Экономические науки/6. Маркетинг и менеджмент

 

Смагулова Ж.Б.

Қорқыт Ата атындағы Ұызылорда мемлекеттік университеті

Маркетингтегі тауар қозғалысы

 

Маркетингтегі тауар қозғалысы деп тауарды сатылу орнына нақты белгіленген уақытта жəне сатып алушыларға барынша жоғары дəрежеде қызмет көрсетумен жеткізуді қамтамасыз ететін жүйені айтады. Шетелдік авторлар тауар  қозғалысын  жоспарлау  дегенді  тасымалдауды,  сақтауды, келісім жасауды қосқанда, тауар мен қызметтің өндірушіден тұтынушыға физикалық көшуі мен оған меншіктің берілуіне қатысты жүйелі түрде шешім қабылдау деп түсінеді.

Көптеген  өнімдер  мен  қызметтерге  қатысты  тауар қозғалысы қызметін осы үшін жауапкершілік жүктелген өткізу арналарының қатысушыларының бірі орындауға тиісті. Өткізу  арналарының  қатысушылары  маркетингтік  зерттеулерде шешуші рөл атқара алады. Олар нарыққа жақын болғандықтан, тұтынушылардың сипаттамалары мен мұқтаждықтарын жақсы біледі. Сатып алу шарттары өзгеруі мүмкін. Кейбір жағдайларда өткізу арналарының қатысушылары өнімге оны алғаннан кейін төлейді; кейбір жағдайларда өнімді консигнация шартымен алып, сатуға дейін төлемейді. Төлем қолма-қол ақшамен бірден жүзеге асырылуы да, 60 күннен немесе одан да көп уақыттан кейін төленуі де мүмкін. Егер делдал өндірушіге тауардың ақшасын ол қайта сатылғанған дейін төлемесе, өндіруші ақшаның түсімі кезіндегі қиындықтарға, өнімнің біраз бөлігін қайтару, өнімнің ескіруі, бұзылуы жағдайына, бөлшек жəне көтерме саудамен жасалатын көптеген келісімдерге, тұтынушыларға сату көлемінің төмендеуіне тап болуы мүмкін.

Əдетте  өндірушілер  тауар  қозғалысы  үшін  жауапкершілікті бөлу кезінде бүкіл ел аумағында жарнамалауды өз мойнына алады. Көтерме саудагерлер бөлшек сауда қызметкерлерін ынталандырып, үйретеді жəне өнімнің жергілікті жерлердегі бөлшек саудагерлердің арасындағы қозғалысын үйлестіруге көмектеседі. Бөлшек сауда жергілікті жарнаманы, дербес сатылымды, ерекше іс-шараларды жүзеге асырады. Тұтынушыларға қызмет көрсетуді өткізу арналарының бір немесе бірнеше қатысушылары орындауы мүмкін. Тауар  қозғалысының  арналары  өнімді  əртүрлі  əдістермен жоспарлауға қатысады. Олар қазіргі жəне жаңа тауарлар бойынша кеңестер  береді.  Сынау  маркетингі  олардың  ынтымақтастығын талап етеді. Ең соңғысы, делдалдар бəсекелестердің өнімдерімен салыстыра отырып, өнімнің нарықтағы орнын анықтауға, сондай-ақ қандай тауарларды өткізуді тоқтату керектігін білуге көмектеседі. Олар əдетте баға қалыптастыру бойынша шешім қабылдауға қатты əсер етеді. Өздеріне талап етілетін үстемені анықтайды жəне

өнімге бағаны өздері қойғанды дұрыс көреді.

Өткізу арналары жинау, тарату, іріктеуден тұратын сұрыптау үрдісіне қатысып, өндірушіге өнімін сатуға көмектесе алады жəне өндіруші мен соңғы тұтынушының  мақсаттарының арасындағы айырмашылықтарды  еңсереді.  Жинау - үнемді  тасымалдау үшін түрлі өндірушілерден шағын партияларды жинау бойынша көтерме  қызмет.  Тарату - өнімнің  əртүрлі  тұтынушылық

нарықтарға  бағытталуымен  байланысты  көтерме-бөлшек  сауда қызметі. Іріктеу - тұтынушылардың əртүрлі маркалар, бағалар мен үлгілерді таңдауға мүмкіндік алуына бағытталған, өнімнің ауқымды ассортиментін жасау бойынша бөлшек сауда қызметі.

Тауар қозғалысының қызмет көрсету деңгейі келесі факторларға байланысты:

-           тапсырыстың орындалу жылдамдығына (тапсырысты жөнелту уақыты мен тауарды алғанға дейінгі уақыт);

-           арнайы тапсырыс бойынша тауарды жылдам жеткізу мүмкіндігі; 

-           егер тауардан ақау табылса, жеткізілген тауарды кері қабылдауға жəне тауарды сапалы тауарға алмастыруға дайын болу;

-           сатып  алушының  қалауы  бойынша  жүкті  тиеудің  түрлі партиялығын (бір  көлік  орны  ретінде  қарастырылатын  өнімнің орауыштағы саны) қамтамасыз ету;

-           көліктің анағұрлым сəйкес келетін түрін пайдалана білу; 

-           қызмет көрсетудің жоғары дəрежеде тиімділігі;

-           жақсы жолға қойылған қойма торабы;

-           өндірістен алынып тасталған тауарларды қосқанда, номенклатурадағы барлық тауарлардың қосалқы бөлшектерінің болуы;

-           тауар қозғалысының сатып алушыларға қызмет көрсетілетін баға деңгейі.

Тауар қозғалысы қызметінің жұмыс тиімділігін бақылау үшін жалпы шығындар формуласы пайдаланылады [1]:

D = T + F + W + S

(1)

Мұндағы:  D - тауар қозғалысындағы шығын сомасы; T - көлік шығындары; F - тұрақты қойма шығындары; W - айнымалы қойма шығындары; S - кепілдендірілген мерзімде орындалмаған тапсырыс құны.

Тауар  қозғалысы  жүйесіне  маркетингтің  ішкі  жəне  сыртқы ортасына қатысты келесі элементтер жатады. Ішкі орта элементтеріне:

-           сатып алушылардан алынған тапсырыстарды өңдеу;

-           сыртқы жабдықтаушылардан жəне фирмалардың қоймаларына қосалқы бөлшек ретінде жөнелтілетін бұйымдарды бақылау;

-           сатып  алушылардың  тапсырыстары  бойынша  тауар  партияларын іріктеу, көлік тұрғысынан партияларды үйлесімді қалыптастыру;

-           тауарды көлік қызметінің талабына сəйкес орау;

-           кеден құжаттарын ресімдеу жəне сақтандыру;

-           тиеу жəне жүк қозғалысын бақылау.

Сыртқы орта элементтеріне мыналар жатады: тасымалдауды  қамтамасыз  ететін  фирмалар (тасымалдаушылар); делдалдар жəне олардың қоймалары; өткізу торабы (дүкендер).

Литература:

1.  А.Б.Рахимбаев. Маркетинг теориясы және практикасы. Оқу құралы.Алматы, 2009.

2.  Голова, А.Г. Управление продажами : учебник- М.: Дашков и К, 2013. - 277 с.

3.  Маркетинг. Учебник для студентов бакалавриата. под ред. И. В. Липсица. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012