Педагогические науки/1. Методические основы воспитательного процесса

 

Алипова Р.А., Абилькасова Б.Т.

 

Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернат, Қарағанды қ.

 

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы

 

Еліміздің дамуы мен қалыптасуында сан түрлі қажеттіліктерге сәйкес ұлы мақсаттар айқындалып отыр. Оның ең бастысы – еліміздің тұғырын берік ұстап тұра алатын, оны одан әрі дамытып, көркейтетін ұрпақ даярлау мәселесі. Осы қажеттілікті жүзеге асыру үшін жоғарыда аталған бағдарлама дамып келеді. Қоғамды дамытушы негізгі күш жас ұрпақ болғандықтан, оның бойында ұлы істі жүзеге асыра алатындай күш-қабілет болуы керек. Ол күш – білім, тәрбие мәселесі.

Қандай да бір ұлы іс болмасын ол қашанда сол халықтың, елдің саяси әлеуметтік, тұрмыстық – экономикалық хал-жайына, көңіл-күйіне, сана-сезіміне байланысты болады. Еліміздің нығаюына халықтың өзін-өзі басқаруының дами беруіне жас ұрпақ жан тәнімен мүдделі.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті. Оның келешегі алда, біртіндеп дамыған, өркениетті елдер қатарына қосылады. Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары. Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін оның халқының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек.

Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, жас ұрпаққа оқу білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттық сана – қабілетінде, түсінік – талғамында, мінез – құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген. Бірақ, мұны басқаның бойына жуытпайтын оқшаулық деп түсінсек, қатты қателесеміз.

Дұрысы, оны ұлтымыздың өзек – мәйегі, ұлттық ерекшелігіміздің негізі деп қарастырсақ жөн болмақ. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегілі тәрбие беру – қазіргі міндеттің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгершілік, елжандылық және де толып жатқан кісілік қасиеттер мектеп қабырғасында бастауыш сыныптан қалыптасады. Бұлар арқылы оқушыны алға талпындыруға, Отанды сүюге, ата – аналарға, үлкендерге деген кішіпейілділікті бойына сіңіруге, залалды әдеттерден аулық болуға тәрбиелеуге тиіспіз.

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі  ролі өте зор. Еліміздің барлық жастары мектпе арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында. Адамгершілік іс- әрекеттің қалыптасуытәрбиенің негізгі мақсатына жетуді анықтайтын өлшем. Қоғамның болашағы бүгінгі оқушылардың құнды қасиеттерінің қандай дәрежеде болуымен тікелей байланысты. Ол оқушылардың бақыт пен бақытсыздықтың, жақсылық пен жамандықтың адам өмірінің мәні әділдік ұғымдары арқылы өлшенеді. Көрсеткіштер мәліметтерін анықтағанда сауалнама жүргізу кезінде «әлеумуттік қажеттілік» феномені пайда болуы мүмкін. Сондықтан бағалау жұмысы тәжірибелік тәсілдерді қажет етеді. Сонымен, тәрбие процесін бағалауда өлшемдер жүйесін қолдану қажет, себебі тәрбие үрдісі- ол динамикалық біртұтас жүйе. Әр түрлі әлеуметтік- педагогикалық жүйелер үшін жалпы өлшемдерді қолдануға болады. Өлшемдер қоғам мен адам арасында өркениетті қатынастарды (мінез мақсат), тұлғаны қалыптастыру (өзекті мақсат), тәрбие процесін ғылыми түрде ұйымдастыру деңгейін, болжалды нәтижені анықтау, бағалау, бақылау және нәтижені қадағалауын, яғни тәрбиенің мақсатқа жету деңгейін өлшейді. Тәрбие процесін бойынша өлшем болжалды нәтиже мен нақты жетістікке жетуде жұмсалған педагогикалық күш пен  әдіс- тәсілдердің қойылған мақсатқа сәйкестігін анықтайды. Өлшемдер тәрбие үрдісіне қатысушылардың өзара іс- әрекетін бағалайды. Сол арқылы оқушылар сыртқы тәрбие әсерін сезінеді. Сөйтіп, тәрбие процесі кең мағынасында субъектілер мен объектілерге араласады. Жалпы алғанда, мектептегі тәрбие процесінің тиімділігі мен нәтижесін зерттеудің нақты көрсеткіштеріне мінез-құлықтың негізгі дәлелдері, адамгершілік құндылықтар мен бағдарлар, оқушылар әрекеттері, шығармашылық қабілеттері алынады. Бала тәрбиесі – ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы мектеппен байланысты, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады. Ұрпақ тәрбиесі, бүгінгі қоғамға лайықты азаматтар тәрбиелеу күрделі мәселелердің бірінен саналатын, үлкен жауапкершілікті, жан-жақтылықты талап ететін процесс. Осыған байланысты қоғамның жаңа ғасырға өтпелі кезеңінде, үлкен өзгерістер мен жаңалықтарға толы мерзімде болашақ азаматтарға білім мен тәрбие беру мекемелерінің алдында жауапты міндеттер тұр. Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – оқушының кез-келген іске белсенділігін арттыру, адамдармен мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру, кішіпейілділікке, сыпайылыққа және адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу болғандықтан, әрбір тәрбие тегіне ұлы адамдардың нақыл сөздерін ұран ретінде алып, сол ұранның орындалуын тікелей қадағалау тәрбиенің жақсы көрсеткіштеріне қол жеткізеді.

Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.

Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу – басты міндет болып отыр. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу рухани-адамгершілік тәрбиесінің жемісі.

Әдебиеттер:

1.                     Төлеубекова Р.К. Бастауыш класс оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалану: Пед. ғыл. канд. ... дис. - Алматы, 1994. - 134 б.

2.                      Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995. – 232 б.

3.      Наурызбаев Ж. ұлттық мектептің ұлы мұраты (Оқушыларға мәдени-этникалық білім беру). - Алматы: Ана тілі, 1995.- 192 б.