Білім беруді
ақпараттандырудағы белсенді оқыту әдістері
Төреханова Г.И.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті
Бұл еңбекте, білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың әдістері сөз болып, ғылыми
түрғыда негізделеді. Зерттеу
барысында, білім беруді ақпараттандырудағы белсенді оқытуда
қандай ақпараттар берілу керек, нені оқыту қажет деген
мәселені шешумен қатар оларды қандай ретпен, тәртіппен
оқыту, яғни, оқу курсын барынша тиімді түрде жеткізу
мәселесінің оңтайлы шешімдері іздестіріледі.
Диалектикалық, логикалық және
таным теориясының бірлігі арнаулы ғылымдар арқылы зерттелетін
басқа ғылымдарға, танымның философиялық
әдісінің қарым-қатынасын айқындауда негіз болып
саналады. Педагогика ғылымы адам дамуы мен қалыптасуының
мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған
процесс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін
айқындайды. Өзінің
пәні мен методологиясы бойынша білім беруді
ақпараттандырудағы белсенді оқыту әдістемесі педагогика
ғылымына барынша жуық келеді [1, 2, 3].
Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың әдістемесі басқа теориялық
ғылымдардың барлығына ортақ ғылыми зерттеу
әдістерімен (әдістемелік мәселелерді зерттеп, шешудегі
эмпирикалық, экспериментальды-теориялық әдістер) қатар
өзіне тән әдістерді де пайдаланады.
Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері:
1. Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың тарихын зерттеп, пайдалану;
2. Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың жинақталған озық
тәжірибелерін (өзімізде және шет елдерде) жинақтап,
зерттеп пайдалану;
3. Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың ғылыми идеяларын, әдістерін, тілін
пайдалану және оларды дидактикалық өңдеу;
4. Эксперимент.
Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың әдістемесі педагогикалық
ғылымдар тобына жататындықтан педагогикамен тығыз байланыста
бола отырып, оның ұғымдарын, принциптері мен ережелерін
басшылыққа алады. Педагогиканың білім беру және
оқыту теориясы – дидактиканың жетістіктері Білім беруді
ақпараттандырудағы белсенді оқыту әдістемесінің
дамуына немесе Білім беруді ақпараттандырудағы белсенді
оқытудың әдістемелік мәселелерінің зерттеу
нәтижелері педагогикалық теорияны нақтылауға,
жетілдіруге игі әсерін тигізеді.
Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқыту әдістемесінің дамуында оның басқа
ғылымдармен байланысы ерекше маңызды рөлге ие (философия,
әлеуметтану, этика, эстетика, психология, анатомия мен адам физиологиясы,
гигиена, этнография, математика, кибернетика және т.б.). Мәселен,
философия білім беруді ақпараттандырудағы белсенді
оқытудың теорияларын бағыттауда методологиялық
жағынан жәрдемдессе, психология деректері білім беруді
ақпараттандырудағы белсенді оқыту үшін адамның
жеке тұлғалық ерекшеліктері мен оның ішкі
жан-дүниелік заңдылықтарын балаларды оқыту процесінде
дұрыс пайдалануға бағдарлайды. Оқыту елес пен зердеге
берік сүйенетін әрекет болып табылатындықтан оқыту
барысында таным процесінің негізі ретінде қабылдау
категориясының қызметі күшті болады. Осы сияқты
сөз (тіл), ойлау, қиялдау, әсіресе кеңістік
қиялдау – барлығы да білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқыту барысында үлкен қызмет атқарады.
Физиологиядағы іс-әрекеттің
шартты рефлекстігі жөніндегі идеялар адамда сыртқы
әсерлердің ықпалымен болып жататын өзгерістердің
және тәрбиеленушіде ептілік, дағды мен әдет
қалыптасуының ғылыми негіздерін ашуда өз себін
тигізеді. Адам миының жарты сыңарларының қызметі
материалдық заттардан, құбылыстардан, тікелей келетін бірінші
сигналдармен де, сөздермен, символдармен берілетін екінші сигналдық
жүйелермен де байланыста болады. Оқытудың нәтижелі,
табысты болуы екінші сигналдық жүйені дер кезінде дамытып
отыруға байланысты [3].
Оқушылардың ғылыми жолмен
ойлауының негізгі ережелерін қалыптастыруда логика
ғылымының ерекше маңызы зор. Сондықтан, білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың әдістемесінде дәстүрлі логика
мәселелеріне де үлкен мән беріледі. Логика – ойлаудың
заңдары мен ой формалары туралы ғылым. Ал, ойлау әдетте тіл
арқылы көрінеді, тіл арқылы жарыққа шығады.
Анығырақ айтқанда, адамның ойы тілдегі сөздер мен
сөйлемдер арқылы айтылып, түсінікті бола алады. Сөз бен
сөйлем ойлау категориялары – ұғым және байымдаумен
байланысты болады [4]. Зерттеу обьектілерінің
өзара байланысы білім беруді ақпараттандырудағы белсенді
оқытудың әдістемесі мен логиканы жақындастырып
байланыстырады. Ғылымның әр саласына бірдей ортақ
мәселелер ортақ міндеттерді тудырады.
Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың әдістемесі педагогикалық әдіс
ретінде өнерге де өте жақын келеді. Әдістеме
практикасында сөзді, дауыс ырғағын, жүріс-қимыл
және т.б. сыртқы факторларды ұтымды пайдаланудың
мәні зор.
Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен
байланысының екінші тарапы – олардың зерттеу әдістері мен
тәсілдерін үйрену және шығармашылықпен игеріп,
пайдалану.
Мектеп пәндерін оқыту
әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі
сұраулар Білім беруді ақпараттандырудағы белсенді оқыту
әдістемесінің де алдына қойылады. Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты мынадай
сауалдарға жауап беруі тиіс:
1. Оқытудың мақсаты (Не
үшін оқытамыз?);
2. Оқытудың мазмұны (Нені
оқытамыз?);
3. Оқытудың әдісі (Қалай
оқытамыз?);
4. Оқыту құралы (Немен
оқытамыз?);
5. Оқыту формасы (Қайтіп
оқытамыз?).
Бұл айтылғандардан басқа
төмендегідей мәселелерге де көңіл аудару керек. Олар:
1. Кімді оқытамыз?
2. Кім оқытады?
Соңғы екеуіндегі кімді оқытамыз
деген сұрақ: қай жастағы баланы қалай оқыту
керек яғни, қай пәнді, оның бөліктерін, қай
сыныптан бастау керек дегенді білдіреді [5, 6]. Осыған сәйкес,
білім беруді ақпараттандырудағы белсенді оқыту
әдістемесінің негізгі үш кешенді мәселесі туындайды.
Олар:
1. Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың мазмұны жайлы мәселе;
2. Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың құрылымы туралы мәселе;
3. Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың әдістері жайлы мәселе.
Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың әдістемесін шартты түрде мынадай
үш тарауға бөлуге болады:
1. Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың жалпы әдістемесі. Мұнда, білім беруді
ақпараттандырудағы белсенді оқытудың принциптері,
әдістемелік жүйесі қарастырылады;
2. Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың арнаулы әдістемесі. Мұнда,
оқытудың таным әдістері яғни, білім беруді
ақпараттандырудағы белсенді оқытуда оқушылардың
пәнге деген танымдық ынтасын арттыруға
бағытталған жұмыстар жүйесі, оны практикада
қолданудың түрлері мен әдістері қарастырылады.
Мысалы, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.
3. Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың нақты әдістемесі. Бұл
тараудың өзі екі бөлімнен тұрады:
а) жалпы әдістеменің дербес
мәселелері. Мысалы: мұғалім жұмысын жоспарлау,
сабақтар жүйесін ұйымдастыру;
ә) арнаулы әдістеменің дербес
мәселелері. Мысалы: «Дауысты дыбыстар» тақырыбын оқыту
әдістемесі.
Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытуда және оны жақсартуда мынадай факторларды еске
алу қажет:
1. Пәннің ішкі логикасы мен оны
өзгерту, түрлендіру мүмкіндіктерін пайдалану;
2. Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқыту мазмұнын құрайтын мәселелер
арасындағы барлық ішкі байланыстарды ескеру;
3. Бұл мәселелердің білім беруді
ақпараттандыруда белсенді оқытудағы мәнін
анықтау;
4. Материалдарды дидактикалық
өңдеу, талдау, оның ұғымдылығын,
қонымдылығын арттыру мүмкіндігін ашу.
Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытуда қандай ақпараттар беру керек, нені
оқыту қажет деген мәселені шешумен қатар оларды
қандай ретпен, тәртіппен оқыту, яғни оқу курсын
барынша тиімді түрде жеткізу мәселесі шешімін табуы тиіс. Бұл
үшін отандық және шетелдік психологтар, педагогтар мен
әдіскерлердің жаңа зерттеулерінің нәтижелерін
есепке алу қажет.
Мұғалім оқу пәндерін
белсенді оқыту технологиялары арқылы оқытуда бірмезгілде
оқытудың дәстүрлі және инновациялық
технологияларын қатар қолданады. Ол – оқушыларға жалпы
білім бере отырып, қоғамдық пайдалы еңбекке
әзірлеу мақсатында практикалық іс-әрекет
дағдыларына да үйрететін басты тұлға болып табылады.
Осы айтылғандардан, білім беруді ақпараттандырудағы белсенді
оқытудың жалпы және арнаулы мақсаттары туындайды. Білім
беруді ақпараттандырудағы белсенді оқытудың жалпы
мақсаттары:
1. Оқу пәндерін белсенді
оқытудың білімдік мақсаты – оқушыларды оқу
пәндерінің ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен
және оларды толық, сапалы да берік игеруге қажетті
біліктермен, дағдылармен қаруландыру;
2. Оқу пәндерін белсенді
оқытудағы тәрбиелік мақсат – пәндік ілімдерді
игерту барысында оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге
мүмкіндік беретін тәрбиенің қайнар көздерін
ұтымды пайдалану;
Тәрбие көздері:
а) оқушылардың ғылыми
дүние-танымын қалыптастыру;
ә) озық адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру;
б) эстетикалық тәрбие беру.
3. Оқу пәндерін білім беруді
ақпараттандырудағы белсенді оқытуда
өмірлік-практикалық білім, дағды дарыту мақсаты.
Білім беруді ақпараттандырудағы
белсенді оқытудың арнаулы мақсаттары:
1.
Оқытуды жеке дараландыру (оқушылардың жеке даралық
ерекшеліктеріне негізделген оқыту оның сапасын көтереді);
2.
Оқу процесін дербестендіру (оқыту процесі оқушының
сабақ кестесі мен ақпараттарды алу темпіне сәйкестендірілген,
шұғыл әрі ыңғайлы түрде өзгертуге
бейім жеке графикпен қамтамасыз етілуі керек);
3.
Мұғалімдік ресурстарды пайдалануды интенсивтендіру (ЭОБ
арқылы оқыту мұғалім еңбегін жандандырады
әрі біліктілігін көтереді);
4.
Оқытудың тиімділігін арттыру (жаңа принциптер,
тәсілдер мен техникалық құралдарды пайдалану
арқылы жетілдіріледі);
5.
Оқытудағы мұғалім тәжірибесі, білімі мен
озық әдістемесін сақтау және пайдалану;
6.
ЭОБ пайдалану арқылы оқу процесінің компоненттерін
кеңейту;
7.
ЭОБ жасаудың жаңа әкімшілік шарттарға
сәйкестігі.
Жалпы, білім беруді ақпараттандыруда
оқу пәндерін белсенді оқыту оқушылар мен студенттерге
білім берумен ғана шектелмей, олардың бойында танымдық
қызығушылық пен шығармашылық
қабілеттің қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Оқытудағы
болатын мұндай өзгерістер педагог еңбегін жетілдіруді
және әрдайым психологиялық - педагогикалық талдауды
талап етіп отырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Диалектикалық және тарихи материализм. Партия оқуы
жүйесіне арналған. – Алматы: Қазақстан, 1972. – 384 б.
2.
Алтай Ж., Қасабек А.,
Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы: Оқулық. –
Алматы: Раритет, 2006. – 312 б.
3.
Әбиев Ж. Ә., Бабаев С.
Б., Құдиярова А. М. Педагогика. Оқу құралы. –
Алматы: Дарын, 2004. – 448 б.
4.
Шаханов Е. Логикадан
жаттығулар жинағы. Оқу құралы. – Астана: Фолиант,
1999. – 84 б.
5.
Әбілқасымова А. Е.,
Көбесов А. К., Рахымбек Д. Р., Кенеш Ә. С. Математиканы
оқытудың теориясы мен әдістемесі. Жоғары оқу
орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. –
Алматы: Білім, 1998. – 208 б.
6.
Халықова К. З. Информатиканы
оқыту әдістемесі. – Алматы: Білім, 2000. – 196 б.