Минасипова А.Р.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СУИЦИДТІК
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ ОЛАРДЫҢ МАЗАСЫЗДАНУЫНАН
ТӘУЕЛДІЛІГІ
Соңғы жылдары мазасыздану мен суицид
мәселесі қоғамда кеңінен етек алып бара
жатқандығы кімді де болса ойландырмай қоймайды. Себебі
адамзат өміріне ғылыми техникалық прогреспен тек
қуанышты жаңалықтар, жаңа ашылымдар, жетістіктер
ғана емес, адам өмірінің барлық саласына
қиындықтар, күрделі мәселелер, стрестік жағдайлар
да қатар енді. Соның нәтижесінде соңғы он
жылдықта жасөспірімдер арасында да психологиялық
деңгейде мазасыздану күштену, тынымсыздану, уайым,
сәтсіздіктер мен жағымсыз жағдайларды сезінуі
балалардың орынсыз қиналуы ата-анаға не үшін
қиналып жүргенін айтпауы көптеп кездесуде. Балалардың
өміріндегі күрделі мәселелерін өз беттерінше шешуге
дайын еместігі психикалық стресс алуы, әсіресе әлеуметтік
жағдайы төмен отбасында психикалық күш жұмсауды
туғызды. Бұл отбасындағы барлық бала психикасына да
әсер етпей қойған жоқ, әсіресе жеткіншек
жастағы балалардың орынсыз мазасыздануына әкелді.
Дамудың әр түрлі кезеңіндегі мазасыздану,
жасөспірім жастағы жеткіншектердің эмоциялық
сферасының даму заңдылықтарын түсіну үшін де
маңызды. Көптеген психологтар мен практик психологтардың
зерттеулерінде жеткіншектердегі психикалық қиыншылықтары мен
даму барысындағы жағымсыз ерекшеліктердің негізгі
себептерінің бірі мазасыздық туралы көптеген ғалымдардың
пікірлері мен теориялық тұжырымдамалары белгілі. Жасөспірім
жастағы жеткіншектердің көптеген психикалық
қиыншылықтары мен дамудағы бұзылыстардың
мазасыздану феноменінің теориялық негізін
қалағандардың бірі З. Фрейд болоның көзқарасы
бойынша мазасыздану бұл қорғану процесін туғызатын
және неврозға жеткізетін негізгі фактор екенін айта келіп,
мазасызданудың негізгі белгілермен сипатталатынын айтты.
З.Фрейдтің
әр кезеңдегі жасөспірімдер мен жеткіншектер үшін
мазасызданудың себептері және мазасызданудың инфантильді
формасында тежеліп қалуы туралы көзқарастары мен пікірлерін
басқа да ғалымдар қолдады. Мұндай себептерді
түсіну авторларды түрліше дәрежеде ойландырды, және
оларда айтарлықтай айырмашылықтар бар, бұл көбінесе
олардың теориялық ұстанымына байланысты. Ең бастысы
мазасызданудың негізі мен себептерінің адамның
психикалық даму заңдылықтарымен тығыз байланысты болуы.
Жекедара даму үшін мазасызданумен күресуде қолданылатын
қорғаныс механизмдерінің жүйесі ерекше мәнге ие.
Себебі бұл мәселе Фрейд пен А. Фрейдтің
еңбектерінде егжей-тегжейлі талданған. З.Фрейдтің
қарастырған мәселелері қазіргі заманда да өзекті
болып отыр. Оның теорияларының дамуы психоанализ бағытында да
өз жалғасын тапты, сонымен қатар психоанализден бастап
өз теориялық жолдарын тапқан. А.Фрейдтің
көрсетуінше, қарқынды энергиялық іс-қимылдар,
латенттік кезеңдегі тіл алмаушылық, жасөспірімдік
кезеңдегі қылмыстық әрекетке бару, өз бетімен
орынсыз барумен сипатталатын мінез-құлық көріністері
жасөспірімдік шақтың алдыңғы кезеңінде
шешуші рөл атқарады. А. Фрейдтің мазасыздану генезі
теориясының З.Фрейд теориясынан айырмашылығы – З.Фрейдтің
теориясында мазасызданудың себебіне ерекше мән берілсе, А. Фрейд
жұмысында мазасызданудың ішкі негізіне, оның бала
психикасының түрлі себептерімен өзара байланысына едәуір
көңіл бөлінген .
А.Фрейд
көзқарасы бойынша, мазасыздану – бұл қорғану
процесін туғызатын және неврозға жеткізетін негізгі фактор.
Балада немесе ересек адамда симтоматикасы бойынша неврозға
ұқсас мазасызданудың қай түрінің бұл
процесті туғызып отырғанын анықтауға болмайды. Себебі
бұл процесс қорғаныс механизмдерін іске қосады. А.
Фрейд балаларда невроздың пайда болуында мазасыздану басты роль алатынын
айта келіп, «психоаналитикалық тәжірибе невроздар профилактикасы
туралы оптимистік түрде айтуға мүмкіндік бермейді, өйткені
инстинкт күшіне әсер ету мүмкін емес» - деп ескертті .
Мұндай жағдайда оқытушы немесе психоаналитиктің
ең басты міндеті баланың «Супер Эго-сын» нығайту, бұл
кейін балаға ішкі инстинкттер қысымына және сыртқы
фрустрацияға қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Мазасызданудың негізгі функциясы ретінде балаға қауіп
төнгенге дейін қорғануға мүмкіндік беретін
және баланы қауіптен сақтандыратын сигналдық функциясы
болып табылады. Балалардың жекелік айырмашылықтары бәсекелес
импульстердің күшімен, сондай-ақ мазасызданудан
қорғану үшін қолданылатын қорғаныс
механизмдерінің күші және лабильдігімен,
тұрақсыздығымен анықталады. Қорғаныс
механизмдерінің эффективтілігі мазасызданудан қорғау
және оның бала дамуының барлық психикалық
процестеріне әсері позициясынан, сонымен қатар белсенділігінен
көрінеді. Тұрақсыз мазасызданудың болуы, балада
оның дамуына кедергі келтіретін регидті қорғаныс
механизмдерінің қалыптасуымен байланысты деп болжанады. Балада
қорғаныс механизмдері тұрақты болса кез-келген
жағдайда оны мазасызданудан қорғайтын және оның
қалыпты дамуына кедергі келтірмейтінін таңдап ала алады.
Мазасыздану төнген қауіпті алдын-ала сезумен байланысты
эмоциялық дискомфортты сезіну ретінде сипатталған баланың
психологиялық қасиеті. Мазасыздану кезінде көп жағдайда
қорқыныш, ашу-ыза, өзін-өзі кінәлау
сияқты элементтер көптеп кездеседі. Мазасыздануға негізсіз
қорқыныш пен үрей және интрапсихикалық яғни
ішкі себептер де әсер етеді. З. Фрейд мазасыздануды жасөспірім
шақтағы қауіптілік жөнінде бірінші сигнал болып
табылатын жағымсыз эмоционалды әсерленушілік баланың
қамқорсыздықты сезінуі деп түсіндірді.
Әдебиет
1.
Ж.Қ.Астамбаева,
Г.И.Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі
педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010.
2.
Қазақстан
Республикасында Шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020
жылдарға арналған Тұжырымдамасы (жобасы).
3.
Шағын
жинақты және тірек мектептері (ресурстық орталық)
қызметінің тәртібі. ҚР БҒМ заңымен
бекітілген (18 қыркүйек, 2013 жыл).