Қазіргі кезең
жастарының сөйлеу мәдениеті
Жаздыкбаева Р.П. -аға оқытушы. Еуразия технологиялық университеті. Алматы
қ. Қазақстан
Өтеген Н.О.- Доктор PhD Қазақ
Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті. Алматы қ,
Қазақстан
"Ел болашағы – білімді
жастар қолында"
Н.Ә.Назарбаев.
Лингвопрагматика
– әңгімелесу кезіндегі айтушы адамның тыңдаушыға
(адресатқа) тілдің тигізер ісерін және тілдік байланыс
кезінде өзін қалай ұстанатындығын зерттейтін
ғылым [1].
Қазақы
әңгімелесу табиғаты бұрын-соңды зерттелген емес.
Әңгімелесе білудің мән-мағынасы,
халықтық ұстанымдары прагматикалық лингвистикалық
тұрғыдан сипаттаудың теориялық та, практикалық та
мәні зор.
Қазақ
сөз мәдениетін зерттеу саласының негізін
қалағандар қатарында алғаш атарымыз А.Байтұрсынов,
Қ.Жұбанов, М.Балақаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев секілді
ғалымдарымыз болса, Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов,
Б.Әбілқасымов, Қ.Өмірәлиевтің, Н.Уәли
еңбектерінде ерекше атап айтуымызға болады.
Әр
ұлттың ана тілі – аталмыш халықтың тұтас
мәдениеті мен рухани болмысынан хабар беретін ең сүбелі
фактор. Ұлттық тіл барлық уақытта этникалық мол
мұраны айқындаушы құрал тұрғысынан
көрінеді. Сондай зор құндылықтық бірі өз
ана тіліміз десек, рухани көкжиегімізге жаңаша таным
көзқараспен назар салған уақытта қазақ тілін
жан-жақты теориялық тұрғыда зерттеу талаптары
бүгінгі тіл ғылымының алдындағы міндеттің бірі.
Қазақ
танымының тілдік бейнесі – ұлт санасындағы ой бірлігі мен
рухани тұтастық деңгейінен хабар береді. Мағыналы
ассоциативті-вербалды жинақ ретінде тұлғаны сипаттау
арқылы біртұтас ұлттық сананың тілдік болмысын
айқындайды. Тілдік қатынас арқылы тұлға
өзін қоршаған ортаны, сол қоршаған орта
шеңберіндегі сан алуан құбылыстар мен өзі
қатарлас тұлғаларды таниды, түсінеді. Тілдік
машықты дамыту нәтижесінде өзіне жеткен ақпаратты
ұғынып, қорыту арқылы ақпаратты
жандандыруға, толықтыруға ұмтылыс жасайды.
Тұлғаның тілді дамыту, сапасын жақсартуы, өзгеге
тарата білуінің тұтас түсіндірмесі - әңгімелесу
машығы болып табылады [2].
Әңгімелесу
машығының негізгі құралы - сөз. Сөз
дегеніміз – тұлға санасының, ойлау жүйесінің
лингвистикалық темірқазығы іспетті. Сөз бен
әңгімелесу бір-біріне мәнзелдес, қатарлас жүретін
және бір-біріне тығыз байланысты факторлар. Жастардың әңгімелесу
мәселесін ғылыми тілде сараптау тіл білімі саласындағы
маңызды жәйттің бірі десек, осы ғылыми жобаны жазы барысында
қазақы әңгімелесу жүйесі, ол қандай
заңдылықтар негізінде жасалады, әңгімелесудің
түрлері мен қалыптасу тұрғысы деген түсініктерге
тоқталдық.
Алайда
қазақ дәстүрінде не болса соны айта беруге болмайды.
Сондықтан да «Екі ел ауызға төрт елі
қақпақ» деген. Қазіргі қазақ арасында
әңгімені тіл бұзарлықпен айтатындар аз емес. Тіпті
радио, телеарналардан берілетін хабарлар мұндай жағдай жиі
кездеседі: «...жанымдағы, телеайнадан «Тұрғылықты мекенжайы
белгісіз тұлғалар» дегенді құлағым шалып
қалды. Өздері тұлғалар, өздерінің мекенжайы
жоқ, бұл қалай деп әрі қарай тыңдасам хабар
үй-күйсіз күн кешіп жүргендерді орысша «без
определенного места жительства», яғни «БОМЖ» дегенді
қазақшаға тәжімалап «тұлғалар» деп
тұр екен. Осыдан-ақ қазір қазақтың тілі
түп-түгел орысшаның аудармасына айналғанын, яғни
қазақтар бір-бірімен қазақша сөйлескенде олардың
өз сөзін орысшадан тікелелей аударып сөйлеп
тұрғанын ап-анық аңғарасыз [3].
Әңгімелесудің
ерекшеліктері мен әңгімелесу кезіндегі адамның
қарым-қатынасы (ұстауы) неге байланысты? Әртүрлі
себептер мен көптеген факторларға байланысты. Бұл факторлар
мен себептердің негізі – тілдік (әңгімелесу) жағдай.
Бұның негізгі компоненттеріне ішкі және сыртқы
әңгімелесудің шарттары, әңгімелесуге
қатысушылар және олардың қарым -қатынасы жатады.
Екеуара
диалогтан жастардың көзқарасы, әлемдік
ақпараттың ішінен, мәдениеттің ішінен жанына
жақын тартылған тақырып аясы айқындалған. Жастар
арасында өнердің түрлі салаларына деген ынта,
сондай-ақ, сол өнер иелерінің шығармашылылығы мен
өмірлік ақпараттарына деген қызығушылық басым
десек, мысалдағы әңгімелесу актісінен соны байқаймыз
[4].
Ал, аудитория ішінде
негізінен этикеттік формулалар іске асады. Мұнда студенттің
шешендік мәнердегі әңгімелесу қабілеті сыналуы
мүмкін.
Жастарға тән
әңгімелесу актілерінде бір ғана емес, екі немсе үш
тілдің сөздері қатар қолданыста болады.
Сондай-ақ, жеңіл-желпі сөйлемдер көбірек рөл
ойнайды.
- Сәлем.
- Қалайсың?
- Жүрген сол.
- Ммм.
- Қайда?
- Сабаққа.
Мұндай
жеңіл-желпі тілдік қатысымдар жастардың көбіне
ортақ деп түйсек, мұны студенттер арасындағы
ұжымдық коммуникация деп те қарастырумызға
мүмкіндік бар. Кітаби тіл нормасы мен сөйлеу тілі нормаларына
қарсылық танытса да бұл «тіл» қолданыста. Өйткені,
бұл «жастар тілі» арасында өзіндік коммуникативтік байланыс,
ортақ білімдерінен туындайтын кеңістік, стильдік тәсілдері
бар.
Студенттер
арасындағы тілдік қатысымда жылылық стратегиясына тән
амал-тәсілдер іске асады. Сондай-ақ, жастардың
әңгімелесу актісі бағалау, қуану, ренжи мен шаттану,
мұңаю секілді эмоциялы тілқатысымдардан құралады
және осындай көңіл-күйге құрылған
коммуникативтік мүдделілік коммуниканттардың өзара байланысын
күшейтеді [5].
Жалпы,
мұғалім мен оқушы арасындағы әңгімелесу
формасы төмендегідей құндылықтарға қол
жеткізеді:
«-оқушыларды
тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
-
оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін
анықтайды.
- білімге
құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.
-оқушыларға
білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға
көмектеседі.
-
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
-
оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға
көмектеседі.
-
оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа
оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және
бағалауына ықпал етеді [6].
Ал, оқушы
тұлғаның ұстаз тұлғамен болған
әңгімелесу актісінде ескеруі тиісті жағдай көбіне
көп этикалық тараптардың басымдылығы болып келеді.
Оқушы
сабаққа кешігіп келді. Оған мұғалімнің
«бұл әдетіңді қашан қоясың? Күнде
кешігу ұят нәрсе. Бір күні ата-анаңды жиналысқа
шақырамын» деп ескерту жасауы оқушы үшін ақыл ниетінде
емес, соққы сипатында қабылданады. Ұстаз тұлғаның
мұндай жағдайларда сөз стратегиясын өзгертіп:
- Сен сабаққа
кешігіп келдің, ал, біз сол уақытта сабақтың ең
қызықты бөлігін өтіп қойдық.
- Кешікпей келу керек,
себебі, өз достарыңнан кем білетін боласың.
- Кешікпей келу
оқушының міндеті,-деген сөздермен шектелсе, бұл
ұстаз тұлғаның оқушы тұлға алдында
әңгімелесудің тілдік түрлі амалдарын
қолданғаны болып табылады. Мұндай мағынадағы
сөздер диалогтың дұрыс өткенін көрсетеді.
Әңгімелесу - мәдениеттің
алғышарты. Қоғаммен күнделікті
қарым-қатынас барысында әңгімелесу арқылы кейде
келеңсіздіктер де туындап жатады. Ұстаз тұлғаның
жасын, отбасы жағдайын, тамамдаған оқу орыны мен
оқыған кітаптарының атына байланысты, «жалақыңыз
қанша?», «жасаңыз нешеде?» деген секілді жеке басқа
қатысты мәселелерді қозғау - әңгімелесу
мәдениетіне қайшы көріністер.
Студенттер
арасындағы әңгіме актісінде жастық
қызуқандылық салдарынан да этикалық ережелер
сақталмай қалу оқиғалары ұшырасады.
- студенттер
арасындағы тақырып талқылауда басымдылық танытып,
сөз кезегін қолдан шығармау,
- қатарластарына
сөз кезегін ұсынуды ұмытып, өзі оқып
тасысқан бірнеше кітаптан түйген ойын айтып болғанша
тоқталмастан сөйлеу,
- өзі жеткізіп
отырған ақпаратты өзгелердің қалау қабылдап
отырғанын аңғару үшін қатарластарының
бет-жүзінен ақпарат алмау,
- коммуникацияға
қатысушылардың көңіл күйін аңғармау
секілді тілдік салақтықтар жастар арасындағы
әңгімелесу паритеттілігін ескермеуге жол береді [7].
Әңгімелесу
жағдайының (ӘЖ) жалпы сызбасын төмендегідей
көрсетуге болады: 
Сурет 1. Әңгімелесу
жағдайының жалпы моделі
Адамның
әңгімелесушіге (адресатқа) әсер етуі үшін
сөз үстінде тілді пайдаланатыны белгілі. Тілдесім (диалог) үш
нәрседен тұрады. Олар: интеракт, кездесу және сөз
алмасу.
Әңгімелесу тілінің мәртебесі
сөйлермендері мен сөз саптауына (речевой акт) қарай
әлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық,
прагматикалық, стилистикалық, т.б ғылымдар
тұрғысынан сипатталады.
Әңгімелесу тілі, яғни әңгімелесу
сөйленімі (речь) деген – нақты бір әлеуметтік салада,
көбінесе күнделікті тұрмыстық тілдік қатынаста
ұлттық әдеби тіл, аймақтық тілдік ерекшеліктер
мен жергілікті сөйленістер (говор), ауызекі тіл элементтерін аралас
қолданатын, бірақ олардан жоғары санатта тұрып, екі
түрлі – қарым-қатынас және ықпал ету
бағытында қызмет атқаратын ұлт тілінің ауызша
түрдегі әңгімелесу сөйленімі мен әңгімелесу
стилін құрайтын бір тармағы [8].
Әңгімелесу
- тілдің белгілі бір қызметтер атқаруы арқылы пайда
болатын құбылыс. Тіл қызметтерінің түрленуінен
әңгімелесу үлгілері қалыптасады. Көпшілік ғалымдарымыз
әңгімелесуді формалық жағынан екі түрлі
күрделі арнаға бөледі. Бұл формалар әлеуметтік
және рухани жағынан бірдей тұрғыда қызмет
атқарады. Әңгімелесу сыртқы сипаты жағынан
ерекшеленбегенмен, түрлі тілдік қарым-қатынастар барысында
өздерінің жеке-жеке актуалды құбылыстарымен
ерекшеленеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Колтунова М.В. Язык и деловое общение: нормы, риторика, этикет; учебное
пособие для вузов. – М,: ОАО «НПО»Экономика», 2000 с
2. Кенжебай М. Тіл бұзар телеарналарға қашан тоқтау
саламыз? // Ана тілі, 2014.-№14.
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. – Алматы:
Мектеп, 1981, - 66б.
4. Купер И.Р.
Гипертекст как способ коммуникации // Социологический журнал.
2000. - № 1/2. - С. 36-57.
5. Авдеева Г.С. О проблеме общения в
виртуальной коммуникативной среде //Омский научный вестник. Омск. - 2007. - №1
(51).
6. Шевченко И.С.
Вариативность самопрезентации личности в интернет-общении: автореф. дис. канд. психол. наук / Шевченко И.С.; Казан,
гос. ун-т. Казань, 2002. - 23 с.
7. Иванов Д. В. Виртуализация общества.
Версия 2.0. СПб.: "Петербургское Востоковедение", 2000. - 96 с.
8.Тер-Минасова С.Г. Язык, личность, интернет //
Вестн. Моск. ун-та. 2002.