Педагогика. Современные методы
педагогики
Оқушылардың
танымдық
қызығушылықтарын
арттырудағы
физика
пәнінің маңыздылығы
Даулеткулова Айсулу Сыдыковна
№109 жалпы
білім беретін мектебі
Алматы
қаласы, Қазақстан Республикасы
Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл –
парасатты, өрісі биік, өз
Отанын сүйетін азмат
етіп тәрбиелеудегі
басты тұлға –
ұстаз. Мектептегі
барлық пәндер бойынша оқу -тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың негізгі
түрі – сабақ.
Сабақтың ең
басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал
дидактикалық мақсаты – оқытушының алға
қойған жоспарын көрсетеді,ал білім беру жүйесіндегі
тәрбиенің мақсаты–оқушыларды экономикалық ойлау
қабілеті жетілген, жан–жақты мәдениетті, адамзат баласы жасаған құндылық атаулыны білім, білік
дағдыларымен
меңгере алатын, әр
түрлі мамандықты игеруге бейім, бәсекеге қабілетті
және құзыретті, шығармашыл, білімді
тұлғаны дамыту
және қалыптастыру. Қоғамдағы
өзекті мәселелердің
бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық
жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, шынайы
өмірге белсене қатысып, оны
жақсартуға ықылас етіп белсенді, әлеуметік
жауапкершілігі жоғары, ой - өрісі кең, кәсіби
деңгейі жоғары, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы мол оқушы тәрбиелеу.
Мектеп түлегінің негізгі
құзырлылығы
төмендегіше
анықталады:
- Бағдарлы құзіреттілік -
өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай
білу, өзінің
Отаны
Қазақстанның патриоты болу, саяси жүйені
түсіну, азаматты белсенділігін
көрсету.
-
Медениеттанымдық құзіреттілік – адам мен
қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну,
этномәдениеттілік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін
ұлттық ерекшеліктерін
тани білу.
- Оқу-танымдық құзіреттілік – оқушының зерттеу
әрекеті мен
өзіндік
оқу-танымдық
процесін қамтамасыз
ететін кешенді құзырлылық.
-
Коммуникативті құзіреттілік
- адамдармен өзара әрекет
пен қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде
қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел
тілінде қатынас дағдыларының
болуы.
-
Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік –
бағдарлай білу, білім мен ақпараттық технологиялар мен
техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге
асыра білу.
-
Әлеуметтік-еңбек
құзіреттілігі - әлеуметтік қоғамдық
жағдайларға
нақты талдау жасай білу,
шешім қабылдай білу.
-
Тұлғалық өзін-өзі дамыту
құзіреттілігі - өзінің мүмкіндігін нақты
перспективалық жоспарлау, салыстыра
білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау.
Физика ғылымы, мектептегі
физика пәнін оқыту
әдістемесі, оқыту технологиялары бойынша жаңалықтарды
іздеу, меңгеру және қолдану міндеттерін жүзеге асырмай,
оқушының аталмыш оқу пәні деңгейіндегі құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесін шешуге
болмайды.
Негізгі құзыреттілікті
әр сабақта, әр
сабақтан тыс
өтілетін іс-шараларда дұрыс мақсат-міндеттерді қоя
отырып, дамытуға болады. Мысалы,
физика сабақтарына шығармашылық сипат беру, еңбекке
шығармашылықпен
қарауға
тәрбиелеумен қатар,
оқушылардың бойында ғылыми білімдер мен зерттеу жұмысына деген
ынта- ықыласты дамытады.
Оқушылардың зерттеу
мен өзіндік оқу
танымдық процестерін дамытуда үйде орындалатын эксперименттік
тапсырманың орны ерекше.
Мысалы: 8-сыныпта «Жұмыс істеу арқылы ішкі энергияның
өзгеруін зерттеу», «Металл мен шынының, су мен ауаның
жылуөткізгіштігін салыстыру», «Тұрғын үйдегі
конвекцияны бақылау», «Қарапайым электроскоп дайындап, оның
көмегімен әр түрлі денелердің электрлену
құбылысын зерттеу»
сияқты эксперименттік тапсырмалар орындау кезінде олар әртүрлі
ойлау процестерін атқарады, бақылап салыстырады,
құрастырады, талдау жасайды, қорытындылайды, өздері
бақылаған құбылыстардың себебі мен салдарын
пайымдайды.
Бұл оқушылардың білімін
тереңдетуге, толықтыруға, бекітуге, алған
білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді.
Оқу үрдісін ұйымдастыруда негізгі
құзыреттілікті дамыту мақсатында
әртүрлі
технологияларды
пайдалануға болады.
Солардың бірі - ұжымдық оқыту
технологиясы.
Ұжымдық өзара
оқыту технологиясы жағдайында
әрбір оқушы өзін еркін ұстайды, жекеше
түрде жұмыс істейді. Онда тек қана өзінің
жетістіктеріне жауап бермей, сонымен қатар ұжымдық
еңбек қорытындысына да жауапкершілігі жоғарлайды,
тұлғалық өзін-өзі бағалау, өзіндік
мүмкіншіліктері мен қабілеттері мәртебесі мен
жұтаңдығын бағалау қалыптасады. Сол сияқты
сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы барлық жастағы
оқушыларға кез -келген
мазмұнға сыни
тұрғыдан қарап, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, мағыналы шешім
қабылдауға
үйретеді. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету
үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:
1. Сын
тұрғысынан ойлауды тудыру
үшін уақыт керек.
2.
Оқушыларға ойланып – толғануға, ойын ашық
айтуға рұқсат беру.
3.
Әртүрлі идеялар мен пікірлерді
қабылдау.
4. Үйрену
барысында оқушылардың
белсенді іс – әрекетін
қолдау.
5.Кейбір оқушылар түсіп
қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға
айналдырмау. 6. Оқушылардың бір – бірінен жауабына, жасаған
сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
7. Сын тұрғысынан ойлауды
бағалау. Оқушы
бойында белсенділік, шешім табу, бір-бірімен қарым–қатынас,
байланыс жасау икемділіктері дамиды.
Физика сабағында «Электрондық оқулықтарды»
пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып
қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электрондық
оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп
түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық
иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сызба
нұсқалары арқылы береді. Оқулықтың
ерекшелігі әрбір тақырып қажетті суреттермен көркем
безендірілген. Электрондық
оқулықта тест тапсырмасын орындаған соң оқушы
өзі қателескен сұрақтарды тексеріп көре алады
және білімі автоматты түрде бағаланады. Зертханалық
жұмыстарды орындау барысындаоқушылардың өз бетімен
шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіресе,
құбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді,басқа пәндерден алған білімін бекітуге
көмектеседі, табиғи жағдайда көзге көрінбейтін
кейбір құбылыстарды экранда көруге мүмкіндік береді.
Осындай жұмыстарды
жүргізу арқылы
әлеуметтік жауапкершілігі
мен кәсіби деңгейі жоғары, ой-өрісі кең, сауатты, танымдық әрекетке
қызығушылығы мол оқушы
тәрбиелеуге болады деп
ойлаймын.