Право/8.Конституционное право

 

Аусагатова Г.К., Куандыкова  Э. Ж. 

Тараз мемлекеттік университеті,Тараз мемлекеттік педагогокалық институты, Қазақстан

Сайлау – демократияны жүзеге асырудың негізгі құралы

 

Егер демократияны –  халық биілігі деп түсінсек, сол биліктің жүзеге асыруының бірден – бір құралы – сайлау болып табылады. Сайлау азаматтардың саяси мәселеге араласуы, шешім қабылдаудың өкілдік жолымен берілетін құқығы деуге болады. Демократияның қоғамын негізгі заңдарының бірі – билік орындарында отырған жандардың билігі бір мерзімнен соң аусып отыруы. (қанша ақылды да адал азаматтар болсын, шексіз билік ұзаққа созылған басшылық адамды аздыруы мүмкін, екіншіден келесі келетін жандардың алдынғыларға қарағанда артық емес екендігі кім біледі?). осы ауысу процесі еркінде заңды сайлау жүйесі арқылы жүргізіледі. Сайлауды азаматтардың билікке араласуы деп те түсіңдіріледі, сондықтан азаматтың билікке арласуын екі жолмен көрсетейік.

Саяси маңыздымәселелерді шешуге азаматтардың тікелей араласуы. Бұған класс жиңаласынан бастап кәсіподақ немесе ұжымның өз ішіндегі жиңалыстарын алуға болады. Класстың ішкі мәселесін талқылап, дауыс беріп, шешім шығаруға оқушылардың бәрі қатыса алады. Ол шешімді қабылдауға сендердің әрқайсыларының өз пікірлерінді тікелей білдерісдер (дауыс беру, сөз сөйлеу арқылы). Дәл осындай жүйе Ежелгі Грецияда қала – мемлекеттерінде жиі кездеседі. Белгілі бір мәселенің төңірегіндені шешім сол қаланың барлық дерлік азаматтарының қатысуымен ғана қабылданады. Бұл жолды - тікелей демократия деп атайды. Тікелей демократияның жүзеге асуының негізі шартының бірі – халықтың аздығы мен территориясының шығындығы болып табылады.

Миллиондаған халқы бар мемлекеттерде кейбір мәселелер тікелей демократиямен көмегімен шешіледі. Халықтын барлығына да қатысы бар заңдар мен шешімдер Парламентке емес, халықтың өзіне беріледі. Тікелей демократияның бұл түрін – референдум деп атайды.

Мемлекет - халықтікі   сондықтан менде билік орындарына тікелей аралысып, өзімнің көз қарасымды блдіріп, пікірімді  өткіземін дегенмен, объективті себептермен бұл мақсат жүзеге аса бермейді. Кластың ішкі мәселесін шешу үшін 30 оқушы бар бөлмеге жиналып ақылдаса алады, бірақ Қазақстан республикасының азаматтық құқығы бар (демек дауыс беріп, сайлауға қатысуға құқығы бар) 9 миллион адамды бір жерге жинап алып, заң жобаларын талқылау мүмкін емес.

Сондықтан да азаматтар өздерінің дауыстарын, пікірлерін білдіру құқығын басқаларға беріп өзінің атынан өкілдік жасайтын адамдарды тағайындайды. Мемлекеттегі қабылдаған заңға сәйкес бұл өкілдер не он мың адамның немесе жүз мың адамның дауысына ие болып, солардың атынан билікке араласа алады. Өздерінің билік жүргізу құқығын өздері таңдап, сенім білдіргені өкілдері арқылы жүзеге асыру жолын - өкілдік демократия деп атайды.

Осы жағдайға дауыс беру мен сайлаудың қатар жүретінің көңіл аудару қажет. Біріншіден сен өзінің дауысынды беріп, мемлекет жұмысына араласу құқығынды беру арқылы билік жүйесінде қызметке бекітесін. Сайлаған өкілдер сайлаушылардың атынан мемлекеттік заң дайындап, шешім шығара алады. әр өкіл халықтын бір бөлігінен сеніміне, дауысына ие болғанда, барлық өкілдер жиңала келе сол елдің барлық азаматтарындауысына ие болады.

Өкілдік демократияның жүзеге асуы өте күрделі мәселе. Сол мәселенің міндеті болып табылатын шарттарына тоқлалайық. Олар: - қоғамда саяси идеологиялық плюрализмнің болуы. Саяси көз қарастын түрлі идеологилардың еркін, тең дәрежеде, жариялып жағдайында немесе саяси бағытқа мемлекеттік тұрғыдан ерекші жағдай жасалынбауы; -заң жүзінде биліктің және іс жүзінде жүзеге асқан көп партиялық жүйесінің жұмыс істеуі; -баламалы және жасырым түрде дауыс берілетін жалпы халықтық сайлау жүйесінің жүргізілу нәтежесінде заң шығарушы және атқарушы биліктің құрылуы; -азшылық құғының бұзымауына заң жүйесідегі көпшілік азаматтардың құқығымен жеке басының еркіндігінің заң бойынша бекітілеу.

  Азаматтардың мемлекеттік билікке араласуының ең көп тараған және ең жоғары түрі - өкілдік демократия болып саналады. Себебі: әр мемлекеттің халқының саны өсуі сол себепті олар өкілдік демократияны басшылыққа алып депутаттарды сайлап, өз жұмысымен араласа берді. Өкілдік демократия жұмыс істеу үшін белегілі бір сайлау жүйесінің болуы шарт.  Демократиялық сайлау жүйесінің басты белгілері мыналар: -бәсекелестік; -белгілі бір мерзімнен кейін қайталанып отыру міндеттілігі; -өкілдік беруге қоғамның барлық мүшелерінің қатысу шарттылығы.

Бәсекелестік – сайлауға қатысушы, бір орынға үміткер бірнеше адамның арасындағы бір – біріне деген жауылығы немесе «дұшпандығы» емес. Бұл екі саяскердің күресі немесе екі ақынның айтысы сияқты халық алдындағы адам жарыс. Сонда ғана азаматтар өздерінің таңдауларын айта алады. Осы жеоде бәсекелестік алғы шарт болып табылатын адам құқығының негіздері – сөз бостандығы мен жиналыс жасау бостандығы, бірлестіктер құру құқығы алдынғы орынға шығады.

Әділ   бәсекенің мақсаты – жүздің жүрік, мыңнан тұлпар таңдай білу керек сол жарыстын көпшіліктің алдына өтуі - үкіметке де үлкен міндет артады. Үкіметті міндетті – жарыстың (сайлаудың) жариялылығын және барлық үміткірлер үшін тең дәрежеде өтуін қамтамасыз ету; бағдарламалардың заңымен белгіленген уақытта баспасөз бетінде жарық көруін қадағалау; еңбек ұжымдармен кездесуге жағдай жасау т.б. заңды құқықтарды жүзеге асыруы.

Бәсекеге түрлі пікірдегі үміткірлер түседі олардың кейбіреулері билік иелерін, үкіметті сынға алып, оның жүргізіп отырған саясатын қате деп көрсетуді де мүмкін. Бірақ сондай үміткерлердің пікірі мен жеке көзқарасын қарап, оның жұмысына бөгет жасау – демократиялық сайлау жүйесіне жатпайды.

Демократиялық сайлау жүйесі қоғамдағы түрлі бағыттағы күштерді бәрінің сайлауға араласуына нақты жағдай тудырады.

Сайлаудың белгілі бір мерзімнен кейін қайталанып отыру міндеттілігі – демократиялық сайлау жүйесінің негізгі шарттарының бірі. Қандай да бір тамаша үкімет, қандай да бір адал да ақылды мемлекет қайраткерлері болмасын конституцияда көрсетілген уақыттан соң, сол орында, қызметте жұмыс істеу үшін халықтан рұқсат сурайды (себебі олардың бәрі – халықтың қызметшілері, өкілдері, демек оның жұмысына да баға беретін сол елдің азаматтары).

Сайлау мерзімін белгілеу, оның негізгі заңда көрсетудің да себебі осында жатыр, қолында биі бар жандар немесе үкімет орындары өздерінің қызметкерлеріне өздері баға беріп өздері ақтап билік мерзімін соза алдмайды. Кезекті сайлаудың нәтижесінде халықтың қолдауына ие болса, сөз жоқ олар өздерінің қызметтерін жалғастыра береді.

Ал егер билік жүргізген кезенде халықтын тұрмысы, әл - ауқатты төмендесе, оны жақсартудың жолдары табылмаса, оның нәтижесінде халықтың қолдауынан айырылса, орындардың сайлауда жеңіп шыққан басқа азаматтарға береді. Кезекті сайлаудың міндеттілігі – билік орындарындағы адамдардың өз қызметтерін дұрыс атқаруына, бар күш жігерін қоғам игілігіне жұмсауына түрткі болады және жауаптылыққа тәрбиеледі.

 

                                                                 Әдебиет:

1.                  Сайлау туралы. Қазақстан Республикасының заңы.

2.                 Дос Көшімов. «Демократия негіздеріне кіріспе», Алматы – 1997.

3.                 Ғ. Сапаргалиев., А.Ибраева. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, «Жеті Жарғы»,1998 жыл.