Педагогические науки/1. Современные методы преподавания

 

Карашина Л.Т., Жакенова А.Ж.

 

ЖББ №15 орта мектеп мұғалімі, Қарағанды қаласы

 

Ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие процесінде пайдалану тиімділігі

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың 80- жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. «Жаңару» (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея».

Соңғы кездерде педагогикалық практиканың жаңаруы мәселесімен байланысты педагогикадағы инновациялық білім саласы мен қызметіне деген қызығушылық арта түсті.

Инновациялық проблемасын қарастыратын Қазақстан ғалымдарының зерттеу еңбектері қызығушылық тудырады:

-  педагогикалық инновациялардың дамуы (Б.Ә. Әбдікәрімов, С.Ә. Әбдіманапов, Е.З. Батталханов, С.Н. Лактионова, Ш.Т. Таубаева және т.б.);

-  мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті (М.Ж. Жадрина, С.Ж. Пралиев, Қ.М. Нағымжанова және т.б.).

Жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеу еңбектеріне жасалған талдаулар авторлардың өздерінің зерттеу объектісіне қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан. Педагогикалық инновация жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде білім алушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ойын, ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын білдіретін интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс береді.

Ақпараттық технологияларды жаңалықтардың оқу-тәрбие процесіне енуі ретінде қарастыруға болады. Бұл жаңалықтың енгізілуі немесе жақсарту мақсатындағы өзгерісте болуы мүмкін. Мұндағы жаңалықтың енгізілуі мүлдем жаңа нәрсе болуы шарт емес, бірақ бұл қазіргі заман жағдайындағы жақсы нәрсе болуы тиіс, яғни, қазіргі заманға сай алдыңғы қатарлы жаңалық болуы керек. Мысалы, Н.Г. Осухова мен В.А. Рахматшаеваның пікірлері бойынша «инновация» термині тек жаңа нәрсе ғана емес сонымен қатар көкейкесті ұғымы енгізілу керек. Бұл өзгерістердің белсенді, әрі жағымды сипатын ғана емес, олардың әлеуметтік қажеттілігін де білдіреді.

Инновацияны білім ордаларының оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалану инновацияның әртүрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады: арнайы инновациялық курстар, семинар-конференциялар, педагогикалық тренингтер, инновациялық педагогикалық оқулар мен форумдар, ғылыми жобаны қорғауға арналған әртүрлі байқаулар мен жарыстар және т.б. жатады. Инновациялық білім беру әдістеріне: әңгімелесу, пікірлесу, талқылау, жаттығу, сұрақ-жауап, миға шабуыл және т.б. эвристикалық әдістер жатады. Инновациялық білім беру құралдары: аудио-бейне құралдар, компьютер, интерактиві тақта, интернет, компьютерлік-мультимедиалық құралдар, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, медиатека, инновациялық ақпараттық қор, инновациялық веб-сайт және т.б.

Бүгінде педагогикалық ой-пікірдің даму қарқынына орай адамға қажетті білім деңгейінің де артқаны анық. Сондықтан ең маңыздысы оқушылардың өздігінен дамуын, шығармашылық деңгейінің артуын, тұлғалық сапаларынының қалыптасуын қаматамасыз етуі керек. Яғни, педагогикалық инновацияны сұрыптап, таңдап алу және оның мәнін терең түсініп, жоғары мектептің оқу-тәрибе процесінде пайдаланған жөн.

Білім беру қоғамдық іс-әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдықдамудың белгілі дәрежесінің  нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыста бар. Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Қоғамның дамуы саяси-әлеуметтік ұстаным мен экономикалық мәдениеттің қарқынды өзгеруіне тікелей байланысты. Бүгінгі қоғамда ақпараттық мәдениеті, құзырлығы жоғары тұлғаның алатын орны ерекше.

Ақпараттық мәдениет дегеніміз – дербес компьютерде жұмыс жасау, ғаламтор мүмкіндіктері мен ресурстарын еркін пайдалану, бір-бірімен қарым-қатынас жасау және ақпаратты әр түрлі формаларда бере білу біліктілігі. Ақпараттық мәдениетті информатика немесе өзге де сабақтардағы дайынбағдарлмалар арқылы қалыптастыру жеткіліксіз. Бұл бастама өзінің жалғасын сабақтан тыс шаралар барысындатабуы тиіс.

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

Білім беру процесіндегі оқу-тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруды ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік дегеніміз:

- сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;

- ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;

- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;

- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі инновациялық жаһандану кезеңінде білім беру мекемелерінің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі – білім берудің барлық аймағында ақпараттық технологияны қолдану. Нәтижесінде шығармашыл, креативті, іздемпаз, ақпаратты-технологиялық мәдениеті жоғары, бәсекеге қабілетті, өз ойын ашық демонстрациялай алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Осы көрсетілген мәселелерден компьютерлік бағдарламаны қолдану сабақтарын дайындау әдістемесі мынадай кезеңдерден тұратынын айтуға болады:

-  тәрбие жұмысын ұйымдастырушының міндеттерді қоюы (топ бойынша берілгендерді талдау, тұтас топпен және жеке оқушымен жұмыс формалары мен әдістерін айқындау);

-  компьютерлік бағдарламаның әзірлемесін дайындау бойынша немесе дайын білімдік цифрлық ресурсты пайдалануы бойынша ұйымдастырушының өздік жұмысы;

-  дайындалған мультимедиялық көрнекіліктерді тәрбиелік іс-шараның әр түрлі кезеңдерінде пайдалану;

-  сайыстарды ұйымдастыру барысында слайд немесе 3Dформатты бағдарламалары пайдаланып, тесттік бақылау жүргізу;

-  оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы өздік жұмыстары үшін бағдарлама енгізу;

-  оқу-тәрбиелік жоспарда көрсетілген тәрбиелік жұмыстарды слайдтар, көрнекілік құралдар, интерактивті тақта, дыбыстық колонкалар, танымдық бейне фильмдер және өзге де ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұйымдастыру.

Сонымен, ақпараттық технология бүгінгі қоғамда жай электрондық есептеу, жазу техникасы ғана емес, барлық субъектілер байланысын қамтамасыз ететін ақпарат көзі және байланыс жүйесінің универсалды құралы ретінде қабылдануы тиіс. Ал ақпарат көздері бүгінгі күнде жеке сананы қалыптастырып, қоғамдық сананы шыңдайтын, адамзат құзырлығының басты құралдардың біріне айналғаны баршаға мәлім. Сондықтан ұрпақ тәрбиесінде қоғамдық мазмұн, үрдіс, айқын мақсат және тәрбиеленушілердің қызығушылығы мен талап-тілектерінің ескерілген нақты жүйесі балуы тиіс.

 

Әдебиеттер:

1.                      Мұстафаев А., Шабданова Ш. Ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде қолдану. // Білім. - 2002. -  №1. – 10 Б.

2.                      Сүлейменова Ж. Техникалық оқу құралдарын қолдану – заман талабы. // Қазақстан жоғары мектебі. - 2004. -№4. – 163 Б.

3.                      Өтепбергенов Е. Жергілікті және мемлекеттік басқарудағы ақпараттық технологиялар // Ақиқат. - 2003.  - №10, - 38 Б.