Магистрант Ескендирова А.Е., жетекші: э.ғ.к. Тлеужанова Д.А.

«Қаржы академиясы» АҚ, Астана қаласы

 

БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ

 

           Бюджетті жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдыкты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар  мен басқа да кірістердің  жылдық түсімін  анықтау және әр түрлі  деңгейдегі бюджеттер  арасында кірістерді дәйекті  бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың мағанасы  тиісті өкілетті органдардың  мемлекеттік бюджетке салықтар мен түсімдердің түсуін болжамдау , талдау  мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету , бюджеттік құралдарды тиімді  жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.

Бюджетті жоспарлау принциптері:

1)      сабақтастық принципі - бюджетті алдыңғы кезеңде негізге алынған орта мерзімді фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджетінің атқарылу нәтижелерін ескере отырып жоспарлау;

2)  басымдық принципі - бюджетті алдағы орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалык дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;

3)  негізділік принципі - бюджетті нормативтік құқыктық актілер және бюджет жобасына белгілі бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін айқындайтын басқа да құжаттар негізінде жоспарлау және олардың көлемдерінің негізділігі бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері болып табылады [1].

Орта мерзімді фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салык-бюджет саясатын, соның ішінде:

· мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамдық көрсеткіштерін;

· бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;

· республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асырудың тәсілдерін;

· бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;

· мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;

· ықтимал фискалдық тәуекелдерді айқындайтын құжат болып табылады.

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.

           Жергілікті атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.

           Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссия қабылдаған шешімдердің негізінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұскасын жасап, оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

              Алдағы қаржы жылына арналған республикалык бюджет жобасының
түпкілікті нұскасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.Алдағы қаржы жылына арналған республикалык бюджет туралы заңның жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазакстан Республикасының Үкіметіне карауға табыс етеді.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.

           Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.   Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құкылы, ол республикалық бюджетті Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткенге дейін қолданылады.

Алдағы қаржы жылының бірінші токсапыпа арналған республикалык қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоксанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасыиың төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.Кезекті каржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалыққаржылық жоспар бекітілген жағдайда, осы қаржы жылыпа арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс [2].

Келесі кестеден республикалық бюджеттің 2013-2015 жж. атқарылуын көруге болады (кесте 1).

Кестеден көргеніміздей, 2013 жылы бюджет кірістері 100,5 пайызға орындалды және 5152,7 млрд. теңге орнына 5179,5 млрд. теңге түсті. 2015 жылы да кірістер бойынша жоспар артығымен 105,7 пайызға орындалды. 2014 жылы жоспарланған 6034 млрд. теңге орнына 5908,8 млрд. теңге түстіғ яғни жоспар тек 97,9 пайызға орындалды. Жоспардың орындалмау себеі соңғы жылдары экспорттық шикізат ресурстарына бағалардың төмендеуі республикалық бюджет кірістерінің төмендеуіне себеп болды.

 

Кесте 1 – Республикалық бюджеттің 2013-2015 жж. орындалуына талдау, млрд. теңге

 

Көрсеткіштер

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

жоспар

нақты

жоспар

нақты

жоспар

нақты

1. Кірістер

5152,7

5179,5

6034,0

5908,8

5806,8

6137,0

2. Шығындар

5743,7

5700,8

6575,0

6471,2

6805,8

6789,8

3.Таза бюджеттіккредиттеу

40,8

38,2

46,6

39,5

77,4

78,0

4. Қаржы актив-теріменжасалын-ғаноперацияларбойынша сальдо

158,7

158,5

495,3

  479,5

181,3

  181,3

5. Бюджет тапшылығы

-790,6

-718,1

-1082,9

-1081,2

-1257,7

-912,1

6. Тапшылықтықаржыландыру

790,6

718,1

1082,9

1081,2

1257,7

912,1

 

       Республикалық бюджеттің негізгі көрстекіштерінің 2013-2015 жж. орындалуын келесі суреттен көруге болады (сурет 1). Егер кірістер бойынша жоспардың орындалуы тұрақсыз болса, республикалық бюджет шығындарына келетін болсақ, шығындар бойынша жоспар орындалуы 98,4 – 99,8 пайыз аралығында болып отыр. Бұл бюджет жүйесіне тән және көп жыл қайталанып жатқан мәселелердің бірі – бюджеттік қаражаттардың толық игерілмеу мәселесі [3].

 

Сурет 1 - Республикалық бюджеттің 2013-2015 жж. орындалуы, %

 

Осыған байланысты, бюджет кірістері мен шығындарының толық орындалмауы бюджеттік жоспарлау жүйесіндегі орын алатын мәселелерді ашып көрсетеді. Қазіргі таңда ішкі мәселелер  мен қатар, мысалы, болжау барысында ақпараттық жүйелердің кеңінен қолданылмауымен қатар, Қазақстан экономикасы сыртқы факторларға жоғары тәуекелді екенін көрсетеді. Және де қазір бүкіл әлемде болып жатқан дағдарыс салдары  бюджеттік жоспарлау мен болжауды жүз пайыз жүзеге асыруға мүмкіндік бермеуде.

 

Әдебиет тізімі:

1. 2008 жылдың 04 желтоқсанындағы ҚР Бюджеттік кодексі

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі 2009 жылғы 14 шілдедегі N 1062 Қаулысымен бекітілген  «Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу ережесі»

3. ҚР қаржы министрлігінің ресми сайты: http://www.minfin.gov.kz/