Экономика негіздері  пәнін  түсіну білім беру мен оқу үшін бағалау  Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы,

Е.Б.Молдабеков

ҚжЭн мамадығы студенті Задагерей А.Б., Нагашыбаев А.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

 

Бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Бағалау – Оқуды тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Бұнда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, өйткені ол оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет.                             .
      Бұл жөнінде   «Бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін- өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады»(1.Александер, 2001).

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын білу және түсіну, практикада қолдана алу, талдай білу және теориясынан алған білімін жинақтай алуы мен бағалай білуі. Мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдерге сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдер алынды. Сабақ барысында жасалған « Құқық ұғымы мен  түсінігі  тақырыпта бағалау үшін табыс критерийлерін айқындау», «Формативті бағалау мен суммативті бағалаудың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындауға бағытталған «Венн диаграммасын» жасау жоспарланды, себебі мұғалімдердің пікірін тыңдау, ақпаратты салыстыру негізінде талдау, жинақтау дағдыларын қалыптастыруды мақсат . Әр тапсырма, жаттығу жұмыстарынан кейін формативті бағалаудың «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Бағалау сэндвичі», «Табыс критерийлері» түрлері негізге алынды.
   Әдетте «баға – жазалау құралы» деген ұғым бар, себебі кейде Оқытушы оқушыны оқуға мәжбүрлеу үшін осы әдісті қолдануы мүмкін екендігі белгілі. Мұндай баға топтың бағалау журналына түсіп, оқушының пәнге, оқытушға деген кері көзқарасын қалыптастыруы мүмкін. Тіпті оқушыға көтеріңкі баға қою арқылы баланың пәнге ықыласын арттыруға болатыны да белгілі, әрине бұл әдіс бір балаға қатысты үнемі қолданылғанда кері нәтиже беретіні сөзсіз. Оған қоса, оқытушы  мнен тек жақсы баға алу үшін ғана оқитын студентің қалыптасу қаупі болса, төмен баға алған балалардың «нашар баға» алуға үйреніп алуы сияқты жағдай орын алуы мүмкін.  

F:\ЕрекеНИШ\Кукык\Кукык\IMG-20151212-WA0102.jpg                      F:\ЕрекеНИШ\Кукык\Кукык\IMG-20151212-WA0108.jpg                       F:\ЕрекеНИШ\Кукык\Кукык\IMG-20151212-WA0104.jpg

Олай болса, бағаны қалай тиімді қолдануға болады? Бағалау арқылы қалайша оқушылардың оқуға, сабаққа деген қызығушылығын туғызуға, сабақты терең меңгертуге, пән бойынша білімін тереңдетуге болады? Бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай қолдануға болады? Осындай сұрақтар төңірегінде жауап іздей отырып, «Оқыту үшін бағалау дегеніміз не?» тақырыбында өткізілген сабақтың мақсатын Блум жүйесіне сүйене отырып, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын білу және түсіну, практикада қолдана алу, талдай білу және теориясынан алған білімін жинақтай алуы мен бағалай білуін меңгерту – деп айқындадым.
    Оқуды бағалау кезінде студенттер жұп болып, топ болып жұмыс істеп болғаннан соң, топта бір студент постерлердегі ойларын қорғап шығады. Содан соң оларға өзара бағалау, топтық бағалау жасауға тапсырма берілді.  Меніңше, өзін-өзі бағалау кезінде аздаған артық бағалау болған сияқты болып көрінді. Топтық бағалау жасауда дұрыс болды. Бағалау парағын тек өзім үшін қолдандым.

Жалпы бағалау кезінде мен студенттердің қойған бағалауын негізге алдым.

Студенттің бағалау парағы 

Пән: Азаматтық құқық

Оқытушы: Молдабеков ЕБ

Уақыты 8.30- 9.20

Дәріс  Сабағы аудитория  климаты

Аздаған қобалжулар мен шу болды

Оқушылардың қызығушылығы (мотивация)

Дәріс кезінде берілген тапсырмалар негізінде орындалған тапсырмалар бойынша қызығушылығы оянды деп толық айтуға болады.

Студентер белсенділігі

Топтық және жұптық жұмыс кезінде белсенділіктері артты.

Студентер бірлесе жұмыс жасауы

Бірлесе жұмыс жасау қызықты болды, кейбір студенттердің жұмыс кезінде аздап қобалжулары мен ынтасы болмағаны да байқалды.

Сабақ құрылымының жүйесі

 

Оқытушы мен студенттер қолданған әдіс-тәсілдер

Оқытушының  бағалау парағын және студенттер стикерлерге өз бағалауларын жасады.

Бағалау тәсілдерін қолдану

 

Блум таксономиясы бойынша

жоғары деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмаларды қолдану

Болды

Сабақтың нәтижелілігі туралы жалпылама пікір

Студенттер өз пікірлерін стикерлерге жазып қалдырды.

 

Мен сабақ кезінде кеткен кемшіліктерді болашақта түзетемін, себебі кейбір түрлерінде әдіс-тәсілдерді көптеп қолданып, бағалау жасау тәсілдері мен критерийлерін арттырамын деп ойлаймын.

Демек, бағалауға  нұсқаулықта былайша анықтама берілген: «Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі»

Сабақты (тапсырманы) бағалау кестесі

Критерийлер

Жоғары

Орта

Төмен

1.Студенттер үшін түсінікті болды ма?

+

 

 

2.Студенттер қалай жұмыс істеді?

+

 

 

3.Студенттердің көңіл-күйі қандай болды?

 

+

 

4.Студенттердің жаңашылдығы қандай болды?

 

+

 

5.Топтық жұмысты ұйымдастыруы қандай болды?

+

 

 

6.Шығармашылық деңгейі қандай болды?

       +

 

 

7.Ақпараттық құндылығы қандайболды?

 

+

 

8.Пайдасы қандай болды?

+

 

 

 

         Студенттер жұмысын бағалауда табыс критерийлерін дұрыс жасап алған жағдайда, олар өздерін де, өзді-өзін де, топты да бағалай алады деп айта аламыз.

         Дәріс барысында көптеген жұмыс түрлері орындалды, жұп болып та, топ болып та жұмыстар орындалды, постерлерге өз ойларын да сызып, ол жұмыстарды қорғады да, соңынан бағалау түрлері мен тәсілдері жасалды. Кері байланыс кезінде студенттер өз пікірлерін айтты. Ол екі жұлдыз, бір тілек түрінде де берілді.

Сөйтіп, бағалау оқу үдерісіндегі ең маңызды, қажетті шарт, онсыз сабақ жүрмейді деуге болады.

Сабақ барысында «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы өте сәтті шықты деп ойлаймын.

Оқуды тимді бағалау  және білім  беруүшін  үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. студенттердің білімін қалайша әрі қарай дамытып, олардың алдағы білім игеру әрекеттерінің деңгейін қалайша жақсартуға болатындығын білу, жоспарлау және студенттерді соған ынталандыру болса, бағалаудың маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар бағалаудың талаптары  (критерийлері) мен тәсілдерін белгілеуде студенттердің өздерін де қатыстыру керек деп есептеймін. Бағалау оның түрлері де көп, олардың да өз орындары мен қолданылатын жерлері бар екендігін өмір өзі дәлелдеп отыр, біздің бағалау бойынша тәжірибелеріміз бен осы курс барысында үйренеріміз көп болды.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Студентке арналған нұсқаулық. Бірінші басылым.www.cp.kz

 2. Әлімов. А.Қ.Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану.Оқу құралы.Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.2014.

3.Дьюи.Дж.Психология и педагогика мышления.М:Совершенство.1997.

4.Студентке арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері», ДББҰ,2015.