Талпакова Балжан Ауезханкызы

Алматы Технологиялық Университеті

Білім беру жүйесінде электрондық оқулықтың алатын орны мен ролі

 

АҢДАТПА

Ұсынылған мақалада электрондық оқулық оқу-әдістемелік кешен ретінде білім беру жүйесіндегі қолдануы және оны құру тәжірибесі берілген. Оқу материалын құрылымдау, оқыту мен білімді бақылауда оқулықтардың функциясы мәселелері қарастырылған.

 

АННОТАЦИЯ

В статье отражен опыт создания учебно-методических комплексов  на базе электронных учебников  и использования их в учебном процессе. Рассмотрены вопросы структурирования учебного материала, функции учебников при обучении и контроле знаний, использование различных средств для развития учащихся.

 

ANNOTATION

The experience of creation of methodical complexes on the basis of the electronic textbooks  is considered in the article.  And also usage them in educational process. The problems for structure of an educational material, function of the textbooks are considered at training and control of knowledge, use of various means for development of the pupils are discussed .

 

Қоғамның дамуы  бүгінгі  таңдағы  білім беру процесінде дамыған елдер стандартына деген ұмтылысты қажет етуде. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, әрине, бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланысты. Қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Осыған орай, жаңа қабылданған «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі – жаңашылдығы. Атап айтсақ, Бағдарламада білім беру саласына электрондық оқыту жүйесін енгізу жеке бір  Қоғамның дамуы  бүгінгі  таңдағы  білім беру процесінде дамыған елдер стандартына деген ұмтылысты қажет етуде. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, әрине, бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланысты. Қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Осыған орай, жаңа қабылданған «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі – жаңашылдығы. Атап айтсақ, Бағдарламада білім беру саласына электрондық оқыту жүйесін енгізу жеке бір бағыт ретінде қарастырылған. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында да оқыту үдерісіне қазіргі заманға әдістемелер мен технологияларды енгізу қажеттігіне басымдық берілді. Ендеше, жаңа ғасырда жаңаша білім берудің артықшылықтары мен ерекшеліктері неде?

           Электрондық оқыту  жүйесі – заман талабы.

Бұл  бастаманы қағаз оқулықтан электронды оқулыққа көшуге бағытталған тенденция деуге болады. Шетелдерде білім берудің бұл жүйесі «e-learning» деп аталады. Соңғы уақытта әлемде қарқын ала бастаған оқытудың жаңа формасына өту үшін әр оқушыда жеке компьютер болуы тиіс. Ол жәй емес, бүгінгі заман талабына лайықталған планшетті компьютер.  Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.

Электронды оқыту «e-learning» жүйесі қала мен аудан мектептеріндегі білім деңгейін теңестіріп, ойлау қабілеті жоғары және жаңа технологияларды жан-жақты меңгерген оқушы дайындауға мүмкіндік береді.

Білім беруді ақпараттандырудың  президенттік  бағдарламасы электронды оқулықтарды жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде мектептегі білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын электронды оқулықтарды, мультимедиалық оқыту бағдарламасы,электронды дидактикалық құралдарды және т.б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілгені бізді қуантады.

Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы  Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді. Оқылатын пәннің әр тақырыбын авторлар көзбен көру арқылы ұсынған. Мектеп оқушылары оқу материалын көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялық карталарды, көркем экспонаттарды және тағы басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады. Электронды оқулықта, қарастырылып жатқан құбылыстардың өзара байланысын және олардың түпкі мағыналарын ашатын жан бітірімдер ерекше орын алады. Мысалы, оқушы физика, химия, биология пәнінен тәжірибелер жүргізіп және зертханалық жұмыстарын үйінде отырып компьютерде орындай алады. Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне – материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Академик А.П. Ершов 80 жылдары мынадай ой айтқан болатын: Электронды оқулық – бұл оқушыға ғана емес, сонымен қатар мұғалімге де көмек. Бұл электронды оқулықтың авторларымен яғни, әріптестерімен қашықтан кәсіби қарым-қатынас жасау құралы.Себебі  біздің электронды бағдарламалар – бұл көбінесе дайын сабақ конспектісі.

«Компьютер – баланың интеллектісін арттырудағы көмекшісі әрі досы» Бүкіл әлемде мектепте компьютерлер пайдалану тәжірибесі мынадай болжам айтқан: Компьютер, біріншіден оқушыға қарандаш немесе қалам құралы ретінде қолданылса, ал екіншіден , оқыту процесінде көрінбейтін ақпараттық процестер арқылы оқушының қызығушылығын туғызатын құрал ретінде қолдануға болады.

Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

Электрондық оқулықтың құрылымы

Бiз оқулықтың сыртқы құрылымын қарастырамыз. Оқулықтың сапалылығы, тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:

1. материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т.б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi;

2. материалдың кескiн түрiнде баяндалуы – оқулық мазмұнының графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк түрде бейнелеу;

3. өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар берiледi.

Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi.

Ал ендi электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан-жақты тоқталайық:

-         сыртқы бетi;

-         титульдық экран;

-         мазмұны;

-         аннотация;

-         оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер, бейнелер);

-         оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi);

-         қосымша әдебиеттер (оның тiзiмiн ғана емес, мәтiндердi де енгiзу қажет);

-         өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;

-         өзiндiк бақылау жүйесi;

-         мәтiндiк үзiндiлердi iздеу функциясы;

-         авторлар тiзiмi;

терминдiк сөздер;

-         оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе;

-         оқулықпен жұмысты басқару жүйесi.

Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк:

Сыртқы бетi түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендiрiлуi қажет.

Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi (мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi, оқулық авторларының мекемелерi  туралы ақпараттар жазылады.

Мазмұны. Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет.

Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:

Жан-жақтылығы.

Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.

Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.

Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.

Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.

Тұтынушыға бағдарлау.

Электрондық оқулықтың құрамы:

-         аннотация;

-         пән туралы қысқаша ақпарат;

-         жұмыс бағдарламалары;

-         электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;

-         ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;

-         теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);

-         теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;

-         практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;

-         практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;

-         бақылау тапсырмалары;

-         лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;

-         бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;

-         бақылау тестiлерiнiң жинағы;

-         телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;

-         глоссарий;

-         әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;

-         озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;

-         үйренушiнiң жұмыс папкасы;

-         мұғалiмнiң жұмыс папкасы.

Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады.

Қорытынды 

Педагогикалық тұрғыдан алғанда, бүгінгі күні білім беру технологияларының көптеген, жетістіктерін, оның ішінде электронды оқыту технологиялары мүмкіндіктерін игермей, сауатты маман болу мүмкін емес.

Оқытудың компьютерлік құралдары дидактика мен әдістемесінің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз.Яғни оны оқу үрдісінде пайдалану негізінде:

-         оқытудың сапасы артады;

-         оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;

-         уақыт үнемделеді;

-         мұғалімдердің оқыту барысындағы сабақ түсіндіру,бақылау алу, бағалау,білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс- әрекетке көшуіне алып келеді;

-         түрлі иллюстрациялар пайдаланылады;

-         түрлі әдістемелік құралдармен қамтамасыздандырулар жеделдетіледі;

Сонымен, болашақта оқытушылардың электрондық оқулықтарды қолдануы -шығармашылықпен жұмыс жасауға, белсенділікті арттыруға т.с.с мүмкіндіктері көп екенін көріп отырсыздар.

 

         Пайдалынылған әдебиеттер:

1.     «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ.

2.     Қазақстан Республикасының  бiлiм  беру жүйесiн  2010 жылға  дейiн дамытудың  Мемлекеттiк бағдарламасы.

3.     Қазақстан Республикасының   білім беру  жүйесін    2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.

4.     Бiлiм беру  жүйесiн  2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.

5.     Информатика (Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарты) Алматы, 2003 ж.