ӘОЖ
81’0
Дүйсенбаева Р.И.
(Қазақстан, Алматы Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ)
raihan-kz@mail.ru
Тілдік шеберліктерін
дамыту жұмыстары
Мақалада
қазақ тілін шет тіл ретінде оқытудың мәселелері
мен шет елден келген тіл үйренушілерге тіл үйренудің тиімді
жолдары көрсетіледі.Түрлі әдіс
- тәсілдердің мақсат, міндеттерін көрсете отырып,
өз аудиториямызда қолданып жүрген тіл оқыту текникасының маңыздылығы
көрсетіледі.
Қазіргі талапқа сай
қазақ тілін үйретуде оқыту технологиясы басты рөл
атқарады. Сондықтан
оқыту технологиясының кұрылымын кең түсіну
қажет. Ол - когнитивтік, лингомәдени, этнолингвистикалық, коммуникативтік принциптерге негізделген
оқыту әдістемесі. Тіл — адам санасы мен танымын, мәдениеті
мен психологиясын жинақтаушы, жеткізуші феномен.
Сондықтан тіл
үйрену - өте күрделі процесс. Қарым-қатынас жасау
белгілі бір ортада жүзеге асатындықтан адамдардың өзара
қарым-қатынасы түрлі эмоциялық-психологиялық
жағдай мен сан алуан сезімге толы болады.
Тіл үйретудің қазіргі заманғы
әдістемесінің мақсаты үйретудің жан-жақты
толыққан әдістемелерінің түрлерін қолдану
болып табылады. Өзге тілді үйрену тіл үйренушіге
көптеген қиындықтар әкеледі. Қазіргі тіл
үйрету практикасында тілді үйретудің жаңа
әдістемелерін қалыптастырып, сапалы, тиімді бағдарламалар
жасап, тәжірибеде қолдану мақсаты тұр.
Қазақ
тілін шет тіл ретінде бүгінгі дамыған техника тіліне айналдырып
оқыту үшін дүние жүзіндегі озық
әдістемелерді қолдану қажеттігі туып отыр.
Тілді
екі түрлі жолмен үйрете аламыз. Біреуін - табиғи тілдік
ортада, екіншісін - арнаулы оқыту арқылы. Тілді үйрету де,
тіл үйренуде - өте күрделі процесс. Қарым-қатынас
жасау белгілі бір ортада жүзеге асатындықтан, адамдардың
өзара қарым-катынасы түрлі
эмрциялық-психологиялық жағдай мен сан алуан сезімге толы
болады.
Тіл үйренушінің сөйлеу
іс-әрекетіне, пікір алысуына бағытталған психолингвистика
ғылымы тіл үйрену әдістемесіне бағыт сілтей отырып,
өзінің зерттеу аймағы етіп алып отыр. Тіл
үйренушінің тіл үйренудегі қиындықтарын ескере отырып,біз
психолингвистика ғылымының зерттеулеріне бет бұруымызға
тура келеді.
Көп жылдар бойы тіл үйрету
мәселелерін зерттеп жүрген Канадалық психолингвист, профессор
Грек Томсон 2000 жылы «Сенім» тіл оқыту орталығында «Тіл техникасын
үйрету» атты семинар өткізді. Ғалым бұл семинарда
өзінің тіл үйрету тәжірибелерін, өзі
жасаған бағдарламаларын ортаға салды. Мен
ғалымның өткізген сабақтарына қатыстым. Шет ел
азаматтарына арналған практикалық қазақ тілі
сабақтарында ғалым әдістемелерінің кейбір элементтерін
қолдана бастадым.
Ғалымның зерттеуі бойынша тыңдау мен
сөйлеу тіл үйренушінің ең бірінші әрекеттері
болып саналады. Сондықтан тіл үйренуші өзге ортада
басқа адамдармен араласуға құштар болады. Естігенін
түсінуді сондай-ақ өз ойларын сөйлеу арқылы
түсінікті түрде жеткізуге тырысады. Ғалым ең
алғашқы кезеңді «Үндемеу кезеңі» яғни
«Сөйлемей тыңдаймыз, сөйлемей серпіліс білдіреміз» деп
атайды. «Тіл үйрену. Сол тілін үйреніп жатқан
халықтың жұмбақ әлемін тану» деген тұжырым жасай отырып,
алғашқы кезеңде тіл үйренуші мен оқытушы
тығыз араласып,
қарым-қатынас деңгейін бірте-бірте өсіру керек деген
талабын қояды. Барлық берілетін интерактивтік жаттығулар тіл
үйренушілерді қарым-қатынасқа түсуге
жігерлендіретін көрнекіліктерден тұрады. Олар «Суреттер
арқылы берілетін лексика» оқулығы (Тіл
үйренушілерге арналған cypemmep. Патрик Моран. Бастауыш дәрежеден
жақсы меңгеру дәрежесіне дейін, Біріншіден ересектерге
арналған, екінші басылым. Про Аингуа Ассошиейтс, 1990 ж.), пластик бетіне
салатын жабысқақ суреттер, тек суреттен тұратын
әңгімелер, магнитофон, таспа. Түрлі - түрлі
қуыршақтар (әйел, ер адам, қыз, ұл, ата,
әже), хайуанаттар (сиыр, жылқы, қой, түйе, ешкі, есек,
шошқа, ит, мысық, арыстан, коян, қасқыр, аю, т.б.), ас
үйдің заттары мен ыдыс - аяқтар (ас үй жиһаздары,
үстел, орындықтар, тоңазытқыш, газ плитасы, пеш, т.б.,
қазан, кастроль, табақ, қасык,, шанышқы, пышақ,
тәрелке, таба ш.б.), жуынатын бөлмеде қолданатын заттар
(сабын, ұнтақтар, шампунь, кремдер т.б.) үйдің
жабдықтаары мен жиһаздары, екі қабатты үйдің ішкі
жағы немесе қаланың
басты көшесі салынған суреттер, ойыншық
көкөністер мен жемістер (капуста, қияр, помидор, баклажан,
асқабақ, пияз, сарымсақ, картоп, сәбіз, алма,
алмұрт, банан, жүзім, өрік, шабдалы, апельсин, мандарин т.б.
кейде шын көкөніс пен жемістерді, азық-түліктерді
пайдаланамыз), жәндіктер мен құстар шыбын, маса,
құмырсқа, бақа, тасбақа, тауық,
қарға, торғай, кептер, аққу т.б.), кішірек
грифельдік тақта, маркерлер, ақ қағаз,
түрлі-түсті қағаз, қайшы,
дүниежүзілік карта, сіріңке, бұршақ сияқты
ұсақ заттардың жинақтары, түрлі-түсті домалақ кәмпиттер,
әртүрлі қаламсаптар, түрлі-түсті бор сияқты
көрнекіліктер.
Мен осы көрнекіліктерді бастаушы топтардың
тіл ұстарту сабақтарында, практикалық сабақтағы
грамматиканы меңгерту жаттығулары ретінде қолдана бастадым.
Алғашқы кезеңде тіл үйренушіде
ортаға қалыптасуға, дыбыстарды қабылдауға үйреніп,
сөйлеуге, көргенін ашуға деген құлшыныс пайда
болады, асығады. Осы құлшыныс олардың тілге деген
құмарлығын, қызығушылығын тудырады.
Сабақ кезінде тіл үйренуші зат атауларын көзбен көреді,
қолмен ұстайды, тыңдап, сұрасаңыз көрсете
алады. Берілген атауларды, іс-қимылды толық түсініп
ұмытпауға тырысады. Аудиториядағы сабақ барысы
таспаға толығымен жазылып, үйде де тыңдауға
мүмкіндік алады. Осыдан кейін сөздік коры толығып, өсе
бастайды. Осындай көрнекіліктерді қолдану арқылы тіл
үйренушілер, сөйлеу жағынан қысымшылык көрместен,
жаңа сөздерді түсіну қабілетін жетілдіре алады. Сонымен
қатар бұл интерактивтік әдістер біздің
сабағымыздың жеңіл, қызықпен өтуіне зор
үлесін қосты деп айтуымызға болады.
Ғалым Грек Томсен «Екі сөзден
бастаңыз, тек бір сөзден қосып отырыңыз» деген ережені
басшылыққа алуды ұсынады. Бұл
қағидаға қосыла отырып, біз де сөздерді
асықпай қайталай отырып,
сөздерді асықпай қайталай отырып, жаңа
материалға көшіп отырамыз.
Сонымен
тағы бір әдіс әртүрлі іс-қимыл жасап жатқан
тіл үйренушілер мен
оқытушының әрекеттерін фотоаппаратпен түрлі
комбинацияларда суретке түсіріп, оны фотоальбомға салып көрнекілік ретінде сұқбат,
әңгіме жасатуға қолданып келеміз.
Әдетте тіл
үйренуші өзіне керек болар-ау деген сөздерді
«тықылдатып» жаттап алып, уақытын босқа кетіреді. Біз бос
жаттаудың орнына тілді түсінуге шеберлігін, жетілдіріп,
өз ойын айтуға, бір-бірімен карым-катынаста үйренген
сөздерді дұрыс қолдана алуына көп күш
жұсаймыз.
Осы ғалым ұсынған интерактивті
әдістемелерді кафедрада бекітілген негізгі бағдарламада
жоспарланған сабақтар байланыстырып, жоба ретінде пайдаланып
келеміз. Әрине, бұл қазақ тілін шет тілі ретінде
үйретуде өте тиімді әдіс болып, өз нәтижесін
беруде.
Ең
алғашқы кезеңдерде сабақ кезінде тіл үйренушілер
мен оқытушының әрекеттері нақты түрде сипаталады
Сондықтан негізгі грамматиканың көп салалары бірден
пайдаланады, бірақ олар грамматика сияқты түсіндірілмейді,
нақты ұғымдарды жеткізудін әртүрлі жолдары
ретінде ғана ұсынылады. Грамматиканы
меңгерудің осы деңгейі бара-бара одан да, күрделі грамматикамен таныса
берудің негізі болады. Кейде қарапайым болып көрінген кейбір
нәрселер тілді меңгерудің күрделі кезеңдеріне, ал
күрделілеу болып көрінген кейбір нәрселер тілді меңгерудің қарапайым
кезеңдеріне жатуы да мүмкін. Сондықтан да біз
материалдың күрделілігінің біртіндеп өсуіне басты назар
аударамыз. Ол үшін қай кезеңде қандай грамматиканы
меңгеру керек екендігін анықтап алуымыз қажет. Сабақ
жоспарында өтіліп жатқан грамматикаға көбірек ден
қойып, қосымша қолданылып жатқан грамматика аркылы тек
түсініп-тыңдауды ұсынамыз. Осылай грамматиканы меңгеру
барысын жетілдіре береміз, Алғашкы ұғымдарды беру үшін
шартты ...(егер онда) модалдық (істей алу, тиіс болу), тілек білдіру
(-келеді) құрылымдарын көбірек қолданамыз.
Алғашқы апталарда тіл үйренушілерден
оқытушының көмегімен түсініп жатталған
сөздердің тізімін жасап отыруын өтінеміз. Бұл
әдістің әр сабақтың соңында орындалуын
қадағалап отырамыз. Бұл жаңа сөздердің
санын біліп, оларды қайталап жүруге, арнайы фонетикалық
жаттығуларды орындауға септігін тигізеді.
Сабақ кезінде жазылған таспаларды
көбірек тыңдауға пайдаланса, сабақтардың
тиімділігі мен құндылығы артады.
Алғашқыда
тіл үйренуші естігенін түсінуді үйренбек болып, осыған
көп көңіл бөлетінін жоғарыда айтып кеттік.
Осыған байланысты берілетін жаттығуларға тоқтала
кетейік. Бірінші жаттығу жанды заттардың аттары (он екі
сөзбен жылдам танысу әдісі-шала-пұла он екі) деп аталады.
Жаттығуды зат есімнең бастаймыз. «Бұл ер адам. Мынау
әйел. Ер адам қайда? Әйел қайда?» Затгардың атауы көбірек болған
сайын, бір-бірден жаңа заттар атауы қосылып отырады. Сонымен
қатар мұқият қайталанады. Есімдіктер зат есімдермен араластырылады. «Ұл бала
қайда? Қыз бала қайда? Мен қайдамын? Сіз
қайдасыз? Ол қайда?» (Қайда? деген сұрақты
қолданамыз. Өйткені бұл сұрақ заттардың
атын атау септігінде жаттауға мүмкіндік береді Егер
көрсетіңіз етістігін қолдансақ: «Қызды
көрсетіңіз» болып зат есімнің формасы өзгеріп,
түсіну қиындайды). Адам суреттерімен қатар хайуандар мен
жәндіктердің суреттерін де бере аламыз.
Бұл
жаттығудың мақсаты - жаңа сөздерді мінсіз айту
деңгейіне жету емес, оларды тез тану. Сондықтан да бұл
үйрену әдісі «тиянақты» емес «тез және шала-пұла»
деп аталады.
Ал, келесі жаттығу Негізгі әрекеттер
(толық тәндік серпіліс) деп аталады. Берілген іс-әрекетті бере
отырып, өз әрекетіміз арқылы көрсетіп, тіл
үйренушіге орындатамыз. Мысалы: Тұру, Отыру, Жүру,
Жүгіру, Жату, Алу, Беру, т.б етістіктерді сурет арқылы
көрсетеміз де тіл үйренушіге: Отыр! Отырыңыз! Тұр!
Тұрыңыз! Жүр! Жүріңіз! Жат! Жатыңыз! Ал!
Алыңыз! Бер! Беріңіз! деп бұйрық береміз. Тіл
үйренуші орындау арқылы етістіктерді жадында тез сақтай
алады. Сонымен бірге бұл әдіс тіл үйренушілердің
сөйлеу жағынан қысымшылық көрмей жаңа
сөздерді түсіну кабілетін жетілдіре алуға кепіл бола алады.
Ғалым көрсеткен әдістемелерінің
ішінен «Теріс қойылымдар» деп аталатын әдіс те сабақтарымызда
кеңінен қолданылып жүр. Мысалы: Қаланың бірнеше
кварталының макетін жасап такси жүргізушісінің рөлін
тіл үйренуші, жолаушының рөлін оқытушы ойнап, такси
жүргізушісіне нұсқаулар беріледі.
Тіл үйренушіге жолаушының такси
жүргізушісімен сөйлескен кездегі айтылатын сөйлемдері
беріледі. Әрине, тіл үйренуші бірден жолаушының
сөздерін үйреніп алғысы келеді, бірақ оған такси
жүргізуші рөлін орындап, жолаушының сөздерін
тыңдап, керек сөйлемдерді ой санасында өңдеп, машинаны
қала макетінің арасымен жүргізу арқылы серпілістер
жасауы тиімдірек. Осы әдіс арқылы тілді үйренудің
алғашқы кезеңінде кездесетін қиындықтарды
(асханада, мейрамханада тамақтану кезінде даяшымен, дүкен,
базарларда сауда жасау кезінде сатушымен сөйлесу т.б.) жеңілдетуге
болатын маңызды сөйлемдерді үйренуге, сөйлеу
қабілетінің өсуіне көп септігін тигізетіне
көзіміз жетіп отыр.
В статье рассматривается проблемы обучения
казахского языка как иностранный язык и
эффективные методы обучения языка иностранцам обучаящего языка. Так же показывается важность техники
обучения языка, которые используются в наших аудиториях путем изучения целей
и задач различных методов.
The article considers the
problems of teaching the Kazakh language as a foreign language and demonstrates
the effectiveness of teaching methods for foreigners.
Also indicate the
importance of language learning techniques that are used in our classrooms by
investigating the goals and objectives of the various methods.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазбекова Н.Т. “Қазақ тілі
сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін
қолдану”. // 12 жылдық білім, 2006-№1.
2. Рахымбаева А., Тойымбаева Ж.
“Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік
құзырлылығын дамыту”. Ғаламтор
желісі
3. “Технологиялар арқылы
сабақтың тиімділігін арттыру”. Ғаламтор желісі