МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ
АҚЫНДЫҒЫ
Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті, Қазақстан
Республикасы, Қарағанды қ.
филология
ғылымдарының кандидаты, доцент Акатаева Ш.Б.
Лог-12 тобының студенті Ольжегульдинова
А.
Қазіргі қазақ әдебиетінде
аға буын саналып қалған толқынның ішінде ерекше
топ жарған тұлғалар баршылық. Санамалап айтатын
болсақ, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Дулат Исабеков,
Саин Мұратбеков, Фариза Оңғарсынова және тағы
басқалары. Осы топтың
ортасынан ойып тұрып алған буын – халық жазушысы, қоғамдық
қайраткер, публицист –
Мұхтар Шаханов. Мұхтар – қазақ халқының
қиын шақта жел өтінде ұстаған, ел ішінде
ұлттық батыр қатарында мойындалған қайсар
қанат перзенттерінің бірі. 1986 жылғы Кеңес Одағында
тоталитарлық жүйеге қарсы батыл бас көтерген
қазақ жастарын ақтап алуда ол, өз тағдырына
төнген қауіпке қарамай, нағыз ерлік, еркектік мінез
көрсеткен ақын.
Бұл күнде азаматтығы мен поэзиясын
күллі әлем мойындаған Мұхтар Шаханов – осындай басын бәйгіге
тіккен ақындарының бірі. Қоғам тіршілігін
майданға теңесек, Мұхтар ең алдыңғы шепте,
оқтың өтінде
өлімге бас тіккен
жанкешті жауынгер секілді.
Шыңғыс Айтматовтың сөзімен
айтсақ: «Менің өмірімде екі Мұхтар болды. Оның
бірі - әлемдегі қамқор пейілді ұстазым Мұхтар
Әуезов те, екіншісі – азамат
ақын, көп жылдар бергі сырласым, іні-досым Мұхтар Шаханов.
Менің түсінігімше, ол кең ауқымды ізденім, ойшыл,
шығыстың даналығы мен батыстың ұшқыр
дүниетанымын бір арнада шебер тоғыстырған Азия
құрлығындағы аса ірі ақындардың бірі»,
- дейді (2, 4).
«А.П.Чехов
айтқандай «Мұндай жаспен қатар жүру түгіл,
соңынан еріп жүрудің өзі қандай қуаныш».
Мұхтар Шаханов творчествосы өзінің
өмірімен тікелей қарым қатынасқа түсуімен
оқшау тұр. Өлең секілді қасиетті өнерді буы
бұрқаған өмірдің дәл әлі
бүгінгі сауалымен суарады. Сол сияқты өмірдегі
әділетсіздіктің, тоғышарлықтың
уақытқа қарай түлеп алған жаңа
түрлерін зерделілікпен зерттеп өлең қуатымен батыл
әшкерелейді. Оның ақын жаңашылдығы осы арада.
Яғни, оның шығармаларынан ежелден өлең лебінен
гөрі өмір лебі көбірек өседі. Жұртты
маңайына үйрететін де оның өлеңіндегі осы тірі
тағдыр. Мықтап ойланатын, түйінді түс. Ақындықтың
ең үлкен сыны осы болмақ. Мұхтар поэзиясын бізге
жақын ететін тағы бір қасиет – оның тақырыбын табуда.
Оның таңдайтыны – ең қажет тақырып, ақын
өлендерін оқып отырғанда ол көтерген тақырыпты
аттап өтіп өмірдің бүгінгі күнін келесі
күнмен жалғау мүмкін еместігі көрінеді.
Мазмұнға сай түр тумаса поэзия
жұтайды. Басқа ақындар айналып өтетін «қауіпті» тұстарға
Мұхтар құмар–ақ. Поэзияның даңғыл
жолымен шауып өтетін талантын ол әдейі қиынға
салатындай. Мұхтар Шаханов жайлы замандастарында екі удай
ұғым бар. Бірі – Шаханов поэзия тереңіне бойламайды, арзан
амалдарға, жетік дегенге салды. Ал екіншісі 70–80 жылдардағы қазақ поэзиясына соны бір леп
әкелген Мұхтар Шаханов поэзиясы шын мәнінде қуатты
поэзия. Өмірдің өз талабынан туған көкейтестілік
поэзия дегенді іштей де, сырттай да меңзейді, мойындайды. Творчество
деген де адам табиғаты секілді: абсолюттікке көнбейтін
күрмеуі көбейген жоғары өрген сайын шешуі
қиындай түсетін
күрделі процесс қой. Кінәшіл өнер табиғаты кейде
тым жаңалықты жарата бермейді.
«Мұхтар Шаханов соңғы
жылдардағы қазақ поэзиясына жанрлық, стильдік сипатта
бірқатар жаңалық әкелген ақын. Біз Мұхтарды
лирик дейміз бе? Эпик дейміз бе?
Екеуіне де негіз бар. Эпик деуімізге болады: өлеңдерінің дені
сюжетке құралады. Баллада, поэмалары оның
творчествосының негізгі тараулары. Бірақ осы пікірмен
тұрақтап тұра алмаймыз. «Мұхтар эпик ақын»
дегенде оның жарты қасиеті, негізгі қасиеті тасада
қалып қойғандай сезіледі. Ол ең алдымен мықты
лирик қой. Ол эпика мен лириканы ұштастыруға талантын
танытады, шеберлік көрсетеді, өзіндік жаңалығын
еңгізеді (4, 84). Яғни, Шаханов творчествосын бір жанр етекшелігіне
ғана сыйғызып талдау қиянат. Оның творчествосынан
өмір-өнердің бір–бірімен жақындасуы, ой, мақсат,
бояу өрнектерінің бір мүддеге қарай шоғырланып, тұтасқан бүгінгі
өмірдің күрделі көрінісін жата көрсетеді.
Сөйтіп барып өнер алдына тосып отырған күрделі заман
сауалы - жалпы адамзаттық әрі әлемдік
жаңалықтармен (өнер саласындағы, әрине)
ұштаса түседі. Бұл, әрине дерек, заттық деген
ұғымнан өзге. Творчество тылсымның нәзік
сырларымен сабақтас. Мәселен, «Отырар элегиясы» , «Күре
тамырды іздеу», «Шың басындағы оқиға» атты
поэмаларындағы лирикалық элементтерді алып тастаса, біріншіден
лирикалық мәннің қатысуымен туып тұрған
шығармадағы динамика жоққа шығар еді. Яғни
поэманың соғып тұрған жүрегі оның
өң бойындағы қан тамырларының жұмысын
жақсартып тұр. Оқиға сюжетінен сол жүрек
соғысы басыңқы жатыр.
Мұхтардың шағын поэмалары мен
балладаларынан анық аңғарылатын ізгілікке құштар,
мөлдірлікті мадақтайтын, үлкен ерлікті,
асқақтықты қалайтын сұңқар
көңілі мөп–мөлдір лирикаларында да жарқырап
көрінеді.
Мұхтарды жұрттың ыстық
қабылдауының екінші бір себебі – оның отты жырларындағы
өткіршілік. Батылдық алдымен поэзияға қажет. Олай
болса, жұрттың шын жүректен қол соғатыны –
алдымен ақынның батылдығы, шындыққа еш
бүкпесіз тура қарайтын батырлығы.
Мұхтар Шаханов поэзиясының алтын
діңгегі – гуманисттік арна. Тек осы гуманисттік кіндіктер оның
ақындық талантты күш салатын сияқты. Оны импровизатор
ететін де, философ–публицист ететін де, шуақ жаздай төгілген лирик
ететін де – тереңнен төгіліп шығатын гуманисттік идеялары.
Көп емес аз жазатын, сақ жазатын баллада, поэмаларында күнде
еститін жайдақ емес, адамгершіліктің, ізгіліктің терең
де тың қабаттарына енеміз. «Түсінісу теоремасы», «Барселона
аэропортындағы сұңқарлар», «Тереңдік жыры»,
«Отан» т.б. өлеңдері соны туындылар.
Көңілінде
терең көлі бар жандар бақытты,
Көңілінде
терең көлі бар жанға өлім жоқ.
Тереңім
сенсің, еңсесім,
Өлеңім
сенсің, еңселім,
Парасат
көркін қаншама әйел халқының
Мен
саған қарап өлшедім.
Мұхтар әнді Ілияс пен Абайдан өзгеше
түсінбек емес. Қабылдау да, түйсік–түсінік те бар,
бірақ Абайша айту міндет емес. Мұхтарша, Қадырша айтуын
уақыт талап етеді. Ілиястың сезімді селдете, психологиялық
сәттерін өз қалпында неғұрлым бейнелі жеткізуге
тырысатын тәсілін Мұхтар қарапайым, заттық
ұғымдармен–ақ жеткізумен, поэтикалық жаңа тыныс
табумен алмастыра алып отыр. Мұндай жаңалық Мұхтар
өлеңдерінің сөз қолданыс, ойдың нәзік
ұштасуы, өлеңнің композициялық болмысы,
тағы басқа компоненттерінен анық байқалады. Ақын
бұл «азаптан» өзін аямайды. Өнердің қия тасымен бар қуатын
сарқа, саналы түрде өзін өрге салатын секілді. Шыншыл
ақын ол сырын қауымнан жасырмайды:
Бәлкім
менше арнаңда тасып толған шығарсың,
Бәлкім
менше өртеніп, ғашық болған шығарсың,
Бұл
сөзіңе, қалқам-ау, бас изермін көнермін,
Мен
көнгенмен не шара, заңы қатал өнердің.
Міне, бұл қалыпты әңгіме, ауыз
екі сөйлесу мәндес өлең кестесінен сөз
қолданысындағы кідіріссіз еркіндікті, логикалық нәзік
бірлікті айқын сезінеміз. Яғни, өнер проблемасы
өлеңге әдемі айналады. Сондықтан публицистика емес,
поэзия болып қабылданады.
Мұхтар өзге түгілі өзін
қайталамауға тырысатын ақын. Сондықтан оқушымен
әңгімелесудің сан алуан тәсілін ойлап табады. Тіпті,
кейде ақын емес әңгімешіге, ертекші, жыршыға айналып
кетеді.
Кім
қайратты?
Кімге
кім асқар тұлға?
Мүмкін
бе екен, тағдырдан бас тартуға?
Неткен
ғажап ! Биіктен құлаған тас
Сынғанымен
қалады тас қалпында.
Жігіттің екі сипатын ашу үшін алынып
отырған кіріспе сөз. Қандай жұғымды сөз,
қандай бейнелі сөз. Неткен қарапайым ұғым, неткен
іргесі сөгілмес ұлы шындық.Тіл сиқыры мен поэзия
аруағы осылайша үндестік табады.
Мұхтар Шахановтың өлеңдерінде
көңіл күй, табиғат деп ат қойып, айдар
тағатын лирика түрлері жымдасып кетеді екен. Ол оның жалпы
ақындық рухымен тамырлас. Мәселен, «Отан» атты сюжетті
өлеңінде лирикалық «меннің» нәзік әрекеті
мол–ақ:
Ісім аздау болса да әлі мандықтан,
Жел өтіне егілген ерен таудай
Гүлді ызғардан қалқалап келем
талмай,
Қаншама рет жалын жасты қорғап
қалдым зорлықтан.
Сенің ойсыз ұлдарының кей кезде
Маған тісін қайрайтыны сондықтан
Көп майсалы өнер тауын
шаңытқан
Күрес аштым жалынсызға
қулықпенен жанды ұтқан.
Бұл өлең жасалып тұрған
жоқ, өмірдің өзінен туып тұр. Сондықтан
мұндағы асқақ романтика өмірдің
өзінікі. Шындықпен туысқан романтика. Ендеше сөз
күші мен мазмұны ажырамастай кірігіп кетеді. «Көк майсалы
өнер тауын шаңытқан күрес аштым жалынсызға
қулықпенен жанды ұтқан» деген жолдар жаңа
поэтикалық ұғым. Қалыптасқан поэзиялық
тұрақты тіркестерге жасалған революция. Себебі қандай
сәтті өлең болса да бейнелік дәл осылай
уақыттың тірі адамның өзі болып сөйлеп кетуі
сирек. Өлеңнің финалы ретіндегі:
Әр
кез сені жалғандықтан қорғауға,
Бақыттымын
күшім жетіп тұрса егер, -
деген екі жол өлеңнің барлық лирикалық
жүгін көтеріп тұр. Оны біз өлеңнің
логикалық жүйесін тұтас қабылдап сезіне алғанда
ғана байқай аламыз. Мінеки көріп отырмыз мазмұнмен
астасқан қарапайым сөздердің өзі бағалы
поэтикалық астарға айналады. Олай болса Мұхтар
өлеңдері тек ассонанс пен аллитерациядан тұрмайды. Бірде
жоғарылап, бірде төмендеп отырып қан қысымы,
табиғи мінез оның поэзиясына тән. Адам жүрегімен
ырғақтас отырады.
1.
Смағұлов Ж.Қ. Қазақ әдебиеттану
ғылымының тарихы. Алматы: Қазақ универсиеті, 1999
2.
Айтматов Ш. Құз басындағы аңшының зары.
Алғысөз. Алматы: Рауан, 1997
3.
Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасы.
Жанрлық-стильдік мәселелері. Қарағанды, 1993
4.
Дәуренбеков Ж. «Мұхтардың екі ерлігі».
//Жинақта. Сөз киесі. Алматы: Ана тілі, 1996
5.
Шаханов М. Өркениеттің адасуы. //Жинақта. Жаңа
қазақтар. Алматы: Білім, 2000
6.Шаханов М.
Заблуждение цивилизации. Алматы: Жазушы, 2000
7.Алдамжаров Б.
«Шахановтың варианты» немесе механиканың
алтын заңы қалайша бақырға
айналды». //Жұлдыз, 2003, № 12
8.Бердібай Р.
«Мәңгілік мұраттар жыры». //Жас қазақ үні,
2002,
25
қаңтар