Право/8.Конституционное право

 

Аусагатова Г.К., Абаев М.Б.

Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Мемлекеттік қызметті жаңаша көзқараста  дамытудың жолдарын талдау

 

Қазіргі уақытта Қазақстандағы инновациялық қызметті реттеудің мәселелерімен негізінен мемлекеттік басқарудың үш органы айналысуда. Республикадағы инновациялық қызмет басқармасына үйлестіру және экономика саласындағы ғылымды көп қажет ететін шағын және орта бизнестің дамуы жөніндегі функция жүктелген.

Білім және ғылым министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі білім беру мекемелеріндегі инновациялық қызметті күшейту, сондай-ақ инновациялық қызметті ғылыми-техникалық сүйемелдеу болып табылады.

Энергетика және сауда мнистрлігінің функциясына инновациялық кәсіпкерлікке қолдау көрсету, өнекәсіптегі шағын және орта бизнесті дамыту кіреді.

Сондықтан, жаһандану және БСО-ға кіруге дайындық жағдайында республика экономикасының дамуы үшін отандық өнімнің бәсекелестігін арттыруда, елдің экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда инновациялық қызметтің басымдығын тануға бағытталған мемлекеттік саясатты қабылдау қажет.

Мемлекеттік инновациялық саясаттың негізгі қағидаттары маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қаржылық қамтамасыз ету, инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және инновациялық сала үшін кадрларды дайындау болуы тиіс.

Дамудың инновациялық жолына республика экономикасының көшуі жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті маусымда қабылдаған, оның негізі “Инновациялық қызмет туралы” Заң болып табылады.

 Осы заңды іске асыру мақсатында бірқатар заңға бағынысты, мәселен, мыналардың тәртібін және шартын реттейтін нормативтік актілерді қабылдау қажет:

инновациялық жобаларды конкурстық сұрыптау мен бюджеттік несиелеу;

инновациялық қызмет субъектілерін қаржыландыру, заттай гранттарды беру;

инновациялық жобалар мен мемлекетке қажетті инновациялардың мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

технопарктер мен технологиялық бизнес-инкубаторларды қалыптастыру және ресурстық қамтамасыз ету;

инновацияларды және басқаларын құруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру.

 Қазақстанда қазіргі уақытқа дейін ғылыми-техникалық сала қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының базалық элементі болған жоқ.

Ғылыми-техникалық дамудың стратегиялық бағыттарын іске асыру мақсатында отандық ғылым мен техниканың дамуының басым бағыттарын түзету, олардың дамуын тоқтататын себептер мен факторларды табу, оларды шешу жөніндегі нақты тетіктерді айқындау қажет.

 Экономикалық дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту үшін жағдайдың қағидатты ерекшеліктері бар. Мәселен, республикада, инновациялық қызмет негізінен тікелей шетелдік инвестицияларды тарту негізінде жүзеге асырылады.

Тікелей инвестициялармен бірге елге жаңа технолгиялар, жаңа менеджмент келеді. Көптеген кәсіпорындар үшін шетелдік технологиялар мен лицензияларды сатып алу үлкен ынталылық болып табылады, өйткені бқд оларға әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, шетелдік технологиялардың бақылаусыз ағыны ұлттық ғылыми-өндірістік кешеннің дамуын тоқтатуға алып келуі мүмкін, ол шетелдік әзірлемелерден отандық өнеркәсіптің технологиялық тәуелділігінің туындауының нақты қаупі бар.

Республиканың технологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Технологиялар трансфертінің орталығын құру қажет.

Орталықтың негізгі міндетті мыналар болуы тиіс:

1) технологияларды, өнім мен әріптестерді іздеу;

2) ғылыми-техникалық әзірлемелерді жылжыту;

3) ақпараттық-талдау қызмет көрсетулері:

- жоғары технологиялар саласындағы ақпараттық және ақпараттық-талдау жұмыстарын орындау;

- жаңа технологиялардың дерекқорын жүргізу;

- ғылым мен техниканың салалары бойынша жобалардың сараптамасы;

4) мыналардың:

- қазастандық және отандық өндірушілер мен тұтынушылардың нарығын;

- жоғары технологиялық өнімді;

- ғылыми-технологиялық даму бағыттарының ағымдағы жай-күйі мен перспективасын және оларды әлемдік деңгеймен салыстырудың маркетингтік зерттеулері

 Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің шектелген мүмкіндіктері жағдайында (республикалық бюджеттен ғылымға жыл сайынғы шығыстар ІЖӨ-нің 0,2% аспайды) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаражаттан сериялық өндіріске дейін ғылыми зерттеулердің (әзірлемелердің) нәтижелерін тікелей үлесіне жеткізуге бөлу мүмкін емес. Осымен байланысты республикалық бюджетте ғылыми-технологиялық дамуға жыл сайынғы қажажатты ұлғайтуды және оны ІЖӨ-нің 1% дейін жеткізуді республикалық бюджетте көздеу қажет.

Бұдан өзге, неғұрлым болашақты әзірлемелерді рынокқа аяқтау және жылжыту мақсатымен мемлекеттік және мемлекеттік емес аймақтық инновациялық қорлар мен орталықтардың желісін қалыптастыру, осы мақсат үшін бюджеттен тыс қаражатты кнң тарту қажет.

 Республикада инновациялық сала үшін кадрларды дайындаудың жүйесі жолға қойылмаған.

Бұл құбылыстың негізгі себептері - қолданбалы ғылыммен және өндіріспен жоғары білім жүйесі байланысының біраз нашарлауы, білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес келетін инноватика бойынша отандық оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен оқу құралдарының жоқтығы.

Осымен байланысты, қазақстандық экономиканың технологиялық қалып қоюын жою және құрылымдық қайта құру үшін бірінші кезектегі мәні бар ғылым салалары үшін ғылыми кадрларды мемлекеттік қолдау мен басым дайындық қажет.

Кадрлық әлеуметті, материалдық-техникалық базаны, инновациялық даму мен құрудың қажеттіліктерін, оның негізінде, ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша ғылыми-білім беру кешендерін ескере отырып ғылыми-зерттеу институттарымен және ғылыми орталықтармен бірге ел жоғары оқу орындарының интеграциясы үшін нақты жағдай жасау қажет.

Инновациялық сала үшін мамандар дайындау мақсатында инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі менеджерлерді, инновациялық кәсіпорындар үшін инженерлік-техникалық мамандарды, сондай-ақ республиканың жетекші университеттерінің де, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының базасында да мамандарды қайта дайындауға бағытталған кешенді білім беру бағдарламасын әзірлеу қажет.

Бұл шолуда инновациялық дамуға мемлекеттің қолдау көрсетуінің шет елдерде қолданылатын  негізгі қағидаттары, ҒЗТКЖ мен инновациялық қызметті  қаржымен қамтамасыз ету,  ғылым мен инновация саласындағы  салық саясаты,  инновация саласы үшін  кадрлар даярлау, ТМД елдеріндегі (Ресей Федерациясы мен  Қырғызстан Республикасының мысалында) инновациялық қызметтің  жай-күйі қаралды, сондай-ақ  Қазақстан үшін жинақталған қорытындылар жасалды.

 

Әдебиет:

 

1.                Ғ. Сапаргалиев., А.Ибраева. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, «Жеті Жарғы»,1998 жыл.

2.                Ғ.Сапаргалиев. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы, «Жеті Жарғы», 1998 жыл.

3.                С.Е. Жүсіп. «Ерікті сайлау дегеніміз не?»

4.                 А.М. Абасилов. «Демократия дегеніміз не? » Демократия қазақ тілінде оқытып үйрету орталығы., Алматы, 1998 жыл.