікелей және келісілген тығыс өзара байланыстарының
арқасында, «КАСПИЙ НЕФТЬ» компаниясы көптеген тауарлардың
ассортиментін халыққа қолайлы және тиімді ұсына
алып елімізде тиімді және табысты қызмет етеді. Оның арқасында
көптеген қазақстандықтар жаңа жұмыс
орындарына ие болды, қазақ халқы сапалы және
жоғары деңгейдегі өнімдерге қол жеткізді, сонымен бірге
отандық экономиканың дамуына да елеулі септігін тигізеді.
Компанияның
негізгі өнімі-мұнай өнімдері болып табылатындықтан,
нарықтағы өзге де мұнай өндірушілердің
арасындағы өз позициясын ұзақ мерзімге бекіту
үшін оған өте көп еңбек ету керек және
стратегияларды жасақтау керек. Компанияның бәсекелестік
қабілетін көтеру жолдары келесілер:
-
өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе
кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;
-
өнімнің бағасын қалыптастыру
немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;
-
өнімнің тартымдылығын арттыру немесе
кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;
-
өнімнің бәсекелік қабілетін
қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау/4/.
«КАСПИЙ НЕФТЬ» компаниясының
әлемге танымал, көпжылдық жетік тәжірибесін
қазақстандық кәсіпорындардың көбісіне
үлгі ретінде алуға болады, себебі бұл компанияның
сәттілігі, тиімділігі, үлкен әлемдік нарықтардағы
қызмет етуі біздің еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына
қажет деп ойлаймыз. Қазақстандағы қазіргі даму
бағытының жаңа курсы – ол әлемдегі 30 жетекші
елдердің құрамына кіру, осыған орай Президент те
өзінің қазақ халқына соңгы жолдауында
«Қазақстан - 2050», еліміздегі шағын және орта
бизнестің роліне, маңызына аса үлкен назар аударады,
өйткені экономикалық қағидаға сүйенсек,
шағын және орта бизнес кез келген экономиканың негізгі
іргетасы болып табылады. Өз кезегінде, кәсіпорындардың
отандық экономиканың локомотивіне айналуы олардың аса тиімді
және бәсекеге қабілеттігі жоғары қызметіне
тікелей байланысты, ал мұның бәрі кәсіпорынның
құрған тиімді бәсекелік даму стратегиясына
тәуелді/5/.
Әдебиет:
1.Бердалиев К.Б.
Стратегиялық менеджмент: Оқулық. – Алматы.:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу
орындарының қауымдастығы, 2011 ж. -312 б.
2.Поделинская И.А., Бянкин М.В. Стратегическое планирование. Учебное
пособие. - Улан-Удэ: Изд-во ВСГТУ, 2005. – 55 с.
3.http://kaspii-neft.kz24.net/
4.Полищук Ю.М., Ященко И.Г. Анализ качества нефтей Евразии
// Транспорт и подготовка нефти. 2000. №.... с. 66-68
5.Р.Сармурзина, Ш.Хайдаргалиева Привлечение инвестиций в
нефтехимические проекты, Промышленность Казахстана, 2003-28с.