БИОЛОГИЯ  МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Байкенжеева А.Т., б.ғ.к., доцент.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда, Қазақстан   

            Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту болып табылады.

       Білім беру бағдарламалары – білім берудің барлық деңгейлері мен бағыттарын айқындайтын құжаттар.

Білім беру бағдарламасының құрылымына: үлгілік оқу жоспары;оқу жұмыс жоспары;оқу пәндерінің бағдарламалары; оқу және өндірістік практиклардың бағдарламалары кіреді.

 

                         1-сурет Білім беру бағдарламасын қалыптастыру кезеңдері

        Үлгілік оқу жоспарындағы міндетті пәндер – жалпы мәдениеттілік, жалпы мемлекеттік мәні бар білім беру бағдарламасының және жалпы мамандықтың елдің бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ететін іргелі өзегі болып саналады.

       Таңдау пәндері нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен еңбек нарығының сұранысын, жоғары оқу орнындағы ғылыми мектептің қалыптасуын, сондай-ақ білім алушының жеке қызығушылығын ескереді.

          Таңдау  пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны білім алушының, жұмыс берушілердің талап тілектерін ескеріп өзі анықтайды.

         Осыған байланысты әрбір оқу жылының ақпан-наурыз айларында 2-4 курстарда, 1 курс студенттері үшін тамыз айының соңында студенттерге элективті (таңдау) пәндер каталогы жасалынып, жұмыс берушілерге және білім алушы студенттерге ұсынылады.

        Элективті пәндер каталогы (ЭПК) – зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімі, шеберлігі, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасы берілетін таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;

       Биология  мамандықғы бойынша білім беру бағдарламасы жоғарыда тоқталған қадамдар бойынша қалаптастырылады. Білім бағдарламасын қалаптастыруда білім траекториясы ұсынылып студенттердің жеке оқу жоспары жасалынады (1- кесте). 

        Биология  бакалавр мамандығы бойынша білім алушы студент 4 жылдың ішінде 129 кредит (5805 сағат) игеріп, оның 60 кредиті міндетті пәндерден, 69 кередит таңдау пәндерден (53,4%) тұрады. Таңдау пәндері үлесінің басымдығына қарай отырып білім беру бағдарламасын қалыптастыруда пәндердің сабақтастығы, оның мазмұнының ғылымилығы мен сапасы, бағдарламаны құрастыруға қатысатын ЖОО мамандыры мен жұмыс берушілерге жүктелген жауапкершіліктің жоғарылығын көрсетіп, қалыптастырылған білім бағдарламасының жоғары деңгейі болашақ сапалы мамандар даярлаудың кепілі болып табылады.

     1 кесте-  Биология бакалавр білім беру бағдарламасы

Жалпы білім беру пәндері циклы

(33 кередит)

Базалық пәндер циклы

(64 кередит)

Міндетті  пәндер

Міндетті  пәндер (20 кредит)

Қазақстан тарихы, Философия,

Шеттілі, Орыс(қазақ)тілі, Информатика,

Экология және тұрақты даму,

Әлеуметтану, Саясаттану, Экономикалық

теория негіздері, Құқықы негіздері,

Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Педагогикалық мамандыққа кіріспе,

Педагогика, Этнопедагогика, Психология

және адамның дамуы, Өзін-өзі тану, жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенесы, Кәсіби қазақ(орыс) тілі, Кәсіби бағытталған шет тілі, Биологияны оқыту әдістемесі

Студенттердің таңдауы бойынша

анықталатын пәндер  (44 кредит)

Кәсіптік пәндер циклы (32 кередит)

Міндетті пәндер (5 кредит)

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Биологияға кіріспе

Таңдау пәндері (студенттің таңдаған траекториясына беріледі ) ( 27 кредит)

                 Биологиялық зерттеулер

Биолог-педагог

Молекулалық биология және биохимия,

Клеткалық биология, Геоботаника,

Өсімдіктер дүниесін зерттеу

 әдістері, биоалуантүрлілік және т.б

Аз комплектілі мектептерде биологияны оқыту әдістемесі, Биологияны оқытудың инновациялық оқыту технологиялары, Биологиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру  және көрнекі құралдар дайындау

 

 

 

 

          Қалыптастырылған білім бағдарламасына  жыл сайын мониторинг жасалынып, түзетулер енгізіліп, жетілдіріледі. Білім бағдарламасына мониторинг білім алушылардың білім деңгейіне, олардың жұмысқа орналасуына, жұмыс берушілердің талаптарына, нарық жағдайына байланысты жүргізіледі (2-сурет)

Жоғарыда көрсетілген сызба (2-сурет) бойынша Биология және химия бакалавр мамандықтарына жүргізілген мониторинг нәтижесіне тоқталар болсақ, соңғы 3 жылдағы бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі жоғары  80-100 %.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


   2- сурет Білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау сапасына мониторинг жүргізу

            Биология (бакалавр, магистратура, докторантура) мамандығы 2014 жылы мемлекеттік аттестациядан және мамандандырылған аккредиттеуден өткен.

Сонымен қатар жыл сайын ЖОО орындары арасында жүргізілетін тәулесіз аккредиттеу агенттігі рейтингісінің 2014 жылғы, 2015 жылғы қорытындысы бойынша алдыңғы үштікте орналасқан, 80 жылға жуық тарихы бар мамандықтар.

       «Биология және география» кафедрасы  бойынша  ғылыми атығы және дәрежесі бар оқытушы-профессорлардың үлесі  55 %,    яғни биология мамандығы бағдарламасын қалыптастыруда білікті мамандар жұмыс атқарып отыр. Бірнеше жылдық тәжірибе бойынша білім беру бағдарламалырын қалыптастыруда туындайтын мәселелерді айқындауға болады (3 кесте).

3-кесте Биология мамандығы  бойынша білім беру бағдарламалырын қалыптастырудың:

Күшті жақтары:

Әлсіз жақтары:

-  білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттарының болуы;
- білім объектілері желісінің ұлғаюы;

- мамандықтадың білім беру құрылымының білім берудің халықаралық  стандарты жіктеуішімен сәйкестігі;

- студенттердің жеке жұмыс жоспарының құрылыуы;

- жұмыс берушілер мен  нарық талаптарына сәйкес жасалуы және жыл сайын толықтырылуы.

- білім беру бағдарламасын қалыптастыруда бір құзыреттілік мазмұнының әртүрлі жазылуы;

-  білім беру бағдарламаларын жоғары оқу орындар дербес қалыптастыратындықтан студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыруда  пән айырмашылықтардың туындауы;

- жұмыс берушілердің белсенділігінің төмендігі;

- студенттің таңдауы бойынша анықталған жеке білім траекториясы диплом қосымшасында атап көрсетілмеуі

  Нормативтік құжаттар

1. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің    2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен    бекітілген     Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 16 тамыздағы №354 бұйрығымен бекітілген  5В0113000  – «Биология» Типтік оқу жоспары.