Сейіт
Г.А., Жапанова Р.Н.
Қарағанды «Болашақ» академиясы
Девиантты мінез
–құлық және оның түрлері.
А.С. Макаренконың айтуынша «адамның жаман
мінезі басқаларға тікенектей қадалып, жаралса, оның
өзін де шөңге кіріп кеткендей сыздатып, қинайды» деген
. Күнделікті өмірде адам мінезінің қарама-қарсы
бітістері көрініс береді: қайырымды – сараң, батыл
солқылдақ, жүректі – қорқақ,
еңбекқор – жалқау, табанды -тұрақсыз т.б[1].Ал
осы мінез дегеніміз- адамның іс-әрекетінде
пайдаланатын амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке
психикалық қасиеттерінің жиынтығы болып табылады. Осы
мінезімізді сыртқа көрсете білуіміз
ол біздің мінез- құлқымызға байланысты. Мінез-
құлық дегеніміз- адамның
тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы [2].Ал осы
біздің мінез- құлқымыздың
ауытқушылығынан ағзаға дене зиянын тигізуі мен
қатар, орнын толтыру қиынға соғатын зардаптарға
алып келеді. Осы мінез- құлықтың бұзылуын
«девиантты мінез -құлық» деп те атауға болады.
Жастар арасындағы теріс қылық
реакциясына талдау жасағанда ғылыми әдебиеттерде
көптеген түсініктер қолданылады,асоциальдық,
антисоциальдық, девиантты,делинквентті, адиктивті мінез
-құлықтар. Оның әрқайсысы жас адамның
белгілі -бір мінез- құлық «кесіндісі» ,
қоғамға тән мінез- құлық нормаларынан
белгі бір ауытқу дәжежесін сипаттайды. Олардың ішіндегі
ең кеңінен тараған жалпылама түсінік «девиантты мінез-
құлық», себебі барлық әлеуметтік мінез-
құлықты қалыпты және девиантты деп екіге
бөлуге болады .
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға
ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы
ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың
қылықтары; қабылданған құқықтық
немесе моральдық нормаларды бұзған адамның
мінез-кұлқы.Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық»
деп те атайды .
Девиантты
мінез- құлыққа адамның, әлеуметтік
топтың сол қоғамды ресми түрде қабылданған
немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін
қылықтары, іс әрекеттерді жатады [3, 114 ].
Девиантты
мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация,
оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм,
наркомания, қоғамға жат қылықтар, суицид т.б.
жатады.
Девиантты мінез
құлықтың бірнеше типтері бар:
1.
Деликвентті
девиантты мінез- құлық – өзінің көрінісінде
қылмыстық жазаланатын сипатқа ие бола бастайтын, анық
қоғамға қарсы бағытталуы бар мінез
құлық ауытқушылығы.
2.
Адевиантты мінез- құлық
–психикалық белсенді заттарды қабылдау немесе әрекеттің
белгілі бір түрлеріне шамадан тыс берілу арқылы нақты
болмыстан кетіп қалуға ұмтылыс болатын мінез құлық
ауытқушылығы.
3.
Патосипаттамалық
девиантты мінез құлық –тәрбиелеудің ақаулықтарға орай
мінездің патологиялық өзгерістер себепші болған мінез-
құлық ауытқушылығы.
4.
Психопатологиялық
девиантты мінез- құлық- психикалық бұзылуына
себепші болған мінез -құлық ауытқушылығы.
5.
Гипер
қабілеттер негізінде девиантты мінез- құлық қызметтің басқа
салалардағы ерекше дарындылық немесе тіптен даналық кезінде,
күнделікті өмірде девиациялармен ілесе жүретін мінез-
құлық ауытқушылығы [4, 193].
Сонымен қатар
девиантты мінез- құлықтың клиникалық
түрлері бар.Олар:
1.
Агрессиялы
девиантты мінез -құлық.
2.
Автоагрессивті
(суицидальды) девиантты мінез- құлық.
3.
Өзгеріп
кеткен психикалық әрекет жағдайын тудыратын заттарды
(алкоголь,есірткі және т.б. ) шамадан тыс қолдану.
4.
Тағамдық
мінез -құлықтың бұзылуы (тамақты көп
жеу,ашығу).
5.
Сексуалдық
девиантты мінез- құлық аномалиялары (девиациялар,
перверсиялар).
6.
Шамадан
тыс құнды психологиялық әуестіліктер
(«еңбекқұмарлық», спорттық музыкалық
және т.с. фанатизм).
7.
Шамадан
тыс құнды психопатологиялық «әуестілітер » (кверулянство, клептомания , дромомания және
т.б).
8.
Сипаттамалық
және патосипаттамалық реакциялар –эмансипациялар, топтасулар,
оппозиция және тб.
9.
Коммуникативті
девиациялар (тұйықтық, гиперкөпшілдік,конформизм,
нарцистік девиантты мінез- құлық және т.б).
10.
Моральға жатпайды (көргенсіз)
девиантты мінез -құлық.
11.
Эстетикалық
емес девиантты мінез- құлық деген бірнеше түрлері бар
[4,195].
Қазіргі
қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі
төмен болуы, рухани құндылықтардың
бұзылуы. Девиантты
мінез-құлықтыбалаларды түзету күрделі
әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда
көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы
саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге
асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы
тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау
қажеттігі туады:
·
балаға
ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
·
оның
жағымды қасиеттеріне сүйену;
·
оның
адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
·
оқушыларды
салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы
білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
·
салауатты
өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге
бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра
пайдалану;
·
девиантты
мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы
іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа
кешенді бағдарламалар құру;
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік
жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір
адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ
ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене
отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз,
баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана
қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің
талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына
қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына,
әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл
педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам
өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен,
талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы
қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен
ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды
мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік
жасалады [5].
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1
Орысша-қазақша түсіндірме
сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған
э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ.
2006. - 482 б
2 https://kk.wikipedia.org/wiki/Мінез-құлық
3
Қ.Н.Меңлібаев, А.Н.Агафонов. «Жастармен жүргізілетін
әлеуметтік жұмыстар». Оқу құралы /
Өңделіп, толықтырылған. - Астана «Парасат Әлемі»
баспасы, 2006. -368 б.
4
Сақтағанов Б.К. «Әскери психология». – Алматы: «Өлке»
баспасы. 2012.- 352 б.
5
Биекенов К., Садырова М.
Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы:
Сөздік-Словарь, 2007. — 344 б