ГОСУДАРСТВЕННОЕ  УПРАВЛЕНИЕ/3.Взаимодействие разных ветвей власти.

 

Қ.С. Айнабек, Д.Ж. Рахимбаева

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

 

Мақалада əлеуметтік маңызы бар жобаларды бірлесіп іске асыру жолдары арқылы, экономикалық және əлеуметтік мақсаттарға жетуге бағытталған мемлекет əріптестігі мен бизнес механизміне қызметі қарастырылады. Осы позицияда шетелдік тәжірибе есеп алына отырып. Қазақстанда мемлекеттік жеке меншік əріптестігінің даму деңгейі мен жағдайын бағалау сараптама жүргізілді. МЖƏ тиімді қолдануға қажетті талаптар анықталып, бағыттар таңдалып, шаралар ұсынылады.

Кілетті сөздер: мемлекеттік жеке меншік əріптестік, МЖӘ негізгі қағидалар, концессиялық жоба, мемлекет, кәсіпкерлік, жобалар.

FEATURES OF PUBLIC-PRIVATE PARTNERSHIP IN KAZAKHSTAN

This article discusses the mechanism of partnership between government and business, which is aimed at achieving economic and social goals through the joint implementation of socially significant projects. From this perspective, and taking into account international experience performed the analysis and assessment of the status and level of development of PPP in Kazakhstan. The conditions determined by the direction and proposed the measures necessary for the success of the PPP, as well as to further improve the terms of this mechanism in the future.

Keywords: public-private partnerships, socially important projects, the redistribution of costs, risk sharing, the use of PPPs.

Негізгі мәселе. Қазіргі таңда əлеуметтік жəне инженерлік инфрақұрылымдық жаңаруымен байланысты мәселелер айтарлықтай көп: тұрғын үй коммуналдық шаруашылық модернизациясы, жол жүйесінің дамуы т.б.

Ол мәселелерді жеке қаражатсыз, тек мемлекеттік немесе жергілікті бюджетті ғана қолданып шешу мүмкін емес. Əлемдік тəжірбиеде қоғамдық инфрақұрылымды дамыту жəне оларды басқару мақсатында жеке компанияларды өзіне тарту үшін. МЖƏ механизмі кең қолданылады [1].

МЖƏ термині XXғ. 90-шы жылдарында пайда болды. Мемлекеттің жеке структураларымен өзара қарым-қатынасы британдық моделімен тікелей байланысты. 1992 жылы Д. Мейджора үкіметі жеке қаражаттың бастамасын жариялады. Ол мемлекет меншігін басқаруда модернизацияланған концепцияны көздеді.

 PFI негізгі, мемлекеттік жеке меншік əріптестік жайындағы келісім мен келісім шарттар аясында, мемлекет меншігінде орналасқан әлеуметтік- мәдени объектілердің және кәсіби инфрақұрылымды қаржыландыру міндеттерін жеке секторларға беру (құрылыс, реконструкция, эксплуатация, басқару т.б.)

Аталған мемлекеттік басқару жүйесінің өзгеруі Ұлыбританияда институционалданған ортаға және жеке кәсіпкерлік пен мемлекеттік аппараттың өзара қарым-қатынасына айтарлықтай өзгеріс енгізді [2].

Осы тақырыпқа назардың күшеюі былай түсіндірелді - мемлекеттік жеке меншік əріптестік жеке меншік және мемлекеттік секторларға ресурстарының бірігуі, көптеген инновациялық, әлеуметтік, экологиялық міндеттерді шешуге көмегін тигізеді.

Негізінде мемлекеттік жеке меншік əріптестік көлік сферасында, телекоммуникация, энергетика, ауылшаруашылық және коммуналды шаруашылықта, білім беру мен денсаулық сақтау т.б. инфрақұрылым және әлеуметтік салаларда кеңінен қолданыс тапты. Бұл альянстың тиімділігі қаржы ресурстарының бірігуімен қатар бірлескен қаржыландыру ғана емес, сонымен қатар жобаға қатысушы әр екі жақтың мүмкіндіктерін толық максималды пайдалану [3].

Мемлекеттік жеке меншік əріптестік идеясы негізінде аралас экономика теориясы жатыр, бірақ мемлекет пен жеке капиталдың өзара қарым-қатынасын мемлекеттік жеке меншік əріптестікке қатыстыруға болмайды. Кәсіпкерлік мемлекет орындаған дәстүрлі функцияларын орындау критериі болуы мүмкін. Инфрақұрылымды (кәсіптік, көлік, әлеуметтік) қолдау және дамыту – ең көп таралған мысал.

Мемлекеттік жеке меншік əріптестіктің заңды түрде құрудың қазіргі уақытта біріңғай нұсқасы жоқ. Кейбір дамыған елдерде, мемлекеттік жеке меншік əріптестіктің даму деңгейі бойынша көшбасшы танылған елдерде нақты бір заң жоқ. Ал, оның негізгі принциптері азаматтық құқықтың түрлі заңды актілері мен нормаларына кіріктірілген. Мысал ретәнде: Франция, Англия, Япония, Австрия мемлекеттері. Басқа мемлекеттерде мемлекеттік жеке меншік əріптестік жайында жеке заңдар қабылданған. Мұндай жағдай Германия, Бразилия, Греция, Египет, Англия және Шығыс Еуропада орын алды. Бұрынғы СССР Совет одағы мемлекеттері арасында мемлекеттік жеке меншік əріптестік туралы заң Украина, Молдава, Қырғыстанда қабылданған. Басқа мемлекеттерде мемлекеттік жеке меншік əріптестіктің түрлі формаларын бағыттайтын жеке актілер бар [4]. Әр мемлекетте мемлекеттік жеке меншік əріптестіктің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамудағы үлесі түрліше бағаланады.

Соңғы зерттеулер мен жарияланымдар сараптамасы. Заманауи экономикада мемлекеттің рөлі сараптамасына көп жұмыстар арналған, соның ішінен  батыс ғалымдарының еңбектерін атап көрсетуге болады: Э.Аткинсон, Д.Стиглиц, Г.Таллока, И.Шихат. Мемлекеттік жеке меншік əріптестігінің түрлі аспектілері және оның қалыптасу процесі мен қызмет ету технологиясын шетелдік ғалымдар айтарлықтай терең зерттеуде. Оның ішінде: Т.Барнекова, Р.Бойл, Л.Джезируски, М.Б.Джеррард, С. Китадзима, Ф. Кук, Д.Рич-тің еңбектері ерекшеленеді.

Мемлекет, Үкімет және кәсіпкерліктің өзара қарым-қатынастарының түрлі аспектілерін қарастыруға жақын шет елдердің ғалымдары зерттеулері арналған: М.Н.Афанасьева, С.Ю. Глазьева, Г.В.Горланова, Г.А.Дробота, С.С. Евтюхов және тағы басқалары [4].

Қазақстан мамандары мен ғалымдары Мадиярова Э.С. [9], Матаева Т.М., Тайжанова Ж.А., еңбектерінде мемлекеттік жеке меншік əріптестікті мемлекеттік өмір қызметінің түрлі салаларында пайдаланудың тиімділігі мәселесі айқындалған.

Жалпы мәселенің бұрын шешілмеген бөлімдері. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі, нақты үлесін, жағдайын бағалау үшін, шет елдің тәжірбиесіне сай келетін Қазақстандағы мемлекеттік жеке меншік əріптестік көрсеткіштер сараптамасының салыстырмалы динамикасын қолданамыз. Мемлекеттік жеке меншік əріптестік экономикалық категория ретінде инвестицияның жаңа құрылымы, өз спецификалық ерекшеліктері бар, инновациялық экономикамен тығыз байланысты. Инвестициясыз инновацияны іске асыру мүмкін емес, ал инновациясыз мемлекеттік жеке меншік əріптестікті дамытудың қажеті шамалы, осымен толық сәйкестікте мемлекеттік жеке меншік əріптестік нарық жүйесінде құрылудың өз ерекшеліктерін, өзара қарым-қатынастың механизмін, өз формасы мен принциптері бар. Әр мемлекетте мемлекеттік жеке меншік əріптестікті даму деңгейі мен бағыты әр түрлі, ал әлемнің көп мемлекеттерінде мемлекеттік жеке меншік əріптестіктің механизмінің қалыптасуы мен енгізу процесі жүріп жатыр. Осының негізінде мемлекеттік жеке меншік əріптестіктің дамуы 3 кезеңге бөлінеді: 1 кезең – дайындық: мемлекеттік жеке меншік əріптестік бағытында мемлекеттік саясатты қалыптастыру; заңдылық сараптамасы; мемлекеттік жеке меншік əріптестікті қолдану үшін алғышарттар сараптамасы; заңның құрылуы; мемлекеттік жеке меншік əріптестік сұрақтары бойынша арнайы ұйым құру. 2 кезең – енгізу: мемлекеттік жеке меншік əріптестікті қолдану аясын кеңейту; жобаны қаржыланжырудың жаңа көздерін іздеу; мемлекеттік жеке меншік əріптестіктің толық жүйесін қалыптастыру; заңдылық барьерлерді болдырмау; 3 кезең – жетілдіру; әдістемелік нұсқаулықтар мен басшылықтар құрастыру; мемлекеттік жеке меншік əріптестікті іске асыру модельдерін жақсарту; мемлекеттік жеке меншік əріптестік жобаларды іске асыру модельдерін ары қарай жетілуі; мемлекеттік жеке меншік əріптестік сұрақтары бойынша біліктілігін жоғары мемлекет қызметкерлері [5].

Зерттеу мақсаты. Зерттеудің мақсаты маңызды ғылыми міндеттерді шешудің жаңа жолдарын іздеу және дәлелдеуден құралады. Қазақстанда мемлекеттік жеке меншік əріптестік іске асыруда механизмді түзету әлеуметтік – экономикалық форма құруда маңызы зор.

Зерттеудің негізгі көрсеткіштері. Қазақстандағы мемлекеттік жеке меншік əріптестігінің даму деңгейін және механизмі жағдайын қарастырамыз. Жұмысты және оның бірінші кезеңін іске асыру. Мемлекеттік жеке меншік əріптестік бағытында мемлекеттік саясатты әзірлеуден басталды. Ол біздің мемлекетте  Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтыі Қазақстан халықтарына жолдауларында базаланып жур. Республика Президенті бұл жолдауларда, мемлекеттік жеке меншік əріптестігінің еліміздегі потенциялын атап айтып, оның әрі қарай дамуына нұсқаулар жасайды. МЖӘ концепциясына «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарына индустрияланған-инновациялық дамуы форсирленген мемлекеттік бағдарламасы» тапсырмалары бағытталған [6].

Қазақстан Республикасының 29 қаңтар 2010 жылы Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық саты – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» іске асыру үшін Үкімет қаулысымен 29 маусым 2011 жылы «Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылдарға[8] МЖӘ дамыту бойынша бағдарлама» қабылданды. Құжат ҚР-да МЖӘ механизмін қолдану арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін, заңды және институттық негізін құрауға мақсатталған. Осы мақсатқа жету үшін, міндеттер тізбегі қойылды: - МЖӘ саласында заңның жақсаруы; МЖӘ негізінде жобаларды тиімді жоспарлау, басұару және дайындықпен іске асыру процесін дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Халыққа қызмет көрсету сапасы бойынша, жобаның тиімділігін бағалау критерийлерін құру. МЖӘ саласында мамандардың біліктілігін арттыруын және дайындықтарын қамтамасыз ету[7].

ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халықтарына жолдауында «әлеуметтік – экономикалық модернизация – Қазақстан дамуының негізгі векторы» 27 қаңтар 2012жыл мемлекет пен бизнес және ғылымның өзара байланысында инновациялық потенциалдв күшейту қажеттілігі айтылады. Бұл үшін Үкіметке МЖӘ жаңа түрлерін енгізуді қажет ететін жаңа заң жобасын құру тапсырылды.

ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың 11 қараша 2014 жылы «Нұрлы жол – болашаққа жол» жолдауында Қазақстанның 2015-2020 жылдарға Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты туралы жарияланды [6]. Ол контрациклді түрде болады және экономикада салалық реформаның жалғасуына бағытталады. Жаңа экономикалық саясаттың негізі болып, инфрақұрылымның даму жоспары жатады. Ол 5 жылға жоспарланған, екінші ПФИИР-дің бесжылдығымен сәйкес келеді, онда жүзден астам шет елдік компаниялар қатыспақшы. Жалпы қаржыландыру 6 триллион теңгені құрайды, мемлекет үшін 15 пайыз, ол МЖӘ жаңа түрлерін енгізуге кең мүмкіндіктер ашады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік әріптестік бойынша нормативтік – құқықтық база және унифицирленген терминдердің біріңғай жиынтығы құрылуда. ҚР МЖӘ – дамыту бағдарламасында аталғандай МЖӘ меанизмін тиімді қолданудың бірінші қадамы мемлекеттік – құқықтық қалыптасуы болуы қажет. Мемлекет ең жоғарғы деңгейде мойындауы тиіс: әріптестік формасында серіктестікке тиімді экономикалық форма деп біледі, таңдалған парадигманың дұрыстығын дәлелдеп, түрлі экономикалық келеңсіздіктерді болдырмау. Мемлекет МЖӘ салаларын, олардың жобаларды іске асыруда жетекке алатын мақсаттарын нақты анықтауы қажет.

Қазақстанда МЖӘ реттейтін алғашқы құқықтық негіз инвестерлерге жалғыз құрал ұсынды. Ол-концессия. Осы мақсатпен 1991 жылдың 23 желтоқсанында «Концессия жайында» ҚР Заңы қабылданды. Ол заң ҚР территориясындағы шет елдік инвесторларына объектіні концессияға ұсынуының құқықтық экономикалық, ұйымдастырушылық шарттарын реттеді.

Концессия – шет елдік заңды немесе жеке тұлғаға – концессионерге мүлікті, жерді, табиғи ресурстарды жалға беру деп қарастырылады. Концессия жалға беру келісім шарты немесе мүлікті жалдау призмасы арқылы анықталып отырады.

«Концессия» қатынастары қарастырылған алғашқы келісім-шарттарға келесілер жатқызылады:

- өнімді бөлу жайлы келісім (ӨБК) негізінде «Теңіз» және «Қарашығанақ» кен орындарын жалғаға беру;

- Қазақстанның «Интергаз Орталық Азия» АҚ газ-көлік жүйесін басқаруға және Шүлбі, Өскемен және Бұқтырма гидроэлектр станцияларын (ГЭС) концессияға беру;

- «Шар-Өскемен» теміржол желісінің құрылысы мен «Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» электр беру желісінің құрылысы [5].

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мемлекеттік активтермен басқару элементі ретінде қарастырылған. Осы өзара қарым қатынасты реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілері ретінде 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жекешелендіру туралы», 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы», 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары болған.   

Екінші кезең (2006-2010жж.) - 2006 жылы «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданғаннан кейін концессия тетіктерін пайдаланумен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін кең құқықтық алаң қалыптастырылды. Ол, өз кезегінде, «Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және іріктеу мен концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережелерін бекіту туралы», «Концессионерді мемлекеттік қолдау құнын бағалау әдістемесін бекіту туралы», «Жасалған концессия шарттарының және берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы», «Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның үлгі шартын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулыларын қамтыды. Мемлекет пен бизнес ынтымақтастығының жекелеген мәселелері жер, салық және бюджет заңнамаларында көрініс тапты.   

Жаңа Заң мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің әрекет етуші тәжірибесін бекітіп, оған қосымша ретінде мемлекетке қолайлы пункттерді қосты. Осылайша, «мемлекеттік-жеке меншік әріптестік» термині құқықтық категория ретінде емес, шаруашылық-басқарушылық мағынада қарастырылатын болды. Ол мемлекеттік органдар тұлғасында мемлекет пен шаруашылық субъектілерінің келісім-шарт негізіндегі ынтымақтастығы ретінде анықталды.

Аталмыш Заң қабылданғаннан кейін экономиканың көлік және энергетикалық секторларында бірқатар келісім-шарттар жасалды:

- «ATM Grup Uluslararasi Havalimani Yapim Yatirim ve Isletme Ltd.Sti.» бірлесе отырып, Ақтау әуежайының жолаушылар терминалы;

- «Қандыағаш ГТЭС» АҚ-мен бірлесіп Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласындағы газ турбиналық электр станциясының құрылымы;

- «Астана-АРЭК» ЖШС-мен бірлесіп Ералы-Құрық теміржол учаскесінің құрылысы;

- «ENRC Logistics» ЖШС-мен бірлесіп Қорғас-Жетіген теміржол учаскесінің құрылысы;

- «Nurzhol Energy» ЖШС-мен бірлесіп Мақат-Қандыағаш теміржол учаскесінің электрлендірілуі [7].

Осыдан Қазақстанда түрлі мемлекеттік объектілердің жасалған келісім-шарттар негізінде мүліктік жалғада немесе сенімді басқаруда екенін байқауға болады, себебі аталмыш Заң және сәйкес құқықтық алаң жеке меншік инвестор мен мемлекет ынтымақтастығының барлық формаларын қамтымайды. Бұл, өз кезегінде, МЖӘ құқықтық алаңы ретінде аталған нормативтік актілердің неғұрлым кең пайдаланылуына кедергі болады.

Үшінші кезең (2011 жылдан бастап) - «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық даму – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында 2011 жылғы 29 маусымдағы № 731 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту бойынша Бағдарлама қабылданды. Аталған құжат Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдаланумен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін құқықтық және институционалды негіз қалыптастыруға бағдарланды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бағдарламада бірқатар міндеттер алға шығарылды:

- МЖӘ саласындағы заңнаманы жетілдіру;

- МЖӘ негізінде жобаларды дайындау және іске асыру үдерістерін тиімді жоспарлау мен басқару жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

- халыққа қызмет көрсетудің сапасы арқылы жобаны

- іске асыру тиімділігін бағалау өлшемдерін белгілеу;

- МЖӘ саласында мамандар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет, бизнес және ғылымның өзара әрекеттестігінің инновациялық әлеуетін күшейту қажеттілігіне айрықша назар аударылған. Ол үшін Үкіметке мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа формаларының енгізілуін қарастыратын заң жобасын әзірлеу тапсырылды.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тұжырымдамасына «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» (ҮИИДБ-2) жүзеге асыру бойынша тапсырмалары да бағдарланған болатын.

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашасындағы Қазақстан халқына Жолдауында 2015-2020 жылдарға арналған Қазақстанның Жаңа экономикалық саясаты жарияланды. Ол контрциклдық сипатқа ие болып, экономикадағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталатын болады. Жаңа экономикалық саясаттың негізі – 5 жылға арналған және ҮИИДБ-ң екінші бесжылдығымен сәйкес келетін инфрақұрылымдық даму Жоспары. Оған 100-ден астам шетелдік компаниялардың қатысу ниеті бар. Жалпы инвестициялық портфель 6 триллион теңге (30 млрд.-тан астам АҚШ доллары), мемлекеттің үлесі - 15 пайыз, бұл, өз кезегінде, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа формаларын енгізуге мүмкіндік береді [9].

Бүгіндері Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша терминдер мен нормативті-құқықтық базаның унификацияланған жиынтығы қалыптасуда. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту Бағдарламасында былай делінген: МЖӘ тетігін тиімді қолданудың бастапқы қадамы – аталмыш құбылыстың мемлекеттік-құқықтық рәсімделуі. Осы тұрғыдан мемлекет мойындауы тиіс:

- әріптестік формасында ынтымақтасуға дайындығын;

- түрлі экономикалық мектептер арасындағы келіспеушілікті жойып және таңдалған парадигманың дұрыстығын қолдай отырып, тиімді экономикалық форманың әріптестігін;

- мемлекет МЖӘ салалары мен аталмыш саладағы жобаларды іске асырудағы мақсаттарын нақты анықтауы тиіс.

Кең мағынада экономика мен мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің негізгі формаларына келесілер жатқызылады:

- мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесуінің кез-келген өзара тиімді формалары;

- мемлекеттік келісім-шарттар;

- жалғалық қатынастар;

- қаржылық жалға (лизинг);

- мемлекеттік-жеке меншік кәсіпорындар;

- өнімді бөлу жайлы келісімдер (ӨБК);

- концессиялық келісімдер.

Жалпы, әлемде МЖӘ 7 негізгі түрлерін бөліп қарастырады, олардың ішінде Қазақстанда «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V Заңымен әзірше оның келесідей формалары қарастырылған (кесте 1).

 

Кесте 1

ҚР заңнамасында әрекет етуші МЖӘ формалары

МЖӘ формалары

Әрекет етуші заңнамадағы мәні

Институционалдық 

Институционалдық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiкті мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шартына сәйкес мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк компаниясы iске асырады.

Өзге жағдайларда мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк келісімшарттық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк тәсілі бойынша жүзеге асырылады

Келісім-шарттық 

- концессия;

- мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару;

- мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу);

- лизинг;

- технологиялар әзірлеуге, тәжірибелік үлгі дайындауға, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынауға және аз сериялы өндіріске жасалатын шарттар;

- өмірлік цикл келісімшарты;

- сервистік келісімшарт;

- мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің белгілеріне сәйкес келетін өзге де шарттар жасасу

 

 

Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық экономикасының дамуы инновациялық салалардағы тиімді тетіктердің бірі ретіндегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті жүзеге асыру қағидаларын қарастыратын МЖӘ жаңа формаларын әрі қарай іздену және игеруді талап етеді. Аталған формалардың әрқайсысында нақты тетіктер мен құралдарды қалыптастыратын экономикалық, ұйымдық, қаржылық, құқықтық, басқарушылық және өзге қатынастар жиынтығы шоғырландырылған.

Мемлекет пен жеке сектордың әріптестігін жетілдіру мәселелерін шешудегі маңызды фактор – аталмыш процеске қоғамның белсенді қатысуы, ол, өз кезегінде, МЖӘ дамуына серпін беріп, бизнес пен билік арасындағы өзара қатынастардың ашытығы мен мөлдірлігін арттырып, жемқорлық көріністеріне қарсы тұратын болады.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін маңызды шарт – әріптестіктің барлық тараптарының мүдделерін ескеретін шешім қабылдау процесінің транспаренттілігі. Қазақстанда үкіметтік шешімдердің мөлдірлігі мен ашықтығы басқарудың ақпараттық жүйелерін пайдалану арқылы тек соңғы жылдары кең дамуға ие болды. МЖӘ мөлдір моделін қалыптастыру үшін қоғам мен сарапшылар тарапынан бақылаудың қажеттілігі анықталды.

Осы тұрғыдан, әріптестік тиімділігін қамтамасыз ету, сонымен қатар мемлекеттік және жеке әріптестер арасындағы сенім мәселесін шешуде айрықша рольге 2008 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен МЖӘ мәселелері бойынша «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» мамандандырылған ұйымның құрылуы ие. Аталмыш орталық өз саласында арнайы білімге ие болып қана қоймай, сонымен қатар концессиялық жобаларды экономикалық сараптау үшін институционалды жүйенің қажетті өкілеттігіне ие. Аталмыш ұйымның әрекет етуінің басты мақсаты – концессиялық жобалардың іске асырылуын әдістемелік және әдіснамалық амтамасыз етуге жәрдемдесу [8].

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» ұйымының өкілеттіктері келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

- мемлекеттік органдар мен жеке сектор өкілдер арасындағы ынтымақтастық тетіктерін пайдалану тиімділігін арттыру;

-  жеке және мемлекеттік сектордың өзара қатынастарында ашықтық және мөлдірлік тетіктерін енгізу арқылы сенім ахуалын қалыптастыру;

- келісім-шартқа отыру процедураларын жетілдіру, басқарудың заманауи технологияларын енгізу;

- МЖӘ азаматтық-құқықты шарттарының атқарылуын бақылау шараларын жетілдіру;

- жобаны қаржыландыру құқықтары, міндеттері мен шарттарын тең бөлу].

Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуы мен оның нормативтік-құқықтық базасына жасалған талдау қолданыстағы заңнаманың МЖӘ-ні әлеуметтік салаға белсенді енгізуді тежейтінін көрсетті.

Келесі жүйелі мәселелерді пысықтау мемлекетке жеке секторды әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыру, салу және тиімді басқару үшін тартуға мүмкіндік береді:

1) концессияға беруге жатпайтын объектілер тізімін қарастыру;

2) концессионерге көлемі ұсынылған қызмет сапасына тәуелді инвестициялық қана емес, сондай-ақ пайдалану шығындарының да орнын толтыру мүмкіндігін беру үшін концессионерге мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру;

3) келісім-шарттардың ұзақ мерзімділігі, тұрақтылығы сияқты МЖӘ-нің негізгі қағидаларын ескеріп, азаматтық заңнама шеңберінде сенімгерлік басқару және жалға алу шарттарын жетілдіру. Бұл жағдайда халықаралық тәжірибеден «басқару және қамтамасыз ету» келісім-шарттарын бейімдеуге болады.

Басқару және қамтамасыз ету келісім-шарттарын пайдалану мемлекеттік меншік объектілерінің ағымдағы қызметтерін басқару сапасын көтеру қажет болатын жобалар үшін тән. Осы тұрғыдан, пайдалану шығындарын мемлекет өз мойнына алып, жеке тарап өз жұмысының ақысын қызметтердің сапасына қарап алады және ешқандай да инвестициялық шығындарды алмайды. Осындай келісім-шарттардың мерзімі, әдетте, 3-5 жылды құрайды. Әдетте, басқаруға білім, денсаулық сақтау, коммуналдық меншіктердің қазіргі объектілері беріледі. Келісім-шарт персоналды басқару, қаржылық басқарма және стратегиялық жоспарлау, сондай-ақ ғимараттың жекелеген қызметтерін техникалық қамту жөніндегі, яғни, аутсорсингке берілетін қызметтерді қамтиды.

МЖӘ-тің экономика және мемлекеттік басқару саласында кең маңынада негізгі формаларына жатады. Мемлекет пен бизнес өзара қарым қатынасының кез-келген тиімлі формалары, мемлекеттік контракттар, жалға беру қатынастары, қаржылық жалға беру (лизинг), мемлекеттік жеке меншік мекемелері, өнімді бөлу туралы келісім, концессиалық келісім. МЖӘ –нің әлемде 7 түрін бөліп қарайды, соның ішінде әзірше Қазақстан Заңында МЖӘ-нің үш түрі реттелген. (1кесте)

1-кесте. ҚР-ның қолданыстағы заңындағы МЖӘ формалары.

МЖӘ формалары

Қолданыстағы заңда реттелуі

Басқару мен мазмұнына контракттар

МЖӘ-тің аталған түрі қолданыстағы заң аясында мемлекеттік сатып алу сұрақтары бойынша іске аса алады.

Эксплуатация (пайдалану) мен ұстау контракттар

Бұл контракттар аясында жеке меншік  тарапты басқару мен қамтамасыз етуді өзіне алады, сонымен қатар операциялық қаржыландыру, кейде капиталдық шығындарды өз мойнына алады.

Концессиялар

Қазіргі уақытта бұл Қазақстанда МЖӘ-тің актуалды формаларының бірі.

 

Осымен қатар Қазақстанның ұлттық экономикасының дамуы МЖӘ-тің жаңа түрлерін енгізіп, іздеуді талап етеді. Осы формалардың әрқайсысында экономикалық, ұйымдастырушылық, қаржы, құқықтық, басқарушылық және басқа қарым-қатынастар жиынтығы жұмылдырылған. Бұлар нақты қажетті механизм мен құралдарды құрады [10].

Шешім мен ұсыныстар: Қазақстанда концессиялық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесінің болуына қарамастан, жалпы стратегиялық деңгейде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің капитал сыйымды объектілерге инвестициялау барысында тәуекелдерді бөлу, мемлекеттік бюджетті оңтайландыру және бюджеттік саясат бағдарын әлеуметтік маңызды (денсаулық сақтау, білім беру және т.б.) жобаларды жүзеге асыруға аудару, аталмыш салаға жеке капиталды тарту жолымен мемлекеттік меншік объектілерін басқарудың тиімді әдістерін орнату сияқты мақсаттары қазіргі уақытта жеткілікті түрде өңделмеген.

Халықаралық практикада жобаларды іске асыру кезінде дәстүр бойынша мемлекет жауапкершілігінің саласына қатысты мемлекет пен жеке сектордың өзара қатынасының елдің заңнамасы деңгейіне бекітілген, сонымен қатар жаңа құрылысты және қайта жаңартуды талап ететін жобаларда да, сонымен қатар басқару тиімділігін жақсартуды талап ететін жобаларда да мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін қолдануға болатынын көрсетіп отыр.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін пайдалана отырып іске асырылатын жобаларда мемлекет келісімшарттар бойынша мемлекеттік меншік объектілерін берудің қажетті параметрлері мен стандарттарын бекітуі, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мүмкіндігін, тетіктері мен көлемдерін айқындауы және концессия объектісі мен көрсетілетін қызметтер сапасының жай-күйін бақылау функцияларын өзінде сақтап, жеке секторға жобаны іске асыру шеңберінде ұсынылатын тауарлардың/жұмыстардың/қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін келісімшарттардың талаптарын сақтау жөніндегі міндеттемелер жүктелуі тиіс. 

Қазіргі таңда ҚР нормативтік-құқықтық базасының МЖӘ-ні әлеуметтік салаға белсенді енгізуді тежейтінін айта кету қажет.

Келесі жүйелі мәселелерді пысықтау мемлекетке жеке секторды әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыру, салу және тиімді басқару үшін тартуға мүмкіндік береді:

1) концессияға беруге жатпайтын объектілер тізімін қарастыру;

2) концессионерге көлемі ұсынылған қызмет сапасына тәуелді инвестициялық қана емес, сондай-ақ пайдалану шығындарының да орнын толтыру мүмкіндігін беру үшін концессионерге мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру;

3) келісімшарттардың ұзақ мерзімділігі, тұрақтылығы сияқты МЖӘ-нің негізгі қағидаттарын ескеріп азаматтық заңнама шеңберінде сенімгерлік басқару және жалға алу шарттарын жетілдіру. Бұл жағдайда халықаралық тәжірибеден «басқару және қамтамасыз ету» келісімшарттарын бейімдеуге болады.

Басқару және қамтамасыз ету келісімшарттарын пайдалану мемлекеттік меншік объектілерінің ағымдағы қызметтерін басқару сапасын көтеру қажет болатын жобалар үшін тән. Осы ретте, пайдалану шығындарын мемлекет өз мойнына алады, жеке тарап өз жұмысының ақысын қызметтердің сапасына қарап алады және ешқандай да инвестициялық шығындарды алмайды. Осындай келісімшарттардың мерзімі, әдетте, 3-5 жылды құрайды. Әдетте, басқаруға білім, денсаулық сақтау, коммуналдық меншіктердің қазіргі объектілерін беру қажет.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, отандық инвесторлар үшін МЖӘ жобаларына қатысу жыл сайынғы мемлекеттік сатып алуларға балама бола отырып, ұзақ мерзімді бизнесті қамтамасыз етсе, ал мемлекет үшін қызмет көрсету секторын дамытуға мүмкіндік береді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Государственно-частное партнёрство. http://ru.wikipedia.org/wiki/

2.С. Кашин. Британия на хозрасчете. Журнал "Коммерсантъ Секрет Фирмы" №30 от 08.08.2005, стр. 1003

3. В.Г. Варнавский. Партнерство государства и частного сектора: формы, проекты, риски [Электронный ресурс] / Официальный сайт Института Мировой Экономики и Международных Отношений. Режим доступа: http://www.imemo.ru/

4. П.А. Гагарин, Е.А. Двинянин. Государственно-частное партнерство как инструмент реализации масштабных проектов. http://www.gradient-alpha.ru/assets/docs/PPP-Research-14.03.2014.pdf

5. Государственно-частное партнёрство в Казахстане.  http://edariger.kz/ru/article/stati/145/

6. НҰРЛЫ ЖОЛ – ПУТЬ В БУДУЩЕЕ Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана. 11 ноября 2014г. http://www.akorda.kz/ru/page/page_218341_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-n-nazarbaeva-narodu-kazakh

7. "Государственной программы по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010 – 2014 годы» (ГПФИИР-2). "http://ortcom.kz/ru/news/v-ramkah-gpfiir-2

8. «Программа по развитию государственно-частного партнерства в Республике Казахстан на 2011-2015 годы». http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1100000731

9. Э.С. Мадиярова. СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ МЕХАНИЗМА ГОСУДАРСТВЕННО-ЧАСТНОГО ПАРТНЕРСТВА В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН.http://old.group-global.org/ru/advice/view/543

10. http://www.rcrz.kz/cpmioipir-gchp-kz.html