Право/8. Конституционное право

 

Аусагатова Г.Қ., Абаев М.Б.

Тараз мемлекеттік университеті,Қазақстан

Жергілікті өзін - өзі басқару органы мен мемлекеттік басқару органның өзара қарым – қатынасы

 

 Жетпіс жыл бойы шексіз билікте қаймағы бұзылмай отырған жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін - өзі басқару түрінің қатар жұмыс істеуі  - міндет пен жауаптылықты нақты бөлінісі арқылы ғана жүзеге асады. Қазақта «бір тойда екі жар жоқ» деген мақал бұрын есімізге алсақ, басқарудың бір түрінін негізгі қызметі атқаратынында жоққа шығармаймыз.

Әрине, демократиялық елдерде өзін - өзі басқару барлық жергілікті мәселелерді  толық қолдарына алады. Бұрынғы әкімшілік жүйесінің шырмауынан шыға алмай жүрген Қазақстанның билік билері халыққа ондай еркіндік (менімше, еркіндікте гөрі жауаптылығы басым) беріп қоймайтыны түсінікті.

Алғашқы кезеңде екі билік түріне не жоғарыдан кімнің қандай салада басшылық жасайтын бөлік бергені дұрыс сияқты. Егер ондай заң қабалданбаса, басқару  органдары өзара келісе отырып, міндеттерін бөлусуге болады. Көптеген шететелдерде үкіметтің тағайындаған адамы мемлекеттік заңның бұзылмауы қатағалау мен ғана айналысады. Онда да заңды бұзылды деп есептегенде өзінің билігімен жергілікті басқару органның басшысын алып тастай алмайды, сотқа берумен шектеледі.

Мемлекет құрылымы, билік жүйесі - өте күрделімәселе. Бұл арқылы дамып, жаңартып отырады. Ешқандай кемшілігі жоқ, төрт құбыласы түгел, жан – жақты ойластырылған құрылым ешқашан болмайды. Себебі, өмірдің өзі әрқашан өзгеріп отыратын, бір орнында тұрмайтын құбылыс. Билік жүйелері ауысқан сйын жоғғарыдан төмен қарай құрылымдық жағынан да өзгерістер болды, бірақ адамдардың тіршілік ететін ортасы, күнделікті маселелрі, белгілі бір ортагың тұрмыстық ерекшелігі... қаз қалпында қалды. Жұмысқа баратын автобустын аялдамасынын қолайлы жерге орналасуы, үйдің қасындағы базардың қоқысының уақытылы шығарулуы, бала бақшаның, мектептің жұмысы, дүкеннің тұрмыстық қажетті өтеу мекемелерінің тиімді қызмет жасауды сол жердегі өмір сүретін тұрғындар үшін ең маңызды мәселе болып сналады. Үкімет аусып, биліктін түрі өзгергеніне жоғарыдағы мәселелер жоғалып кетпейді.

Жергелікті өзін - өзі басқару, міндетті түрде қажеттіліктен туады.

Жергілікті әкімшілік территориялық бөліктерде биліктін екі түрі қатар жүзеге асуы мүмкін. Бұлар: жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін - өзі басқару.

Жергіліктін мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейі жоғары тұрған әкімшілік органдары тағайындайды. (Мысалы , ауылдың әкімін аудан әкім тағайындаса, аудан әкімі тағайындау құқығы облыс әкіміне).

Жергілікті өзін - өзі басқару дегеніміз сол территориялық тұрғындарынның бтлігі, бұл билік – сайланып қойылатын органдардың қызметін арқылы жүзеге асады. Осы жерде «жергілікті өзін - өзі басқару туралы Еуропа партиясынан» үзінді келтіре отырып, жоғарыдағы мағынаны толықтыра түсейік:

Жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғай отырып, заң шеңберінің көлемінде мемлекеттік істердің негізгі бөлігін жүзеге асырады. Кеңестер мен жиңалыстар олардың алдында есеп беріп отыратын атқарушы органдарды пайдалана алады. Бұл ереже азаматтардың кеңеске тікелей шығуын, референдум жасауын және сол сияқты азаматтардың заңда белгіленген басқа да құқықтарын жүзеге асыруға бөгет бола алмайды.

Кейбір федеративті мемлекеттердің Конституциясы жергілікті басқару жүйесіне араласпайды. (Мысалы, АҚШ). Дегенмен жапы дүниежүзілік, қазіргі бағытқа көз жіберсек, мемлекет пен жергілікті басқару жүйесін заңмен нақты реттеу қажеттілігінің қанат жайып келе жатқаның көреміз. Федерациялардың субъектілерінің Констиуциясы мен ұстафтарында , сол сияқты басқа да актілерде жергілікті билік жүйесінің барлық саласы жан – жақты көрсетілген. Ал саяси - әкімшілік субъектердің биіктігі өздері қабылдайтын партиялармен өзін - өзі басқару жүйесінің жарғыларында беріледі.

Жергілікті билік құрылымының екі түрлі жүйесі бар. Оның бірі – ағылшын – американдық жүйе болса, екінші – еуропалық жүйе деп аталады. Бұның ішінде біздің қоғамдық өмірімізге жақыны – еуропалық жүйе.

Еуропалық жүйе бойынша жергілікті мемлекеттік  басқару менжергілікті өзін - өзі басқару аралас жүреді, екеуі бірге отрырып, бір жүйені береді. Басқарудың екі түрінің араласуының да түрлі нұсқасы бар. әсіресе жергілікті мемлекеттік басқаруға өзін - өзі басқару жүйесіне байланысты әр түрлі міндет қойылады.

Бірінші - әкімшіліктін  өзін - өзі басқаруды «қамқорлығына алуы»

Бұл жағдайда жергілікті өзін - өзі басқару органның шешімі жергіліктік мемлекеттік басқару органмен рұқсатын алмайынша күшіне ене алмайды. Қысқасы, ол шешімді жергелекті әкімшілік (губернатор, әкім, т.б.) қолдауы шарт. Оны қолдаудан бас тартудын екі жолы бар. Біріншісі -  әкімшілік өзін - өзі басқару органның шешімін заңсыз деп табады, екіншісі – шешімді қажетсіз деп қайтарады. Қазіргі кезде «әкімшілік қамқорлығы» өте сирек кездеседі.

Екіншісі - әкімшілік тұрғысынан қадағалау. Бұл – бүгіндері көптеген мемлекеттерде кездесетін еуропалық жүйесінің ең көп тараған түрі.  Жергілікті өзін - өзі басқару органдарын шешімін әкімшілік тұрғыдан заңға сәйкестігі ғана бақыланады. әдетті шешімді тексеруге аз ғана уақыт беріледі, егер сол мерзімде әкімшілік тарапынан қарсылық болмаса, өзін - өзі басқару жүйесінің қабылдаған шешімі күшіне енеді. Сонғы уақытта кең етек алған бір жаңалық - әкімшілік ол шешімді сот тәртібімен ғана тоқтата алады. өз кезегінде жергілікті өзін - өзі басқару органдарында сот арқылы өзіннің құқығын қорға алады.

Көптеген елдерде жергілікті өзін - өзі басқару органдарында бас қосып бір орталық құрып алады. Осы одақтар арқылы жергілікті өзін - өзі басқару жүйесіне қажетті заңдарды қабылдатуға күш  салынады, жергілікті жердегі түрлі мәселерді шешуге бағытталған жалпы ұлттық бағдармалар жасалынады, тәжирибе алмасып, жалпы жұмыстын басты бағыттары анықталады.

Мемлекеттік басқаруда ақпараттардың дұрыстығы дұрыс шешім қабылдауға алып келеді. Басқару процесінде тікелей алынатын ақпарат. Оған жоспарлар жобаларында және әр түрлі мерзімдерге бекітілген жоспарларда, материалдық ресурстарға берілген тапсырыстарда шаруашылық шарттарында, ресми жарлық беру құжаттарында және т.б. жоспарлық, нормативтік ақпараттар жатады. Мұны басқару ақпараты деп атауға болады.

Басқару – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару – процесс ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта(өндірістік құралдар мен еңбек заттарын басқаруда), тірі табиғатта (биологиялық жүйелерді) және қоғамдағы әлеуметтік жүйелерді басқару процестерінде орындалады.

Өндіріс процесінде болып өткен   фактілер мен оқиғалар, әлеуметтік – экономикалық және өндірістік шаруашылық процестерінің шын мәніндегі жағдайы мен дамуы туралы ақпарат. Халық шаруашылығын басқару жүйесінде ол кері байланыс ақпаратының ролін атқарады. Бұл информацияны есептеу – статистикалық ақпараты деп атайды.

Басқарудың ақпараттық жағын білу басшыға ақпарат жүйесі дегеніміз не екенін және оны жасау үшін қандай мәселелерді шешу керектігін анықтауға көмектеседі. Бұл басқарудың ақпараттық сферасында коммуникация деген ұғым бар. Коммуникация дегеніміз – басшылардың тиімді шешімді қабылдауы үшін хабарламалар, мәліметтермен алмасуы және төмендегі буындарға қабылданған  шешімдерді жеткізу.

Басқару қызметтерінің барлық түрлеріндегі ақпараттар, хабарлар, мәліметтер айналымы коммуникациядағы байланыс процестері деп аталынады.

Әрбір басшы өзі басқаратын ұйымның мақсатына жету үшін үш бейнеде көрінеді және басқарудың төрт функциясын орындайды. Осы мақсатқа жтеу үшін олар хабарлар, мәліметтермен жұмыс жасайды және олар мақсатқа тура ықпал етеді.

Мемлекеттік қызметті басқарудың жетілдіру жолдарын іске асыру үшін міне осы көмекші құралдар – ақпараттар мен шешім қабылдау, өте қажет . Негізінен мемлекеттік қызметті басқаруды жетілдірудің ең басты жолдарына тоқтай келсек, ол – сайлауды әділ өткізу, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар, жергілікті өзін өзі басқару органдары және т.б. мемлекеттік қызметте сайлау әділ өту үшін жемқорлық болмаса әділдікке жол ашылады. Сыбайлас жемқорлықты азайту керек. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы және әкімшілік реформалар қисынының өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған. Егер де  әкімшілік кедергілерді, бюрократиялық “созбұйда” мен шектен тыс тексерулерді қысқартылса, онда  жөніндегі жұмыстар  жалғастырылады және шағын және орта бизнес мүдделерін қорғау мемлекеттік реттеу нормаларын енгізу кезінде де, сонымен бірге оларды жүзеге асыру кезінде де күшейтілетін болады.

Көлеңкелі экономиканы қысқарту үшін біз “Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы” Заң қабылданды. Адамдар құпиялылықтың қатаң сақталатынына сенімді болуы керек.  Мемлекет басшысы ретінде Президент бұған кепілдік беріп отыр. Осының алдында жүзеге асырылған қаржыны жария ету тәжірибесі мұны қуаттай алады.

 

Әдебиет:

1.     Мемлекеттік қызмет туралы Алматы – Жеті жарғы – 1997

2.     А. Н. Саханова, М. С. Сейтмаганбетов, Р. Г. Есенжигитова «Государственное регулирование экономики» Алматы – 2004

3.     «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Ж. О. Иғданов, Ә. О. Орманбеков Алматы – 2003

4.     Заң газеті / 2006 – 14 шілде. № 129 – 130  3 бет.