Педагогика. Современные методы преподавания
Физика
пәнін оқытуда
ақпараттық-инновацтялық технологияларды
тиімді қолдану
Мухитдинова
Шакизат Мухтаркызы
№23 жалпы орта мектебі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы
Оқытудың жаңа
ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру –
қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология
ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін
дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың
маңызы зор.
Білім беруді ақпараттандыру
және пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту
мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру
технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді,
әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты
міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру
процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа
технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап
етеді.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек
біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім
алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне
қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi
жүзеге асыру мұғалiмдерден өз
мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін
түрлендiрудi талап eтедi.
Қазіргі таңда елімізде білім
беру жүйесінде жаңашылдық қатарына
ақпараттық кеңістікті құру енгізілді.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті
білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып,
мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру
үрдісін модернизациялаудың тиімді
тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Оқушылардың
ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық
мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда
үздiксiз педагогикалық
бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң
бiрiне айналып отыр.
Физика
сабақтарында ақпараттық
- коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
-
оқушының
өз бетімен жұмысы;
-
аз
уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
-
білім-білік
дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
-
шығармашылық есептер шығару кезінде
физикалық
құбылыстарды
түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
-
қашықтықтан білім алу
мүмкіндігінің туындауы;
-
қажетті ақпаратты жедел түрде алу
мүмкіндігі;
-
экономикалық
тиімділігі;
-
іс-әрекет, қимылды қажет ететін
пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
-
қарапайым көзбен көріп, қолмен
ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері
болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр
түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну
мүмкіндігі;
-
оқушының ой-өрісін дүниетанымын
кеңейтуге де ықпалы зор.
Физикалық процестер мен
құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен
жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе
оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда,
зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға сабақта физикалық ұғымдардың
мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың
қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық
құбылыстармен зерттеу
әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.
Физика
сабағында электрондық оқулықтың тиімділігі
зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу
курсының ең маңызды
бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар,
энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу
нұсқаулары, практикумға, курстық және
дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді
басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы
бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық
оқу басылымы.
Мұғалім үшін
электрондық оқулық – бұл күнбе-күн
дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны
әрбір мұғалім өз педагогикалық
тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі
қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы
үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және
тест тапсырмаларын орындауға болады.
Қазіргі таңда мен өз
тәжірибемде оқушыларға физика сабағында
электрондық оқулықты пайдаланып келемін. Онда әр тарауда тақырыптың
мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме
сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер,
ғалымдардың өмірбаяндары,
жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары
қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер
оқушыларға физикалық құбылыстарды көрсете отырып, түсіндіруге ыңғайлы.
Сонымен қатар тақырыпты
қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл
тест сұрақтарының
нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне
қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі.
Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге,
сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер
ететіндігі сөзсіз.
Электрондық оқулықтар мен
компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз
дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге
құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады.
Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, оқушыны
жалқаулықтан құтқарады.
Электрондық оқулықтың
бағалық – нәтижелік бөлігі тесттер арқылы
жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін
оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін
көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының
оқу үрдісінде кеңінен
енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық
белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен
олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын электрондық оқулықпен сабақтар
жүргізудің негізгі міндеттері оқушылардың базалық
білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру, оқыту
үрдісінде теориялық және өнімділік ой
құрастыру әрекеттері арқылы танымдық
қабілеттерін белсендіру, танымдық қызығулары
арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту, оқу материалын
игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете
ұғынуға талпындыру, өзіндік жұмыстарының
ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру, оқу үрдісінде компьютерлік
технологияларды қолдану, әр түрлі шапшаңдықпен
және әр түрлі көлемді оқу материалын
игерудің мүмкіншілігін ашу.
Құзыреттілік –
оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен
көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық
құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның
әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны
жүзеге асыру жәнеақпараттық-коммуникациялық
технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану
қабілеті. Оқушылардың түпкілікті
құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті
оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің
жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу
нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік,
дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын
жаңа сапа.
Ақпараттық
құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты –
оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны
қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік
технологияны өз қызметтеріне
еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
«Қазіргі заманда
оқушыларға ақпараттық технологиямен байланысты
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру
өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас
ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық
технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін
арттырудың маңызы зор.
Білім беру жүйесін
ақпараттандыру мен
ақпараттық -коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалану оқушының болашаққа деген қызығушылығы мен
болашақ мамандығын
таңдау сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап,
ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек
нарығындағы бәсекеге
қабілетті тұлғаны
даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны
сөзсіз.