А.М.Шукеева, Ф.Ғ. Жақсығұлова

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ БОЙЫНДА СУБМОДАЛЬДЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

 

Нейролингвистикалық бағдарламалаудың психология саласына қосқан күрделі үлесі ол шығармашылық процестің нәтижелігін жоғарлату мәселесі. Осы мәселені шешуге арналған НЛБ саласында тағы да бір ерекше психологиялық ұғым қалыптасқан. Ол-шығармашылық визуализация.

Шығармашылық визуализация алға қойған мақсаттарды нақтылауға әсер етіп, оларды тездетіп орындауға арналған жолдарды анықтап береді. Ол үшін, мақсат қалыптастыру барысында, әрбір іс-әрекеттің негізгі нәтижесіне апаратын жолдарын адам өзі көз алдына елестетіп отырып нақтылауы қажет. Бұл жерде қалыптасқан ішкі бейне барлық репрезентативтік жүйелер арқылы анықталуы керек.

  Бэндлер психикалық қызметтің былай айтқанда субмодальдылықтың маңыздылығына бірінші болып зейін қойды, адамның ішкі психикалық бағдарламасын құруды функциялайды. Субмодальдылық -бұл сезім түрінің жеке мінездемесі, берілген модальдылықтың ішкі құрылымы. Көру модальдылығына, мысалы ашықтық, контрасттілік, ракурсы және субъектінің басқа «субъективті суреттің» басқа мінездемесі болып табылады. Есту модальдылығына дауыс ырғағы, темір, т.б. жатады.

    Екінші сигналдық жүйе психиканың кеш дамыған түрі, сондықтан оның бағыттаушы функциясы әлсіз көрінеді. Әсіресе осымен Бэндлерге «сөздер тек тәжірибенің анықтайтын тепе-теңдіксіз жарлық» деп берді. Сонымен қатар, сөйлеу психотерапиялық коммуникация стилі ерекше түрдегі жүйе ретінде қолданды: түзету метафоралары, санасыз сенім т.с.с.

Тіл мен ойлаудың арасындағы байланысты бірнеше теориялар бар. Теорияның ішіндегі біріншісі бехевиоризм позициясында тұрған психолог Дж.Б.Уотсонның теориясы (1913). Ойлау -ол тілден мағынасы емес деп ойлады Уотсон.

Бұл теорияның басқа нұсқасын философ Витгенштейн ұсынған. Ол ойлау -лингвистикаға тәуелді (тілге) деп айтқан. Телефонмен сөйлескенде, бізге сөйлесушімен көру контакті жетіспейтін секілді. Көру контакті-бұл біздің қарым-қатынасымыздың арсеналындағы ең мықты вербальді емес кілт. Біздің көптеген бейсанамыз арқылы адамдар туралы нәтиже шығаруымыз, олармен ұзақ көру контактіне түсуімізде. Стесс пен Уиллис (1967) эксперимент жүргізді, зерттеушілерге екі адамды таныстырып, экспериментке қатысу үшін екеуінің біреуін таңдатқызады. Бір адамды зерттелінушінің көзіне ала жүгіртуді ұсынды. Қорыта келгенде, зерттелінушілер танысу барысында көзіне тіке қараған адамды таңдаған.

         Эрджайлдың пікірінше, көру контакті қарым-қатынас жасауда негізгі төрт функцияны атқарады: 1. сөйлесуді басқару; 2. сөйлесушіге кері байланысты атқарады; 3. эмоцияны көрсетеді; 4. екеуінің арасындағы қарым-қатынасты ақпараттандырады.

            Біз өзіміздің сезім мүшелерімізді сыртқы өмірді қабылдауға, оны зерттеуге, қайта жаңғыртуға қолданамыз. Дүние өзімен бірге бітпейтін неше түрлі болуы мүмкін сенсорлы құбылыстарды көреді, бірақ біз осы нешетүрлінің тек аз ғана бөлігін қабылдаймыз. Және тек біз қабылдайтын бөлік біздің бірегей тәжірибемізден өтеді, олар мәдениет, тіл, сенім, бағалық, қызығушылық.

         Нейролингвистикалық бағдарламалауда біз миымыздың хабарды қабылдайтын, сақтайтын репрезентативті жүйелер-суреттер, дауыстар, сезімдер, иістер, дәмдер бар.

         Репрезентация біздің тәжірибеміз қалай ұйымдастырылған және біз әлемді қалай суреттейтінімізді анықтайды: сеземіз (кинестетика) образ түрінде (визуалды жүйе); дауысты (аудиалды жүйе); білімнің жиыны ретінде (рационалды немесе дискретті жүйе) немесе анда-санда қолданатын иіс және дәм сенсорлы сезімдер типі. Біздің ішкі әлемімізді суреттеуде сөзімізге (предикат) байланысты, оны біз қатынас жасағанда, мимикамызда, жестімізде көрінеді. Сөйлесуші біздің қандай предикатты қолдануға қарамастан, ол бізді түсініп, ести алады, бірақ оған өзіне байланысты эмоционалды спецификалық предикатты қолдансақ түсініктірек болады. Әңгімелесуші біздің сөздерімізді байқап, бізге маңызды сөздерді қолданып біз тез шешім қабылдауымызға болады.

           Бірінші репрезентативті жүйелер: визуалды аудиалды, кинестетикалық жүйелер деп саналады. Иіс пен дәм олар маңызды емес, бірақ та кинестетикалық жүйеге қосылып кетеді.

Нейролингвистикалық бағдарламалау адамның психикасын төрт репрезентативті жүйе ретінде қарастырады:

    1.Визуалдық репрезентативті жүйе (көз арқылы ақпарат қабылдау жүйесі) сырттан қабылданатын ақпаратты көру дбейнелері арқылы талдап, қорытып отырады.

    2. Аудиалды репрезентативті жүйе (құлақ арқылы ақпарат қабылдау жүйесі) есту арқылы ақпаратты қабылдайды, талдайды, қорытады.

    3. Кинестетикалық репрезентативті жүйе (дене мүшелері қалпын өзгерткенде пайда болатын түйсіну процестеріне байланысты) ақпаратты кинестетикалық (сезімдік ) бейнелер арқылы қабылдап, талдап қорытады.

    4. Аралас репрезентативтік жүйе-айтылған үш жүйені қолдана лтырып және оған қосымша иіс, дәм түйсіктері арқылы қалыптасқан бейнелерді есепке алып, сырттан қабылданған ақпаратты қабылдау және талдау барысында қолдана алады.Кейбір авторлар дискретті жүйені көрсетеді. Бұлар жаңалықты сан, белгі, логикалық дәлелдеу арқылы қабылдайды.

 НЛБ өкілдерінің пікірлері бойынша әрбір жеке адам психикасында осы төрт түрлі репрезентативті жүйе қатар қызмет етеді, бірақ оның ішінде біреуі ғана жетекші рөл атқарып, сырттан қабылданған ақпараттың көбін өзі реттейді. Сол себептен әрбір индивид басымдылық түрде осы жүйелердің біреуін ғана ақпаратты қабылдау және талдау барысында қолдана алады.

Түс және қимыл визуалды субмодальдылық мысалы болып табылады. Дыбыс пен бағыт аудиалды субмодальдылық болып табылады, ал температура мен күш бұл кинестетикалық субмодальдылық болып табылады.

Субмодальдылықтар-бұл кодтау тәжірибенің тәсілі. Біздің барлық ойлануымыз, үмітіміз, сеніміміз, қорануымыз субмодальді құрылым болып табылады. Егер біз субмодальдылықты өзгертсек, онда біз өзіміздің тәжірибеміздің құрылымын және оның мағынасын өзгертеміз.    Бұл барлық адамдар істейтін субмодальдылық ерекшелік емес.Субмодальдылық адам миының фундаментальді операциялық код ретінде қарастыруға болады.

Нейролингвистикалық бағдарламалауды толық алатын болсақ, ол диагностикадан басқа коррекциялық, жеке адамды жаңа істерге мақсаттарға талаптандыру, қарым-қатынастағы қиындықтарды (конфликтілік жағдайларды) жою, тағы басқа психологиялық және әлеуметтік психологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондықтанда нейролингвистикалық бағдарламалауды психология саласында жан-жақты қолдану аясын арттыру, оны қарастыру міселлеріне мін беру қажеттілігі туындап отыр.

 

Әдебиет :

1.     Малкина -Пых М.Г. Семейная терапия. М: Изд-во «Эксмо», 2006

2.     Романин А.Н. Основы психоанализа. Ростов Н/Д: Изд-во «Феникс»,2003.

3.     Алдер Г.    НЛП в действии Санк-Петербург, 2002.

4.      Бэндлер Р.  Используйте свой мозг дия изменений.-СПб: Ювента,

5.     Вильелм А.Уоллес, Дональд Л. Колл. Психологическая консультация.-Питер, 2003.