Шукеева А.М., Мамбетали А.А.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ЕРТЕГІ
ТЕРАПИЯСЫ – ПСИХОТЕРАПИЯНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
Ертегі
терапиясы-психотерапияның құрамдас бөлігі.
Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің
қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз
алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей
дайындығын туындатады. Практикалық психологияның ертегілік
терапия бағыты-баланың жақсылық пен жамандықты
айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына
көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан
түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына
деген сенімін нығайтады.
Ертегі
терапиясы тек ата-ана үшін емес, ұстаз үшін де топпен
жұмыс жүргізу барысында өте тапқыр әдіс
болмақ. Ертегіні тыңдау бір басқа да, оны сомдаудың
жөні бір басқа.
Ертегілерді қолдану
тарихтың тереңінен халық ауыз әдебиетінен
алғаш бастау алған. Бүкіл әлемде ертегі оқу
сәбилер мен үлкен адамдар арасындағы
қарым-қатнастың ерекше түрі бола отырып, білім беретін
әрі адамгершілік тәрбие беру түріндегі
салт-дәстүр болып табылады. Бүгінгі таңда да, адамдар
саналы түрде ертегілерге салынған білім көзіне
тартылады. Ертегі дүниені ішкі жағынан ақтарып, кейіпкерді
жағымды іс-әрекеттері арқылы, көптеген үрейлі
жағдайлардан арылтып, баланың сана-сезіміндегі
қайшылықтарды шешуге мүмкіндік береді.
Ертегі жақсылыққа
үміт береді де баланың өмірінде болып көрмеген
бірқатар өмірлерде өзін көз алдына елестеткізеді.
Ертегіні оқып жатқан уақыттағы елестетіп ойлау арқылы
пайда болатын суреттер әр баланың өзіндік жеке екендігіне
қарамастан, ертегінің феномені балалардың түсіндіруге
мүмкін емес таңғаларлық ғажайып шытырман
оқиғаға қызығушылық болып табылады.
Ертегі елестетіп ойлау қабілетін қалыптастыруда анықтаушы
болмаса да, соңғы рөл алмайтынын атап өтпеуге болмайды.
Ертегі терапиясы әдіснамасының ерекшелігі негізгі жұмыс
бағалау деңгейінде өтетіндігінде. Ертегідегі мейірімділік пен
зұлымдық, жомарттық пен сараңдық, батылдық
пен қорқақтық сияқты т.б. ұғымдар
берілген. Бұның бәрі адамгершілік
құндылықтар арқылы бала тұлғасын
қалыптастырады. Ертегі-баланың ішкі дүниесінің айнаша
ақтарылатын символикалық үлгісі деуге болады.Ол балаға
мүлде әр түрлі әлеуметтік рөлдерді басынан
кешуге, ертегі оқиғалары мен нағыз өмір арасындағы
байланысты айыруға мүмкіндік береді.
Ертегіні оқудан басқа
ертегі терапиясын ұйымдастыруда қолдануға болатын кең
таралған мүмкіндіктер бар. Ертегі мотиві бойынша сурет салу-
естігенді бекітуге, кейіпкерлерді сызба түрінде елестетуге мүмкіндік
береді. Сурет салу барысында бала өзін бос сезініп, еркін
ассоциацияларға ерік береді. Өйткені, көбіне сөзбен
жеткізе алмағанын қағаз бетіне еркін сала алады.
Ертегі эпизодтарын
ойнау-балаға басқа кісіге айналуға, кейіпкердің
көңіл-күйін сезінуге, өз эмоцияларын білдіруді
жетілдіруге мүмкіндік беру. Ертегіде өзінің кейіпкері туралы,
оның өміріндегі қиыншылықтар туралы сөз болып,
кейіпкер тұлғасының қалыптасуы мен дамуы туралы
әңгімеленеді. Ертегі терапиясы сабағын белгілі бір
ритуалдан бастап, сонымен аяқтау маңызды. Балалар «сиқырлы»
нәрселерді бар ынтасын салып орындайды.Бұл ритуалдарды орындау
балаларға қуаныш әкеледі.
Ертегілер
құдіретті нәрсе: ұйқыға
батқызады, қызықтырады, тыныштандырады,
көңілдендіреді, қолдайды, үйретеді, сендіреді. Ертегі
терапиясы-педагогикалық және психологиялық тапсырмаларды саны
мен сапасы жағынан тіпті ең инновациялық технологиялардан кем
қалмайтын ғажап психотехника.
Ертегі-терапиясы екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі - айту мен
баяндау, ал екіншісі-қойылымдық бағыт. Педагог-тәрбиешілер
«мұның пайдасы орасан зор»,- дейді.
Әрине, перзентіне ертегі айтып беру-қазақ үшін
таңсық емес. Алаш баласы құндақтағы
кезінен-ақ бесік жырын естіп, ата-әжелерінің аузынан
аңыз-әпсаналарды тыңдап өскен. Ер төстік, тазша
бала, қаңбақ шал, алтын сақа. Бұл
қазақтың ауыздан ауызға, атадан балаға жетіп
отырған мұрасы. Оқығанда жерінің әсемдігі
мен байлығын көрсетіп отыратын қазақ ертегілері
баланың түйсігін сөздік қорын молайтады,
дүниетанымын артырады.
Ертегіге сеніп өскен бала мейірімді, мейірбан қолынан келген
жақсылықты істегісі келіп отырады. Айту мәнері, қимыл,
мимика, сондай-ақ ертегіні айту кезінде көзге елестетіп отыратын
бейнелердің ақпараттық мәні бала үшін өте
ерекше. Ғалымдар мұқият тыңдай білетін бала ертегі
айтушының ойын да оқып отыратынын дәлелдеген. Сонымен
қатар, ертегі тыңдаған баланың ой-өрісі мен тіл
байлығы дамиды. Ал дәрігерлер болса, «ертегі-терапия баланың
рухани тұрғыда ғана емес денсаулығын жақсартуға
да ықпалын тигізеді», - деп отыр.
Қазіргі таңда ертегіні ғаламтордан да табуға
болады. Ал оны көруге уақыт табылмаса, арнайы аудио-ертегілер бар.
Ақ халаттылар бүлдіршініңізді түнгі
ұйқыға бөлерде мейірімділік пен адалдыққа,
достыққа үйрететін ертегіні айтуға кеңес береді.
Себебі, мұндай ертегіні естіген баланың ұйқысы тыныш,
жайлы болады, әрі жақсы түс көреді.
Әдебиет:
1.
Захаров А.И.
как помочь нашим детям избавиться от страхов. - СП б; Гипократ 1995
2.
Кузубова М.В. Влияние различных факторов
на изменение механизмов
проявление личностной тревожности. Дис.
Канд.псих. наук А-1999
3.
Морган
И.П., Эниксон К.А. Ситуативная тревога и
результативность деятельности // вопросы психологии 1990 номер 3
4.
Мороз М.П.,
Вязовец Н.В. изменение показателей РЭГ и ЭЭГ у студентов с состоянием
беспокойства —тревоги в процессе экзаменов // проблемы умственного труд. М-1983