“Филологические
науки”/1. Методика
преподавания языка и литературы
Амирова М.Ж.
Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ
Кәсіби
құзыреттілікті қалыптастыру
Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті –
білімдік шоғырландырудан нәтижеге бағытталған
құзіреттілік тұғырға көшу екені атап
көрсетілген./1/. Құзыреттілік тұғыры бойынша
білім беру прагатикалық сипатта болады және мыналарға
бағытталады: тәжірибеден пайдалыны ала білу; өзінің
алған білімін өзара байланыстыра білу және оны ретке келтіре
алуы , өзінің алдыңғы міндеттерін өздігімен шешу
біліктілігі.
Педагогика ғылымында
құзыреттілік тұғыр негізінде тұлға игеруге
тиісті таным, тәжірибе, әрекет тәсілдерінен басқа
құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады.
Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби
бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру.
«Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарлама» жобасына қазақ тілінің мәртебесін
жоғары деңгейге көтеретін мәселелер қамтылуы
тиіс. Бұған біріншіден, «Мемлекеттік тіл» Заңы
қабылданып, толыққанды жұмыс жасауы, ол Елбасының
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»
деген тұжырымдамасымен үндес келуі, яғни Қазақстан халқының
болашақ өмірінің кепілі болуы. Екіншіден, қазақ
тілі коммуникативтік қарым-қатынас, ресми қатынас тілі ретінде жұмыс жасауы.
Елбасының
«…Халықаралық тәжірибеге сүйеніп, жақсы
технологияларды әкелу» [1] деген ұстанымы мемлекеттік тілді дамыту
бағытында бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тіл саясатының
белгілі бір жүйемен істеліп жатқан іс-шаралары қазақ
тілінің мәртебесін нығайтуға бағытталып
және тәжірибе жүзінде қолданыс қызметін
кеңейтуге қызмет етеді. Жаңа заманның талаптарына орай,
интеллектуалдық қабілеті мол мамандарды даярлау міндеті
бүгінгі білім жүйесінің басты да негізгі мақсаты екені
даусыз. Осы мақсатты іске асыруда студенттерге іскерлік
қарым-қатынасты дұрыс оқыту қажеттігі
күннен-күнге айқын сезілуде. ЖОО-да оқыту
үдерісінде Қазақстан Республикасының бәсекеге
қабілетті тілдік тұлғаны қалыптастыруда тиімді
әдістерді қолдану. Сол себепті оқыту әдістемесінде
және тіл үйретуде, оқытуда
ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде
ұсынатын, сол ақпаратты
жоғарғы деңгейде игеретін және өмірде,
тәжірибеде бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді.
Мемлекеттік тілдің
әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен
дамытуда оның ғылымда, өндірісте, елдің
халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи
түсуі тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен де
байланысты екендігін көрсетеді. Кәсіптік-техникалық лицейлер
мен ЖОО бітірген жас буын – әрі болашақ маман, әрі ҚР
өндірісін ілгері дамытатын кәсіпкер. Оның алдыңғы
қатарлы маман болуы өз елінің тілін жоғары
деңгейде білуімен де терең сабақтасады. Соңғы
жылдары әдіскер-ғалымдар қазақ тілін
қарым-қатынас құралы ретінде меңгертумен
қатар, студенттердің кәсіптік мамандығын ескере отырып
игертудің тиімді жақтарын қарастыруда.
Оқу үрдісінде
жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін алғышарттар
қажет: ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік,
оқу-әдістемелік кешендерді үнемі талдау жасап, назарда
ұстау, жаңа оқулықтардың мазмұнын зерттеп
білу, пәндік білім стандартымен танысу, білімді деңгейлеп,
кәсіби бағытта беру технологиясын игеру арқылы студенттерге
білімді стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқу
үрдісін ізгілендіру т.б.
Тілді
мамандыққа қатысты оқытудың тиімді жақтары:
- тіл үйренушілер
қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде
қолдана алады;
- кәсібіне байланысты
жинаған сөздік қорды жұмыс орнында пайдаланып, өз
мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу
дағдысы қалыптасады;
- қазақ тілінің
танымдық қызметінің маңызы арта түседі;
- қазақ халқының
рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту
негізінде тіл үйренушілер Қазақстан тарихымен,
мәдениетімен, әдебиетімен, халықтың салт-дәстүрімен
танысып, білімдерін молайтады;
- күнделікті қызмет бабында
ресми-іскери сөйлесуге тән тұлғаларды меңгеріп,
мамандыққа қатысты ісқағаздарды жазуды
үйренеді;
- болашақ маманның
тұлға ретінде қалыптасуына, өсуіне және дамуына,
өз мамандығын саналы сезінуіне мүмкіндік туады.
Ал, әдіскер-ғалым Б.Қасым мамандыққа
қатысты тілді меңгертуде мынандай талаптар қою керек деп
есептейді:
• студенттерді кәсіби
мамандығы бойынша тілдесуге үйрету;
• мамандыққа байланысты тілдік
қатынасқа түсу үшін әр түрлі
жағдаяттар құру арқылы тілдік қатынастың
қажеттілігін түсіндіру;
• дұрыс сөйлеу қатысымның
түрлерін үйрету. Сонымен қатар мамандыққа
байланысты мәтіндерді меңгерту арқылы студентті болашақ
мамандығымен кеңірек таныстыруға мүмкіндік туады [2, 17].
Қазақ тілін қатысымдық
тұрғыдан үйретуде сөйлесім әрекеті мен оның
түрлерін меңгертудің маңыздылығы ғылыми
жұмыстардың зерттеу нысаны бола бастады. Осы ретте Ф.
Абдразахованың шетел студенттеріне қазақ тілін жазылым
әрекеті арқылы үйрету әдістемесін қарастырған
зерттеу еңбегінің маңыздылығын атап өткен
жөн. Ф. Абдразахова зерттеу жұмысында сөйлесім
әрекетінің бір түрі – жазылым әрекетінің
анықтамасын, ерекшеліктерін және түрлерін анықтай
отырып, жазылым әрекетін шетелдік студенттерге меңгертудің
тиімді жолдарын көрсетті. Зерттеу жұмысында жазылым әрекеті
бірнеше түрге бөлініп қарастырылды. Мәселен, жазылу
үлгісіне қарай жазылымның мынадай түрлері берілген :
дыбыстық жазылым; көшіру жазылымы; жатқа жазу жазылымы;
көркемдік жазылым; танымдық жазылым [6,15].
Кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі
теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа
баулиды. Білікті маман дайындау, білім беру – қоғам дамуының
негізгі жолы.
Қазіргі уақытта тілді мамандыққа сай
үйретуге арналған әдістемелік оқулықтар мен
оқу құралдары баршылық. Бұл оқулықтар
студенттердің ғылыми тілді, мамандыққа қатысты
кәсіби тілді, ресми-іскерлік тілін жеткілікті түрде
меңгеруіне көп көмегін тигізуде.
Қазақ
тілінің кәсіби
мамандыққа бағытталған лексикасы мен
терминологиясын оқыту әдістемесі сала мамандықтарына
байланысты таңдап алынған лексиканы үйрету үшін,
біріншіден, тіл үйренушіге жаңа сөзді қолдануға
жағдай туғызу; екіншіден, сөздің мағынасын
айқындап, дұрыс қолдан амал-тәсілдерін игерту
(сөз→сөз тіркестері→сөйлем→мәтін);
үшіншіден, сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты
грамматикалық тұлғаларды функционалды мақсатта
байланыстыра үйрету; төртіншіден, сөздердің
қатысым-прагматикалық мақсатын ескеру қажет.
Кәсіби
қазақ тілін оқыту әдістемесі теориялық білім
берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды. Білікті маман
дайындау, білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы.
Осыған орай қазақ тілінен берілетін базалық білім
таңдалады. Қажетті базалық білімде ерекше орынды жоспарлау
мәселесі алады, себебі бүгінгі студент ертеңгі маман,
іскерлік қарым-қатынас жағдайында жол таба білуге
үйрету маңызды болып саналады. Бүгінде оқытудың
барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір-бірімен
байланыстыру мақсаты басым. Бүгінгі күн талабы –
маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін
қалыптастыру. Сондықтан кәсіптік білім беруде өтілетін
тақырыптар, соның ішінде ғылымның соңғы
жетістіктеріне негізделуі тиіс.
Қ.Қадашева
“Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми
әдістемелік негіздері: өзге тілді дәрісханалардағы
қазақ тілі” деген докторлық диссертациясында мамандық
тіліне бейімдеп оқытуда жаңаша жаңғыртып оқыту
әдістемесінің әдіс-тәсілдерін ұтымды
пайдалануға болатындығын, тіл үйренушілердің өз
саласында тілді қолдану қызметінде лексикалық минимумды
анықтау қатысымдық қажеттілікті қамтамасыз ететін
ерекшелік екендігін көрсетті. Сонымен қатар өзгетілді
дәрісханалардағы үйренушілерге мамандығы бойынша тілдік
база жасау мәселесіне тоқтала отырып, оның мақсаттарын
ашып көрсетеді [4,103]. Бұл ғылыми еңбектегі тиімді
әдістердің үлгілерін күнделікті сабақ барысында
түрлендіріп қолдануға болады.
Ол
үшін сөздік-минимумды таңдауда басшылыққа алынатын
ұстанымдар:
• Сөздің сөзжасамдық
қабілеті;
• Сөздің
көпмағыналық, омонимділігі, синонимділігі;
• Сөздің мамандыққа
байланысты қатысым-прагматикалық мақсатын ескеруі. Студенттер өз білімдеріні лексикалық және
терминологиялық түсіндірме және фразеологиялық сөздіктер
арқылы жүзеге асырады. Шағын хабарлама жасау, жоспар
құру, белгілі бір тақырыпқа шығарма, баяндама,
тезис, реферат, конспект жазу тапсырмалары болашақ мамандардың
жазбаша тілін дамытуда, сауаттылығын арттыруда, өз ойын, пікірін
жеткізуде басты орын алады. Студенттердің өз бетімен ізденіп,
кәсіби шеберлігін жетілдіруі мақсатында лексикалық минимумы
мен терминдерінің қазақша-орысша түсіндірме
сөздігі арқылы жүзеге асады.
Тіл дамытудағы
ең тиімді әдістердің бірі – мәтін бойынша жұмыс
істеу. Сондықтан мәтіндер күнделікті тұрмыста
қолданылатын, мамандық бойынша, төменгі және орта топ
студенттеріне арналған мәтіндер болып топтастырылады. Сонымен
қатар грамматикалық ережелерді түсіндіруге түрлі
кестелер, студенттердің өздік жұмысына байланысты
тапсырмалар, қазақша-орысша
сөздікпен беріліп отырылады.
Коммуникативтік
оқытуда білім беру – студент өзін ауызша тыңдап түсіну,
сөйлеу және коммуникацияға баулу, яғни оқылып
жатқан тілде қарым-қатынас қалыптастыру.
Сонымен қорыта
айтқанда, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру
мамандыққа байланысты оқытудың өзіндік
ерекшеліктері, заңдылықтары, оқу мен өмір
жағдаяттарын шешу кезінде білім адушылардың білімді,
біліктілігін меңгертудің
әдіс-тәсілдерінің кәсіби қатынаста
атқаратын маңызы зор екендігін айтқанды жөн санадым.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі – 20.01.2004.
2. Назарбаев Н.
Бәсекелестікке қабілетті Қазақстан үшін.
Бәсекелестікке қабілетті экономика үшін. Бәсекелестікке
қабілетті халық үшін. Қазақстан халқына
жолдауы.– Астана: Ақорда KZ 62012.
3. Қасым Б., Османова З. т.б.
Кәсіби қазақ тілі. –Алматы, 2010. –112 б.
4. Қадашева Қ. Жаңаша
жаңғыртып оқытудың ғылыми әдiстемелiк негiздерi:
өзгетiлдi дәрiсханалардағы қазақ тiлi: Пед.
ғыл. док. … дисс. – Алматы, 2001. – 301 б.