М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

Удасбекова А.М.

Менеджмент магистрі, аға оқытушы

Жамбыл облысының инвестициялық мүмкіндіктері

 

Аймақ шетелдік инвесторлар үшін көптеген инвестициялық мүмкіндіктер ашуда. Облыс территориясында Республикалық баланс қорындағы фосфориттің 71,9% (ТМД территориясындағы ең ірі қоры), плавикалық шпаттың 68% (плавикалық шпаттың қоры бойынша әлемде жетекші орындардың бірінде), кварциттің 65,1%, алтынның 8,8%, мыстың 3% , уранның 0,7% орналасқан. Азықтық және техникалық тұз қоры 10 млн. тоннаны құрайды.

Кварциттің 2 кен орны бар - Жаңатас (баланстық қоры 38 800 мың тоннаны құрайды) және Мақбел республикадағы ең ірі (137 040 мың тонна). Қордай ауданындағы Тымлай титан-магнетит кен орындары анықталған.

Қорғасын-мырыш минерализациясының келешегі бар кен орындары Шу-Іле ауданында анықталған. Мыс кенін өндіру Шу ауданындағы Шатыркөл полиметалл кен орнында жүргізіліп жатыр. Өнеркәсіптік қызығушылықты Сарысу ауданындағы қоры 10 млн. тонна азықтық және техникалық тұз кен орындары құрайды.

Оның территориясында Шу – Сарысу ойпатының шеңберінде табиғи газдың бірнеше кен орындары барланған. Облыс республикада жерасты суларының барланған  қоры бойынша 3 орын алады. Бекіітілген эксплуатациялық қоры 4 520,94 тәулігіне/куб.м. 40 кен орны анықталған.

Табиғи-климат жағдайы астық, техникалық, бақша, азық дақылдарын, көкөністі, жемісті өсіруге мүмкіндік береді. Табиғи жайылымдардың кең алқабы (3 308,7 мың га) мал шаруашылығын, қой шаруашылығын, жылқы табының дамуына қолайлы. Ауылшаруашылық алқаптар 10 489,6 мың га немесе облыстың жалпы жер алқабының  72,7 %  алып жатыр. Егін құрылымында негізгі алқаптарды астық және мал азықтық дақылдар (егінді алқаптың 80%) алып жатыр.

Жамбыл облысының тиімді географиялық жағдайын ескере отырып, Орта Азия мемлекеттерінен көлік легімен өтетін Қазақстанның Еуразиялық континенттің орталығында орналасуына байланысты жоғары транзиттік әлеуетке ие. Аймақтың транзиттік болашағы «ТРАСЕКА» халықаралық темір жол жобасы мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізін салу аясында едәуір артады, бұл халықаралық маңызы бар қуатты көлік торабын құру үшін қолайлы жағдай жасайды.

Жамбыл облысының қомақты шикізат және өнеркәсіп қуатымен қатар, шикізатқа бай Қазақстанның көрші аймақтары және шекаралас Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің жақындығы маңызды мәні бар.

 

 

Инновациялар

Отандық өнеркәсіптің бәсекелестігі мен өнімділігін жоғарлатуда табысқа жетудің айқындаушы факторы инновациялық қызмет болып табылады, отандық және шетелдің ғылыми-техникалық және технологиялық потенциалын қолдану және соның негізінде бәсекеге қабілетті өндірісті құру.

Инновациялық даму облысындағы саясаттың негізгі мақсаты иннновациялық жүйенің басты элементтерін: ғылыми потенциал, инновациялық инфрақұрылым, қаржы инфрақұрылымы, инновациялық кәсіпкерлікті құру және дамыту болып табылады.

2011 жылдың қорытындысы бойынша облысымыздың 401 кәсіпорнында инновациялық қызметі бойынша статистикалық байқау жүргізілді. Есепті мерзім ішінде 20 шаруашылық субъектілерінде  аяқталған технологиялық инновация болды (2010 жылы - 26 кәсіпорын). Өнімдік және процессорлық инновациялар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 10,2% құрады.

Инновациялық өнімнің көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 15,5 есе көбейп 11 251,8 млн. теңгені құрады, инновациялық сипаты бар қызмет 651,0 млн. теңгеге көрсетілді.

Аяқталған инновациялары бар кәсіпорындардың инновациялық қызметтін негізгі түрлері: жаңа технологиялар, коңдырғыны, материалдарды енгізу - 59,3%, ғылыми-зерттеу қызметі - 25,9 %, инновацияның басқа түрлері -14,8 % болып табылады.

Талдауға алынған мерзім ішінде технологиялық инновацияларға деген жалпы шығындар 11 444,4 млн. теңгені құрады (2010 жылы - 11 132,3 млн. теңге). Инновациялық жобаларға инвестиция салу бойынша негізгі үлес кәсіпорындардың жеке каржысына - 93,6%, жергілікті бюджетке - 0,3%, республикалық бюджетке - 6,0% тиеді.

Жүргізілген тексерудің мәліметі бойынша аяқталған технологиялық инновациялары бар кәсіпорындардың ең үлкен саны Тараз қ. (70,7%), Кордай ауданында (4,9%) қызмет етеді.

Жамбыл облысы әкімдігімен жергілікті инноваторлармен инновациялық жобаларды іске асыру барысында индустриальды инновациялық кызметті мемлекеттік қолдау инструменттерін насихаттау және оларды қолдану бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Инновациялық жобалардың потенциалды ұсынушыларына «Инновациялар 2020» бағдарламасы, «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ қызметі бойынша және т.б. консультациялар беріледі.

Сонымен қатар, 2012 жылдың тамызында «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы» КММ Жамбыл облысынан инновациялық жобалар бойынша 20 ұсыныс берушінің қатысуымен «Инновациялық форсаж» («Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ қатысуымен өткізілетін) республикалық конкурстің өткізілуін қамтамасыз етті. 

Кәсіпорындарды индустриальды-инновациялық даму облысында нормативтік-құқықтық құжаттарда өзгертулер мен толықтырулар бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үнемі хабардар ету ұйымдастырлған  (областық газеттердегі мақалалар, теле-радио-бағдарламалар).

Көптеген инновациялық жасалымдардың санына қарамастан, Жамбыл облысы қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін технопаркі жоқ, бұл аймақта инновациялық қызметтің олардың кейінгі іске асу барысына және даму қорытындыларына кері әсер етуде.

Жамбыл облысында инновациялық дамуға жағдайды жасау мақсатында «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы» КММ жәрдемімен «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті» РМКК негізінде технопарк құру бойынша жоба жоспарлауда. Аймақтық технопаркті құру бастапқы жобасы «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті» РМКК, АО «НК «Тараз» ӘКК» ҰҚ» АҚ, Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ қатысуларын қарастырады.

«Тараз» аймақтық технологиялық паркі инновациялық өнім өндіру мен қызмет көрсету, өнімді тұтынушылардың белсенді нарығын құру, сенімді әріптестері мен аймақтық және Республикалық ғылыми, өндірістік, қаржы және білім беру орталықтарымен кең өзара тиімді байланыстарды ұйымдастыруға бағдарланған болады.

Қазіргі уақытта инновациялық жасалымдар «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті», «Тараз инновациялық гуманитарлық университеті», «Су шаруашылығы ҚазҒЗИ» мекемелердің зерттеу және ғылыми лабораториялар негізінде және де жеке кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың өз күштерімен жүргізілуде.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.  «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты ҚР Президентінің халыққа жолдауы, Егемен Қазақстан, 6.03.2013

2. «Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына кіруі» атты ҚР Президентінің халыққа жолдауы, Егемен Қазақстан, 1.03.2014

3 Т.В. Алесинская, Л.Н. Дейнека, А.Н. Проклин, Л.В. Фоменко, А.В. Татарова и др.Антикризисное управление; Под общей ред. В.Е. Ланкина. - Таганрог: Изд-во ТРТУ, 2006.

4. Волков А.Е. Экономика предприятия М., «Экономика»  1999г.