ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

 

Бұхарбаева Ж.М.- биология магистрі, аға оқытушы,

Нарымбетова Ұ.М- вет.ғ,к.,доцент

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,

Қазақстан, Алматы қаласы

 

          Аннотация. Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік     педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет.Инновациялық    үрдістің    негізі    -    жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі.Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде калыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз.

       Тірек сөздер: педагогика, реформалану, орта   білім,  әдіс, оқыту түрі, технология, ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі, интенсивті  оқыту , дамыта оқыту жүйесі, оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.

        Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында   орта   білім   берудің   жүйелі   реформалануы қоғамдық   тұрғыдан   үлкен   маңызға   ие. Білім   берудің реформалауды   жүзеге      асырудың   және   бір   маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай,   соңғы   кезде   оқытудың  әр   түрлі   педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар:    Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанкиннің   есептер   шығару,   Палтышевтің   физикадан есептер  шығару,   Шаталовтың  интенсивті  оқыту  (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі, т.с [1].

       Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциалау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.

     Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың  басты  міндеті  жаңаша  оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған “Дамыта оқыту жүйесі” бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:

       1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.

       2. Теориялық білімнің жетекші рөлі.

       3. Оқу материалын жеделдете оқыту.

       4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.

       5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

       Л.В.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-катынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

       Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары[2].

       Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.

        1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

       2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

       3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.  

        Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы "қосу" әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде оқушы білімінің ең төменгі деңгейі негізге алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Дарындылығына, бейімділігіне, жоғары даму деңгейіне қарамастан оқушылардың барлығы бірінші деңгей тапсырмаларын дұрыс орындауы шарт. Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған тапсырмалар "есеп-зачетқа" алынып отырады. "Зачеттің" "екіліктен" айырмашылығы: бірінші деңгейдің "есепке алынбаған" тапсырмалары қашан "есепке алынғанша" міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.

       Өзін-өзі бағалау "қосу" әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай "екілік" аламын деп қорықпайды. Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға деген талпыныс пайда болады. Ол дұрыс орындалған тапсырмалардың санына ғана тікелей тәуелді.

       Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде калыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат: жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып отыр. Бұл жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі сол, олардың мазмұнын қысқа мерзімде ешқандай бейімдеусіз-ақ компьютерге кіргізуге болады екен. Себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас.

       Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға  қажетті  объективті  әдістемелік  мүмкіндіктерін қамтиды[5].

       Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.

       Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі, яғни әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:

-        қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;

-        әдістеме мен технологияның сабақтастығы;

-        оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;

-        параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;

-        мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің , болуы т.б.

-        Демек, 1-11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады.

      Бастауыш мектеп:

-       дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.А.Левин);

-       дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.М.Эрдниев);

-       түсініктерді қабылдау (С.Н.Лысенкова);

-       нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау;

-        іс-әрекетті   бағалау (Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков);

-       оқулықсыз оқыту (В.В.Агеев);

-       ойын әдістемесі және оны қабылдау;

-       М.Монтессори, Р.Штейнердің жүйесін қабылдау.

-       Орта буын:

-       проблемалық оқыту;

-       іздену, зерттеу әдістері;

-       топпен оқыту тәсілі (И.Б.Первин);

-       оқытудың ұжымдық тәсілі (В.К.Дьяченко);

-       нәтижелі технологиялар;

-       тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы оқыту (В.Ф.Шаталов);

-       өзіндік жұмыс әдістері;

-       бағдарлы оқыту (машинасыз және компьютерсіз);

-       оқытудьщ коммуникативті әдісі (қарым-қатынастық);

-       дискуссиялық әдіс;

-       дидактикалық ойындар.

Жоғары сыныптар:

-       оқытудың   вариативті   элементтерін өз еркімен таңдау;

-       өзіндік жұмыстың әдістемесі;

-       іздену, зерттеу әдістері;

-       нәтижелі технология, жобалау әдісі;

-       даралап (жекеше) оқыту, "мектеп-парк" моделін қабылдау (М.А.Балабан);

-       оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар;

-       "өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы" адістемесі (ТРИЗ) (Г.С.Альтшулер) ;

-       бағдарламалы оқыту;

-       әлеуметтік-педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні бар ойындар;

-        профильді   және  кәсіптік   бағдар   бере   отырып оқыту;

-       тірек конспектісін қолдану;

-       диалогтік әдістеме, дискуссияның негізінде оқыту;

-       модульдік технология;

-       семинар-сынақ түрлері;

-       өз бетімен білім алу (компьютерлік варианттар) [6].

        

Жаңа педагогикалық технологияны ендіру жолдары.

 Оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықтар енгізу төмендегідей жолмен көрсетуге болады:

 

Білім беру

 

Ақпараттандыру

 

Насихаттау

 

Игеру

Жұмысты жетілдіру,

жаңалықтар

іздестіру

 

А

Ақпарат

жаңалықтарын

меңгеру

 

Ә

Оқыту,игеру

 

Б

Пайдалану

 

          Инновациялардың таралу үрдісінің бір түрімен (А, Ә, Б) екінші түрінде өту ерекше функцияларды орындайды.

 А - новациялар белгілі болады, көпшілікке таралады. Жаңалықтарға жол  ашылады;

 Ә - олардың теориялық және әдістемелік жолдары ойлап шешіледі;

 Б - жаңалықтарды   енгізу   жолдары   қарастырылады, білім беру      ұйымдарының жұмыстарына енгізіледі;

        Оқу – тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңінен тұрады.

        I кезең: Жаңа идеяны іздеу

       Ақпараттандыру және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.

        II кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру

        Оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.

        III кезең: Жаңалықтарды енгізу

        Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.

        IV кезең: Жаңалықтарды бекіту

     Педагогикалық  инновациялар  мағынасына,   мазмұнына, нәтижесіне қарай 2 түрге бөлінеді:

білім беру жүйесіндегі инновациялар;

оқу-тәрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының   мазмұны  мен  құрылысына  жататын инновациялар;

Ал оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық инновация басқадай қаралады:

    Білім беру мекемесін тұтастай ұйымдастыру әрекеті:

Мектеп - бала бақша;Мектеп- жоғары оқу орны; Мектеп- оқу- тәрбие жиынтығы;

      Мұғалімдер жұмысын ұйымдастыру: оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастыруымен сабақ берудегі әдіс пен әдістемелердің өзара байланысы, сабақ пен сабақтан тыс жұмыстар ерекшелігі:Белгілі бір бағдар берушілік пен мемлекеттік білім деңгейін қамтамасыз ететін оқушылар жұмысын ұйымдастыру: жеке бас қызығушылығы мен мүмкіндіктерін дамыту мен жағдай жасау[6].

Қорытынды

           Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік – экономикалық  міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.Бұл жерде ұстанымдар кәсіби педагог кадрларын даярлау жүйесіндегі көзқарастардан айкыңдалары даусыз.Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді[7].

       Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.Ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауға      жоғары оқу орындары төмендегідей жұмыстар атқаруға тиісті:

1.                  Болашақ мүғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;

2.                  Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалана отырып жоғары білім беру жүйесін жаңарту;

  1. Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру мен жоғары    білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;
  2.  Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде оқушы  шығармашылығына   негізделген окыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу;

Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшіліктері баршылық: 

      • білім сапасының төмендігі;

      •білім  саласына  мемлекет  тарапынан  реформалар жүргізілгенімен оқудың         нәтижесінің болмауы;

      • директивалық  құжаттар көптеп  шығарылғанымен оның мардымсыздығы;

      • оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;

      • оқушылардың     және   окытушылардың   бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.

        Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

       Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім жүйесін  ақпараттандыру  экономика,  ғылым  және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр.   Ендеше   қазіргі   заманның  жаңа ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз [7].

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.      Қазақстан Республикасы “Білім мемлекеттік бағдарламасы” / Қазақстан мұғалімі. – 2000. - №33-34

2.      Қазақстан Республикасында орта білімнің дамыту тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,-1997, 34б.

3.       Әбдіғалиев Қ. Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі. // Қазақстан мектебі. – 1998.-№11-12, 24-35б.

4.      Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. - №3, 4, -1999.

5.      Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования: научный фонд и перспективы развития (Книга 1). – Алматы: Научно-издательский центр “Ғылым”,-2001.

6.      Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері./23-лекция/ - Алматы.1991.

7.      Махмутов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдыстыру. Алматы : Мектеп.- 1981.