Білім беру саласындағы маркетингтің ерекшеліктері

 

Э.ғ.к., аға оқытушы Басшиева Ж.К.,Жанділдаева М.Ж. «Құқық және экономика негіздері» мамандығы 3курс студенті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Ақтөбе,

Адам дамуының ең маңызды факторларының бірі, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін сипаттайтын, жиынтық түрінде әр елдің біліктілігі мен зияткерлік әлеуетін, негізін құрайтын ол  ұлттың білім деңгейі болып табылады. Білім беру және табыс деңгейі арасында оң қарым-қатынас бар. Білім беру деңгейінің өсуі , жалпы қоғамның, адамның табысын, сондай-ақ, жалпы ішкі өнімді және ұлттық байлықты арттырады.
Нарықтық экономикаға көшу , мемлекеттік және муниципалдық басқару реформалау саласындағы өндірістік менеджмент, маркетинг, қаржы, банк ісі , логистика, жекешелендіру, айырбастау бизнес, бизнес, құқық мамандықтарын, біліктілік және іскерлік дағдыларын дамытуды талап етті. Сонымен қатар , ғылыми және технологиялық революция заңдары жаңа өнімділігі жоғары технологияларды өндіру, басқару, құру және іске асыру үшін мамандарды даярлау және қайта даярлау, тұрақты жаңартуды талап етеді. 
            Бұл жағдайда өзекті мәселе, білім беру қызметтерін көрсету саласына маркетинг принциптерін енгізу болып отыр. « Әлеуметтік маркетинг » терминін алғаш рет 1971 жылы ғылым практикасында Ф.Котлер енгізді. Маркетингтің бұл түрі әдетте белгілі бір әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу үшін бағытталған коммерциялық емес ұйымдардың қызметімен байланысты. « Коммерциялық емес ұйымдар » немесе « маркетингтік коммерциялық емес ұйымдар » термині ұйымның негізгі мақсаты ( бұл жағдайда университет ) пайда табуды емес, керісінше әлеуметтік әсерге қол жеткізуді көздейді дегенді білдіреді . Бұл үшін ұйым басты мақсатқа қол жеткізу үшін күш-жігерін қаржыландыруға, коммерциялық жобаларды қолға алуға бағытталған.
Маркетингтік қызметтің мақсатты нәтижесі – бұл қажеттіліктерді: тұлғаның – білімге; оқу орнының – дамуға және қызметкерлерінің игілігіне; фирмалардың – кадрлық әлеуетін өсіруге; қоғамның– зияткерлік әлеуетті ұлғаймалы ұдайы өндіруге деген қажеттіліктерін неғұрлым тиімді қанағаттандыру арқылы тиімділікке қол жеткізу. Нарықтық маркетингтік қатынастарының қатысушылары білім беру мекемелері, тұтынушылар (жеке тұлғалар, ұйымдар мен кәсіпорындар), делдалдар (еңбекпен қамту қызметтері, еңбек биржалары), мемлекет болып табылады [1,293-б.]. Білім беру халық шаруашылығының жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі ретінде маркетингтің ғылыми негіздерін дамыту үшін перспективалы сала болып табылады. Қазақстанның білім беру жүйесі кейінгі жылдары бірқатар өзгерістерді бастан кешірді. Білім беру саласында мемлекеттік монополия- дан бас тарту ақылы оқытуға көшу, қоғамдық өмір салтының өзгеруі білім берудің әртүрлі са- лалары мен деңгейлерінде көптеген мемлекеттік емес мекемелердің құрылуына алып келді. Экономиканы қайта құрылымдау, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыс істеу жағдайларының өзгеруі экономика мен басқару саласында білім беру қызметтерге сұраныстың өсуіне алып келді, олардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды өзгертті. Білім беру қызметтерді ұсынудың жаңа шартта- ры білім беру мекемелерінің барлық жұмысын қайта құру қажеттігін туындатты. Білім беру қызметтерге дифференциацияланған сұраныс пайда болды; білім беру қызметтер нарығының дамыған инфрақұрылымы қалыптасты; биліктің мемлекеттік органдары білім беру мекемелері үшін жеткілікті материалдық қолдауды қамтамасыз етуге шамасы келмей, олардың «аман қалу» мақсатында маркетингке жүгінуіне тура келіп отыр. Бұл жағдайда бәсекелестікті күресте марке- тинг құралдарын белсенді пайдаланатын ұйымдар ғана жетіп шыға алады. Мұндай жағдайларда белгілі бір бағдардағы, сападағы, көлемдегі білім беру қызметтерді ұсынатын, сондай-ақ басқа жоғары оқу орындарымен бәсекелесетін дербес субъект ретіндегі жоғары оқу орнының жұмыс істеу принциптерін салмақты түрде қайта пайым- дау жүріп жатыр. Жоғары мектепті басқаруға де- ген, оның тиімділігін көтеруге бағытталған жаңа көзқарастар қалыптасуда. Нарық қолданбалы мамандандырылған білімдерге белсенді жауап бе- руде. Жоғары білім болса, зияткерлік мәдениеттің негізін қалайтын, іргелі білімдерді қалыптастыруды мақсат тұтады. Міне сондықтан да, студенттің конъюнктураға қарай арнайы білімдермен «аяғына дейін құрылатын» іргелі білімдер базисін алуы им- перативке айналып отыр. Білім беру мекемесінің мақсатты нарығы – бұл білім беру қызметтерге ұқсас мұқтаждықтары бар адамдардың жиынтығымен, жеткілікті ресурстарымен, сондай-ақ осы қызметтерді алу мүмкіндіктерімен анықталатын әлеуетті нарық.      
Қазіргі білім беру нарығындағы бәсекелестік деңгейінің жоғарылығы сонша, жақсы жұмыс істеуі үшін білім мекемелері өз бәсекелестеріне көңіл ауда- рулары тиіс. Сондықтан да нарықты сегменттеудің тағы бір типі, соңғы нәтижесінде бәсекелестер ұсынып отырған білім беру қызметі неліктен сұранысқа ие екендігін анықтауға мүмкіндік беретін, негізгі бәсекелестер бойынша сегменттеу болып табылады. Ф. Котлер бәсекелестіктің төрт деңгейін бөліп көрсетеді: сауда маркаларының бәсекелестігі, салалық бәсекелестік, формальді бәсекелестік, жалпы бәсекелестік. Бәсекелестерді анықтауға білім беру қызметтерінің тұтынушылары бойын- ша сегменттеу мен қызметтің өзінің өлшемдері бойынша сегменттеуді біріктіруге негізделген нарыққа талдау жасауға көмектеседі. Нарықты егжей-тегжейлі талдаған және әрбір бәсекелестің «ықпалдылық саласын» анықтаған соң, олардың нарықтағы бәсекелестікті жағдайын, яғни олардың «қоғамдағы салмағын» бағалау қажет. Бұл жағдайда көмекке түрлі-түрлі рейтингтер келеді, солардың ішінен мақсатты тұтынушылар өздері үшін жоғары оқу орнының жағдайы мен тартымдылығы туралы біледі. Маркетингке қатысты неғұрлым «пысық» білім беру мекемелері, өз бәсекелестерінің күшті және әлсіз жақтарына баға бере отырып, білім беру мекемесінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау парақтарын өз беттерінше қалыптастыра алады.