Аязбаева Меруерт Серікқызы, Қуанышбек Аида Ержанқызы

Тараз инновациялық–гуманитарлық университеті, Тараз қ.

 

МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ ТӘРБИЕСІ «ҚИЫН» БАЛАЛАР ЖҰМЫСЫН ЖҮЙЕЛІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ

Қоғамдық жаңарту кезеңінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл дегеніміз қоғамдағы мектеп, отбасы орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Бүгінгі  таңда  балалар, жеткіншектер мен жастар өрістерін кеңейтуге ықпал ете отырып, түрлі факторларды күшейтуге ықпал етіп, жағымсыз қатерлі әсерлерге кезіктіреді. Шындық, кейде қорқынышты форма түрлерінде көрініс табатын заң бұзушылықтар мен қақтығыстардың алдын-алуға бағытталатын жеткіншектер, жастарға деген зейін маңыздану қажет. Дамудың өзге  жас кезеңдеріне  қарағанда, жеткіншектер қоғамның ең тұрақсыз қасиеті ретінде экономикалық, әлеуметтік және рухани-адамгершілік себептерден біраз зардап шегеді.

Қоғамдық моральдық нормалары  мен  талаптарына сәйкес  келмейтін  мінез-құлықты әдетте әлеуметтік жат деген терминмен белгілеу қабылданған. Қиын баланың   типтік   ерекшеліктері  жеткіншектік  шақта неғұрлым айқын   көрінеді, бұл  кезде  баланың  әлеуметтік позицияс өзгере отырып,  оның  іс - әрекетінің  жаңа  қатынасты, оның  қоғам арқылы белгіленуіне тудырады [1].

 «Қиын»  деген  термин  қазіргі  практикада жеке басын  тәртіпке салу қажет балалардың кең ортасын білдіреді. Бұған ересектердің талабына,  кеңесіне  қарсылық көрсететін  тілазар, ерке, қоңыр  балалар  да   жатады. Мұндай  ауытқудың іс - әрекеттің коллективтік  формасына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару -  еркелік, қоңырлық, тілазарлықты болдырмау мен оны жеңудің негізгі  жолы.

Балалардың белгілі бір бөлігі сотқарлығымен, тәртіпсіздігімен, дөрекілігімен  ерекшеленеді. Мұндай  оқушыларға  жеке  жол   табу  әсіресе     қажет алдымен олардың  тәртіпсіздігінің түп - тамырын  анықтау керек.  Бұл   балалармен жұмыс істеу олардың белсенділігін, инициативасын мақсатқа сәйкес ұйымдастыруды, олардың адамгершілігін, белгілі дербестігін  құрметтеуді көздейді. 

Балардың ерекше тобын мінез-құлықында еңбекке құштар ықыласы мен әдеті жоқ, жалқау балалар құрады.Тәрбиешілерге мұндай баланың ұмтылысын, күш-жігер  көрсетуін аңғарту және мадақтау, оның бойында еңбекке деген қажетсінуін ояту, сан алуын іс - әрекеттен  қуаныш  табуды  үйрету өте қажет [2].

Қиын балалармен жұмыс істеу:

1)                Балаға ілтипатпен, ізгі  тілектестікпен   қарау

2)                Оның  жағымды қасиеттеріне сүйену.

3)                Оның адамгершілік күшіне, потенциялды мүмкіндіктеріне сену   сияқты өте  биязылықты жеке дара қатынасты  қажет етеді.

Қиын балалардың көпшілігінде теріс қылықтар ересектікке бой урудан,өзінің құқығын жете түсінуден, ересектердің оларды  мойындауына жетуге ұмтылуының  салдары  болып  табылады [3].

Бүгінгі таңда мектептің қойып отырған талабы оқушыларды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал білімдерін  күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік пен қолдана білу.Мұндай жетістіктерге жету үшін мектеп мүғалімі оқушының мінез-қүлқын санассзімінің жетілу деңгейін, таным үдерістерінің дұрыс қалыптасуын қадағалап әрі дамытып отыруы керек.

Халқымыздың келешегі - бүгінгі ұрпақ. Олардың болашақта қандай азамат болып шығуын қадағалау педагогтың, психологтың жауапкершілікті іс-әрекеті. Сол үшін мектеп психологтары алдында үлкен міндет бар. Балаға зейін қойып бақылағанда байқалатын ерекшеліктерге: өз іс-әекетіне сын көзбен қарап мінездегі кемшіліктерді түсіну, ақ пен қараны аңғаруы, діттеген мақсатын орындап шығу үшін ерік-жігері мен іскерлігі жатады. Жеткіншек мінезіндегі көріністер өмірмен байланысып, тәлім-тәрбиемен ұштасса, бала мейірімді, қайратты, ерік–жігері мол, табанды, батыл жүректі болып қалыптасады.

Бүгінгі мектеп психологының «қиын» баламен атқаратын жұмысының маңыздылығы-педагогикалық ұжыммен барлық жастағы оқушылардың мүмкіндіктерін, даму ерекшеліктерін, оқу-тәрбие үдерісі кезіндегі дербес ерекшеліктері дамып қалыптасуына бірлесе атсалысу, өнімді қарым-қатынас, адамгершілік-рухани қалыптасулармен, үлкендердің кішілерге ілтипаттылығымен, мектеп психологының мектептің педагогикалық ұжымымен кәсіби бірлесуі барысында анықталатын, балалардың қалыптасып дамуы үшін мектепте жағымды, үйлесімді атмосфера қалыптастыру.

Мектеп психологтарының жұмысын жүйелі ұйымдастыруда «қиын» жеткіншектердің алдын-алу мәселесі бойынша келтірілген ойлар негізінде келесі жеке тұжырымдар жасауға болады:

1. Профилактикалық жұмыстарының негізін баланың ауытқуы басталатын кезеңге өткенде ғана, девиантты міне-құлықтың алдын алу мүмкін болады. Профилактикалық жұмыстарды бала-бақшадан бастау қажет. Біріншіден психикалық дамуы тежелген, олигрофрения белгілері мен түрлі психопатия белгілері бар балаларды айқындап алу қажет.

2. Балалар қалыптасуындағы тағыда бір негізгі кезең олардың мектепке дейінгі мекемелерден мектепке ауысуы болып отыр. Анықталғаны, мектепте оқу табыстылығы ең алдымен балалардың мектепке психологиялық дайындығына орай жүреді. Мектепке дейінгі балаларда мектепке оқуға үйлесімді психологиялық дайындығын қалыптастыруға ерекше зейін қою маңызды роль атқарады.   

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.   Невский И.А. Трудный успех.- М., 2003.

2.   Фортунатов Г. А., Петровский А. В. Психология. ., 1997

3.   Славина Л.С. Трудные дети: Избранные психологические труды. -  М., 1998. –156 б.

4.   Овчарова Р.В. Школьный психолог и семья ученика.-Архангельск, 1993.