Современные информационные технологии
Информатика пәнін оқытуда интербелсенді оқыту
құралдарын
тиімді қолдану
Казанбаева Индира
Бейсенбаевна
информатика
пәнінің
мұғалімі
МДШОБ
«Кальпе орта мектебі»
Қаратал
ауданы, Алматы облысы,
Қазақстан Республикасы
Бағдарламалық - техникалық
кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны
оқытушыға сабақты қызықты және
динамикалық түрде мультимедиялық құралдар
көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын
тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те
атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында оқытушы
мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте
мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD және Интернет
ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім
қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын
қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды
ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және тағы
басқа әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды
сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше
мәселелерді шешуге көмектеседі:
1 Пән бойынша базалық
білімді меңгеру;
2 Алған білімді
жүйелеу;
3 Өзін -өзі
бақылау дағдыларын қалыптастыру;
4 Жалпы оқуға деген
ынтасын арттыру.
Оқушыларға оқу материалдарымен
өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру;
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау
және оқушылардың ақпаратты меңгеруін
ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске
қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен
қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және
көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және
видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 %
дейін арттырады.
Қазіргі кезде
сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ
мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан
қызықты әрі жаңаша өтуі үшін
өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу
мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген тақырып бойынша
мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің
болуы мұғалімге «мұғалім – оқушы» жүйесінде
ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды
жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ,
мұның барлығы жүзеге асуы үшін
мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен
іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы
тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту
үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының
табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі
таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен
енуде.
Елбасы атап көрсеткендей
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім
беру өте – мөте қажет» - жас ұрпаққа білім
беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне
оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім берудің
ақпараттандыру процесі пән оқытушылары жаңа
ақпараттық технологияны жан – жақты пайдалану саласына
үлкен талап қояды.
Оқытудың жаңа
әдістері мен формаларын атап айтқанда, проблемалық,
ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындарды
сабақта жиі қолдану.
Проблемалық зерттеу,
аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану
арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
Жаңа ақпараттық
технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер,
телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология,
интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу
процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.
Сабақ материалы Power
Point, Prezi презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде
беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте,
диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер
болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның
алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді
көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың
соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет
жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен
жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен
сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап,
оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады.
Мұғалім алдын – ала дайындаған сабақты
оқушының білімін,
біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған
тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы
орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік
тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал
қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы
мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал
– саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді.
Мұғалім оқушыны
тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған
қалғандардың көңіл бөлу үшін
бағыт береді және бақылап отырады.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа
қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға
жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы
жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын
тиімді құрал болып табылады.
Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар,
мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер –
сабақтың жақсы өтуін және барлық
ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен,
«Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде
жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға
мүмкіндік береді.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық
материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны
пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде
де жұмыс жасауға
болады.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ
тақта режимін қолданғанда оны ақ бет
қағазбен жұмыс жасағандай және
тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі
ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті
қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон
ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның
бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және
тағы басқа. пәндерден сабақ жүргізгенде
ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың
суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет
болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа
қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар
даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық
жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық
кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы
мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт
түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат
әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап,
жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың
дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды
сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жасырамыз.
Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті
тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим
Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін ұсынады.
Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған
құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни,
экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей
жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік
тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып,
оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады.
Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі
жұмысы.
Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау
қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме
жасауға арналған компонентін қолдануға болады.
Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары
арқылы құрылған құжаттарға, графиктік
редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған
файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға
мүмкіншілік береді.
Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру»,
«білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің
сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса,
қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми
техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті
тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни
адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалды
түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің
жоғарылауына байланысты объективті процесс.
Еліміздегі саяси, әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге
сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде
жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың
мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
«Қазіргі заманда
жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру
жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде
оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.