Қоғамдағы
діни мәселердің қазіргі ахуалы
ҚарМТУ, Катпина Алуа Ержанқызы, Садетова Аида
Елдосовна, Адылханова Самал Ерденовна
Діни
мәселелер қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет
үшін аса маңызды күрделі мәселелердің бірі болып
келген. Қазіргі кезде дінге өте қатты көңіл
аударып жатыр. Себебі қазіргі кезеңде дін –
қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінің
маңызды құрамы. Дін арқылы адамдар
өздерінің дәстүрлі құндылықтарын
қайта жаңғыртуға талпыныс жасауда.
Дін
мен мемлекеттің ара-қатынасы деп әдетте діни ұйымдар
мен мемлекеттік органдардың қарым-қатынастары айталады.
Бірақ бұл қатынастармен шектеу дұрыс емес. Мемлекет пен
діни орындар қатынасы заң жүзінде бекітілген.
Бірақ бұл біздің үлкен қатеміз әрі
шектеу қою деп ойлаймын. Мемлекеттік органдар жүйесінің діни
орындардан бөлек өмір сүруі шындық. Пікірталас
тудыратын жайт, мемлекет діннен бөлінген деген идея. Мемлекеттің діннен
бөлінуі мүмкін емес. Себебі мемлекет дегеніміз
ұйымдасқан қоғам, ал ешбір қоғам дінсіз
болмайтыны белгілі. Сондай-ақ, заң ғылымындағы
тағы бір тараған анықтамаға сәйкес мемлекет
біртұтас мемлекеттік билік арқылы басқаратын, егемендігі
бар халық мекендеген территория. Ал, халық мекен ететін ешбір
территория дінсіз болмайды. Оның үстіне, дін дегеніміз адами сана
мен қоғамдық сананы ажырататын құндылық.
Олай болса, адам адами санасыз, қоғам қоғамдық
санасыз болуы мүмкін емес. Егер мемлекет діннен бөлек десек, онда
мемлекет қоғамдық және адами санадан бөлінген
болып шығады.
Діни сана дегеніміз болашақ алдындағы Жаратқан
алдындағы жауапкершілікті сезінетін әрекеттерге пәрменді
сана. Шын мәнінде мемлекет, діннен бөлінбейді,
ажырамас бірлікте болады. Бірақ, мемлекеттік органдар жүйесі
діни ұйымдардан бөлінуі мүмкін. Біз әдетте осыны айтып
отырмыз. Париж коммунасы да осыған саяды. Яғни, мемлекет діни
ұйымдарды қаржыландырмайды деген тұжырымдар қалыптасты.
Мемлекет діннен бөлек дегеннің өзі діни догма, әрі
атеистік діни сенімнің діни қағидаларының бірі.
Бұл қағиданың негізінде мемлекет өзінің
рухани имандылық ұстанымы ретінде тек атеизмді ғана
басшылыққа алу керек деген саяси негізі бар ниет жатыр. Оның
үстіне, атеизм өзін рухани дүниетанымдық
бағдар ретінде басшылыққа алатын ой-сана иелерін алдап,
өзінің ғылыми діни танымдарына сүйенеді.
Өзінің діни сенім екенін біліп немесе білмей жасады. Көп
жағдайда атеизм өзінің діни сана екенін
аңғармады. Ол өзінің ақиқат мәнін,
яғни діни сенім екендігін өздігінен тануға дәрменсіздік
танытты және шын мәнінде дәрменсіз. Ал, атеизмнің діни
сенім екенін гуманитарлық ғылым саласының атеистерден
басқа зерттеушілері мен мамандарының барлығы дерлік
мойындаған. Соңғы зерттеулерде коммунизмнің
атеистік сенім екені алға тартылуда. Атеизмнің ғылым емес,
дін болатындығы Алла бар ма,жоқ па деген сұраққа
жауап іздейді және оған жоқ деп жауап береді. Сөйтіп,
осы «жоқ» деген жауапты өзінің басты зерттеу әрі
дәлелдеу объектісі ретінде алады да, осы жолда өзі жинаған
білімдерді өзінің ең негізгі мәні мен мазмұнына
айналдырады. Ал, империкалық-эксперименталды ғылым «Алла бар ма,
жоқ па?» деген сұрақты зерттемейді. Бұл
сұрақ оның зерттеу пәніне кірмейді. Сондықтан
бұл сұраққа жауап та бермеу керек. Дін деп аталмыш сұрақты
зерттеп, соған жауап іздейтін және беретін
көзқарастардың білімдер жүйесін айтамыз.
Империкалық-эксперименталды ғылым мұндай білімдер
жүйесіне жатпайды. Ғылым өкілдері барлық білімдер
желісін империкалық-эксперименталды ғылым жетістіктерін
өз мақсаттарында пайдалануға тырысады. Ғылым
өкілдері өздері қандай дінді ұстанады сол дінді
өздерінің діни-танымдық бағдарына айналдырады.
Бірақ, оны көпшілігі біле бермейді. Әсіресе, жаратылыстану
ғылымының өкілдері атеизмді антропоцентристік
көзқарасты басшылыққа алады. Бұл айтылған
жайттардың «Дін және мемлекет» деген тақырыпқа
қажет тұсы, мемлекеттің діннен бөлек болуы мүмкін
емес. Тіпті, мемлекет діннен бөлек деген идеяны басшылыққа
алатын мемлекеттердің өздері осындай тұстарын
басшылыққа алу арқылы өздері біліп не білмей,
әдейі не байқамай, атеистік діни ұстанымды жариялап
жүргендерін ескергендері дұрыс. Соны жалау етіп
көтергендерін, өз заңдарында бекітіп жібергендерін білгендері
абзал. Әрине, бұл идеяның атеистік діни астарын және
мәнін аңғармай, оны өз заңдарында білместікпен
енгізіп жіберген мемлекеттер жоқ емес, олардың атеистік мемлекеттер
деп есептеуге болмайды. Өйткені, олар бұл идеяны діни
идеологиялық астарын байқамай, оның
құқықтық-нормативтік заңдылық
мәнін пайдалануда. Бұл ойдың құқықтық
мәні екі нормаға саяды. Біріншіден, мемлекет бірде-бір дінді
мемлекеттік дін ретінде бекітпейді, екінші діни орындар мемлекет орындар
желісінен ажыратылған, сондықтан олар мемлекет институты тарапынан
қаржыландырылмайды деген екі заңды ұғым бар. Бұл
екі заңдылық біздің заңда бар. Сондықтан,
өз заңдарында мемлекет діннен бөлек деген тұжырымды
әбестікпен және әттеген-аймен енгізіп жіберген. Бұл
енді заң шығарушылардың қателігі. Дін туралы
заңдағы және басқа да ресми
құқықтық құжаттардағы
мұндай сөздерді алып тастау керек. Себебі біздің мемлекет
атеистік мемлекет емес. Біздің заңдарда атеистік сенімнің
догмалары бекітілмеуі керек. Екіншіден, біздің заңдарда мемлекеттік
діннің болмайтын және діни ұстанымдардың мемлекеттік
органдардың жүйесінен ажыратылғандығы мемлекет
бюджетінің қаржыландыруы тұрғысында бекітілген.
ҚР халқының басым көпшілігі ислам дінін ұстануда.
Сондықтан, Қазақстан қоғамының діні ислам
діні болып табылады. Демек, Қазақстан Мемлекетінде негізгі дін
ислам діні бірақ соған қарамастан, ислам діні мемлекеттік дін
ретінде жарияланбаған. Керісінше, Қазақстан Республикасы
ешбір дінді мемлекеттік дін деп заң жүзінде бекітпейтіндігін
және заң жүзінде әлемдік және
дәстүрлі діндерді де республика аймағында еркін
ұстануға болатынын жариялап, ар-ождан, дін бостандығын заң
жүзінде бекітіп, мемлекеттік дін ретінде жарияланбаған. ҚР
ешбір дінді мемлекеттік дін деп заң жүзінде бекітпейтіндігін
әлемдік және дәстүрлі діндерді республика
аумағында еркін ұстануға болатынын жариялап, ар-ождан дін
бостандығын заң жүзінде бекітті. Сөйтіп, ешбір дінді
мәжбірлеу не күш қолдану арқылы таратуға жол
берілмейді дегенді әлемге паш етті. Айтылған жайттар
Қазақстан мемлекетінің және қоғамының
зайырлы ислам мемлекеті және зайырлы ислам қоғам екендігін
заң жүзінде бекітті. Батыс Еуропаның барлық
мемлекеттері зайырлы мемлекет, алайда христиандық зайырлылықты
қалыптастырған. Зайырлы мемлекет деген сөз діни мемлекет
деген сөз. Ал, Қытай атеистік зайырлы мемлекет. Яғни, дінсіз
зайырлы мемлекет болмайды. Кез-келген мемлекет діни зайырлы мемлекет болады.
Басқа жол жоқ және бұл өмір шындығы.
Дін ерте заманнан бері
адамзатпен бірге жасап келеді. Ол дами келе адамның танымын, сенімін
қалыптастыратын күшке айналады. Діни ұстанымдар негізінде
қалыптасқан сенім адамның қоршаған ортамен,
басқа адамдармен, қоғаммен қарым қатынасына
әсер етті. Дін мәселесі – адамдарды ежелден қызықтырып,
танымын қалыптастырып келе жатқан жалпыға ортақ
құбылыс болды.
Дін
– адамзатпен бірге жасасып келе жатқан түрлі тарихи кезеңдер
мен қоғамда өзін әртүрлі пішінде көрсетті.
Адамзаттың рухани сұраныстарының түрлілігіне байланысты
діндер де әртүрлі аталды. Дүниедегі халықтар,
мемелекеттер өз тарихын зерттегенде діни, рухани үдерістерді
негізге алады. Адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып,
өзінің осы жаратылған барша жаратылыстың қожасы
екенін, бірақ сол үшін осы әлемнің иесі алдында жауапты
екендігін сезіндіретін нәрсе – дін. Бұл кез-келген
халықтың тарихи тағдырында діннің маңызды
рөл атқаратындығын, оның рухани, мәдени
өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын негізгі фактор
екендігін көрсетеді.