Минасипова А.Р.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

КӨРУ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Адамның өміріндегі 80 пайыз ақпаратты адам көз арқылы қабылдап алады. Ал осы көру функциясы бұрмалануының нәтижесінде адамның даму мүмкіндігі шектеледі. Осы көру бұзылысы кезінде көруі бұзылған және нашар көретін балалардың психикалық дамуындағы заңдылықтарды қарастыратын ғылымдардың саласы тифлопсихология деп аталды.

Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі – осы кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қоршаған өмірін қабылдау ерекшеліктерін анықтау болып отыр, сонымен қатар, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, өзімен қатарлы қалыпты балалардың құқығымен тең қылып, қалыпты азамат етіп тәрбиелеу. Алғашқы көру бұзылысы кезінде психикалық әрекетіне материалистік мінездеме берген француз ағартушысы Д. Дидроның «Көретіндерге көруі бұзылғанлар жайлы насихат хат» атты оқулығында, ал одан кешірегі әйгілі « энциклопедиясында» (көруі бұзылған бөлімі) қарастыры. Дидроның еңбектері қоғамның көруі бұзылғанларға деген көзқарасын өзгертіп, олардың міндетті түрде арнайы білім алу керектігіне қол жеткізді. Көруі бұзылған адам қараңғылықты сезбейді және қараңғы түнекте өмір сүремін деп ойламайды. Психологиялық жағынын алғанда көруі бұзылғанлық шынында бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт. Оған А.В. Бирилев өз еңбегінде мынадай салыстырмалы мысал келтіреді: көруі бұзылған адамның жарықты сезуі мен көзін байлаған адамның жарық көруінде айырмашылық бар,- дейді.

Көруі бұзылған бала өзінің көруі бұзылған екенін ауырсынбайды және көруі бұзылғанмын деп сезінбейді де, оны тек өмір сүруге әлеуметтік ортасы ғана солай деп санайды.Шынында айтсақ соқырлардың икемделу қабілеті көзі көретіндерден жоғары екендігі ғылыми жолмен дәйектелуі қажет еді. Белгілі мылқау, соқыр- саңырау Е. Келлер былай деп жазды: көруі бұзылғандардың сипап сезімі арқылы дүниенің қызығын нәзік түсіне алуын көзі көретіндердің бәрі біле бермейді. Өйткені оларда мұндай сезімдік танымдар көруі бұзылғанлардыкіндей жетіле қоймаған. Туа біткен көруі бұзылғандардың қайғысы жүре біткен көруі бұзылғандардың қайғысынан аз болса да, оның өмір бойы өкініші кетпейді,- дейді Щербина. Ол өзінің басынан өткен мынадай бір жағдайға тоқталады. Көруі бұзылғандар мектебінде тәрбиені 8 жастағы баланың қолына қасық беріп оған тамақ ішкізеді, бірақ ол үйінде өздігінен тамақтануға үйретілмегендіктен қолына қасық ұстауды да білмеген.

Сондықтан тәрбие гигиенасына сәйкес көруі бұзылған баламен жасалатын қарым қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек. Ондай балаға көзің көруі бұзылған екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай көруі бұзылған бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды.

Көруі бұзылғандар арасында керемет композиторлар мен музыканттар бар. Париждегі К. Монтель атты көруі бұзылған балаларға арналған Ұлттық институттың оқушысы алты жасар кезінде соқырланып қалса да, пианино мен рояльдың құлағында ойнайтын.

Нашар көретіндер көздің өткірлігі едәуір төмендеген, оптикалық түзету көмегімен, көру қабілеті 0,05 - 0,2 дейін көру өткірлігі бар балалар.Нашар көргіштік организмнің жалпы аурларынан кейін және көз ауруларының салдарынан туындайды. Нашар көретіндерде қалдықты көрудің болуы- баланың білім алуына: еңбектік - әлеуметтік бейімделушілігінің дамуы үшін пайдасы мол. Сол үшін оны үнемі сақтау керек. Офтольмологтың, тифлопсихологтың, психологтың үнемі диагностикасы мен педагогикалық кеңестері қажет.              Көрудің тез төмендеуі бірінші кезекте қабылдау процесіне әсерін тигізеді. Нашар көретін балалардың қабылдауы тежелумен, бейненің тарлығымен, нақтылықтың төмендеуімен ерекшеленеді. Қалыпты көретін балаға қарағанда олардың көру арқылы елестетуі анық емес. Сол себепті нашар көретін балаларға кеңістікте бағдарлану қиынға соғады. мұндай балалар көру арқылы жұмыс істегенде тез жалығады, ал бұл өз кезегінде көрудің одан әрі нашарлауына алып келеді.

Көздің талуы ой және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.Бірақ та нашар көретін баладағы әлсіз көру қалыпты баладағыдай жетекші анализатор болып қалады.Нашар көретін балалар көру қабілетін қабылдаудың негізгі құралы ретінде қолданады. Нашар көретін балаларда көруі бұзылғанларда болатындай сезім түйсігі көру функциясының орнын ауыстырмайды. Балаларда кездесетін көру кемістігі күшейе түсетін және бір қалыпты болып бөлінеді.

Әдебиет

1.       Агавелян О.К. Социально – перцептивные особенности детей  с нарушениями развития. Ч: 1999

2.       Астапов В.М. ВВедение в дефектологию с основами нейро – и патопсихологии. М: 1997

3.       Астапов В.М., Ю.В.Микадзе Обучение и воспитание  детей группы риска: Хрестоматия / Сост.. М: 1996

4.       Винарская Е.Н. Раннее речевое развитие ребенка и проблемы дефектоогии. М: 1987