Шукеева А.М., Қазбекова Ә.Е.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

 

Қазіргі психологиялық-педагогикалық зерттеулердің перспективті бағыттарының бірі-оқу әрекетіндегі оқытушы мен білімгердің қарым -қатынасының заңдылықтарының оқып білу болып табылады. Негізгі педагогикалық шеберлік пен тәжірибенің бағытында оқыту әдістемесін құруда зерттеушілермен үлкен жұмыс жүргізілуде.Дегенмен, М.Эриксонның стратегиялық ыңғайына психотерапиялық техниканы қолдануға арналған жұмыстардың жоқтың қасы.

Оқу процесінде эриксондық техниканы қолдану мүмкіндігі әлеуметтік интеллекттің дамуының көтерілу деңгейінен көрінуі мүмкін, мінез-құлық ерекшелігінің дамуының көрінуі, мінез-құлықтың вербальді және бейвербаольді экспрессияның тепе-теңдік көрінуі өзара қарым-қатынастағы күрделі жағдайдағы дамудың түсіну логикасы, болашақ специалист- психологтың прфессионалды белгілері болып табылатын ерекшеліктер.

Эриксондық гипноз-психотерапияның бір бағыты, сенімінің жаңа түрін және де гипнотикалық трансты қолдануды зерттейді.Бұл бағыттың негізін қалаған американдық психотерапевт Милтон Эриксон (1901- 1980).М.Эриксон гипнотикалық транс туралы ойларын толығымен өзгертті, оны физиология облысынан жеке адамның қатынас облысына ауыстырды.

Теоретикалық зерттеулер, оқу үрдісінде эриксондық техниканы қолдану эффективті қамтамасыз етуі білімгердің жеке және когнитивті ерекшеліктерінің дамуына  әсер етуін көрсетеді.Басқаша айтқанда оқу үрдісінде эриксондық техниканы қолдануы білімгердің әлеуметтік интеллекті, рефлексивтілігі және оқу-тәжірибесінің өзін-өзі тануы дамуының факторы болып табылады.Сонымен қатар, білімгерлердің жеке ерекшеліктерінің дамуын анықтауға мүмкіндік бар.

Әлемдік лингвистикалық ой-тұжырымдарда этнос тілінің ұлттық мәдениетпен тығыз байланыстылығы, ұлт мәдениетінің сол этностық тілінде сақталып, дамып, болашақ ұрпаққа жеткізілетіндігі туралы идея атақты ғалым Вфон Гумбольдтың «Тіл-халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады».Тіл-ойды жарыққа шығаратын негізгі құрал.Тіл мен ой бір тұтас ұғымдар. Әрқайсысы тіл білімімен логика сияқты өз алдына жеке ғылым обьектісі болса да, бірінің қызметі екіншісіне тәуелді категориялар болып табылады.

               Тілге деген бихевиористік ыңғай Скиннердің «Вербальді мінез-құлық» (1957) деген кітабында құрылған.Скиннердің көзқарасынша тілді меңгеріп алу процесін екі басты ерекшелікті білу керек: біріншіден, бұл бихевиористік теория, тілді жай түрлі мінез-құлық ретінде қарастырады. Екіншіден, бұл редукционистік теория «стимул-реакция» типінің элементарлы байланысын тілді меңгеру процесін байқайды.

            Эрджайлдың (1975) пікірінше көздің қатынасы қарым-қатынасы жасауда негізгі төрт функцияны атқарады: бірінші, сөйлесуді басқарады; екінші, сөйлесушіге кері байланысты атқарады; үшінші, эмоцияны көрсетеді және төртінші, екеуінің арасындағы қарым-қатынасты ақпараттандырады.

Айбле-Айблесфельд (1974) адам мәдениетінде өте күрделі беттің қимылын аңғарды және де олар бірдей мағына береді. Көздің төмен қарауы ұялуды немесе қынжылу деген жатады.

Сакейм (1978) беттің сол жағын, оң жағына қарағанда эмоционалды екенін анықтады.Ол қатты эмоциясы көрінген фотосуреттерді екіге бөліп, сол жақты және оң жақты бірге біріктіреді. Оң жақты біріктірген суретке қарағанда, сол бетті біріктірген суретке қарағанда сол бетті біріктірген фотосурет эмоционалдық екені көрінеді. Сакейм былай түсіндіреді: беттің сол жағы мидың оң жағымен байланысты, ол эмоция мен интуицияаға жауап береді, ал мидың сол жағын психологтар оны логикалық ойлау және тілмен байланыстырады. Сонымен қатар, егер мидың оң жағы эмоционалды аспектімен байланыстырса, онда ол эмоцияның көрінуіне маңызды роль атқарады.

Гештальт-терапия (нем. сөзі Gestalt-түр, құрылым, грек сөзі therapeia -емдеу)-психотерапияның бір түрі, Ф.Перлздің гештальт-психология рамкасында құрылған.Гештальт-терапия -бұл психотерапияның бір бағыты, адам өзінің мақсатын санасының кеңеюіне қояды, осы оймен өзін адам ретінде түсінуі, қабылдауы, сыртқы ортамен  жақсы қарым-қатынаста болуы және де қоршаған адаммен.

Гештальт-психология өтіп жатқан тәжірибенің феноменологиясының маңызын түсінуге көмектеседі. Оның негізін қалағандар В.Келер, К.Коффка, М.Ветгеймер дискретті жағдайды құрылымдайтын және оған ой беретін қабылдаушының белсенділігін айтады.

Гештальтпсихологияның теориялық ашылуын психотерапияның тәжірибе жүзінде XX ғ. 40 ж әйгілі психоаналитик Фриц (Фредерик Соламон) Перлз қолданған. Сол уақытта оны психоанализдің көптеген жағдайына қанағаттанбаған. Фредерик Перлз өзінің психотерапия жүйесін құруға ойланған. Сонымен 40 ж ол гештальт-терапия ұғымын ендірген.

Біз тілді екі амалмен қолданамыз: біріншіден, оның көмегімен біз өзіміздің тәжірибемізді айқындаймыз,-бұл түрді біз түсіндіру, ойлау, фантазиялау, қайталап айтып беру деп атаймыз. Тілді репрезентативті жүйе ретінде қолдансақ, өзіміздің тәжірибеміздің моделін құраймыз....; екіншіден, біз  тілді өзіміздің модельді немесе репрезентацияны беріп отыру үшін қолданамыз. Бұны біз әңгіме, талқылау, бірдеңе жазу, лекция оқу, ән айту деп атаймыз.

            НЛБ-ды термин ретінде анықтасақ : нейро-НЛБ-ң түйсіну, қабылдау, ес, ойлау психологиялық процестердің физиологиялық негіздерімен тығыз ұштасады. Лингвистикалық-психикалық, танымдық процестердің тіл арқылы дамуын көрсетеді. Бағдарламалау-ойлау процесін қалыптастыра отырып, оны адамның қасиеттеріне әсер ететін амал-тәсілдерді жинақтау.   

Психология адам әрекетінің құрылымы және түрлерімен айналысады. Сөйлеу тілде адам әрекетінің бір түрі болып табылады. Осы негізде психолингвистика ғылымы пайда болды. Р.С.Немовтың анықтамасы бойнша, психолингвистика ғылымы - «адамның сөйлеу қабілеті, оның пайда болуы және қызметімен айналысатын психология мен лингвистика шекарасындағы ғылым» Э.Д.Сүлейменова психолингвистиканы шектес сала ретінде емес, ұғымдастыру үрдісін, қабылдау, қалыптастыру және сөйлеу қызметінің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін жеке ғылым саласы ретінде қарастырады.

Психолингвистикадағы соңғы зерттеулер « сол тілді қолданатын адамның тілі басқа да барлық психологиялық үрдістерімен қарым - қатынаста ғана қызмет етеді», яғни тілдегі шындықтың бейнелеуін қабылдау, ес, ойлау, зейін көмегінсіз жүзеге аспайды деген тұжырымға саяды. Психологиялық жағынан тілді білу және оны іс жүзінде қолдану - түрлі психологиялық шарттар мен әр алуан ми - жүйке механизмдерін талап ететінін ескеру қажет. Ю.А.Самарин «не істеу керектігін білуде және сол әрекеттің өзінде әр түрде механизмдер бар» деп дұрыс түсіндіреді.

 

Әдебиет:

1.       Малкина –Пых М.Г. Семейная терапия. М: Изд –во «Эксмо», 2006

2.       Романин А.Н. Основы психоанализа. Ростов Н/Д: Изд-во «Феникс»,2003.

3.       Алдер Г.    НЛП в действии Санк – Петербург, 2002.

4.        Бэндлер Р.  Используйте свой мозг дия изменений. – СПб: Ювента,

5.       Вильелм А.Уоллес, Дональд Л. Колл. Психологическая консультация. –Питер, 2003.