Мизанбаева Г.Ш.
Академик Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университетінің аға оқытушысы
Мемлекеттік тілді қашықтықтан
оқытудың тиімділігі
Мемлекеттік тілді оқытуда Қазақстан
Республикасының Президенті
Жолдауында мемлекеттік тілді еліміздің қоғамдық
өмірінде қызмет ету аясын кеңейту, тілді оқу
орындарында оқыту мен үйрету әдістемелерінің сапасын
жақсарту мәселесіне назар аударылуы; Елбасы Жолдауындағы
«қазақстандықтардың басын біріктіретін маңызды
фактор –Қазақстанның мемлекеттік тілінің дамуы» деген
бағдардың көрсетілуі; Қазақстанда білім
стандартының жасалуы, жаңа оқулықтардың жазылуы;
жаппай компьютерлендіруі; тіл үйретуде инновациялық технологияларды
пайдалануы, білім сапасын арттыруы; әлемдік білім кеңістігіне енуі;
кредиттік және қашықтықтан оқыту
технологияларына көшуі.
Мемлекеттік тілді
жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді
қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту
әдістерін әзірлеу - қазіргі кезеңде ең
өзекті мәселелердің бірі. Қазақ тілі сабағында
компьютерлік презентацияларды, дыбыс және бейне материалдарды,
слайдтарды, қарапайым және күрделі анимациялы графикалық
объектілерді тиімді пайдаланудың әдістемесін әзірлеу
қажеттілігі.
Қашықтықтан
оқытуда желілік байланыс, ғаламтор желісі пайдаланылады. Қазіргі
кезде тіл үйретуде ғаламтор желісі кеңінен пайдаланылуда.
Ғаламтор желісі тіл үйренуге қолайлы әсер етеді. Тіл
үйренушіге аудио-бейне материалдар арқылы тілді сөйлесім
әрекетінің барлық түрлері бойынша қатысымдық қырынан
меңгертуге, тіл үйренушілерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып,
өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға
үйретуге, мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы,
ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды
қолдануға үйретуге,өз мамандығы бойынша хаттар,
баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға үйрету, радио, теледидардан ақпараттар
тыңдап, түсінуге машықтандыруға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан
оқытудың тиімділігі, оның болашағы маманның
психологиялық ерекшелігіне, іскерлігіне байланысты. Бұдан
шығатын басты талап субъектінің мән бере оқуы, жеке
бастың даму диагностикасы, жағдайларды жобалау, ойлы ізденістер
диалогы, оқу-әдістемелік кешендегі
тапсырмаларды өмірмен байланыстырып беру.
Қашықтықтан
оқытуда өзіне керек білімді меңгеретін, шығармашылықпен
жұмыс істейтін, өзін-өзі басқара алатын, белсенді
тұлға қалыптастыру көзделеді.
Қазақ тілін оқытуда
ақпараттық технологиялар тыңдаушылардың қандай да
бір сұрауларына жауап бермесін, мемлекеттік тілдегі
оқу-тәрбие процесінің әрбір бөлігінде сол немесе
өзге жаттығу жұмыстары көлемі немесе
ұзақтығына байланысты басты назарда болады. Тек дұрыс
құрастырылған жаттығулар топтамасы ғана
оқыту үдерісін мақсатты, коммуникативті және
нәтижелі етеді.
Мемлекетік тілді меңгеру саласында
оқыту деңгейіне жету, негізінен, жаттығу жұмысы кіретін
жаңа тілдік стереотиптер құру қажеттілігімен
байланысты. Тек бірыңғай тілдік бірліктер мен олардың
комбинацияларының бірнеше рет қайталануының нәтижесінде
ғана оқытылатын тілдік қатынас құралы ретінде
қолданылатын мықты іскерлік пен еп-дағдылары жасалады.
Қазіргі уақытта
қашықтықтан оқыту жүйесін қолдану тілді
оқытуды жандандыруға мүмкіндік береді.
Қазақ тілін
қашықтықтан оқыту технологиясының
ғылыми-әдіснамалық негіздерін жасау,оқыту процесін
оңтайландыру – жаңартылған компьютерлік бағдарламалар базасында оқу
лабораторияларын жетілдіру және де мемлекеттік тілді оқытуда аталған
әдіс түрлерін қолдану әдістемесін әзірлеу. Мемлекеттік
тілді қашықтықтан оқыту курсын дайындау.
- Қашықтықтан
оқытуда оқытушы оқу бағдарламасын беру
арқылы тіл үйренушіні өзіндік оқуға жетелеу;
- Оқу-әдістемелік
кешенге материалдарды мамандыққа байланысты сұрыптап беру;
- Қашықтықтан
оқыту курсында тілді жеке немесе топтық меңгерту;
- Тіл үйренушілердің тілді білу
деңгейін бақылау және бағалау;
- Тілді үйрену уақытын
үнемдеу;
- Әр түрлі компьютерлік ойын
элементтері арқылы тіл үйренуге қызығушылығын
арттыру. Қашықтықтан
оқыту мәселесін терең теориялық және
практикалық тұрғыдан зерделеп, мемлекеттік тілді
дамытудың пәрменді құралына айналдыру мақсатында
осы мақсатқа лайықталған оқу орталықтары мен арнайы бағдарламалар
жасалынуда. Әдіскер – ғалымдардың алдында тұрған
көптеген игі мақсат - міндеттерінің бірі – мемлекеттік тілді
қашықтықтан оқытуға байланысты оқу -
әдістемелік құралдар жасау, шығару. Осы арнада
даярланған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызметшілеріне, ересектерге, жеке тіл үйренуші
тұлғаларға мемлекеттік тілді қашықтан
оқытудың үш деңгейлік жүйесі бағдарламасын»
жасау міндеті қойылды.
Қашықтан
оқытудың негізгі технологиялық тірегі – компьютерлік
телекоммуникация жүйесі (КТКЖ) болып табылады. Компьютерлік
телекоммуникация жүйесінің дидактикалық
діңгектерінің нық екендігін оның мынадай сипаттарынан
тануға болады.
КТКЖ арқылы белгілі бір
ақпаратты қандай көлемде, қандай мөлшерде болса
да, қалаған уақытта қалаған жерге жеткізу
мүмкіндігі өте үлкен.
КТКЖ жадысында қажет деп
танылған ақпараттың қажет деп саналған мерзімге
дейін сақталу мүмкіндігі зор.
Жадыдағы ақпаратқа
түрлі редакторлық өзгерістер жасау мүмкіндігі
көп.
Ақпараттарды қайта
өңдеу және басып шығару мүмкіндігі де шексіз.
Мультимедиалық ақпараттар
жасау арқылы коммуникацияны интер активтендіру мүмкіндігі
кеңейте түспек.
Ғаламтор жүйесі арқылы
ақпараттың бірнеше түрлерімен қамтамасыз ету
мүмкіншілігі өте үлкен.
Электрондық конференциялар, видео
конференциялар, компьютерлік аудио конференциялар өткізу мүмкіндігі
өте қолайлы.
Ғаламтор жүйесі арқылы
кез келген сұхбаттас табу мүмкіндігі де аса пайдалы.
Іздеп, табылған ақпараттарды
CD, басқа электрондық тасушыларға жазып алу арқылы
қажетті уақытында пайдалана алу мүмкіндігі де зор.
Қажетсінген кез келген
ақпаратты, мәлімет тауып алу мүмкіндігі шексіз.
Қашықтан оқыту дегенде,
назардан еш тыс қалдыруға болмайтын біршама дидактикалық
талаптар бар. Олар:
мемлекеттік тілді
үйренуші толығымен өз бетімен қалмайтынын баса ескеру
керек, мұнда да тіл үйретуші мен тіл үйренушінің
қарым – қатынасы ара қашықтықтан болғанымен
үзілмей сақталады; өйткені оқытушы – мемлекеттік тілді
үйрету үдерісін ұйымдастырушы, басқарушы және
бақылаушы функциясын атқарады;
мемлекеттік тілді
қашықтан оқыту (МТҚО) жүйесі –
ақпараттық технологияның небір дамыған түрлерін
қолдана отырып оқыту формасын жүзеге асыратын
болғандықтан, сол жүйеде қолданылатын әдіс –
тәсілдер, оқыту формалары, оқыту құралдары да
жаңа болмысқа икемделеді, бейімделеді;
мемлекеттік тілді
үйренуші тек оқытушымен ғана қарым –
қатынасқа түспей, басқа тіл үйренушілермен де
байланыста алатындай жағдай жасалынады, сөйтіп, қазақша
сөйлесу, хат алысу, пікір алысу сияқты оқу
әрекеттерінің жүзеге асырылуын мүмкін ету керек;
Қашықтықтан
оқытуда төмендегідей
оқу құралдары пайдаланылады:
-
электронды оқу
құралы;
-
мультимедиялық
үйретуші бағдарлама;
-
аудио-бейне материалдар;
- электронды
анықтамалар;
Әдебиеттер:
1. Р.Сыздық
«Қазақ тілінің анықтағышы», Астана 2000 ж.
2. Мемлекеттік
қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытудың жаңа
технологиялары: дәстүр мен жаңашылдық
сабақтастығы, Астана 2011
3. А.Әбілқаев,
З.Бейсенбайқызы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»,
Алматы 2007ж.