Педагогика/ Проблемы подготовки специалистов
Абдукаримова Айман
Өндірістік оқыту шебері,
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі,
Қызылорда облысы, Қазақстан
Республикасы
Колледждерде жаңа технологияны меңгеру – заман талабы
Қазiргi заман
талабы коллеждердің оқу процесіне жаңа инновациялық
технологияны кеңінен енгізудің, сонымен қатар
студенттің білім мәдениетін дамытудың негiзгi ерекшелiгi
оның шығармашылығы мен озық тәжірибеге
бағыттылығын‚ оның заманауи бағытын терең игеруді,
ғылымды жаңа техника, технологиямен байланыстарды
сәйкестендіріп оқытудың мазмұны мен мақсатын
нақты көрсететін жолдарын iздестiру болып табылады.
Қазіргі
кәсіби білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын жоғары, сапалы меңгермейінше білімді,
көреген, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа
технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық,
кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі.
Білім беру
мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты – жаңа
инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен
тәрбие жұмысын дамыту, елдің
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту
бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім
беру көзделеді.
Қазіргі білім
мазмұнының сапасын арттыру, сол сияқты қоғам
дамуын айқындайтын негiзгi көрсеткiштердiң бiрi – оқу
процесінде инновациялық оқыту технологияларын қолдану
және оны іске асыру болып отыр.
Жаңа
педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану
және жеке тұлғаның білім деңгейін,
шығармашылық қабілетін қоғамдық
сұранысқа сай қалыптастыру барлық кәсіби білім беретін
мекемелердің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ.
Әлі де болса көптеген оқу орындары оқыту процесін
ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі
әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде.
Жаңа
педагогикалық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы
түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді
басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік
даму жолын табуға, әрбір оқытушыға өзінің
әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді.
Осы
тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен
айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық
қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада
ұйымдастыру қажеттігі туындайды.
Бұл үшін
әрбір оқытушының жаңаша ойлауын, компьютерлендірілген
инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық,
психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал озық
технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра
отырып, болашақ жұмысшыны кәсіп иесі ету өз мүмкіндік деңгейге жеткізеді.
Сондықтан әрбір
оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық
педагогикалық, психологиялық әрекетін ұйымдастыруда
қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің
маңызы зор.
Қандай да
педагогикалық технология болмасын, оқу процесінде білім сапасын
көтеруге арналады. Сол технологияны өз дәрежесінде
толық, түсінікті етіп колледж студенттеріне жеткізе білгенде
ғана оның нәтижесі болады.
Заман талабына сай
білім беру жүйесінде жаңа технологиялар енгізілуде,
колледждің педагогикалық ұжымы оқу процесіне жаңа
оқу технологиясын кенінен енгізу мәселелерімен айналысады.
Бұл
технологияны оқу үрдісінде пайдалану колледж студентінің
болашақ кәсібіне, өмірге көзқарасы
қалыптасып, өздігінше ойлау, пікір, тұжырым жасау
қабілетін арттырады.
Заман талабына сай
біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі,
жан-жақты дамыған маман – уақыт талабы.
Колледждегі жас
маманды біліммен қаруландыру – бұл болашақ мамандарды
өз кәсібіне бағыт бере отырып өмірден өз орындарын
табуына үлес қосатын ұстаздарының қолында.
Жас маманның
ертеңгі күні қоғамға керекті нағыз маман,
кәсіп иесі болып шығуына бір көмегін тигізері анық. Осы
орайда, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына
сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың
негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған
мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете
алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті
жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге
асыру – кәсіби білім беру мекемелерінде жеке тұлғаның
танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу
процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен
нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
Түрлі
мамандықтар бойынша білімді, білікті мамандар даярлау үшін алдымен
оқытушы, өндірістік оқу шебері
педагогикалық-психологиялық білімі толысқан жан-жақты
тәжірибелі маман болуы керек.
Сондықтан
кәсіптік білім беретін оқу орындарында жалпы және арнайы
пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің
кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіріп отыру қажет. Ол
үшін әрбір оқытушы, өндіріс шебері әр
уақытта өз білімін көтеру мақсатында
шығармашылық ізденісте болуы шарт және кәсіптік білім
беретін оқу орындарында оқу тәрбие процесін
әдістемелік, өндірістік жұмыстарды тиімді
ұйымдастырудың маңызы зор.
Әдебиеттер
1. Өстеміров К. Кәсіптік
оқыту әдістемесі. «РАДиАЛ» баспасы, Алматы, 2006.
2. Қозыбай А., Жексенбиева Н., Өстеміров
К. Топ жетекшісі (Өндірістік оқыту шебері). Оқу
құралы. «Фолиант» баспасы, Астана-2010.